400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Құмдар әлемі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшаға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу  қызметінің технологиялық картасы

Тәрбиеші: Абільмаженова Г.Б.

Білім беру саласы: Әлеумет

Бөлімі: Экология

Тақырыбы:«Құмдар әлемі»

Мақсаты: 

Білімділігі: Күз мезгілі туралы білімдерін толықтыру. Балаларға құм жөнінде түсінік беру.Құм терапиясы арқылы табиғи дүниені өз алақандарымен сезіне білуді қалыптастыру.

Дамытушылығы: Көріп сезіну арқылы балалардың сөзік қорын, танымдық қабілеттерін дамыту. Ұсақ моторикасын дамыту.

Тәрбиелілігі: Балалардың ақыл-ой белсенділігін күшейтіп, шапшаңдыққа, құммен ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: Зертханаға қажетті заттар: Түтікше, тарелкелер, құм, түрлі түсті құмдар,сүрткіш, суқұйғыш.

Қос тілдік компонент:  Құм – песок,

Оқу қызмет    кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері

Аспанда күн ашылды

Жапырақтар шашылды,

Қайырлы таң! Біз нәзік

қыздармыз,

Қайырлы таң! Біз ер жүрек

ұлдармыз.

Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды.

  Ұйымдастыру –

іздестіру


 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілінде ауа райы

қандай болады?

Жұмбақ:

Күлімдеп өзі тұрады,

Шуақтарын шашады.


Жарайсыңдар балалар, жұмбақтың жауабын таптыңдар. Аспанға қарайықшы күнді көріп тұрмызба? Күніміз бір жағдайға ұшырап қалған сияқты ғой. Жарық,жылу,беретін күнімізге көмектесеміз бе?

Мен сендерді зертханама ертіп апарайын. Тапсырмаларымды орындасаңдар сол жерден күн табылып қалар кім біледі.

Міне мынау менің зертханам.

Ол үшін біздер ақылды іздемпаз балалар болуымыз қажет. Алдымен барлығың орындарыңа жайғасыңдар. Мен сендерге құм туралы қысқаша мағлұмат берейін.Құм – нағыз кең тараған пайдалы қазба. Құм – сусымалы зат. Құмды бір орыннан екінші орынға сусытып себуге болады. Адам құрылысқа сазбен бірге құмды да пайдаланады. Құм қосылған саздан кірпіштер және алуан түрлі ыдыстар жасалады. Олай болса, құмдармен бірнеше тәжірибе жасап көрейік.

Құммен жұмыс істемес бұрын сендерге зертхананың ережелерімен таныстырайын.

-Құмды ауызға салуға болмайды

-Шашуға тағы да болмайды

-Жеуге болмайды келісеміз бе?

-Құммен жұмыс жасап болған соң қолымызды жууымыз керек немесе сулы майлықтармен сүртуіміз қажет.

Кәне олай болса саусақтарымызды дайындап алайық жаттығу «Жаңбыр тамшылары»

1.Балалар құмды

алақандарыңмен  ұстаңдар қатты ма жұмсақ па?

2. Осы құмды түтікше арқылы үрлейік.

3. Құмды ұстап, жаңбыр жауғызамыз.

4. Құрғақ құм ба, су құм ба?

Ендеше кішкене су құямыз.Енді осы құмға күннің пішінін салайықшы. Күннің пішіні қандай?

«Құмдар» ойын жаттығуы

Жел тұрды (айналып бейлейді)

Жел басылды(Құмдар жерге қонады.)

Бұлттар көтерілді.( Қолдарын көтереді)

Жаңбыр жауды.(Иықтарынан ұстап қолшатыр болады.

 Бұл зертханада түрлі-түсті құмдар бар.

Міне қызық біздің іздеген күніміз де табылды.Күнді алып қайту үшін сыйқырлы құммен бояп алуымыз керек екен.Күннің түсі қандай балалар?

Баллаардың жауаптары

 

 Күн


Балалар таң қалады.

 


Ия көмектесеміз.


Қызығушылық танытады. 


 

 

 

 


Естеріне сақтап алады. 

 



Ережелерді сақтайды.








Жаттығу жасайды.



Жұмысақ.Майда.

 

Жел сияқты ұшады. Қозғалады.


Жаңбыр жауғызады.

Сулы құм.

Балалар саусақтарымен домалатып күннің сызбасын салады.


Қызығушылықпен ойнайды.


Балалар қуанады.

Күннің түсі сары.

Күн бейнесін бояп өздерімен бірге алып қайтады.



Рефлексивті   түзетушілік

Балалар сендер қайда келдіңдер?

-Ұнады ма?

-Онда біз не істедік.

Олай болса «Құм зертханасына» рахмет айтайық.

Балалар сендер өте тамаша тәжірибелер жасадыңдар.

Мен сендерге «Жас зерттеушілер» медальін тапсырамын. Келгендеріңе рахмет .Қош сау болыңдар. Шығарып салу.

Сұрақтарға жауап береді.

Балалар қуанады.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 ақпан
788
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі