400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Құбылыстар" дүниетану пәнінен

Материал туралы қысқаша түсінік
3-сынып ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Құбылыстар

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға құбылыс туралы мағлұматберу, алған білімдерін тиянақтау, түсіндіру.

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту,

Оқушылар өз елін, жерін, табиғатын аялай білуге, саналылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, бейнежазба, суреттер.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Зат деп нені айтады?

Мысал келтіріңдер?

Суретпен жұмыс.

Суретке қарап, табиғи және жасанды денелерді ата.

3. Жаңа сабақ

Жұмбақ шешу

  1. Келсе де әні құлаққа,

Өзін ешкім көрмейді.

Жұмсақ қопа құраққа,

Тіптен маза бермейді. (Жел)

  1. Ақ сиыр тұрып кетті,

Қара сиыр жатып қалды. (Қыс пен көктемнің ауысуы)

  1. Жұпар иіс еседі.

Жайнап бақта өседі. (Гүл)

  1. Бес балада бір бешпет

Бір киініп, бір шешпек. (қолғап)

  1. Әр уақытта өзен үсті тұрағы,

Арғы бетке алып өтіп тұрады. (көпір)

  1. Орғыған қорқақ, көзі қыли еді

Қыс пен жазда екі түрлі тон киеді. (қоян)

Осы айтылған жұмбақтардың ішінен желді алайық ол бізде табиғат құбылысы.

Тірі және өлі табиғатта ұдайы өзгерістер болып жатады. Қыстан кейін көктем, көктемнен кейін жаз, содан кейін күз келеді. Ағаштар жасыл жапыраққа бөленеді, күзде жапырақ түсіп қалады. Жыл құстары жылы жаққа ұшып кетеді, ал көтемде қайтып оралады. Қар немесе жаңбыр жауады, шық немесе қыраутүседі. Найзағай жарқылдап, күн күркірейді. Кеш түседі немесе таң атады. Құстар мен жануарлар ұйқысынан оянады, өздеріне және балаларына жем іздейді. Табиғатта осы сияқты өзгерістер өте көп.

Табиғатта өтетін өзгерістердің барлығы табиғат құбылыстары деп аталады.

Бейнежазба көру


Жер сілкіну, су тасқыны, дауыл, сел сияқты табиғат құбылыстары апат деп аталады.

Апатта адамдар қаза тауып, жануарлар қырылады, қалалар мен ауылдар қирайды. Апат қашанда қайғы-қасірет, қорқыныш әкеледі.

Сергіту сәті.

  1. Аяғы мен қолы болмаса да қақпаны ашады. (жел)

  2. Боратып қарды,

Теңселтіп талды.

Тегістеп жарды,

Әлекке салды. (Боран немесе жел)

  1. Жалт-жұлт етеді,

Ұстасаң еріп кетеді.

  1. Жерге тырс-тырс тамады,

Сайға қарай ағады

Шешуін кім табады. (жаңбыр)

  1. Аспаннан әлек салып,

Тарыдай шашылады.

Күн шықса қорқып қалып,

Жылғаға асығады. (Бұршақ)

  1. Көзі жасты,

Тұра қашты.

  1. Аспанға ұшар бу болып,

Жерге қайтар су болып. (бұлт)

  1. Мұрны жоқ шымшық мұз тесер. (Тамшы)

  2. Суға батпайды,

Отқа жанбайды.

Суретпен жұмыс.

Суреттерге қарап табиғат құбылыстарын ата. Бұл құбылыстардықай уақытта байқайсыңдар?





Сәйкестендіру

Оқушыларға төрт мезгілдің суреттері таратылады, олар сол суретті сәйкестендіру керек. Қай мезгілде қандай өзгерістер болатының табу керек.


Қорытынды:Балалар сендер қандай табиғат құбылыстарын білесіңдер?

Табиғат апат кезінде өзінді қалай ұстау керек?

сонымен құбылыстар дегенімізді қалай түсінесіңдер?

Оны біз қалай байқаймыз? Мысалы жаз кетіп, күз келгенде қандай өзгерістер байқайсыңдар?

Үй тапсырмасы: құбылыстар тақырыбын оқып келу. Дәптердегі кестені толтыру.

Бағалау: бағалау


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
445
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі