15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Қозғалыс тарауын қайталау"
ТАҚЫРЫБЫ: «Қозғалыс» тарауын қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың «Қозғалыс» тарауы бойынша білімдерін қайталау, пысықтау, жинақтау, жүйелеу, практикалық шеберліктері мен дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, алған білімді өмірде пайдалана білу, күнделікті кездесетін физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды түсіне білу және алған білімдерін есеп шығаруда пайдалана білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушының пәнге қызығушылығын арттыру, еңбекке, ұжымшылдыққа тәрбиелеу, тапқырлыққа баулу.
Сабақтың типі: Білімді жүйелеу, жинақтау .
Сабақтың түрі: саяхат
Сабақтың формасы: топпен жұмыс, жекелеген жұмыс, өзін-өзі тексеру
Сабақтың әдісі-тәсілдері: зерттеу, саралау-жинақтау, сұрақ жауап, пікір алмасу
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Дүниедегі құбылыстың мәнін де Табиғаттағы қозғалыстың бәрін де Мүмкін емес физикасыз түсіну.
Сабағымыздың басын мен сендерге жұмбақ жасырудан бастайын...
Жердің жүзін шарлайсың
Онсыз еш жерге бармайсың
Көлікпен де, жаяу да
Саралайсың, таңдайсың.. /ЖОЛ/
КӨП БОЛСА АСЫҚПАЙСЫҢ
МЕЗЕТТЕН ҚАШЫҚТАЙСЫҢ
АСЫҚСАҢ АЗ БОЛАДЫ
ТАБАСЫҢ МҰНЫ ҚАЙСЫҢ? / УАҚЫТ /
ҚОЗҒАЛЫСТА СИПАТТАР- ШАПШАҢДЫҚТЫ.
ТАҒЫ ДА БІР БЕЛГІСІЗ -ШАМА ШЫҚТЫ.
ОЛ БОЛМАСА ДЕНЕЛЕР -ҚОЗҒАЛМАЙДЫ.
ШЕШЕДІ БҰЛ ЖҰМБАҚТЫ -ҚАНДАЙ МЫҚТЫ? / ЖЫЛДАМДЫҚ /
Жақсы балалар...Бүгінгі сабағымызда қандай тарауды қайталағалы отырғанымызды өздерің де біліп отырған шығарсыңдар. Әрине, «Қозғалыс» тарауы. Осы тарау бойынша алған білімдерімізді қайталаймыз және жүйелейміз. Ары қарай нығайтып, тереңдете түсеміз...
Өтілген материалды қайталау. Сабағымызда біз автобуспен қозғалыс жасай отыра 1-аялдамадан 7 аялдамаға дейін саяхат жасайтын боламыз. Ол үшін алуан түрлі кедергілерден тұратын аялдамаларға бөгеліп, ондағы тапсырмаларды орындасақ, біз бүгінгі сабағымызда алдыға қойған мақсатымызға жеткеніміз.
Сынып ұш топқа бөлінген.Әр топтың топ басшылары бар.Топ басшысы топ мүшелерін бағалап отырады.
Енді Аялдамаларымызбен танысып алайық:
1-аялдама. «Табалдырық» аялдамасы
2-аялдама. «Ұлы ғалымдар» аялдамасы
3-аялдама. «Ғажайып алаң» аялдамасы
4-аялдама. «Көріністер» аялдамасы
5-аялдама. « Қабілеттілер » аялдамасы
6-аялдама. «Бас қатырғыш» аялдамасы
7-аялдама. « Эксперимент » аялдамасы
Олай болса , іске сәт..........
1-аялдама.
«Табалдырық» аялдамасы «Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен»
Бұл аялдамада сендер, 2-нұсқада жасалынған 5 сұрақтан тұратын деңгейленіп алынған тест жұмысына жауап берулерің керек.
1-нұсқа
1. Егер дене бірдей уақыт аралығында бірдей жол жүретін қозғалыс
A.бірқалыпты
B. бірқалыпсыз
C. Бірқалыпты үдемелі
2. Гелиоцентрлік жүйенің негізін салған
A. Птоломей
B. Галилей
C.Коперник
3. Денеге басқа денелердің әрекеті жоқ кезіндегі жылдамдығының сақтау құбылысы
A. диффузия
B. жылдамдық
C.инерция
4. Мотоцикилист 72 км/сағ, ал автомобиль 20 км/сағ жылдамдықпен қозғалады. Осы денелердің қайсысы шапшаңырақ қозғалады?
A. автомобиль
B. мотоцикл
C. автомобиль бен мотоцикл бірдей
5. Автомобильдің жылдамдығы 72 км/сағ. 10 минутта ол қанша жол жүрді?
A. 12 км
B. 7200 км
C.120 м
2-нұсқа
1. Дененің жүрген траекториясының ұзындығы не деп аталады?
A. жол
B. орын ауыстыру
C. жылдамдық
2. Инерция құбылысын алғаш рет кім түсіндірді?
A. Аристотель
B. Галилей
C. Демокрит
3. Төменде аталған бірліктердің қайсысы СИ жүйесінде уақыт бірлігі
A. 1 сағат
B. 1 секунд
C.1 минут
4. 54 км/сағ жылдамдықты м/с-пен өрнекте
A. 15 м/с
B. 54000 м/с
C.540 м/с
5. Автомашина 1500 м жолды 36 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Осы жолды жүруге кеткен уақыт
A. 1,5 сағ
B. 2 мин
C.150 с
1-нұсқа жауаптары: 1. А 2. С 3.С 4. А 5. А
2-нұсқа жауаптары: 1. А 2.В 3. В 4. А 5. С
Бағалау критерийі:
1 сұрақ- 1 ұпай
2 сұрақ-2 ұпай
3 сұрақ -3 ұпай
4 сұрақ-4 ұпай
5-сұрақ-5 ұпай
5 - 8 ұпай «3»
9 - 12 ұпай «4»
13 - 15 ұпай «5»
Бірінші топ екінші топтың жұмысын,
Екінші топ үшінші топтың жұмысын,
Үшінші топ бірінші топтың жұмысын тексеріп бағалайды.
2-аялдама. «Ұлы ғалымдар» аялдамасы. Үш топ өздеріне қатысты ұяшықты таңдайды, ұяшықта Әйгілі физик ғалымдардың портреттері көрсетіле отырып, олардың ғылымға қосқан үлестері мен ашқан жаңалықтарын айтып беру тапсырылады.
/ Аристотель, Әбу насыр аль фараби,М.В. Ломоносов /
3-аялдама. «Ғажайып алаң» аялдамасы 3 топтың әрқайсысы 3-тен нөмерленген сұрақтарға жауап берулері сұралады.
А-1 Бір жерден шығып екінші жерге жету үшін біз не жасаймыз? /механикалық қозғалыс/
А-11 Қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдерін елемеуге болатын дене не деп аталады? (материялық нүкте)
А-111 36 км/сағ жылдамдықты м/с бірлігінде өрнекте (10 м/с)
Б-2 Осы жолдың ұзындығы немесе біздің артымызда қалып отырған із не деп аталады? /траектория/
Б-22 Орынды ауыстыра отырып, біз нені жүріп өтеміз? /жол/
Б-222 Мектеп пен үйдің арасы 200 м. Оқушы мектепке барып, үйге қайта келгенде барлығы қанша жол жүреді? (400 м)
В-3 Жылдамдықты өлшейтін қүралдың атауы (спидометр)
В-33 Дене қозғалысының түзусызықты немесе қисық сызықты екенін неге қарап ажыратады? (траектория)
В-333 Футбол ойынын бақылай отырып, шабуылшының ойын кезінде шамамен 12 км жүгіретіні анықталды. Бұл орын ауыстыру ма, әлде жолдың ұзындығы ма? (жол)
4-аялдама. «Көріністер» аялдамасы» - «Артық болмас білгенің»
Әр топ карточка таңдайды да, топпен ақылдаса, келесі топқа көріністі көрсетеді.Екі топ қандай физикалық құбылысты сипаттап тұрғандығын айтады.
1-көрініс: Қозғалыстың салыстырмалығы
2-көрініс: Бірқалыпты қозғалыс
3-көрініс: Бірқалыпты емес қозғалыс
5-аялдама. Қабілеттілер аялдамасы
6-аялдама. «Бас қатырғыш» аялдамасы
Шаршы ішіндегі әріптерден физикалық шаманың атауын, физик-ғалымдардың атын, физикалық құбылыстардың атауларын құрап шығару керек. Мұнда траекторияның бағытының әртүрлі болуы да есептеледі.
т |
р |
а |
е |
к |
т |
о |
р |
и |
я |
қ |
о |
з |
ғ |
а |
л |
ы |
с |
и |
н |
е |
р |
ц |
и |
я |
ж |
ы |
л |
д |
а |
м |
д |
ы |
қ |
м |
е |
т |
р |
у |
а |
қ |
ы |
т |
Әр топтың дайындап әкелген жұмыстары.
7-аялдама. Эксперимент аялдамасы "Байқап қал!"
1-топ: «Кім нардо тасын алады?» Үстелге 10-12 нардо тастарын бірінің үстіне бірін қойып, баған түрінде жинаймыз. Қолмен ұстамай және үстінгі тастарда құлатпай қалайша ең төменгі тасты алуға болады? Құбылысты түсіндір. Жауабы: Инерцияның әсерінен баған қозғалысқа түсіп үлгермейді, яғни жылдамдық ала алмайды. Жылдамдықты сақтау құбылысы – бұл инерция. Сондықтан ол құламайды.
2-топ. «Қалайша тиынды стақанға түсіруге болады?» Үстел үстінде суы бар стакан. Стаканның бетінде карта. Карта үстінде тиын тұр. Тиынды қолмен ұстамай қалайша стақанның ішіне түсіруге болады? Жауабы: Картаны саусақпен жылдам, әрі бар күшпен шертіп қаламыз. Бұл кезде тиын жылдамдық алып үлгермейді, яғни жылдамдығын сақтау құбылысы-инерцияның әсерінен стакан ішіндегі суға түседі.
3-топ. «Қалайша қағазды аламыз?» Ұзын парақ қағаздың үстінде суы бар банка тұр. Банканы орнынан жылжытпай қалайша қағазды алуға болады? Жауабы:Қағаз парағының бір жақ шетінен ұстап, жылдам тартып қалу керек. Инерцияның әсерінен банка мен оның ішіндегі су жылдамдық алып үлгермейді, яғни қозғалысқа түсіп үлгермейді.
ҚОРЫТЫНДЫ: Сабағымыз сендерге ұнасы күлімдеген көзді Күн . Ұнамаған болса, жабырқаулы көзді күннің суретін таңдап, тақтаға жапсыруларыңа болады.
Бағалау:
Үйге тапсырма беру: «Қысқы ойындары кезіндегі қозғалыстың маңызы» баяндама.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген