400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Құрметтей білейік" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдермен бөліскім келеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Тексерілді:

ОІЖО: Ж.Айтбенбетова

Мектеп «Достық» жом Мерзімі: 20.12.2017 №_15 _

Тақырып__Құрметтей білейік__

Құндылық_дұрыс әрекет Қасиеттер: сыйластық, ізеттілік, _

Сынып_4 __ Оқушылар саны_______


Сабақ мақсаты:

  • Оқушылардың «құрмет», «сыйластық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту

Сабақтың міндеттері:

  • Құрмет, сыйластық әдептерінің адами қарым-қатынастағымаңыздылығын түсіндіру


    • Ізетті қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту


    • Үлкендерді құрметтеуге, мәдениеттілікке тәрбиеле

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Дәптер, оқулық, аудиокассета, видеокассета

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

2.Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырып, денелеріңізді тік ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолдарыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіңіз, күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет!


3.Үй тапсырмасын тексеру.

Төле би туралы аңыз әңгімесін оқып келу тапсырылған

Сұрақтар:

  • Данагүл адамдарға қандай құрметті көрсетті?


  • Өздерің құрметтейтін адамдардың қандай қасиеттерін үлгі тұтасыңдар?

Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз.

«Үлкен алдында жас қарызы, ата алдында бала қарызы - әдеп пен сый»

  • Нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?

М.Әуезов

5.Әңгiмелеу (сұхбат).

1- Мұсылман болып қартайған адамды құрметтеу,

2- Құран кәрімді жаттаған адамды құрметтеу,

3- Ғалымды құрметтеу.» (Рамуз)

Автобуста отырғанда жақсы ма, жаман ба, кім екені білгісіз үлкен кісілер келеді. Олардың қандай екенін білместен орын берудің зияны жоқ па?

Жоқ. Дініміз қарттарды құрметтеуге аса мән берген.

Хадис шәрифте: «Жас адам бір қарттың жасына қарап құрмет көрсетсе, оның жасына барғанда Аллаһ тағала оған жастарды құрмет еттіреді» делінген. (Шира)

Бүгіннің жастары ертеңнің қарттары деген сөз.

Қарттарға құрмет көрсеткенде бай кедей деп бөлмеу керек. Байға байлығы үшін құрмет етілмейді. Мал-мүлкіне бола байды көтеріп, кедейлігіне бола кедейді төмендеткен адамның лағынетке лайықты екендігі білдірілген. (Шира Шәрһі)


6.Шығармашылық жұмыс

Сендер ең бірінші кімдерге құрмет көрсетер едіңдер? Рет – ретімен жазып келтіріңдер. Тапсырманы орындап болған соң оқып бересіңдер.



7.Топпен ән айту.

Достарым



8.Үй тапсырмасы.

16 сабақтағы «Жақсылық пен Жамандық» ертегісін оқып келу және де 1 тапсырманы орындау



9.Соңғы тыныштық сәтi.

(Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
685
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі