Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Құжатқа графикалық кескіндерді енгізу. WordArt объектілері."

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл тақырып бойынша білім алушылар мәтіндік құжатқа кескіндерді, суреттерді, графикалық фигураларды кірістіруді үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Picture 1





Оқу - әдістемелік кешеннің мазмұны:



1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім

беру стандартынан көшірме 2016ж.


2. Типтік оқу бағдарламасынан көшірме



3. Жұмыс бағдарламасынан көшірме.


4. Сабақтың әдістемелік әзірлемесі.


5. Сабақтың барысы.


6. Теориялық және тәжірибелік сабақтардың жабдықтары



























Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білімберу стандартынан көшірме


29.07.2016 ж №661 ҚР негізінде әзірленеген


Мамандық: 0302000- «Медбикелік іс»

Біліктілік: 030204 3- «Жалпы практикадағы медбике»

Пәннің коды: ЖКП 01

Пәннің атауы: Информатика


Пән мазмұны:

  • материалдық дүниедегі ақпарат;

  • ақпараттың түрлері және оның әдістері;

  • компьютермен танысу және құрылғылар мәнімен таныстыру;

  • қолданбалы және стандартты программаларды дұрыс қолдану;

  • қоғам өміріндегі эем-нің медицинадағы рөлі;

  • жаңа компьютер технологиясын.


Компетенция коды: БҚ-1.3


Біліу керек:

  • компьютер туралы негізгі мағлұмат;

  • wіndows операциялық жүйесінің жұмыс үстелін;

  • қолданбалы және стандартты программалармен жұмыс істеуді;

  • statistics деректер қорын басқаруды;

  • ауқымды және жергілікті желіні;

  • антивирустан қорғау құралдарын;

  • html құжатының негізін;

  • pascal және программалау тілінің алфавитін;

Істей біліу керек:

  • жаңа технологиямен жұмыс жасауды;

  • қолданбалы және стандартты программалармен жұмыс істеуді;

  • медициналық есептерді шығаруда statistics

  • интернет желісімен жұмыс жасауды.











Оқу жоспарынан көшірме:


Мамандық: 0302000- «Медбикелік іс»

Біліктілік: 030204 3- «Жалпы практикадағы медбике»

Пәннің атауы: Информатика


Пән бойынша барлық сағат: 108 сағат

Теория: 36

Тәжірибе: 72


Типтік оқу бағдарламасынан көшірме


Мамандық: 0302000- «Медбикелік іс»

Біліктілік: 030204 3- «Жалпы практикадағы медбике»

Пән мазмұны:

3 Бөлім. Microsoft Word мәтіндік редакторы.

MicrosoftWord мәтіндік редакторы туралы негізгі мағлұматтар. Құрал-сайман панелімен жұмыс істеу: пішімдеу құралы, стандартты құралы, мәзір жолағы, күй жолы. Мәтінді құру, сақтау, атын ауыстыру, көшіру және құжатты басып шығару. Кесте құру және оны пішімдеу. Құжатқа графикалық кескіндерді енгізу. WordArt объектілері

БҚ-1. Оқыту

БҚ-1.3. Компьютерлік технологиялар: жұмысында және өзін-өзі дамыту үшін ақпараттық комьютерлік технологияларды пайдаланады.



















Жұмыс бағдарламасынан көшірме:


Мамандық: 0302000- «Медбикелік іс»

Біліктілік: 030204 3- «Жалпы практикадағы медбике»

Пәннің атауы: Информатика

Курс 2 семестр 3

Осы тақырыпқа берілген барлық сағат саны: 2

Тәжірибе: 2 сағат

11 сабақ Тақырып: «Құжатқа графикалық кескіндерді енгізу. WordArt объектілері.»

Сабақтың өтетін орны: компьютерлік сынып

Білім алушы білуі тиіс:

- MicrosoftWord мәтіндік редакторы туралы негізгі мағлұматтарды;

- Құрал-сайман панелімен жұмыс істеу: пішімдеу құралы, стандартты құралын, мәзір жолағын, күй жолын.

- Құжатқа графикалық кескіндерді енгізу. WordArt объектілері.

Білім алушы істей білуі тиіс:

- Мәтіндік редакторды жүктеу және жұмысын аяқтау;

- Мәтінмен жұмыс істеу: мәтінді құру, атын ауыстыру, көшіру және жою;

- Кесте құру, оны пішімдеу;

- Титулдік бетті құру;

- Символ регистрларын өзгерту;

- Құжатқа графикалық кескіндерді және WordArt объектілерін қою.

- Мәтінмен жұмыс істеу: мәтінге сурет, графикалық кескін, Wordart объектілерін қою.

- мәтінді құру, сақтау, атын ауыстыру, көшіру және құжатты басып шығару;


Білім алушылар пайдаланатын оқулықтар:

  1. Информатика Симоновича С.В. 2-е издание 2004.

  2. Рапаков Г.Г., Ржеуцкая С.Ю. «Программирование на языке паскаль». 2005.

  3. Салливан Ф., Уайт Дж.С. Основы медицинской информатики: учебное пособие / пер. с англ. Под ред. Кузнецова П.П., Сайткулова К.И. - М., 2011. - 160 с.

  4. Бөрібаев Б. Информатика және компьютер, - Алматы «Білім» 1995.

  5. Куделина О.В., Хлынин С.М. Медицинская информатика.Учебное пособие. Томск 2009

  6. Гельман В.Я. “Медицинская информатика”. Практикум. издат: Питер. 2002г.

  7. Байжуманов М.Қ, Жапсарбаева «Информатика» ТОО «Эверо» Астана 2004г.


Оқытушы пайдаланатын оқулықтар:

  1. Балапанов Е.Қ., Борибаев Б.Б., Даулеткулов А.Б. «Новая информационная технология» - Алматы, 2003

  2. Голубцкий О., Шевчук О., «Электронная правительство»

  3. Есекеева К.Б., Нургалиева Г.К. «Оқу – әдістемелік құрал» 2007г

  4. Информатика Макарова Н.В., Матвеев А., Бройдо В.Л.и др – 2003г

  5. Угренович Н.Д. «Информатика и информационные технологии» 2003г

11 сабақтың әдістемелік әзірлемесі


Мамандық: 0302000- «Медбикелік іс»

Біліктілік: 030204 3- «Жалпы практикадағы медбике»

Сабақтың түрі: тәжірибе

Сабақтың типі: аралас

Өткізу әдісі: иллюстративті – түсіндірмелі

Сағат саны: 2 сағат

Сабақтың өтетін орны: компьютерлік сынып


Сабақтың тақырыбы: «Құжатқа графикалық кескіндерді енгізу. WordArt объектілері.»

Сабақтың мақсаты: Білім алушыларға мәтіндік құжаттарды графикалық кескінді және суреттерді фигуралық мәтінге, WordАrt объектілерін кірістіруді үйрету.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: MS Word редакторында жұмыс жасау ережелерін сарамандық сабақта бекіту, алған теориялық білімдерін практикалық жұмыста тиімді пайдалана білуге баулу.

Дамытушылық: Білім алушыларға ойлау қабілетін, танымдық белсенділігін арттыру, компьютерлік жұмыс істеу шеберлігін одан әрі шыңдау және оны өмірде қолдана білуге ықпал жасау.

Тәрбиелік: Жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа үйрету.

Сабақтың жабдықтары: Компьютер, слайд, электрондық оқулық «Sin каз», тақырып бойынша ОӘК, таратпа қағаз, Kahoot конструкторы.

Пәнаралық байланысы: математика, сурет, орыс, қазақ тілдері

Пәнішілік байланыс: «Құжатқа графикалық кескіндерді енгізу. WordArt объектілері.»




Тәжірибелік сабақ барысының технологиялық картасы


  1. Ұйымдастыру кезеңі - 2 мин.

  2. Оқытушының кіріспе сөзі - 3 мин

  3. Үй тапсырмасын тексеру - 15 мин.

  4. Жаңа тақырыпты түсіндіру - 20 мин.

  5. Өздік жұмысы – 40 мин

  6. Жаңа тақырыпты қорытындылау және бекіту-5 мин.

  7. Баға қою - 3 мин.

  8. Үй тапсырмасы - 2 мин.




Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

- Оқушылармен сәлемдесу және оларды түгендеу;

- Кезекшімен сұхбат, аудиторияның тазалығын шолу;

- Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру.

  1. Оқытушының кіріспе сөзі.

Бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы: «Құжатқа графикалық кескіндерді енгізу. WordArt объектілері.»

Бұл тақырып бойынша білім алушылар мәтіндік құжатқа кескіндерді, суреттерді, графикалық фигураларды кірістіруді үйрету.

  1. Үй тапсырмасын тексеру:

«Адасқан әріптер»

  1. оrwd word

  2. етксе – кесте

  3. яшұық – ұяшық

  4. жаұқт – құжат

  5. флйф – файл

  6. оуяб – бояу

  7. юқұ – құю

  8. рштфи – шрифт


Сызба диктант.

1

Microsoft Word бағдарламасы мәтіндік редактор.

иә

жоқ

2

Microsoft Word бағдарламасы іске қосу жолы: Пуск – Программы – Стандартные – Microsoft Word

иә

жоқ

3

«Жаңа құжат құру» Главная мәзірде орналасқан.

иә

жоқ

4

Құжатты басып шығару пернетақтадан Ctrl+P.

иә

жоқ

5

Мәтін туралаудың 5 түрі бар.

иә

жоқ

6

Маркер, нөмірленген, көп деңгейлі тізім шрифт қаттамасында орналасқан

иә

жоқ

7

Кесте дегеніміз – бағандар мен жолдарда реттеліп берілген ақпарат.

иә

жоқ

8

Ұяшық дегеніміз - баған мен қатардың біріктіруі

иә

жоқ

9

Кесте құру жолы: Вставка – Таблица – Вставить таблицу

иә

жоқ

10

Кестеге қосымша жол немесе баған қосамыз: Конструктор – Вставить снизу.

иә

жоқ

Білім алушылар сызба диктанттың жауаптарын бір-біріне беру арқылы өздері тексереді.



  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру жоспары:

      1. Microsoft Word редакторда мәтіндік құжатқа графикалық кескін енгізу.

      2. Автофигура, SmartArt суреттерін кірістіру

      3. WordArt объектісін құру.


Word құжатына графикалық объектілерді кірістіру өте оңай. Сіз кез- келген деректен суретті көшіре аласыз (веб- беттерден немесе басқа құжаттан), одан кейін ағымдағы құжаттың қажетті жеріне алмастыру буферінен суретті кірістіресіз. Одан басқа Word бағдарламасында бағдарламадан тікелей әр түрлі графикалық файлдарды ашуға және сақтауға мүмкіндіктер бар. Сіздің қатқыл дискіңізде сақталған кескінді құжатқа кірістіру үшін лентада Кірістіру қосымшасындағы Иллюстрациялар тобында Сурет батырмасын Суретті кірістіру терезесінде графикалық файлды таңдаңыз және кірістіру батырмасын басыңыз.

Қ ұжатқа кескіндерді кірістіру батырмасы


Кескіндермен жұмыс жасау үшін Клиптер коллекциясы тапсырмалар аймағы қызмет етеді. Оның көмегімен векторлық кескіндермен де және растрлық кескіндермен де жұмыс жасауға болады. Тапсырмалар аймағын көру үшін, лентада Кірістіру қосымшасындағы Иллюстарациялар тобында Клип батырмасын басыңыз

Клип батырмасы


Клиптер коллекциясы тапсырмалар аймағында лайықты кескінді табу үшін Іздеу жолында кілттік сөзді теріңіз және бастау батырмасын басыңыз. Егер іздеу жолын бос қалтырса, онда бағдарлама барлық қол жетімді кескінді көрсетеді.

Клиптер коллекциясы тапсырмалар аймағы




Қандай да бір тақырыппен іздеуді шектегіңіз келсе, Объектілерді іздеу және Қарау тізімін баптаңыз. Ең бірінші іздеу жүргізу қажет коллекциялар көрсетіледі, ал екінші- файлдар типі (суреттер, фотосуреттер, дыбыстар т.б).

Үнсіз келісім бойынша үш коллекцияны пайдалана аламыз:

  • Менің коллекцияларым - мұнда қатқыл дисктің суреттер сақталған барлық бумалары кіреді;

  • Microsoft Office коллекциялары-кескіндердің бұл жинағымен көбінесе алғаш қолданушылар жұмыс жасайды.

  • Веб- коллекциялар - Office Online Интернет- қорында қол жеткізуге болатын кескіндердің көмегімен Word бағдарламасының суреттер жинағын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Берілген критерилерге сай келетін кескін алдын ала қарау аймағында көрінетін болады. Сіз оларды айналдыру жолағының көмегімен қарай аласыз.

«Компьютер» сұратуы бойынша табылған кескін


Кескіндерді редактілеу

Егер кірістірілген кескінді ерекшелесек, онда лентада Суреттермен жұмыс- Пішімдеген  жаңа қосымша пайда болады. Осы қосымшаның көмегімен суретті редактілеудің барлық операцияларын орындауға болады.

Суреттермен жұмыс- Формат қосымшасы


Суреттің түсін Өзгерту тобындағы Басқа түске бояу батырмасының көмегімен баптауға болады.




Сурет пішімі терезесі  

С уреттердің Стилі тобы кескіндерді безендіруге кең көлемді мүмкіндіктерді ұсынады.  Суретті жылдам безендіру үшін Қосымша параметрлербатырмасын шерту арқылы Жылдам- стилдер менюін ашыңыз. Бұл менюде ерекше көп таралған әсерлердің (эффект) аздаған жиыны ұсынылады, мысалы, виньеткалар қосу, әр түрлі пішіндегі жақтауларды қосу, көлемді 3D- суреттің әсері, кескін және т.б.  

Бір кескінге Жылдам- стилдерді қолдануға мысал

Е гер сіз өзіңіздің қайталанбайтын жеке стиліңізді құрғыңыз келсе, онда Суретке арналған әсерлер менюін пайдаланыңыз. Бұл жерде безендірудің әрбір параметрін жеке көрсетуге болады. Рельеф және Көлемді фигуралардың бұрылуыбағыныңқы менюінде, көлем параметрлерін қолмен таңдауға болатын Пішімнің өзгеруі терезесін шақыру командалары бар.

Әр түрлі фигуралардың көмегімен суреттің пішімінің өзгеруі


Сурет шекарасы батырмасы суретті жиектеудің параметрлерін орнатуға болатын менюді ұсынады. Осы менюдің көмегімен контурдың қалыңдығын және түсін беруге болады, сонымен қатар кескінді жиектейтін сызықтың түрін анықтауға болады. Сәйкес келетін бағыныңқы  менюде сызықтың және оның қалыңдығының әр түрлі нұсқалары ұсынылады. Егер олардың ешқайсысы сізге сай келмесе, онда Штрихтар немесе Қалыңдық бағыныңқы менюінен  Басқа сызықтар командасын таңдаңыз.  Мына параметрлерді штрихтың енін, жалғау түрін, нүкте түрін таңдауға болатын Сурет пішімі терезесі ашылады.

С урет шекарасы менюі


Фигуралар

Қарапайым объектілерден басқа, неше түрлі векторлық кескіндер құру үшін бағдарламада күрделі фигуралар кітапханасы орналасқан. Қатынау үшін Кірістіру қосымшасындағы Иллюстрация тобының Фигуралар батырмасына басу керек.

Лентадағы Фигуралар тізімі

Фигураларды графикалық объектілер ретінде ғана қолдану емес, құжатты сәндеу үшін де қолданылады. Мысалы, олардың көмегімен мәтіннің айналасын жақтаушалауға болады.

Фигураларды пішімдеу үшін арналған негізгі құралдар

Фигураларды құрған сон сүрет салу Құралдар - Пішімдеу қосымшасы ашылады. Растрлық кескіндермен жұмыс жасау үшін  құрал-саймандар жинағы басқа құралдардан қарағанда өзгеше. Бәрінен бұрын, фигуралар Стилі тобына назар аудару керек.

Фигуралар Стилінің тобы


Көптеген нұсқаулардың ішінен фигураларды безеңдіруді таңдау үшін Қосымша параметрлер батырмасының жылдам-стилінің меню арналған. Сызықтың қалыңдығы және түсі, құю түсі және басқада параметрлер безеңдіруге жатады.

Жылдам - стильдер фигурасының менюі 


Фигураның стилін қолымен баптау үшін фигураның Құю батырмасын және фигураның Контурын қолданамыз. Фигураның Құю менюында мынадай параметрлер таңдалынады

Көлемді әсерлер менюі


Қ ұжатқа SmartArt объектісін кірістіру үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

1.    Кірістіру қосымшасына өтіңіз және Иллюстрациялар тобындағы SmartArt батырмасын басыңыз;

2.     SmartArt суретін таңдау терезесінде лайықты үлгіні таңдаңыз. Үлгіні таңдау кезінде сіз қандай деректі орналастырасыз соны ескеріңіз. Үлгілердің арасында таңдау жасау қиын емес, өйткені олардың әр қайсысына толық сипаттама берілген.

SmartArt суретін таңдау терезесі 

3.    Құжатқа SmartArt  объектісі енгізілгеннен кейін [Мәтін] түрінде белгіленген өріске мәтін енгізу қажет болады. Мұны Мәтін енгізіңіз арнайы тапсырмалар аймағын пайдаланып жасауға болады.

SmartArt объектілері және Мәтін енгізіңіз тапсырмалар аймағы

 

М әтінді енгізіңіз тапсырмалар аймағын көрсетіп немесе жасырып қою үшін SmartArt объектісі аймағының сол жақ бөлігіндегі әр түрлі жаққа бағытталған бағыттауыш түріндегі батырмаға шертіңіз.

Мәтінді енгізіңіз тапсырмалар аймағын шақыруға арналған батырма 


SmartArt объектілерін құрайтын элементтерді жеке- жеке өзгертуге болады. Ол үшін-SmartArt суреттерімен жұмыс Пішім қосымшасын өтіңіз.

А лдымен Фигуралар стилі тобына назар аудару қажет. Фигуралар стилі тобы


Қосымша параметрлер батырмасы жылдам- стилдер менюін таңдауға арналған. Бұл жерде фигураларды безендірудің әр түрлі нұсқаларының бірін таңдауға болады.


Фигуралардың жылдам- стилдері менюі 

Фигуралардың стилдерін қолмен баптау үшін Фигураларды  контуры және Фигуралардың  құюы батырмаларын пайдалануға болады.

SmartArt объектілері

SmartArt объектілері әр түрлі ақпараттарды графикалық блоктар түрінде ұсынуға мүмкіндік береді.

Word 2010 бағдарламасы әртүрлі түрдегі деректерді графикалық түрде көрсету үшін көптеген үлгілер санын ұсынады.


WordArt объектілері

WordArt – бұл берілген жинақтағы сәндік мәтін. WordArt нысанын құру үшін Лентаның кірістіру қосымша бетіндегі Мәтін тобынан WordArt қаріптер жиынтығы командасын шақырамыз. Бұл Word бағдарламасының әр түрлі құжаттарын безендіру үшін қолдануға болатын арнайы мәтін. Мысалы, оның көмегімен тақырып құруға, жарнамалық хабарландыруды және кітапшаны безендіруге болады.

WordArt объектілері векторлық болып табылады, соған сәйкес Word бағдарламасында берілген фигураны редактілеуге арналған көп құралдар бар. Сіз оларды әр түрлі геометриялық фигуралардың арасына кіргізіп жазуға, оларды майыстыруға, қысуға және созуға мүмкіндігіңіз бар. Одан басқа түсін, құюын, сызықтар енін және көлеңкенін болуын өзгертуге болады.

Тапсырма. WordArt объектісін құру

Құжатқа WordArt объектісін кірістіру үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

1.  Кірістіру қосымшасына өтіңіз және Мәтін тобындағы WordArt батырмасын шертіңіз;

2.  WordArt менюінде объетінің түрін таңдаңыз;

WordArt менюі


WordArt объектісі 

Енді сіз WordArt объектілерімен жұмыс- Пішім  қосымшасын пайдаланып бұл жазуды редактерлей аласыз.

WordArt объектілерімен жұмыс- ПішімWordArt қосымшасы


Сізге мәтіннің бағытын, параметрін және пішінін, объектінің стилін, әріптер арасындағы қашықтықты өзгертуге болады. Фигураларға сияқты, WordArt объектілері үшін де  мәтінмен көмкеру параметрлерін беруге, көлеңке қосуға және көлем параметрлерін өзгертуге болады. 

WordArt фигурасын өзгерту менюі



Сергіту сәт і «Артық термин»

Берілген тапсырмадағы артық терминді табу:

  1. Екі, бес, нөл, қосынды, бір, тоғыз.

  2. Драйвер, принтер, монитор, графиксалғыш, пернетақта.

  3. Көбейту, өшіру, азайту, қосу, бөлу.

  4. Дискет, CD-ROM, таймер, винчестер, магниттік таспа.

  5. Сканер, кірістіру, пернетақта, джойстик, тінтуір.

  6. Бос орын, компьютер, Esc, Enter, BackSpace.

  7. «Файл», «Формат», «Бояу», «Сервис», «Справка».

  8. Вирус, синус, косинус, тангенс.

  9. Сантиметр, килобайт, бит, мегабайт.

  10. Нүкте, Shift, үтір, қоснүкте.


  1. Тәжірибелік дағдыны қалыптастыруды білім алушының өздік жұмысы

Берілген таратпа қағаздағы тапсырманы орында

1 тапсырма. Кестеге суреттерді кірістіру және WordArt объектісін жазу.Shape1





Дүйсенбі


5

12

19

2 6

Сәрсенбі


6

13

20

27

Сейсенбі


7

14

21

28

Б ейсенбі

1

8

15

22

29

Жұма

2

9

16

23

30

Сенбі

3

10

17

24


жексенбі

4

11

18

25



2 тапсырма. Фигуралар арқылы сурет саламыз.

ФShape4 Shape3 Shape2 игуралар көмегімен жануарларды сал Вставить Фигуры. Нысанды ерекшелеп ФорматСтили фигур. Стиль фигур комегімен бояу. WortArt көмегімен жазуды жаз.









3 тапсырма. SmartArt көмегімен дайын сызбалармен жұмыс.

Shape5

Shape6

4 тапсырма. Бейджик жасау.

  1. Фигура – Скругленный прямоугольникті алып сал.

  2. Фигураны басып – фигараның стилің таңда.

  3. Ішіне мәтін және сурет кірістір.

Shape7

«Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК


Жуматаева Камилла

2 мейіргер ісі «3»

топ студенті











  1. Жаңа тақырыпты қорытындылау және бекіту. Жаңа білімді бекіту үшін оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар беріледі.

Kahoot бағдарламасында тест беру арқылы

  1. MS Word бағдарламасын іске қосу жолы:

А. Пуск – Программы – Стандартные – MS Word

Б. Пуск – Все программы –Мicrosoft Office MS Word

В. Пуск – Мicrosoft Office – MS Word

Г. Все программы – Стандартные – MS Word

  1. MS Word бағдарламасында құжатқа дайын сурет кірістіру үшін қандай командалар орындалады?

А. Главная ---> Рисунок

Б. Вставка ---> Картинка

В. Вставка ---> Рисунок

Г. Вставка ---> Фигуры

  1. MS Word бағдарламасында құжатқа кітапханадағы суретті кірістіру үшін қандай командалар орындалады?

А. Главная ---> Рисунок

Б. Вставка ---> Картинка

В. Вставка ---> Рисунок

Г. Вставка ---> Фигуры

  1. MS Word бағдарламасында құжатқа әртүрлі пішіндер кірістіру үшін қандай командалар орындалады?

А. Главная ---> Рисунок

Б. Вставка ---> Картинка

В. Вставка ---> Рисунок

Г. Вставка ---> Фигуры

  1. MS Word-тың қандай объектісі қандай?

А. Текст

Б. SmartArt

В. WordArt

Г. Надпись

  1. MS Word-тың қандай объектісі қандай?

А. WordArt

Б. SmartArt

В. Фигура

Г. Кесте

  1. Құжатқа кірістірген объектті қиып өзгерту үшін қандай командалар орындалады?

А. Главная ---> Обрезка

Б. Вставка ---> Картинка

В. Вставка ---> Обрезка

Г. Формат ---> Обрезка

  1. Кірістірілген суретпен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін терезе?

А. Главная

Б. Вид

В. Формат

Г. Рассылки

  1. Құжатқа кірістірген объекттің жиегін өзгерту үшін қандай командалар орындалады?

А. Главная ---> Границы рисунка

Б. Вставка ---> Картинка

В. Вставка ---> Границы рисунка

Г. Формат ---> Границы рисунка

  1. Құжатқа кірістірген объекттің орнын өзгерту үшін қандай командалар орындалады?

А. Формат ---> Положение

Б. Вставка ---> Положение

В. Вставка ---> Обрезка

Г. Вид ---> Положение

Студенттерді бағалау парағы


  1. Баға қою. Барлық тапсырмаларды мұқият, шапшаң орындап отырған оқушыларды бағалау, ескерту жасау.


  1. Үй тапсырмасы:

Информатика Семинович С.В. 2-е издание 2004г. бет 302-309



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2018
1592
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12