400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық сабақ: "құрмалас сөйлем" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл сабақ 4 сыныптарға арналған құрмалас сөйлемнен ашық сабақ. сабақ мұғалімдерге, жас мамандарға көмегі тиер деген ойдамын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

№ 41. Тақырыбы: Құрмалас сөйлем туралы білімді бекіту.

Сабақтың мақсаты: Құрмалас сөйлем туралы берілген білімді бекіту, және құрмалас сөйлем тыныс белгісі жайлы білімді бекіту, оқушылардың сауатты жазу дағдысын жетілдіру, танымдық қабілеттерін, сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту.

оқушыларды өз бетінше ойландыруға төселдіру, шығармашылық жұмыс арқылы қиялдарын ұштау.
Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

Таза, әдемі жазуға баулу.


Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: топтық жұмыс сұрақ-жауап, ізденіс, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық. Психологиялық ахуал.


Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік,жарық ,мейрімді

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.


ІІ. Топқа бөлу. (жұлдыздар)

Орындыққа еркін отырып, көзімізді жұмамыз.Терең дем алып, әуеннің ырғағына зейін қойып, менің сөздеріме құлақ саламыз.Өздеріңді жұлдызды аспан көріп тұрмыз деп сезініңдер, солай елестетіңдер.Үлкенді –кішілі, жап- жарық жұлдыздар самсап тұр.Үздіксіз жымыңдап жылжып келе жатқандай.Әрқайсымыз өз жұлдызымызды табуға тырысудамыз.Біз өз жұлдызымызға міндетті түрде жетеміз.Мінеки, жұлдыздар қол жетім жерде тұр.Өзіміз таңдаған жұлдызымызды алдымызға ұқыптап қоямыз.Алған жұлдызымыздың қандай екенін,түсін, пішінін есте сақтауға тырысамыз.Енді көздерімізді жайлап ашамыз.

(түрлі жұлдызшалар арқылы топқа бөлінеді)


ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Төрт құрмалас сөйлем құрып келу. Тексеру, оқыту, талдау.

  1. Әр топтан 1 сөйлемнен оқыту


  1. Себеттер (жай сөйлем, құрмалас сөйлемдер)


Жай сөйлем екенін,құрмалас екенін қайдан білдік?

(жай сөйлем 1ғана ойды білдіреді, құрмалас 2 немесе одан да көп ойды білдіреді)

ІV. Мақсат қою кезеңі. Балалар, қалай ойлайсыңдар, біз бүгін сабақта қандай тақырып бойынша жұмыс істейміз?

V. Жан-жақты білімдерін тексеру. Миға шабуыл

Серпілмелі сауал ойыны (доппен)

қазақша- орысша ағылшынша сұрақтар:Сөйлем-предложение-сэнтэнс.

Сөйлем дегеніміз не? Айтылу мақсатына қарай қандай сөйлемдерді білеміз? Хабарлы? Сұраулы? Лепті? Бұйрықты

Сөлемнің түрлерін ата.(Жай, құрмалас, жалаң, жайылма.)

Құрмалас сөйлем деген не? Оларды көбінесе қайда қолданады?

Құрмалас сөйлемде қандай тыныс белгісі қойылады?



Топпен жұмыс Постермен жұмыс

1 топ Жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемге айналдыру

2 топ 1 сөз тіркесінен құрмалас сөйлем құру

3 топ берілген сөздерден құрмалас сөйлем жинақтау

4 топ Құрмалас сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдау.


Полиглот (тақтамен жұмыс)

Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.

Сөз таптары (нан, тәтті) тағы қандай сөз таптарын білеміз?


ҮІ.Өткенді пысықтау.

Оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу.

55 – жаттығу. «Жалғасын тап» ойыны.

  1. Ол бүгін үйге ерте келіп, бау-бақшада жұмыс істеді.

  2. Лезде аспанды бұлт торлап, найзағайлар шатырлап кетті.

  3. Жаз ыстық болса, қыс суық болады.

  4. Ақыл жастан шығады, асыл тастан шығады.

  5. Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен.


Сергіту сәті Ойын:ханзада, ханшайым, айдахар


Бейнеталдау( Отан туралы бейнеролик)

Балалар, мына бейнеролик не туралы?

Отан, туған жер туралы қандай мақал білеміз?

Ағылшын , орыс тіліне аудару. Отан- родина-мәзэлэнд.

Страна-мемлекет-кантри. Ел, халық- народ-пипл. Жер-земля-лэнд. Отбасы-семья- фэмили, білім-знание-эдукейшн.

Біз өз Отанымызды сүйеміз бе? Ондай адамдарды бір сөзбен қайтып айтады? Үш тілде айтқызу.


ҮІІІ. Үйге тапсырма беру.

54 – жаттығу. Суретке қарап, «Тұсау кесу» тақырыбына әңгіме құра.



ҮІІІ. Қорытындылау. Рефлесия



ІХ. Оқушыларды бағалау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
619
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі