жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Құмыра өру. Бояу, әрлеу жұмыстары. 7-сынып
Какимова Нағима Мұсақызы
қосымша білім беру
педагогі
Жамбыл облысы Шу ауданы
«Техникалық шығармашылық
орталығы»
Сабақтың тақырыбы: Құмыра өру. Бояу, әрлеу жұмыстары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Кәсіп туралы мағлұмат беру. Алған білімдерін практикамен
байланыстырып, өз қолдарымен қажетті бұйымдарын жасай
білуге,біткен іске талдау жасауға үйрету.
Дамытушылығы: Шыбықпен өру әдісін дамыту, өрудің «БҰРАУ» әдісін
үйрете отырып,ойлау ,іздену,өнерге қызығушылық
қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Өз ойларын еркін айта білуге, ұқыптылыққа, мұқияттылыққа,
ұйымдастырушылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдістері: Түсіндірмелі – репродуктивті,сұрақ – жауап,
практикалық жұмыс, тірек сызбалары.
Пән аралық байланыс: Тарих, бейнелеу өнері, математика.
Сабақтың көнекілігі: Интербелсенді тақта, дайын бұйымдар, құмыра өрудің
жасалу жолдары көрсетілген слайдтар.
Сабаққа қажетті құралдар: Қағаздан жасалған түтікшелер , желім ПВА,
лак, түрлі ыдыс пішіндері,кардон,қайшы.
бояу, қыл қалам.
САБАҚ БАРЫСЫ
I Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Арнайы киімдерін және құрал- жабдықтарын тексеру.
ІІ. Тірек білімді қайталау
Оқушылырға қойылатын сұрақтар:
1. Қағаз қиықтарын ширату техникасымен орындалатын өнер қалай аталады?
(өру техникасы)
2.Қағаздарды қанша см. етіп кесу керек ?
( 6-9см. етіп кесу керек)
3.Қандай қағаздарды пайдаланамыз?
(газеттер,тұтынушы қағазы, кассалық қағаз)
4.Бізді қалай орналастырып, қалай ширатамыз?
(жолақшаға біз 30 градус шамасында қиылысуы керек)
5.Қағаз түтікшелерінен қандай бұйымдар өруге болады?
(себеттер,жеміс салғыш, нан салғыш ,құмыра,
қобдиша, садықша, ойыншықтар,сурет рамасын)
IІІ. Жаңа сабақтың меңгеру
Өру өнері, кәсіп ретінде, табиғи материалдың мол қоры болғандықтан, өндіріс саймандарының аздығынан, темір және ағаш өңдеу өнеркәсібінен әлдеқайда бұрын пайда болған терең тарихы бар кәсіп. Оның тарихының тамыры неолит дәуірі, немесе тас ғасырдан бастау алады. Сол кезеңнен адамдар әр түрлі ыдыстар, себеттер, балық және аң аулау құралдарын жасай бастаған. Өру өнерін үйрену арқылы адамдар тұрғын үй және шаруашылық жайлардың қабырғаларын(стена) қалаған. Кей болжамдар бойынша өру өнері тоқыма өнерінің түп атасы болып табылады.
Тутанхамон күмбезінде жүргізілген қазба жұмыстары кезінде, қазіргі заман орындықтарына ұқсас, өте жақсы сақталған, өрілген екі орындық табылған. Ежелгі Римде ақсүйектер үйеңкі шыбықтарынан өрілген төсемелерде жатып, дем алған. Жасалу мерзімі жаңа дәуірдің ІІ ғасырына жататын олардың бірі Треве мұражайында сақтаулы тұр. Ежелгі дәуірде өру өнерінде тал бұтақтарын, әсіресе үйеңкі, сондай-ақ тамырлармен басқа материалдарды пайдаланған.
Қолдану мақсатына байланысты көлемдері әртүрлі себеттер өру өнерінің негізгі бұйымы болып табылады.
Өрлеу дәуірінің суретшілері Орта ғасырларда қол жеткізген үйеңкі шыбықтарынан өрілген пәуескелер, бесіктер, себеттер, нан салғыштар, сияқты жетілдірілген тұрмыс интерьерлерін өз полотноларында сақтап қалған.
Ресейде шыбықтардан бастапқыда себеттер, верш және мерёж деп аталатын балықшылыққа арналған торлар өрді.
Халық қолөнершілері қолжетімді өңдеу әдісі мен қарапайым материалдарды пайдалана отырып, өрілген жиһаздардың көркем бұйымдарын жасады.
Тауар ассортименті өте үлкен болды: түрлі жиһаз (кресло, диван, столдар, орындықтар, сөрелер, перделер, кереуеттер, гүлсалғыштар), жол жүруге қажет заттар(сандықтар, сөмкелер, саквояждар, ойыншықтар, ыдыстар және тб.) Суреттер.
Практикалық жұмысымыздың алдында құмыраны бояу, әрлеу,өруден
бұрын түтікшелер дайындаған болатынбыз, соған тоқталып өтейік:
сурет - слайд
1.Қағаз жолақшамыз(газет қиындысы) бен біздің қиылысу бұрышын 30 градус шамасында сақтай отырып, бізді жолақша қағазымыздың төменгі бұрышына қоямыз
2. Бізге қағаз жолақшамыздың(газет қиындысы) бұрышын орай бастаймыз
3.Орай отырып түтікшелердің тығыз немесе бос болмауын, бір жағының жуан, бір жағының жіңішке болуын қадағалап отырамыз. Бұл түтікшелердің бір-біріне оңай жалғануын қамтамасыз етеді.
4. Орау аяғына жеткен кезде қағаз жолақшамыздың бұрышына бір тамшы желім тамызамыз.
5. Түтікше мығым болуы үшін екі саусақпен бұраймыз.
6. Түтікше дайын болған кезде бізді суырамыз.
ІҮ. Практикалық бөлім.
Біз бүгін «Бұрау» әдісімен сәнді құмыра өреміз. Жұмыс істеу үшін – 3-5 қағаз шыбық баған үшін және 10-20 қосымша шыбықтар қажет.
Шыбық түтікшелерді дайындау үшін жолақшалап кесілген қағаз(газеттерден кесуге болады),тоқу шиі, ПВА желімі(аузы үшкір бөтелке құтыдағы), қайшылар, қарындаш, сызғыш.
Түтікшелердің беріктігі мен иілгіштігі әр қағаздың құрамына ғана емес, сол кескен жолақшалардың ені мен бұрайтын біздің диаметріне де байланысты.
Бізге оралған жолақша қағазымыздығ орау қабаты неғұрлым көп болса, соғұрлым түтікшеміз қатты, иілмейтін болады, аз болса—әлсіз болып қажет пішінді сақтай алмайды.
Осы себепті тура деңгейді таңдау керек. Тәжірибе өру үдерісінде жинақталады.
Үйрену үшін алдымыздағы суреттерге назар аударамыз.
СУРЕТ- СЛАЙД
2.Қауіпсіздік еңбек тәртібі, гигиеналық талаптар бойынша нұсқаулар.
1. Жұмыс орнын таза ұстау.
2. Жан – жаққа алаңдамау, басқаларды алаңдатпау.
3. Жұмыс соңында жұмыс орнын ретке келтіру керек.
4.Қоқысты жинап , қоқыс жәшігіне салу.
5. Қайшыны бергенде жабық күйіне сабы бар жағын ұсыну керек.
6. Жұмыс біткен соң желім құтысының тығының жабу керек.
7. Бізді жоғары көтеріп, киімге,жолдасыңа қадама
Құмыраны өру үшін түтікшелерден басқа, құмыра пішіндес сыртыннан өретін құты қажет.
1.Құмыраның түбі мен бағандарын пішіндеу үшін 3-5 түтікшені аламыз.
2. Түтікшені ара қашықтығын сақтай отырып, айқастыра қоямыз.
3. Келесі кезекте бір түтікшені екінші түтікшенің үстіне жатқызамыз, осы үрдіспен ары жалғастырып, бірінші түтікшеге айналып келеміз.
4. Екінші айналымда бірінші түтікшенің жанына тағы бір түтікшені кигізіп, өруді жоғарыда айтылған әдіспен жалғастырамыз.
5. Құтыны айналдыра өру кезінде, қысқарған түтікшеге жаңа түтікшені кигізу арқылы жалғап, өру үрдісін аяғына жеткіземіз.
6. Түтікшелердің бір-бірімен айқасқан жерлерін құмырамыздың берік болуы үшін тарта отырып, нығыздаймыз.
7. Өру үрдісінің соңына жеткенде, түтік ұштарын келесі өрімнің арасына пинцет немесе біздің көмегімен жасырып, желімдеп қоямыз.
8. Түтікшелердің артылған ұштарын қайшымен кесіп тастаймыз.
9. Дайын болған бұйымды ПВА желімімен іші-сыртын түгел сылап шығамыз, оны бір тәулікке кептіруге қалдырамыз.
10. Кепкен соң, оны лакпен немесе бояумен бояп, сәндейміз.
Y. Қорытынды бөлімі.
Қорыту. Орындалған жұмысты талдау.
Жұмыс барысында оқушылардың жіберген қателіктеріне талдау жасай отырып, әрқайсысымен жеке жұмыс жүргіземін.
Оқушылар жұмыс соңында жасаған құмыраларының нәтижесі туралы айтылады. Мұғалім өз ойын айтады. Жақсы деген жұмыстарды атайды.
Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі
«Техникалық шығармашылық орталығының»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Ашық сабақ
Тақырыбы: Құмыра өру.
Бояу, әрлеу жұмыстары
Үйірме: «Кәде сый»
Топ: ІҮ
Қосымша білім беру педагогы: Какимова Н.М.
Төлеби ауылы 2019 жыл.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген