жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Құмырсқа мен бидай ертегісі"
Пән: Әдебиеттік оқу |
№54 жалпы орта білім беретін мектебі |
|
||||||
Күні: 19.02.2020 |
Мұғалімнің аты –жөні: Ешимова Г.Б. |
|
||||||
Қатысқандар саны |
Қатыспағандар саны |
|
||||||
Бөлім: |
Салт –дәстүр және ауыз әдебиеті |
|
||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Ертегілер әлемінен . Құмырсқа және бидай дәні |
|
||||||
Сабақтың оқу мақсаттары |
2.1.2.1-шығарманың мазмұнын өз сөзімен мазмұндау. 2.2.5.1- мұғалімнің көмегімен көркем шығармадағы оқиғаның басталуын,дамуы мен аяқталуын анықтау. 2.3.3.1- шығармашылық жұмысын мұғалімнің көмегімен сурет арқылы ұсыну.
|
|
||||||
Күтілетін нәтиже |
Барлық оқушы: ертегілердің түрлерін біледі, оқыған ертегінің қай топқа жататынын анықтайды. Оқушылардың көбісі : ертегідегі оқиғаға сүйеніп кейіпкерді сипаттайды, оның іс-әрекетіне баға береді. Оқушылардың кейбіреуі : Ертегіні толық мазмұндай алады. Ертегіні еркін айта алады. |
|
||||||
Құндылық |
Қазақстан мәдениетінің озық дәстүріндегі тәрбие әлемдік білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік беретін академиялық білім; жеке және топта тиімді жұмыс жасай алу |
|
||||||
Пәнаралық байланыс |
Музыка, қазақ тілі, көркем еңбек |
|
||||||
АТК қолдану дағдылары |
Мультимедиялық оқу құралы, интербелсенді тақта |
|
||||||
Әдіс-тәсілдер |
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік. Рефлексия. |
|
||||||
Сабақтың жоспары |
|
|||||||
Жоспарланғануақыт |
Жоспарланған жұмыс түрлері |
ресурстар |
|
|||||
Сабақтың басы Ынтымақ-тастық атмосфера- сын қалыптас тыру
5 минут
Сабақтың ортасы 30 мин
Сабақтың соңы 5 мин |
Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут Саламатсыздарма оқушылар! Көңіл күйлерің жақсыма? Балалар бүгін бізде әдебиеттік оқу сабағынан ерекше сабақ болғалы тұр. Сабағымызды бастамас бұрын бір бірімізге тілек тілеп алайық. Қол алысып, қәне, біз, Достасайық бәріміз. Айтарым бар сендерге, Тез тұрыңдар шеңберге. Қандай жақсы бір тұру, Достарменен бір жүру! Қандай жақсы дос болу! Жарайсыңдар отырыңдар. Балалар бүгін біз ертегілер әлеміне саяхатқа шығамыз. Ертегі дегеніміз не? Ертегі мазмұнына қарай нешеге бөлінеді? Суреттегі ертегі түрлерін ажыратады. Мен үйге қай ертегіні бердім? Балалар менің қолымда мынандай сақина бар. Бұл қандай сақина? Сиқырлы сақина Ерекшелігі қандай? Тілегімізді орындайды Балалар мен сендердің тілектеріңді орындау үшін алдарыңда тапсырмалар тұр, әр топ өз тапсырмасын қарайды. Ойласып алайық.Мен сақинамен барып сұраймын.
1.Сақина ертегісі қай ертегі түріне жатады?Қиял-ғажайып ертегілер тобына 2.Сақина ертегісінің кейіпкерлерін ата? -Шаруа,зергер,тауық 3.Зергер қандай адам болған ? -Арам, өтірікші т.б 4 Тауық қандай өтініш айтты?Менің соңғы тапқан жұмыртқамның ішінде алтын сақина бар деді 5 Кедей шаруа қандай шешім қабылдады? 6 Зергердің арам пиғылы іске асадыма? 7 Шаруа мен әйелінің әңгімесі қандай?Сиқырлы сақинаны пайдаланбай өзіміз еңбектеніп жер сатып алайық деді 8 Шаруаның сабыр сақтауы 9 Ұмыт болған сақина? Жай сақина 10.Шаруа бойындағы қандай қасиеттін атауға болады?Еңбекқор,көмектеседі,мейірімді 11.Шаруа сақинаны қайда апарады?Зергерге 12.Шаруа бақытқа қалай жетті? Өз еңбегімен 13.Шаруа сақинаға қандай тілек айтты? Өзіне сенді Қорытындылау.Еңбекті адал жолмен табу Тақтаға қараймыз.Біз сиқырлы сақинаның тапсырмаларын орындадық.Сендер қандай тілек айтар едіңдер? Енді сендердің тілектеріңнің орындалуына тілектеспін. Дескриптор:
Бағалау: Мен ойлағаннанда күшті. Тақтаға қараймыз
Жаңа сабақ. «Сиқырлы сандық» Бізге ертегілер елінен тапсырма келіпті. Жұмбақ
Екі басы жұдырықтай, Ортасы қылдырықтай. ( Құмырсқа )
Жезге ұқсас сабағы, Дәнi – халық тамағы. (Бидай)
Бидай мен құмырсқаның қандай ұқсастығы бар? Бүгінгі жаңа сабағымыз Құмырсқа мен бидай ертегісі Оны жазған кім екен Автор туралы мағлұмат айту
Білу Леонардо Да Винчи (1452-1519 жж) – жыл аралығында өмір сүрген. Леонардо да Винчи, италяндық ұлы суретші ғана емес, ұлы математик, физик, астроном, архитектор және инженер болған. Ол Винчи қалашығынан шыққан.
Бағалау. Жарайсыңдар! Тыңдалым -Енді Құмырсқа мен бидай дәнінің бейнежазбасын тыңдаңыздар -Бұл ертегі не жайлы деп ойлайсыңдар? -Құмырсқа ,дән,бидай Құмырсқа нені кездестірді? Бидайды Екеуінің арасында қандай әңгіме болды? Шарт жасасу -Құмырысқа қандай жәндік ? -Еңбеккор ,күшті, қайратты. -Бұл ертегінің қай түріне жатады? -Жан-жануалар ертегісіне жатады.
Оқылым. -Балалар ертегіні тізбектеп оқып шығайық. Дескриптор: -Мәнерлеп оқиды. -Тізбектей оқуды жалғастыра алады. Кері байланыс: Жарадыңдар балалар! Осы бағытта жалғастырыңдар.
Сергіту сәті
Қолдану . «Топтық жұмыс» Енді топтық жұмысымызды бастайық. 1-топ Суретте ертегінің қай сәті бейнеленген / тауып оқу / - Әй еңбеккор құмырсқа! менің сөзімді тыңдашы өзің! Құмырсқа арқасындағы ауыр дәнді жерге түсіріп,дәннің сөзін тыңдап,демалып отырды. 2-топ Бидай пікірінің дұрыстығын дәлелдеу Бидай құмырсқаға өмір құпиясын айтады. Өзінің жүз дән болатынына сендіреді.Бидай өз сөзінде тұрады. Айтқанын орындайды. 3-топ Ертегідегі құмырсқаны сипатта Құмырсқа ақылды,мықты,қайратты,ерінбейді, ойланады,еңбекқор Дескриптор: 1.Суретте ертегінің қай сәті бейнеленген тауып оқиды 2.Бидай пікірінің дұрыстығын дәлелдейді 3.Сөйлеу барысында сипаттау сөздерін қолданады. Міне, керемет! Мен сіздердің пікірлеріңе қосыламын. Еңбекқор, ақылды, қайратты досының сөзін бағалайтын, берген ақылдан нәтиже шығара білетін екенін анықтадық.Сонымен қатар иісшіл, есте сақтау қабілеті керемет екен. Еңбек етуді құмырсқадан үйрен деген осы екен. Бағалау: Сақина арқылы. Кері байланыс: -топ бір –біріне баға береді -ұсыныс пікірлерін айтады Дәптермен жұмыс .Сипаттау Балалар бидай қай мезгілде піседі Олай болса балалар мен сендерге егіншілерден бидай дәнін әкелдім.Қолымызбен ұстап көреміз.Бидай қандай екенін сипаттаймыз.Бидайдың дәнін көреміз қандай екенін. Кішкентай,қатты,сопақ,қауын тәріздес. Бидайдан не жасаймыз? Нан Бағалау: «Қол соғу» арқылы. Сабақты қорытындылау: 1-топ Мозайка құрастыру 2-топ Ертегі түрлерін ажырату 3-топ Ертегі түрлерін суретпен сәйкестендіру
XI.«Бір дән және көп дән» әдісімен бүгінгі сабағымызды қорытындылайық.
|
Видео
1-топ
2-топ
3-топ
Слайд №1 Видеожазба
Слайд №3
Слайд №4
Сыныптағы белсенді оқушы басқаларға бағыт беріп отырады.
Слайд №5 Топтық талқыға салады,ойланады. Видеожазба
|
|
|||||
|
Қосымша мағұлматтар |
|
|
|||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылар дың материалды қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз |
Пәнаралық байланыс, қауіпсіздік ережелері АТК мен байланыс Құндылықтармен байланыс /тәрбиелік элемент/ |
|
|||||
А,А+ мәтін мазмұнын өмірмен байланыстырып, ақын сөздерін пайдаланып, көркем сөйлейді. |
Жетістік критерийлері арқылы |
Тақырыптық суреттер, Тәрбиелік мәні:оқу, білу ,түсіну |
|
|||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныпта оқу атмосферасы қандай болды? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
|
|
|
|||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|
|
|||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген