400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ «Қоянға көмектесейік»

Материал туралы қысқаша түсінік
Екінші топ тарбиешілеріне ашық сабақ өткізер кезде керек болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Еркетай» екінші сәбилер тобындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологияялық картасы

Күні: 27.01.2016ж

Тәрбиеші: Мұрат Молдир Мухамбетқызы

Еңбек өтілі: 3 жыл

Білім беру саласы

Таным

Кіріктірілген білім беру облысы

Қатынас, денсаулық, әлеуметтік орта

Саласы

Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы

«Қоянға көмектесейік»

Мақсаты

Балалардың жабайы аңдар, олардың ерекшеліктері жайлы, геометриялық пішіндер, түстер жайлы білімдерін жүйелеу.

Міндеттері

Балалардың жабайы аңдар жайлы білімдерін толықтырып, түр ерекшеліктеріне назарларын аударып, өмір сүру ортасы жайлы білімдерін бекіту. Мамандық иелері жайлы түсініктерін, геометриялық пішіндер, түстер жайлы білімдерін бекіту. Жұмбақ шешу арқылы ертегі кейіпкерлерін атай білуге үйрету. Лего конструктор бөліктерін бір-біріне біріктіру дағдыларын бекіту.

Ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Қоршаған ортаға қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.

Қолданылған технологиялар

Дәстүрлі: ойын, денсаулық сақтау, жеке дамыту, интелектуалдық, мультимедалық

Билингвальды компонент

Сәлеметсізбе-здраствуйте, қасқыр-волк, түлкі-лиса, қоян-заяц


Іс – әрекет кезеңі

Тәрбиеші іс-әрекеті

Балалар іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

Қонақтарға назар салып олармен амандасуды ұсыну.

-Балалар мен таңертен балабақшаға келе жатып сандық тауып алдым. Бұл сандық ертегілер әлемінен келген сиқырлы сандық екен. Оны ашу үшін сыпайы сөздер айту керек екен.

-Ой, балалар, сандықтың ішінде хат жатыр екен, қане сол хатты ашып оқиын ішінде не жазылған екен. Балалар хаттың ішінде жұмбақ жасырылыпты. Егерде біз ол жұмбақтарды шешсек ертегілер кейіпкерлерін көре аламыз. Жұмбақ:

Қалқиып ұзын құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады.

(жұмбақ шешімін тапқан сайын теледидардан суреттер шығып отырады)

-Қалай ойлайсыңдар бұл жануарлар қай ертегінің кейіпкерлері?

-Дұрыс, ендеше, біз өзімізді «Қоянның үйшігі»ертегісінде жүрміз деп елестетейік.

- Сәлеметсізбе

- Здраствуйте


Балалар қызығушылық танытады.



- Өтінемін, сұраймын, рахмет т.б








- Қоян

- аю

-әтеш, түлкі, ит


-Қоянның үйшігі



Көздерін жұмып елестетеді

Ұйымдастырушы-ізденуші кезеңі

-Қараңдаршы балалар қоян неге көңілсіз?

- Қоян саған не болды?

Кім сені ренжітті?

Қоян экраннан сөйлейді: Менің орманда үйшігім болған. Қу түлкі келді де мені үйшігімнен қуып шықты. Үйшігімді мына тапсырмаларды орындасам ғана қайтаратынын айтты. Достар, маған түлкінің берген тапсырмаларын орындауға көмектесіңдерші, өтінемін.

-Балалар қоянға жаным ашып кетті. Оған тапсырмаларды орындауға көмектесейікпе?

Қоян: Алақай!!! Түлкінің ескі кілемшесі бар екен, соны жамауды тапсырды.

-Балалар қараңдар расыменде түлкінің кілемшесі ескі екен қане кілемшесін арнайы пішіндермен жамап берейік, қолымызға геометриялық пішіндерді алайық.

- Рүстем сен қандай пішінді алдың? Түсі қандай? Сен қай жерді жамайсың?(балалардан жеке сұрап шығу)

-Міне, қоян түлкінің кілемшесі дайын.

Қоян: Рақмет, сендерге. Ал сендер білесіңдер ме, ормандағы барлық жануарлар түлкіден қорқып жасырынып қалды. Оларды табуға көмектесіңдерші.

-Әрине қоян көмектесеміз. Балалар, қане ол үшін мын суретерді құрасытырайық. Іңкәр сен қандай аңды таптың?

- Аюдың түсі қандай?

  • Аю қалай жүреді?

(тиін, қасқыр, қоян, кірпі жеке-жеке аңдарды сұрау, сұрақтар қою арқылы жауап алу)

-Балалар бұл аңдардың барлығын қандай аңдар деп аталады? Неге?

Қоян біз аңдарды таптық

Қоян: Жарайсыңдар, балалар!

Қоян біздің балалар аздап шаршап қалған сияқты. Жаттығу жасап сергіп алайық.

Сергіту сәті: шырша экраннан шығады.

Қоян: Достар, түлкі сиқырлы қоржынын жоғалтып алыпты. Соны табуға көмектесіңдерші

-Балалар, жүріңдер іздейік.

- Данияр үлкен шыршаның артынан қарап келші, Рүстем, кішкентай шыршаның жанынан қарашы. Балалар қардың астынан қарайық. Міне, мен таптым.

-Қоржын ішінде не бар екен? Балаларға бір-бір заттан алуды ұсыну.

- Қалай ойлайсын, бұл не зат? - Ол не үшін қажет? Кім бұл затты өз жұмысында қолданады.

-Жарайсыңдар балалар ал енді қоржынға қайта салайық. Міне, қоян, түлкінің қоржыныңда таптық.

Қоян: Ризамын, сендерге, достар.

Экраннан түлкі шығады.

-Ал түлкі, қоянға берген тапсырмаларынды орындадық. Уәде еткеніндей үйшігін қайтар енді.

Түлкі: Ия, ия қайтарамын ғой. Балалар, мен негізінде қоянды ренжітейін деген жоқпын, жай қоянмен ойнағым келді.

-Балалар, түлкі мен қоян енді ешқашан үйге таласпасын, оларға көп үйлер құрастырып берейікші.

- Үйде не болады? Жақсы, ендеше мына лего контрукторлардан үй құрайық. (осы кезде суреттер ауыстырылады түлкі мен қоян бірге тұрады)

Түлкі: Рақмет, сендерге балалар! Мен енді қоянды ренжітпеймін. Жүріңдер бәріміз қалашпен шәй ішейік.

-Балалар, қараңдаршы түлкі бізге қалаштар берді.

- Не деп айтамыз?

- Қоян, түлкі рақмет сендерге, бірақ біздің балабақшаға оралуымыз керек.

-Балалар, қоян мен түлкімен қоштасайық.

экраннан түлкі мен қоян бірге: Сау болыңдар!

Экранға назарларын аударады



Балалар қоянды мұқият тыңдайды.










-көмектесейік








Қолдарына бір-бірден пішіндерді алады.


  • Шаршыны алдым. Түсі жасыл.













Аюды құрастырдым, түсі қоңыр ... деп сұрақтарға жауап береді


-Жабайы аңдар

-Олар орманда мекендейді





Шырша мен бірге қимылдар жасайды






Балалар қоржынды іздейді. Кеңістікті бағдарлайды.




Қоржыннан бір-бір затты алады.


Балалар фланедоскоп, қылқалам, тарақ, ожау, кітап, құрылысшының заттары, шприц, қайшы, градусникті атап, қай мамандық иелері өз жұмыстарында қолданатынын айтады.





Балалар мұқият тыңдайды.






Келіседі.




-Үйде шатыр, есік, терезе болады.



Үстел үстіне келіп екі лего бөлшегін бір-біріне қосып бекіту арқылы үйлерді құрастырады





-Рақмет




-Сау болыңыздар!

Балабақшаға қайтады

Рефлексиялық-қорытынды кезең

-Балалар, бүгін біз қай ертегіге бардық?

-Онда не істедік?

-Сендерге не ұнады?

-Қоянның үйшігі ертегісіне.

Балалар өз әсерлерімен бөліседі.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: Жабайы аңдар, олардың ерекшеліктерін, геометриялық пішіндер, түстерді

Меңгереді: Лего конструктордан белгілі бір зат құрау тәсілі

Істей алады: Ертегі желісін түсінеді, жұмбақ шешеді, үлкендер сұрақтарына жауап береді, қоршаған ортаға қамқор бола алады.







Өскемен қаласы әкімдігінің «№3 «Балбөбек» балабақша-бөбекжайы»

КМҚК












«Еркетай» екінші сәбилер тобы

Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тақырыбы: «Қоянға көмектесейік»


Орындаған : Мұрат Молдир Мухамбетқызы














Өскемен қаласы

2016 жыл

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
1056
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі