400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Құрақ құрау өнері"

Материал туралы қысқаша түсінік
балаларға құрақ құрудың техникасын түсіндіріп, құрақтың түрлерін дайындау жолдарын үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Құрақ құрау өнері.

 Сабақтың мақсаты: балаларға  құрақ  құрудың техникасын түсіндіріп, құрақтың түрлерін дайындау

                            жолдарын үйрету.

Міндеттері: 1.балалардың ізденімпаздық, шығармашылық қабілетін дамытып, сабаққа қызығушылығын

                            және өздігінен ойлау қабілетін арттыру.

                      2.балаларды үнемділікке, ұқыптылыққа, талғампаздыққа, іскерлікке, ертеден келе жатқан салт-    дәстүрін білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Білім мен іскерлікті игеру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап.

Сабақтың көрнекілігі: нұсқау картасы, құрақ көрпеше, буклет, үлгілер, компьютермен жасалған слайдта.

Қажетті құралдар: мата қиындысы, ине- жіп, қайшы.

Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану, сурет.

 

Сабақтың барысы:    І. Ұйымдастыру бөлімі.

                   Балалармен  амандасу, түгендеу, қажетті құралдарды тексеру, сабаққа даярлау.

 

                                      ІІ. Өткен тақырыпты еске түсіру.

 

         Өткен сабағымызда қағаздан үлгілер дайындағанбыз, бүгін сол үлгілермен құрақ құраймыз.

 

         Балалар енді матамен жұмыс кезінде құрал- жабдықтар пайдаланамыз. Сол құралдарды атап өтейік. Сызғыш, қайшы, ине- жіп, оймақ, бор, карандаш.

             

ІІІ. Актуальдау.

     Енді балалар матадан әртүрлі бұйымдар  жасайтынын білеміз. Мата қиындыларын да іске асыруға болады екен. Бүгінгі сабағымыз сол қиындылардан құрақ құрау. Оны қалай құраймыз, түрлері қандай? Соны түсініп алайық.

 

ІV. Жаңа сабақ. Құрақ өрнек құрастыру. Өрнектер құрудың техникасы.

Әр халықтың ұлт екенін айыратын үш негізгі арнасы бар:

* тіл өнері;

* саз өнері;

* қол өнері;

Халқымыздың қолөнері деп  халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру сияқты шығармашылық жиынтығын   айтамыз. Солардың ішінде ертеден келе жатқан өнер, апаларымыз тігетін құрақ құраудың да өзіндік тарихы бар.

         Құрақ – мата қалдықтарынан жасалатын үй бұйымдарының бірі. Құрақты қазақ халқы тек төсеніш ретінде ғана емес, сонымен бірге сәндік үшін пайдаланған. Әжелеріміз ешқандай геометрияны оқымаса да түрлі фигуралардан тұратын құрақты сәндеп құрай білген, ежелгі мәдениетіміз тек сәнді емес,үнемді де болған. Бүгінгі күнде де құрақ бұйымынсыз бір де бір қазақтың үйі жоқ.

 

Құрақ құрау аса шеберлікті қажет етеді.

Құрақ құрағанда матаны дұрыс таңдау қажет.  Мата түстері мынадай ұлттық ұғымды білдіреді.

-         Қызыл түс- гүлдің, қызғалдақтың, көктемнің белгісін білдіреді;

-         сары түс –күннің белгісін білдіреді;

-         көк түс – аспанның, судың белгісін білдіреді;

-         жасыл түс –даланың көгал шөбінің, жердің белгісін білдіреді.

 

         «Құрақ құрау да өнер» демекші бұл құрақ құрау ертеден келе жатқан қолөнердің өзіндік мәні жоғалмай, сақталып келе жатқан өнердің бірі. Халықтың қолданбалы қолөнерінен бастау алған сәндік тәсіл. Құрақ дегеніміз түр түсі әртүрлі геометриялық пішіні әр алуан матадан, мата қалдықтарынан құрастырылатын өрнек.

 

Құрақтың 200ге жуық түрі бар:

-         Шатыр құрақ.

-         Бота көз құрақ.

-         Тырна құрақ.

-         Қарсы құрақ.

-         Саты құрақ.

-         Ши құрақ                     

-   Қайшы құрақ.

-         Шахмат құрақ.

-         Жұлдыз құрақ.

-         Оюлы құрақ.

-         Сегіз жапырақ құрақ

Осылардың ішінде бүгін біз сегіз жапырақ құрағына тоқталамыз.

Сегіз жапырақ құрағы геометриялық фигуралар арқылы құралады. Осы фигуралар арқылы ең алдымен үлгілер дайындап аламыз.  Суреттерін көрсету.

 

Құрақ құраудың мақсаты

 

Асқан шеберлікпен матадан                                   Мата қиындыларын

әр түрлі пішіндерді қиып                                        кәдеге жарату

бір бұйым жасап шығару

 

Құрақ өнері тек қазақ халқында ғана емес, әлемнің басқа ұлт халықтарында да құрақ өнері дамыған. Қазіргі кезде мата қалдықтарынан тігілген бұйымдар әр ұлттың тұрмысында кеңінен қолданылып жүр. Мысалы, орыс халқы бұл өнерді «Лоскутная техника» деп атайды. Ал Европа халықтарында «Пэчворк» деп аталса, жапон халқында құрақ өнері «Сашико» деп аталады.  Орыс халқы мата қиындыларынан «Ласкутная техника» әдісімен жамылатын көрпе, төсеніш, тұтқыш, жастық сияқты бұйымдар дайындаған. Қазіргі жапон халқында «Сашико» техникасы ұлттық кимано киімінде және үй тұрмысында қолданып жүр.

Ортадағы құрақ пен шетіндегі құрақтың арасына «су» жүргіземіз.

 «Су» дегеніміз бір түсті матадан кесіліп алынған жіңішке жолақ.  

«Қос су» дегеніміз екі түсті матадан жүргізілген жолақ.

         Құраққа қойылатын талап – біреу- ол мата бөлшектерінің симметриялы болуы және оның түстерінің үйлесімді болуы. Ертедегі шеберлеріміз, әжелеріміз, апаларымыз математиканы оқымаса да үшбұрыш, төртбұрыш, алтыбұрыш, ромб жасай отырып құрақтардың үйлесімділігін тауып құраған. (Өрнектер құрау техникасы көрсетіледі)

Яғни, мата қалдықтарын қалдырмай іске асырып отырған. Құрақтан: көрпеше, дорба, түскиіз, жастыққап, аяққап, ыдыс қойғыш, төсек жапқыш, төсегіш тігіледі. (бұйым түрлері көрсетіледі)

 

Тәжірибелік   жұмыс

Жұмыс орнын дайындау.

Қажетті құралдарды орналастыру.

Қауіпсіздік ережесін қайталау.

Оқушыларға жұмыс беру.

Алдымен қауіпсіздік ережесіне назар аударайық: 

Тот басқан ине қолданба.

Жіпті тісіңмен қима.

Қайшының үшкір жағымен, қасыңдағы адамға ұсынба.

Қайшыны көзіңе жақындатпа.

Қайшыны ашық қалдырма.

Жұмысың аяқталған соң, жұмыс орнын жинастыр.

 

Енді балалар жұмысымызды бастаймыз.

Мен сіздерге нұсқау картасын таратамын. Сол нұсқау картасы арқылы сіздер жұмыс жасай аласыздар.

Нұсқау картасы таратылады.

Жұмыс кезінде оқушыларға ережені естеріне түсіріп, көмек беру керек.

 (Осы кезде үнтаспа ойналады «Айгөлек» әні)

 

-         Дайын үлгілерді мата бетіне салып қиып аламыз.

-         Екі жапырақша бөліктерін бір –біріне беттестіріп, тігін машинасында тігеміз. Жапырақшаларды екі -екіден тігіп аламыз.

-         Сегіз жапырақшаларды беттестіріп тіккен соң, жан –жақтағы бөлшектерін біріктіріп тігеміз.  

 

(Балаларға түсінікті болу үшін алдын ала түрлі түсті қағаздан дайындалып қойылған құрақ үлгілерін таратып беріп, сегіз жапырақ құрағын құрастыртамын.  Әр бала түс үйлесімділігін таңдай отырып, құрастырады.)

 

Келесі жұмыс бөлігінде құрақтың астары өлшеніп, қырқылады, көктеледі. Квадрат формалы көрпешенің бұрыштарын тігуді доғалдап, жіберген ыңғайлы болады. Бір жақ қабырғасы жиек жағынан 20см –дей астарға бекітілмей, аудару үшін қалдырамыз. Көрпеше жұмсақ болу үшін арасына ситепон не мақта саламыз.

 

V. Қорытындылау. Бүгінгі сабақта құрақ құрауды үйрендік, олай болса аяқтаған бұйымызды мектебіміздің «Шебер қолдар» көрмесіне ұсынамыз.

VІ. Үйге тапсырма. Аяқталмаған бұйымымызды үйден аяқтап келу. Қатырма қағаздан құрақ түрін жасап келу.

VІІ. Бағалау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
2635
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі