жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Қ.Смағұлов атындағы орта мектебінің ұстазы
Қ.Смағұлов атындағы орта мектебі
«Көліктер»
(ашық сабақ)
Мектепалды даярлық «В» сыныбының
Тәрбиешісі: Жұмахметова Алтынай
Атырау 2019 - 2020 ж
Бекітемін:
Күні: 20.02.2020ж
Пәні: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Көліктер»
Сыныбы: 0 «В»
Пәнаралық байланыс Қатынас, таным, әлеуметтік орта
Мақсаты: Жер, жер асты, әуе, су көліктері туралы түсінік беру. Жер үсті көліктерінің түрлері: жолаушы, жүк тасымал, арнаулы көліктер болып бөлінетінін түсіндіру.
Дамыту міндеттері: Сөйлеу дағдыларын жетілдіру, көлік түрлері туралы түсініктерін кеңейту.
Тәрбиелік міндеті: Балаларды көшеде жүру ережелерімен, автобуста, қоғамдық көлікте тәртіп сақтауға үйрету.
Көрнекіліктер: көліктердің суреттері, бағдаршамның суреті, слайд
Әдіс – тәсілі: Сұрақ – жауап, жұмбақтар, дидактикалық ойын
Мотевациялық қозғаушы: -Балалардың қонақармен сәлемдесуі
1. Шаттық шеңбері: «Амандасу рәсімі»
Амансыңба, алтын күн,
Амансыңба, Жер Ана!
Амансыңба, достарым
Сендерді көрсем қуанам
Здараствуйғ солнце золотое,
Здраствуй, небо голубое.
Здраствуй, все мои друзья,
Очень вас рада видеть я!
Өте жақсы балалар, отырыңдар.
2. Ұйымдастыру кезеңі: Ой қозғау «Сұрақ – Жауап»
Балалар, бір жылда неше мезгіл бар? (Бір жылда төрт мезгіл бар. Олар: Күз,қыс,көктем, жаз)
Бір мезгілде неше айдан бар? ( 3 айдан бар)
Қазір жылдың қандай мезгілі? ( қыс мезгілі)
Ал балалар, кім айтады, өткен оқу іс - әрекетінде кім және не туралы айтылды? ( Кішкентай Ақылды балапан туралы айтылды)
Кішкентай балапан кімді іздеуге шықты? (Балапаан анасын іздеуге шығады)
Балапан кімдерге жолығады? ( балапан сиырға, ешкіге, қарғаға, үйрекке)
3. Жаңа оқу іс - әрекеті: (көліктер суреті)
Өте дұрыс оқушылар. Енді жұмбақтар шешіп көремізбе? (Жауабы айтылғаннан кейін слаидпен суреті көрсетіледі)
Арқасанда ауыл жүр
Ала тайым шауып жүр (автобус) Жер көлігі
Қазша қанат жаяды,
Үйрекше мойынын созады
Құсша қонады ( ұщақ ) Әуе көлігі
Үлкен темір балық,
Суда жүзер шалқып. (кеме) Су көлігі
Бұлардың барлығын бір сөзбен не деп айтамыз балалар? ( Көліктер
Жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы – Көліктер. Ендеше балалар, экранға назар аударып, көліктер туралы шағын бейне үзікті тамашалайық.
Ал ендеше балалар бағдаршам туралы не білдік? Бағдаршамның неше көзі болады екен? Қандай жол ережесін сақтауымыз керек екен?
Балалар жолдағы ақ жолақты жол нені білдіреді екен? Ал ендеше балалар бүгінгі көркем әдебиет сабағымызда көліктің түрлері деген өлеңді бәріміз бірге жаттаймызба?
ӨЛЕҢ
Қаламызда көліктің
Алуан түрі табылар.
Ұшақ пенен кемелер
Автобустар тағы бар.
Велосипед мініп ап,
Жолды кесіп шаппаймын.
Жолда жүру тәртібін
Мен осылай сақтаймын.
Сергіту сәті: Қуыр – қуыр, қуырмаш
Балалар біз осы күнге дейін басқа пәндерден көліктер туралы тақпақ жаттап едікко.
Айтақояқшы
Аян. Қане кімнің бойы ұзын?
Паравозы ол пойыздың
Қатар қатар тұрайық
Пойызды біз құрайық
Асылжан: Бұлттар менен көктегі,
Мен боламын туысқан
Озып шығам құстарды
Қанат қақпай ұшамын
Медина: Төрт аяғым дөңгелек
Адамсыз мен жүрмеймін
Барлық жерге жеткізіп
Қаласаңыз апарам
Мәди: Күлімдеген әдемі
Көшелерден жүреміз
Күнде тынбай, күнде тынбай
Көшелерден жүреміз
Ислам: Теңізді жүздім балықтай
Дүниені кездім жалықпай
Көліктердің бұл түрі
Мен боламын қайықтай
Өте керемет балалар. Жарайсыңдар!
6. Ал енді балалар ойын ойнаймызба? Дидактикалық ойын
Дидактикалық ойын: 1 – топ: «Жасырынған көлікті ата»
Шарты: Қиылған суреттерден көлікті құрастырып жабыстыру және сурет бойынша қорғау.
Дидактикалық ойын: 2- ші топ: «Ұшады, жүреді, жүзеді»
Шарты: Балаларға көліктің суреттері беріледі. Сол сурет бойынша балалар көліктерді атайды және әуе көлігі ме, су көлігі ме, жер көлігі ме соны табады.
7. Дәптермен жұмыс: Дәптерімізді ашайық. Бүгінгі күннің жатысын жазайық. Сіздерге балалар боялмаған көліктің суретін беремін соны жалғастырып бояп және бүгінгі жаттаған өлеңімізді толық жаттап келуге беремін дәптерімізге жабыстырып алайық.
8. Рефлексивтік түзету:
Балалар, біз бүгін қандай көлік түрлерімен таныстық?
Қандай әуе көліктерімен таныстық?
Қандай су көліктерімен және жерде жүретін көліктермен таныстық?
Жарайсыңдар балалар. Бүгінгі сабағымыз осымен аяқталды.
Енді қолдарыңдағы стикерді 1- топ жане 2- топ болып тақтада ілініп тұрған көлікке апарып жабыстырамыз.
Бүгінгі сабақ түсінікті болса «жасыл көлікке жабыстырамыз»
Бүгінгі сабақты орташа түсінсек «сары көлікке жабыстырамыз»
Бүгінгі сабақты мүлдем түсінбесек «қызыл көлікке жабыстырамыз»
Осымен сабағымыз аяқталды көңіл бөліп қатысқандарыңызға рахмет!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген