15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ. Құрастыру сызбасы
№ _____ САБАҚТЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ
Ф-БЕ-10/7.1
Оқу тобы |
Сабақ өткізілетін күн |
|
|
|
|
|
|
|
|
Пәннің атауы:Cызу, Техникалық сызу, Инженерлік графика
Сабақтың тақырыбы: Құрастыру сызбасы (ҚС) оның атқаратын міндеті және мазмұны. ҚС орындаудың реті және оның пішімдерін (форматын) таңдау және AutoCAD бағдарламасында орындау.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың мақсаты |
Білімділік – оқушыларға құрастыру сызбасы (ҚС) оның атқаратын міндеті және мазмұны. ҚС орындаудың реті және оның пішімдерін (форматын) таңдау және AutoCAD бағдарламасында орындауды үйрету. Тәрбиелік – Ұқыптылық, тазалық, өз ойын қағаз бетіне түсірудегі ұстамдылық пен шыдамдылыққа үйрету. Оқыту (дамытушылық) – Оқушылардың кеңістікте ойлауын дамыту, оларды шеберлікке баулу, танымдық қабылетін арттыру сонымен бірге өз бетінше әдебиеттермен анықтамалық оқу құралдарымен жұмыс істеуін арттыру. |
Пәнаралық байланыс: бейнелеу, математика, геометрия пәндері
Сабақты жабдықтау: Оқулықтар мен құрал - жабдықтар
а) сабақтың көрнекілігі:
Ұтымды-көрнекі суреттер (плакаттар)
Бұрын орындаған оқушылардың графикалық жұмыстары(үлгі ретінде)
ә) үлестірмелі материалдар:
Оқулықтар
Жеке үлестірмелі кеспе-қағаздар
Сызу құралдары , геометриялық денелер: пирамида, призма
б) оқытудың техникалық жабдықтары:
Компьютер, проектор, экран
в) оқыту орны: №209 – «Сызу» дәрісханасы
Әдебиеттер:НО-1 – Ж.М.Есмұханов «Сызу». Жалпы білім беретін орта мектепке арналған оқулық. Алматы, «Рауан», 1996ж. ;
НО-2- А.Д.Ботвинников «Сызу». Орта мектепке арналған оқулық. Алматы, «Рауан», 1980ж. «Мектеп» (Аудармашы М.Бәйімбетов)
ҚО-1 – С.К.Боголюбов «Черчение».Учебникдля ССУЗ-ов. Москва, «Машиностроитель», 1989г.
ҚО-2 – «Бейнелеу өнері және сызу» Республикалықғылыми-әдістемелік журналдар
Сабақтың барысы
I.Сабақты ұйымдастыру кезеңі:
1. Кабинетті (дәрісхананы) сабақ өткізуге,сабаққа қатысып отырған оқушыларды жәнеолардың сабаққа дайындығын (жұмыс дәптері мен сызу құрал-жабдықтарын) тексеру.
II. Өткен сабақтарға шолу (қайталау):
Өткен тақырыпқа байланысты алдын-ала дайындалған сұрақтар бойынша оқушылардан жауап алу:
А3 форматына конусты, цилиндрді үш проекциялау жазықтығына кескінделген №5 графикалық жұмысты тексеру.
Сызбада үш жазықтықтағы кескіндеу қалай орналасады?
III.Жаңа тақырыпты түсіндіру (баяндау):
Машиналарды, станоктарды, приборларды, құрылғыларды және т.б. өндіріс өнімдерін конструкциялау техникалық немесе эскиздік жобаны жасаудан басталады. Конструкторлық құжаттардың түрлерін ГОСТ 2.102-68 тағайындайды, ал оларды жасау кезеңдерін (жобалау және жұмыс құжаттары) ГОСТ 2.103-68 тағайындайды.
Жалпы көрініс (ЖК) сызбасы міндетті жобалық құжаттардың бірі болып табылады. Ол бұйымның конструкциясын, оның құрама бөліктерінің әсерлесуін анықтап, жұмыс істеу принципін көррсетеді. ЖК бұйымның барлық бөлшектерінің формасы мен өлшемдерін анықтау үшін қажетті көріністерден, тіліктерден, қималардан тұрады және әр бөлшектің жұмыс сызбасын жасауға негіз болып табылады. Бөлшектердің жұмыс сызбалары құрастыру сызбасы бойынша да жасалуы мүмкін.
Құрастыру сызбасы (ҚС) бұйымды жинау (жасау), бақылау үшін қажетті кескіндерден және басқа да мәліметтерден тұрады. Құрастыру сызбасына бір немесе бірнеше беттен тұратын сипаттізім жасалады. Сипаттізімде бұйым құрамына кіретін құрастыру бірліктерінің, оригинал және стандартты бөлшектердің саны, аталуы, материалдар маркасы, белгіленуі және басқалар жайлы мәліметтер көрсетіледі.
Оқыту жағдайында құрастыру сызбалары бөлшектердің геометриялық формасы толық ашылып, мұқият дайындалуы керек.
1.1 Құрастыру сызбасын орындау реті
Құрастыру сызбасын келесі ретпен орындалады :
Құрастыру бірлігінің тағайындалуымен жұмыс істеу принципі, бөлшектердің әсерлесуі, жинау, шашу реті анықталады.
Стандартты бөлшектерден басқа бөлшектердің барлығының эскиздері орындалады.
Қажетті кескіндер саны тағайындалады: көріністер, қималар, тіліктер саны және сызба форматы мен масштабы таңдалады.
Рамка, негізгі жазба және стандарт бекіткен орнында 26-графа салынады.
Сызба алаңында кескіндер орны белгіленеді. Сызбаны симметрия остерінен бастайды.
Жіңішке сызықтармен басқа бөлшектер (клапан, өзек, қақпақ және т.б.) құрастыру ретімен жиналатын негізгі бөлшек (тұлға, мойынтірек (подшипник) негізі және т.б.) кескіні салынады.
Қажетті тіліктер, қималар, жергілікті және қосымша көріністер орындалады.
Бұйым сипаттізімі толтырылады.
Құрастыру бірлігіне кіретін барлық бөлшектердің позициялар номері қойылады.
Қажетті өлшемдер қойылады.
Сызба бастырылады.
Нгізгі жазба толтырылады.
Құрастыру сызбасын орындау үшін құрастыру бірлігінің жұмысы мен құрылысы және барлық бөлшектердің конструкциясы жайында толық мағлұмат болуы қажет. Сондықтан алдымен бұйымның аталуы мен тағайындалуы, жұмыс істеу принципі анықталады. Содан кейін сырттан бұйымды қарап шығып, ретімен бөлшектеу қажет. Бөлшектеу кезінде бөлшектердің бір-бірімен байланысы және әсерлесуі анықталады. Бұл үшін біріккен қос бөлшектерді қарастырып, қай бет бойымен бөлшектердің түйіндесуі іске асатыны, бұл байланыс нәтижесінде қандай қосылыс қозғалмалы немесе қозғалмайтын) түзілетіні және онда қандай стандартты бекітпе бөлшектер қолданылғаны анықталады.
Құрастыру бірлігінің құрылысы және жұмысымен танысқаннан кейін стандартты бөлшектерден басқа бөлшектердің барлығының эскиздері орындалады. Нобайлау (эскиздеу) біткеннен кейін нобайларды тексереді. Егер құрастыру бірлігінің құрамында бірнеше бірдей бөлшектер болса оның тек біреуі ғана нобайларды. Нобайларды орындағанда бір-бірімен байланысты бөлшектердің түйіндесетін беттердің өңделінуіне ерекше назар аудару қажет. Бұл беттердің өңделу тазалығы бірдей тағайындалу керек.
Қозғалмалы бөлшектердің шеткі және аралық орны ГОСТ 2.109-73 бойынша штрихпунктир сызығымен сызылады. Кейде шеткі орынды сызбада бейнеленбей қозғалмалы бөлшектің жүріс шамасы көрсетіледі (1-сурет).
Көршілес бөлшектердің контурлары «бір сызық» етіп орындалады. Саңылауларды 1мм-ден асқанда ғана көрсетеді, бірақ кейбір жағдайларда оларды шамасына қарамай бейнелеу ұсынылады.
Құрастыру сызбасында құрастыру бірлігінің жұмысы мен құрылысы, барлық бөлшектердің конструкциясы мен әсерлесуі жайында толық мағлұмат болатындай көріністер, тіліктер, қималар саны болуы керек.
Оқу практикасында, көбінесе, құрастыру сызбасын 2 немесе 3 көріністе сызады. Көріністер орналасуы ГОСТ 2.109-73 талаптарына сәйкес болуы керек. Көріністерді басты көрініске қатысты проекциялық байланыссыз орналастыруға болады. Бұл кезде проекциялау бағытын нұсқамамен көрсетіп, сәйкес кескіннің үстінде көріністің әріптік белгіленуі орналастырылады (1-сурет).
Механизмнің жеке бөліктерінің конструкциясын анықтау үшін құрастыру сызбасында А, В, Д қосымша көріністерді сызады (1-сурет).
Өлшемдері үлкен емес, пішінін негізгі көрініс бойынша анықтау қиын бөлшектердің конструкциясын анықтау үшін оларды кейде жеке сызып көрсетеді (көріністер А, В, 1-сурет).
Бөлшектердің ішкі кескіндерін анықтау үшін тіліктер қолданылады. Қолданылған тіліктердің түрі бұйым формасына байланысты болады. Егер бұйым симметриялық кескін болып проекцияланатын болса, поекциялар жазықтығында оны көрініс жартысы мен тілік жартысы түрінде көрсетеді. Егер бұйым симметриялық емес кескін болып проекцияланатын болса, оны толық тілік түрінде көрсетеді. Бұның мысалы ретінде вентильдің фронталь тілігін қарастыруға болады (1-сурет).
Қабаттасқан және шығарылған қималар ГОСТ 2.305-68* талаптары бойынша орындалады. Шығарылған қимаға мысал ретінде Б-Б қимасын алуға болады (1-сурет), мұнда тігершік (маховик) шыбықтарының қабаттасқан қимасы да В көрінісінде көрсетілген (9-поз.).
Штрихтауды орындағанда ГОСТ 2.306-68 талаптары мен нұсқауларын ұстану керек. Бір бөлшектің барлық тіліктерінде, қималарында көлбеулік бағытын және штрихтар ара қашықтығын бірдей етіп орындау керек.
Егер бөлшектер шартты түрде қиылмай көрсетілсе айналдырықтар (шпиндельдер), бұрандамалар, соташықтар (штоктар) және т.б.), тесіктер, бос жерлері болса, онда олардың конструкциясын анықтау үшін жергілікті тіліктер орындалады. Мысалы, айналдырық 4 алдынан қарағандағы көрінісінде тегершікпен қосылу үшін кілтек оймағы (шпонкалық пазы) бар, мұнда жергілікті тілік қолданылған (1-сурет).
Штрихтауды орындағанда ГОСТ 2.306-68 талаптары мен нұсқауларын ұстану керек. Бір бөлшектің барлық тіліктерінде, қималарында көлбеулік бағытын және штрихтар ара қашықтығын бірдей етіп орындау керек.
|
Көршілес бөлшектердің штрих сызықтары әр түрлі бағытта, 45 көл-беулік бұрышпен, штрихтардың ара қашықтығын өзгертіп, штрихтар ығысуын қолданып орындайды (2-сурет). Бұл нұсқауларды орындау құрастыру сызбасы бойынша жеке бөлшектердің контурларын анықтауды жеңілдетеді. |
2-сурет
|
1.2 Құрастыру сызбасын орындағанда қолданылатын
шарттылықтар мен қарапайымдатулар
Құрастыру сызбасын оңай әрі жылдам сызу, оқу үшін стандарттар орнатқан (ГОСТ 2.109-73) шарттылықтарды біліп, қолдана білу керек. Көптеген аппараттар мен механизмдердің (вентильдер, ысырмалар (задвижкалар), сорғыштар (насостар), форсункалар) қозғалмалы, тұлғадан шығып тұратын бөліктері – реттегіш қақпақтар (клапандар) айналдырықтары (шпиндельдері), тығынжыл (плунжерлер) және т.б. болады. Айналдырық 6 қабырғалары бойымен су, ауа, бу өтіп кетпеу үшін шарбы майлы (сальниктік) тығыздамалар қолданылады (3-сурет).
Тығыздама әдетте 3 бөліктен тұрады: тұлғадағы қуыс 1, тығыздағыш -толтырғыш 3 және басқыш төлкеден 4 тұрады (3а, ә, б-сурет). Басқыш төлкені тұлғамен бұрандамамен, бұрамасұқпамен 7 (3а-сурет) немесе жапқыш сомынмен (гайкамен) 5 біріктіреді (3ә-сурет).
Тығыздағыштың жұмыс істеу принципі келесіде. Төлке 4 немесе жапқыш гайкамен 5 басылады (3ә-сурет). Сомынды 5 тартқан кезде төлке 4 тығыздағыш-толтырғышты 3 қысады. Толтырғыш бұл кезде шет жақтарға кеңейіп, қосылыстың өткізгішсіздігін қамтамасыз етеді. Толтырғыштың астына жиі конустық тереңдетілуі бар металл шайбаны 2 (буксаны) орналастырады (3а-сурет).
а
6
4
7
2
1
3
|
а) қақпақтың бұрамасұқпамен (вариант 1) немесе бұрандалармен (вариант 2) бекітілуі; ә) жапқыш сомынменмен; б) бұрандалық төлкемен.
|
|
ә
4
3
6
1
1
3
6
4
5
|
б
|
|
3-сурет |
||
|
Тығыздағыш құрылғыны сызғанда қолданылған шарттылық бойынша басқыш төлке 4 шеткі шығыңқы (бастапқы) жағдайда бейнеленеді (3-сурет). Вентильдердің, крандардың, насостардың клапандық құрылғы-лары жабық жағдайда сызылады (1-сурет, 2-поз.п) Құбыр желілерінің тығындық крандары ашық жағдайда кескінде-леді (4-сурет). Жуандығы 2 мм-ден жіңішке бөлшектерді қарайтып көрсетуге болады. |
4-сурет |
Құрастыру сызбаларында әр түрлі тегершіктерді (маховиктерді) жиі кескіндеуге тура келеді. Бұл бөлшектердің пішіндерін екі көрініспен көрнекті етіп көрсетуге бады (5-сурет). Тегершіктің (маховиктің) үстінен көрінісін механизмнің конструкциясының ерекшеліктерін жаппау үшін бөлек, алынғандай етіп, «поз. 9» типті жазумен, ал сәйкес түйін көрінісінде тегершік алынған жазуымен қосып немесе тілік белгіленуін Г-Г көрсетіп сызған жөн (1-сурет).
Егер бөлшектер шартты түрде қиылмай көрсетілсе (айналдырықтар, бұрандамалар, соташықтар және т.б.), тесіктер, бос жерлері болса, онда олардың конструкциясын анықтау үшін жергілікті тіліктер орындалады. Мысалы, айналдырық 4 алдынан қарағандағы көрінісінде тігершікпен қосылу үшін шпонкалық пазы бар, мұнда жергілікті тілік қолданылған (1-сурет).
Штрихтауды орындағанда ГОСТ 2.306-68 талаптары мен нұсқауларын ұстану керек. Бір бөлшектің барлық тіліктерінде, қималарында көлбеулік бағытын және штрихтар ара қашықтығын бірдей етіп орындау керек.
|
R
|
R
R
|
|
|
3тес.
|
R
5
тес.
R
R
R
R
5-сурет
|
|
|
|
а
1
|
ә) |
б) |
в
А
А
А
А
А - А
А
А
|
г |
д) |
|
|
|
6-сурет |
||
Құрастыру сызбасын орындағанда ГОСТ 2.109-73 бойынша қарапа-йымдатылулар қолданылады.
Қасбеткерді (фаскаларды), ойықтарды (галтельдерді), жонуды (проточкаларды), тереңдетулерді, бедерлерді және т.б. майда элементтерді көрсетпеуге болады.
Тігершіктердің айналдырықта бекітілу әдістері 7-суретте көрсетілген.
|
|
7-сурет |
|
|
Тұтас біліктер, өзектер, айналдырықтар, саптар, шариктер, стандартты бекітпе бұйымдар, кілтектер сияқты бөлшектер ұзына бойы қима-ларда ГОСТ 2.305-68** (8-сурет) бойынша қиылмай бейнеленеді. Тек қималары арқылы бейнеленген бұрамалық серіп-пелердің ар жағында орналас-қан бұйымдарды, осы бұйым-дарды шартты түрде жауып |
8-сурет |
тұратын және иірім қималарының остік сызықтармен анықталатын зонаға дейін ғана бейнелейді (9-сурет).
|
Көрінбейтін контур сызық-тары құрастыру сызбаларында тек тілікті орындау сызбаны оқуды қиындатып жіберетін кезде ғана қолданылады (10-сурет). Көрсетпеуге рұқсат етілгендер:
А а) қақпақтар, қалқандар,
кожухтар және т.б, егер бұйымның
көрінбейтін немесе құрамдас бөлігін
көрсету керек болса. Бұл жағдайда
сызбада «Қақпақ көрсетілмеген» сияқты
түсінік-теме жазба болу керек; |
9-сурет |
б) зауыттық қалқаншалардағы, шкалалардағы т.с.с. жазбалар.
|
|
|
10-сурет |
||
|
Мөлдір материалдардан жасал-ған бұйымдарды мөлдір емес сияқты етіп бейнелейді. Пісірілген, желімделген және сол сияқты біртекті материалдардан жасалған, басқа бұйымдармен құрас-тырылған кезде тіліктер мен қима-ларда бөлшектердің шекарасын негізгі тұтас сызықтармен белгілеп, бірдей штрихтайды (11-сурет). |
|
11-сурет |
||
Сомындардың және
бұрамалар-дың алтыбұрышты бастарын
құрастыру сызбаларында қарапайымдатылып
бейнелеуге кеңес беріледі (12-сурет).
|
|
12-сурет |
|
|
|
Өзек пен тесік арасындағы саңылауды көрсетуге ерекше себ-ептер жоқ болса оны көрсетпейді. Винттердің, бұрама шеге-лердің және т.б. бастарының оймакіліттерін бір жуандатылған тұтас сызықпен бейнелеу дұрыс. (13-сурет). Бірдей бірнеше бұрандама-лық қосылыс немесе бұрама, бұрамасұқпалық қосылыс бар болса, олардың біреуі ғана сызылып, қалғандарының орны остік сызықтармен белгіленеді (12-сурет). |
|
|
|
13-сурет |
||
Күрделі профилді бөлшектердің майда элементтерінің конфигурациясын дәл көрсетпей кескіндеуге болады.
1.3 Өлшемдерді қою
Құрастыру сызбасын орындағанда келесі негізгі өлшемдерді қояды (1-сурет):
габаритті, бұйымның ішкі және шеткі шекті кескінін анықтайтын өлшемдер;
орнату, монтаж орнында бұйымды орналастыру өлшемдері;
қосылу, берілген бұйымның басқа бұйымдарымен қосылатын өлшемдер;
бұрандалар өлшемдері;
қажетті анықтамалық өлшемдер.
П
ирамида.
Табаны деп аталатын көпбұрышпен және
бүйір жақтары деп аталатын үшбұрыштармен
шектелмеген көпжақты пирамида
деп атайды. Егер пирамиданың табаны п
бұрышты фигура болса, онды оны п
бұрышты пирамида дейді. Бұйір жақтарының
ортақ нүктесі С пирамиданың төбесі
болады. Пирамидаларды дұрыс және дұрыс
емес деп екі топқа бөлуге болады. Дұрыс
пирамиданың табаны дұрыс көпбұрыш
болады және оның төбесінен табанына
түсірілген перпендикуляр табанындағы
көпбұрыштың центріне түседі.
Призма. Табандары деп аталатын екі жағы параллель және тең көпбұрыштар, ал қалған бүйір жақтары параллелограмдар болатын көпжақты призма деп атайды.
Егер табаны п бұрышты фигура болса, онда призма пбұрышты призма деп аталады. Призмаларды тік және көлбеу призмалар деп екі топқа бөледі. Тік призманың жақтары тік төртбұрыштар болады және табандарымен 90º бұрыш жасайды. Табаны дұрыс п бұрыш болатын тік призманы дұрыс п бұрышты призма дейді. Призманың алты бүйір жағы – горизонталь проекция жазықтығына препендикуляр орналасқан тік төртбұрыштар. Олардың екеуі фронталь проекция жазықтығына параллель. Бүйір қырлары – горизонталь проекциялаушы кесінділер, ал табан қырлары – горизонталь орналасқан кесінділер.
ІV. Оқушының түсінген білімін, іскерлік пен дағдысын қалыптастыру және бекіту (пысықтау):
Оқушылардың жаңа тақырып бойынша қойылған сұрақтарына жауап беру.
А3 форматына №5 графикалық жұмысты түсіру.
V. Сабақты қорытындылау:
Орындалған тапсырмалар бойынша оқушылардың біліміне сәйкес бағалау.
_______________________
_______________________
_______________________
_______________________
VІ.Үйге тапсырма беру:
Сызу пәніне арналған жұмыс дәптерлеріне және А3 форматына №6 графикалық жұмысты әр оқушы өз нұсқасын орындап келу. оқулықтар: «Сызу» Ж.Есмұханов 62-74 беттер; «Черчение» С.К.Боголюбов. 89-93 беттер.
Оқытушы .
)

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген