Материалдар / Ашық сабақ. Құжат түрлері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ. Құжат түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ. Құжат түрлері. 11 сынып. Мектеп түлектері үшін құжат түрлері туралы оқушыларға жалпы түсінік беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қараша 2021
957
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 11

Cабақтың тақырыбы: Құжат түрлері

Сабақтың мақсаты: Үлкен өмірге жол алғалы отырған мектеп түлектері үшін ең қажетті нәрсе - құжат. Бүгін сабақта құжат түрлерімен танысып, келесі сабақтарда құжаттарды толтыруды үйренеміз.

І.Білімділік: Құжат түрлері туралы жалпы түсініктерін толықтыру, мәтінмен жұмыс жүргізуге мүмкіндік бере отырып оқушыларды ізденіске жетелеу, белсенділігін ояту.

ІІ.Дамытушылық: Оқушыларды өз бетімен жұмыс істете отырып, ой қорыту, өзіндік пікір қалыптастыруға жетелеу .

ІІІ.Тәрбиелік: Тілді үйренуге қажеттілікті туғыза отырып, ұлттық құндылықтарымызды сақтауға, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға ықпал ету.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақта қолданылатын әдіс- тәсілдер: мәтінмен жұмыс істеу , ізденушілік, талдау,баяндау сұрақ –жауап, тест.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, кесте, тірек сызба

Жұмыстың түрі: топтық, ұжымдық , жекелей

Қолданылатын технологиялар: тірек сызбалар,сыни тұрғысынан ойлау т.б

Сабақтың барысы:

1 Ұйымдастыру кезеңі:

Сабаққа қатысу туралы мәлімет

Сабақ кестесі туралы мәлімет

Үлкен өмірге жол алғалы отырған мектеп түлектері үшін ең қажетті нәрсе -құжат. Кеше өткен сабағымызда құжат түрлерімен танысып, бүгінгі сабағымызда құжаттарды толтыруды үйренеміз.

Сынып 2 топқа бөлінген. Біз бүгін топпен жұмыс істейміз. Алдымен топпен жұмыс істеу ережесіне көңіл аударамыз.

1. Бәріміз өз ойымызды ашық айтамыз.

2. Бір - біріміздің жауабымызды мұқият тыңдаймыз, өзгенің жауабын қайталамаймыз.

3. Бір - біріміздің пікірімізді сыйлаймыз.

4. Жауаптарымызды тыңдағанда, өзіміз жауап бергенде асықпаймыз, шыдымды боламыз.

5. Бір - бірімізбен жағымды байланыстар орнатамыз.

6. Шешім қабылдаған кезде топ мүшелері ретінде барлығымыз қатысамыз.

7. Қорытынды жасауға үйренеміз.


Үй тапсырмасын тексеру

Құжаттар неше түрге бөлінеді?

Азаматтық қарым қатынас құжаттары қандай?

Жеке адам өміріне қатысты құжаттары қандай?

Басқару, ұйымдастыру құжаттары қандай?


Сөздік жұмыс: 7 – 8 сөзді дайындықсыз айту.

Документ, расписка, заявление, указ, приказ, телеграмма, личный, характеристика, свидетельство, справка, объвление, протокол, автобиография, паспорт, доверенность.


Тыңдалым


Мәтінмен жұмыс «Іс қағаздары». Оқушылар тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.

Іс қағаздары- адамның күнделікті өмірінде жиі қолданатын үлгілер. Іс қағаздарды әдетте ресми құжаттар деп те атайды. «Құжат» - «куәлік», «дәлелдеу тәсілі» деген мағына береді. С.И. Ожеговтың сөздігі бойынша, бұл ұғымның үш мағынасы бар: 1 1)қандайда бір фактіні не бір нәрсеге деген құқықты растайтын іс қағаз 2) жеке басты ресми түрде куәландыратын құжат. 3) бір нәрсе туралы жазбаша куәлік.

Іс қағаздарына өтініш, қолхат, сенімхат, анықтама, хабарландыру, хаттама, шарт, мінездеме, қатынас, т. б. жатады. Бұл іс қағаздары көбінесе қалыптасқан үлгі бойынша жазылады. Бірақ олардың айырмашылықтары да бар.

Мысалы, ал өмірбаянның, мақаланың үлгісі жоқ. Өйткені әр адамның өмірі әр түрлі

Іс қағаздарын дұрыс жаза білу үшін көп жаттығу қажет. Іс қағаздарын дұрыс жаза білу - әрбір адам үшін қажетті нәрсе.


1. Іс қағаздарды әдетте қалай деп атайды?

а ) ресми қағаздар б) ресми рәміздер в) ресми құжаттар

2. Үлгі бойынша жазылмайтын құжат

а)сенімхат б) анықтама в) өмірбаян

3. С.И.Ожеговтың сөздігі бойынша құжат деген ұғымның мағынасы

а )бір нәрсе туралы жазбаша мәтін б) бір нәрсе туралы туралы жазбаша куәлік

в)бір нәрсе туралы ауызша құжат

4. Өтініш пен қолхат жазуы бірдей ме?

а) бір үлгі бойынша жазылады б) айырмашылықтары жоқ в)айырмашылықтары бар

5. Құжаттарды дұрыс жаза білу-.....

а) қажетті нәрсе емес б) керекті нәрсе в) аз жаттығу керек


2.Бір бірін тексереді (үлгі бойынша)


3. Тақтаға көңіл аударамыз. Бұл жұмысты жеке тұлға ретінде жекелей жұмыс істейміз.

1. Нелер – кімнің, қандай, несінде, қалай, не істейтін, нелер?

2.Кімнің, несі, қандай, ненің, неше , несі?

3.Нелерін, қалай, не істеуге, қалай, не істеу қажет?

4.Ненің несі жоқ?

5. Кімнің несі қандай?

6. Не , не деген, не істейді?


Адам өмір бойынша көбінесе құжаттардың қандай түрлерін қолданады?

Жаңа тақырыппен жұмыс

Табысты, білімді жеке тұлға болу үшін тек сөздерді біліп қана қоймай құжат түрлерін, оның мазмұнын, толтыруын білуіміз керек.

Топпен бірлесіп түрлерін өз беттеріңше толтырасыңдар, салыстырасыңдар.

Қорыттынды атестацияға дайындық. Жұппен жұмыс

Жеке құжаттар

Жеке құжаттарға нелер жатады?

 

Өмірбаян – қызметкердің өмір жолы және еңбек қызметі жазылған құжат. Өмірбаянды қызметкер өз қолымен еркін түрде, түзетусіз, хронологиялық ретпен өз өмірінен негізгі оқиғаларды келтіре отырып, бір дана түрінде жазады.


Жеке құжаттың тағы бір түрі - түйіндеме.

үлгі бойынша түйіндеме мен баяндама жазу

қандай айырмашылығы бар?

тәуелдеу қолхат

септеу өтініш


Синквейн

зат есім Құжаттар

сын есім

етістік

сөйлем

синоним



Үйге тапсырма: орыс тілімен салыстырмалы түрде мінездеме жазып келу.

Қорытындылау бөлімі

Америкаға бару үшін не қажет?

Жұмысқа орналасу үшін не қажет?

Алғашқы жұмысқа орналасқанда не қажет?

Президент не шығарады?

Айтылған жауаптар қандай стильге жатады?

Құжат түрлерін білу қажет пе?

Рефликсия


















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!