Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Қоспаларды бөлу әдістері 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қарапайым эксперименттер жүргізу.Қоспа бөлу алгоритмін жасау.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 7.1А Химия пәніне кіріспе. Таза заттар және қоспалар.

Күні:

Сынып: 7

Мектеп: «С. Көбеев атындағы №56 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Пән мұғалімі: Оралбекова Калида Турганбаевна

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы: Қоспаларды бөлу әдістері. №2 зертханалық тәжірибе «Ластанған ас тұзын тазарту»

Оқу мақсаты: 7.4.1.5 -қоспалардың түрлерін және оларды бөлу әдістерін білу

7.4.1.6 -қоспаны бөлуге негізделген тәжірибені жоспарлау және өткізу

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушы: Қоспаларды бөлу әдістерін біледі. Қоспаларды бөлуде қарапайым эксперименттерді жүргізе алады.

Басым бөлігі: Қоспалардың құрамын, түрін, бөлу жолдарын ұсынып, қоспа бөлу алгоритмін жасайды.

Кейбірі: Қоспаны бөлу жолдары туралы талдау жасап, қорытындылайды.

Бағалау критерийі

Қоспа түрлерін атайды.

Қоспаларды бөлуге қатысты қарапайым эксперимент жүргізеді.

Тілдік мақсаттар

Қоспа түрлері: ...............................................................

Гетерогенді қоспаларды бөлу әдістер : ...........................................

Гомогенді қоспаларды бөлу әдістері: ..............................................

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: заттар, қоспа, тұндыру, сүзу, магнит, айдау, буландыру, кристалдау, дистилдеу.

Сыныптағы диалог: / жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Тұрмыста қоспаларды бөлудің қандай әдістері білесіңдер?

Гомогенді қоспаны бөлу әдістері қандай? Мысал келтіріңдер.

Гетерогенді қоспаны бөлу әдістері қандай? Мысал келтіріңдер.

Құндылықтарға баулу

Қарым-қатынас жасау қабілетін, өзгелердің мәдениетіне және

көзқарастарына құрметпен қарау, жауапкершілік, денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсетуге, өмір бойы оқуға дайын болуға баулу.

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану

Алдыңғы білім

5.3.2.1- қоспалар мен таза заттарды ажырату

5.3.2.2 -қоспалардың түрлерін сипаттайды және бөлу әдістерін ұсыну

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин





Сабақтың ортасы

5 мин







3 мин










6 мин






5 мин






















20 мин











































































Сабақтың соңы

4 мин



Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, сыныпты түгелдеп, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында шаттық шеңберін құрамыз, «мозайка» әдісін қолданып, сыныпты топқа бөлеміз, яғни әріптерден атомдар, молекула, элемент, реакция сөздерін құрау арқылы арқылы топтасады.

Өткен сабақты пысықтау :

«Сөмкедегі сұрақтар» әдісімен өткен сабаққа шолу жасалынады, яғни оқушылар үйден сұрақтар дайындап әкеледі, сол сұрақтарды ортаға жинайды, оқушылар кездейсоқ таңдап алған сұрақтарға жауап береді, смайликтермен бағаланады. Смайликтердің санымен топ бағаланады.


Жаңа сабақ

Мұғалімнің түсіндірмесі: бүгінгі сабағымыз өткен сабақпен байланысты, яғни қоспа түрлерін білеміз, енді «Миға шабуыл» әдісімен Тұрмыста қоспаларды бөлудің қандай әдістері білесіңдер? деген сұрақпен ой шақырамыз, оқушылардың пікірін тыңдаймыз, содан кейін қоспаны бөлу әдістерімен танысу үшін мәтінмен жұмыс жасаймыз.

  1. Мәтінмен жұмыс. (оқулық 16-17беттер)

«Ойлан-жұптас-бөліс» әдісімен оқушылар мәтінмен танысады, бірінші топ тапсырма немесе сұрақтар дайындайды, екінші топ жауап береді және үшінші топ тапсырма немесе сұрақтар дайындайды, төртінші топ жауап береді

1 және 2 топ

2.1. Гетерогенді қоспаларды бөлу

3 және 4 топ

2.2. Гомогенді қоспаларды бөлу

Демонстрациялық жұмыс

Суретке қарай отырып сипаттайды және «Суды айдау арқылы тазарту» әдісін орындайды (суреттер, оқулық 16-17беттер, ҚБ, 11бет).

Picture 3

2. Лабораториялық жұмыс «Ластанған ас тұзын тазарту».

«Эксперимент» әдісімен лабораториялық жұмысты орындау.

Қауіпсіздік техникасын еске түсіруі.

1- тапсырма.

Бағалау критерийі

Қоспа түрлерін атайды.

Қоспаларды бөлуге қатысты қарапайым эксперимент жүргізеді.

Құрал-жабдықтар: штатив, шыны стакан, таяқша, фарфор ыдыс, сүзгі қағаз, спирт шамы.

Сіздерге өзен құмы араласқан ластанған ас тұзы берілген. Оны тазарту үшін:

а) суда ерітіңіз;

б) сүзгіден өткізіңіз;

Picture 1 в) ерітіндіні буландырыңыз.

Қоспаларды бөлуге қатысты эксперименттің жоспарын жасап, кестеге бөлу жолы туралы қорытынды жазыңыз.

Дескриптор

берілген қоспаны бөлу жолын анықтайды;

қоспаны бөлудің алгоритмін жасайды;

қоспаны бөлу жолдары туралы қорытындыны кестеге толық жазады;

бөлу әдісінің не үшін қажет екенін көрсетеді.

Лабораториялық жұмысты дәптерге ендіру:

  • Тақырыбы

  • Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар.

  • Кесте


Қоспаның

құрамы


Қоспаның түрі

Қоспаны бөлу

әдісі

Бөлу әдісі неге

негізделген?






Жұмыс барысы

Қорытынды






2 – тапсырма «Суреттер сөйлейді» әдісі

Суретте қоспаларды бөлу әдістері бейнеленген, осы әдістерді қоспалардың қандай түрлеріне қолдануға болатынын көрсетіңіз, сипаттап жазыңыз.



Дескриптор

- қолданылатын құралдар мен қоспа заттардың аттарын жаз

- суреттен қоспаны бөлу әдістерін жаз.

Кері байланыс: Әр топтан бір лабораториялық жұмыс дәптерлерін алып, дұрыс / бұрыс орындалуына байланысты пікір айтылады және келесі сабақта сыныптың және жеке оқушылардың нәтижелері айтылады.

Сабақты бекіту.

«Бағбан» әдісімен сабақты бекітеміз, яғни оқушылар бақтағы ағаштар, тақтаға бірнеше сұрақтарды кезекпен шығарамын. Жауап берген оқушы өңген ағаш, сондықтан тұрып тұрады, ал жауап бере алмағаны кесілген ағаш, ол оқушы отырады.

1-топқа сұрақтар

1.Тұндыру әдісі қай кезде қолданады? (Жердің тартылыс күші әсерінен әртекті қоспадағы қатты заттар мен сұйықтардың қабат түзіп бөлінуіне негзделген

2.Магнитпен бөлу әдісін сипатта. (Қоспа құрамындағы бір зат магнитке тартылатын жағдайда қолданылады.)

3.Суды қандай әдіспен тазартасыз? (Дистильдеу)

2-топқа сұрақтар

1. Буландыру мен кристалдау қалай жүреді? (Ішінара буландыру нәтижесінде концентрлі ерітіндіден еріген зат кристалл түрінде бөлініп шығады.)

2.Айдау дегеніміз не? (Біртекті қоспадан қайнау температуралары әртүрлі заттарды бөлуге негізделген.)

3.Мұнай мен суды қалай бөлесіз? (Тұндыру әдісімен.)

3-топқа сұрақтар

1. Дистильдеу әдісін сипатта. (Ұшқыш сұйықтарды алдымен буландырып, содан кейін бірден салқындатып, сұйық күйге ауыстыру)

2. Ас содасының ерітіндісін бөлуді түсіндір. (Буландыру әдісін қолданамыз.)

3. Ас тұзы мен құмды қоспасын қалай бөлесің? (Суда ертіп, сүземіз.)

4-топқа сұрақтар

1. Сүзу қай кезде қолданылады? (Ерітіндідегі ерімейтін бөлшектерді бөлуді тездету үшін қоспаны сүзеді)

2.Темір мен ағаш үгіндісін қалай бөлесіз? (Магнитпен бөлу әдісі.)

3. Бір-бірімен араласпайтын сұйықтықтарды қалай бөледі? (Айдау әдісімен.)


Кері байланыс: Бекіту сұрақтарына қатысты кері байланыс ауызша айтылып отырылады.

Үйге тапсырма:

2.1. Гетерогенді қоспаларды бөлу.

2.2. Гомогенді қоспаларды бөлу.

Оқулық

7 сынып


Прямоугольник 3











АТК, слайдтар



Лаборато-риялық құрал-жабдықтар, химиялық ыдыстар









штатив, шыны стакан, таяқша, фарфор ыдыс, сүзгі қағаз, спирт шамы, өзен құмы араласқан ластанған ас тұзы











Саралау Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсау-лық және қауіпсіз-дік техника-сын сақтау

СТО арқылы оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру, өз бетінше проблеманы шешу, жеке және топтық жұмыс жасай білуге баулу.

  1. Ғарыш стансасында сүзу арқылы қоспаны бөлуге бола ма?

  2. Шаңсорғыштың шаңды ауаны сорып, оны тазартуы қалай жүзеге асады?

(оқулық 18 бет, 4,7 сұрақтар)

  1. Оқушылардың оқу жетістігін бағалау үшін олардың берілген сұрақтарға дұрыс және ашық жауап беруі және формативті жеке тапсырмалардың орындалуын бақылай отырып басбармақпен бағалау және мақтап мадақтау, бірін-бірі бағалауда болады.

  2. Лабораториялық жұмыс аталған дескриптор бойынша тексеріледі.


Лабора-ториялық жұмыста

қауіпсіздік техникалық ережесін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды? Неліктен?


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

.........................................................................................................................................................

.........................................................................................................................................................

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? ..................................................................................................................................

...........................................................................................................................................................

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлі қажет?

..........................................................................................................................................................

...........................................................................................................................................................











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.05.2020
3209
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12