жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Құрлық суларының түрлері мен қалыптасуы"
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бөлім 3. Физикалық география 3.3. Гидросфера |
Мектеп: Қандыағаш қалалық №4 ЖББОМ |
|||||||
Күні:26.11.2019 жыл |
Мұғалімнің аты-жөні: Тулеумухаметова Г.С |
|||||||
Сынып: 8 «б» |
Қатыспағандар саны: |
|
||||||
Сабақ тақырыбы |
Құрлық суларының түрлері мен қалыптасуы |
|||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
8.3.3.1 –Құрлықтағы судың қалыптасу жолдарын анықтайды. |
|||||||
Сабақ мақсаттары |
Құрлықтағы судың қалыптасуын анықтау. |
|||||||
Бағалау критерийлері |
Құрлық суларын зерттеуге берілген ресурстармен жұмыс ұйымдастыра алады.Презентация жасап қорғай алады. |
|||||||
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар істей алады: Құрлық суларының түрлерін анықтайды, құрлық суларының шығу тегін анықтап ауызша, жазбаша сипаттайды. Пәнге тән лексика мен терминология: Өзен, көл,жерасты сулары,батпақ,мұздық Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Құрлық суларына жатады:....... Шығу тегіне байланысты............бөлінеді |
|||||||
Құндылықтарды дарыту
|
Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық,ашықтық, өмір бойы білім алу |
|||||||
Пәнаралық байланыстар |
География ғылымымен байланысты құрлық суларымен танысады. Құрлық суларының шығу тегін анықтау үшін тектоника, геология ғылымдарымен байланыстырады. Туризм .
|
|||||||
Бастапқы білім
|
Оқушылар 7 сыныпта құрлық суларының негізгі ерекшеліктерін біледі, олардың ерекшелігі туралы білімдерін еске түсіреді. |
|||||||
Сабақ барысы |
||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
||||||
Сабақтың басы 0-2 мин
Үй тапсырмасын сұрау 2-5 мин
5-7 мин |
Ұйымдастыру кезеңі. Сыныппен сәлемдесу. Сабақ мақсаты мен оқу мақсаттарымен танысу.Сыныпта көңілді атмосфера қалыптастыру. Судың сылдырлап аққан даусымен ,оқушылар топтарға орналасады. 1-топ –Жер асты сулары 2-топ – Өзендер 3-топ – Көлдер 4-топ – Батпақтар
«Галерея шарлау әдісі» арқылы үй тапсырмасын сұрау.
Еске түсіру. «Құрлық суларына не жатады?» Мұғалімнің кіріспе сөзі. Қаныш Сәтбаевпен байланыстыру
|
слайд |
||||||
Сабақтың ортасы
7-14 мин
14-26 мин
26-32 мин
32-37 мин
Сабақтың соңы 38-40 мин
|
Оқушыларға слайд бойынша және ғаламтор ресурстары, дайын мәтін беріледі.Олар ресурстар арқылы құрлық суларының қалай қалыптасуы туралы материалдар дайындайды. «Ротация әдісі» Топтық жұмыс. Тапсырма: Құрлық сулары қалай қалыптасады? Макет дайындау 1 топ-Өзендердің қалыптасуы және бөліктері және таралған жері 2 топ- көлдердің қалыптасуы және таралған жері 3 топ-жер асты суларының қалыптасуы және таралған жері 4 топ- мұздықтардың қалыптасуы және таралған жері Дескриптор: 1.озендердің қалыптасуын анықтай алады 2.көлдердің қалыптасуын анықтай алады 3.жерасты суларының қалыптасуын анықтай алады 4.мұздықтардың қалыптасуын анықтай алады. Жұптық жұмыс: «Домино» әдісі « Мен озенмін,мен көлмін....»(құрлықтағы сулар өздерінің орналасқан материктерін тауып,картадан көрсету) Жеке жұмыс: «Кім шапшан» (слайдтағы сұрақтарға тез жауап беріп,картадан көрсету) Қорытынды: Үйге тапсырма: §22 Оқу. Құрлықтағы суларды кескін картаға түсіріп келу.
Кері байланыс: «Өзендерді толықтыр»
|
Слайд
Жер асты сулары https://www.bilimland.kz/kk/home#lesson=14031
Топтарға берілетін ресурстар
Карта
Қ.Б: судың әртүрлі мөлшері жазылған жетондар
|
||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық
және
қауіпсіздік
техникасыныңсақталуы |
||||||
Барлық оқушылар істей алады: Құрлық суларының түрлерін сипаттай біледі. Оқушылардың көбісі істей алады: Құрлық суларының шығу тегін түсіндіре алады Кейбір оқушылар істей алады: Мәтін, суреттерді пайдалана отырып құрлық суларын презентация арқылы таныстыра алады. |
Бұл бөлімде оқушылар құрлық суларының түрлерін атауын бағалау. Құрлық суларының шығу тегін түсіндіре алуын бағалау.
|
Денсаулық сақтау технологияларын еске түсіру. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлерінде абай болу. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтарын қадағалау
|
||||||
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||||
|
||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген