400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Ашық сабақ: «Құмырсқа мен көгершін».

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ: «Құмырсқа мен көгершін». Мектепке дейінгі балаларға арналған (ортаңгы"Ақбота тобы) Көркем әдебиеттен.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе қаласы. № 15 “Жидек” бөбекжай-балабақшасы.

Тәрбиеші: Истляуп Жанылай Тамерханқызы.



Тақырыбы: «Құмырсқа мен көгершін».

Мақсаты: Әңгіменің мазмұнын түсіну; Сұрақтарға жауап беру арқылы өз ойларын жеткізе білу; Жақсылық жасауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: сиқырлы қорапша, құмырсқаның муляжы, құмырсқа мен көгершіннің А3 суреті.

Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Тілейміз тыныштық,

Ашық болсын көк аспан.

Мықты болсын іргеміз,

Бәріміз де біргеміз.

Балалар: Өлең шумақтарындағы қимылды айта отырып жасайды.

Жұмбақ жасыру

Екі басы жұдырықтай,

Ортасы қылдырықтай.

Балалар: Құмырсқа

Кіріспе әңгіме

- Балалар, бүгін біз Спандияр Көбеевтің «Құмырсқа мен көгершін» деген әңгімесімен танысамыз. Әңгімені мәнерлеп, нақышына келтіріп оқып беру.

Құмырсқа мен көгершін.

Бір құмырсқа шөлдеп, су ішуге өзенге түседі. Құмырсқаны толқын соғып, суға кетіп қала жаздайды. Сол мезгілде аузында тістеген бұтағы бар көгершін суға кетіп бара жатқан құмырсқаны көреді де аяп, бұтағын оның үстіне тастап жібереді. Құмырсқа бұтаққа мініп, толқынмен судың жиегіне шығып, қазадан құтылады. Мұның артынан манағы аталмыш көгершін өзеннің жағасына қонып , бір аңшының құс аулауға құрып қойған ауының астындағы бидайды теріп жей бастайды. Аңшы ауды басып қалып көгершінді ұстап алуға даярланып жатқанын құмырсқа көреді де, өрмелеп барып, аңшының аяғын қатты шағып алады. Аңшы ауды қоя бергенде көгершін көтеріліп ұшып кетеді.

Балалар: Әңгімені тыңдайды.

Сұрақ-жауап

- Әңгіме не жайында айтылған?

-Құмырсқа қайда келеді?

-Көгершін құмырсқаға қалай көмектеседі?

-Құмырсқа көгершінге қалай көмектеседі?

- Көгершін қандай құс?

- Құмырсқа қандай жәндік?

Балалар: Құмырсқа мен көгершін, еңбекқор, бейбітшілік құсы.

- Көрдіңдер ме, балалар, екеуі бір-біріне қандай көмек көрсетіп, осындай ауыр сәтте қиындықты жеңіп шықты.

Ендеше сендер де, балалар, бір-бірлеріңе мейірімді, қайырымды болып өсулерің керек.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,

Кәне, қанат жазайық.

Көгершін боп ұшайық.

Ұшып, ұшып алайық,

Орнымызды табайық.

Балалар: Іс-қимыл әрекетін жасайды.

Балалар сендер көгершін туралы қандай өлең білесіңдер?

Балалар: Ақ көгершін.

Өлең : Ақ көгершін

Қорытындылау.

Балалар, бүгін біз сіздермен Спандияр Көбеев атамыздың «Құмырсқа мен көгершін» әңгімесімен таныстық.

- Құмырсқа мен көгершін бір-біріне қандай көмек көрсетті?

Қалай ойлайсыңдар бірі жәндік, бірі құс болса да олар қайрымдық көрсете білді ме?

Балалар: балалар сұрақтарға толық жауап береді.

Ата-бабамыз «Бірлік бар жерде — тірлік бар» деп текке айтпаған. Құмырсқа -еңбекқор, көгершін — бейбітшілік құсы. Оларды қорғау біздің міндетіміз.

Балалардың жауаптарына баға беріп, мақтап, мадақтау.





















































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
23 ақпан
625
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі