«Шапағат»
арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету
орталығы коммуналдық мемлекеттік
мекемесі. Орал қаласы.
Дефектологтар
: Жартыбаева Бибігүл Ашықбаевна
Кажымуратова
Дария Загыпрановна
Тақырыбы:
Құм
патшалығына саяхат
Мақсаты:
Баланың қоршаған табиғатты қаншалықты
қалай, қабылдайтынын зерттеу, дамыту.Өз
іс-әрекетінен жағымды әсер алуға ықпал
жасау. Психоденелік қысымды төмендету.
Тактильдік сезімдері арқылы танымдық
қабілетін арттыру.
Құрал-жабдықтар:
арнайы безендірілген бұрыш, құм түрлері,
ойыншықтар т.б.
Барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі
Дефектолог:
- Балалар бүгін бір тамаша күн екен,
саяхатқа шыққыларың келе ме?
Балалар
: - Иә
Балалар
,саяхатқа немен шығуға болады?(балалар
түрлі жауап қайтарады)
Ол
үшін кілемге отырып , көзімізді жұмамыз
(сиқырлы әуен ойнап . түрлі түсті шамдар
жанады)
Міне
балалар құм патшалығына да келіп жеттік
. Көзімізді ашып кілемнен түсіп, құм
патшалығына жақындайық (балалар жақындап
тұрады)
Құм
патшасы балаларды күтіп алады.- Қош
келдіңдер, балалар! Сіздер, құм
патшалығымен жақын танысқыларыңыз
келе ме?
Иә
Ендеше,
мені мұқият тыңдаңыз.
Балалар
құм қандай болады? (құрғақ, дымқыл,
сары,қоңыр,алтын түсті, сусылдақ т.с.с.)
Құмның
пайдасы өте көп. Құммен ойнауға,
мүсіндеуге болады. Сондай-ақ, құмның
емдік қасиеті де өте көп. Құм арқылы
түрлі ауруды жеңуге, емдеуге болады.
Қазір
сендермен бірге бірнеше тапсырмаларды
орындаймыз.
Жаттығу
«Құммен сәлемдесу»
Мақсаты:
психоденелік қысымды азайту
Ал
, енді балалар құм еліне келгесін
алдымен амандасмыз. Мұнда амандасу өте
ерекше. Алақанды құмның үстіне қойып
сипаймыз.
Құм
қандай екен? (жылы, құрғақ, салқын,
дымқыл, сусымалы)
Келіңдер
құмды жылытайық. Қолымызға құмды алып
оны жаймен алақан арасынан жібереміз.
Құмды алақанмен уқалайық. Құм қандай
болды?
Міне,
балалар құммен амандасып алдық . Енді
құммен ойнау тәртібін білуіміз керек.
Құммен ойнау тәртібі:
Құммен
өте ұқыпты ойнау керек
Құммен
ойнағанда қолымыз құрғақ болуы жөн
Жаттығуды
өте сақ абайлап асықпай жасаймыз
Құмды
бір-бірімізге лақтырып, шашуға болмайды
Құммен
тек арнайы орында ойнау қажет
Құммен
ойнағаннан кейін қолымызды мұқият
сабындап жуу керек.
Жаттығу:
«Күн бейнесі» (Сұрақтар қою арқылы күн
бейнесін салу)
Мақсаты:
Өз іс- әрекетінен жағымды әсер алғызу
Жаттығу:
«Құм
астындағы қазына» (Құм арасындағы ұсақ
ойыншықтарды табу, атау)
Сергіту
сәті
«Біз
барамыз оңға,біз барамыз солға»
Мақсаты:
тактильдік сезімдері арқылы танымдық
қабілетін арттыру
Жаттығу
: «Мүсінші»
Мақсаты:
қолдың
ұсақ моторикасын дамыту
Жаттығу:
«Көбелекті бейнеле»
Мақсаты:
Балаларды бірігіп жұмыс істеуге
шақыру.Қызығушылықтарын арттыру.
Құм
патшасы балалармен қоштасып, дәмді
тәттілер ұсынады. Балалар топқа оралады.
Қорытынды.
«Құмды қамал» мультфильмін тамашалау.