Материалдар / Ашық сабақ "Құрметтей білейік" 4 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Құрметтей білейік" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
4 сыныпқа "Құрметтей білейік "тақырыбында ашық сабақ өткіздім. Сабақ жаңа форматта құрылды.Бұл сабақта оқушылар үлкендерді құрметтеуді, тіл алғыш болуды, басқа адамдар туралы жаман ойламауды үйренеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Желтоқсан 2017
744
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Өзiн-өзiтану сабағының жоспары

Мектеп: Бірік ОЖББМ Мерзімі:26.10.2017ж

Тақырып: №15сабақ.Құрметтей білейік

Құндылық: Дұрыс әрекет.

Қасиеттер: Үлкендерді сыйлау,тілалғыш болу,басқалар туралы жаман ойламау.

Мұғалiм: Батырханова.Г.З Сынып: 4

Оқушылар саны: 20


Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға барлық адамзатты сыйлау туралы әңгімелей отырып,дұрысәрекетқұндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Оқушыларды басқалар туралы жағымды ой ойлауға үйрету

  • Оқушыларды әрдайым тілалғыш болуға тәрбиелеу

  • Оқушылардың бойындағы үлкендерді сыйлау қасиеттерін дамыту.


Ресурстар:(құралдармәлiметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасып, 5 Т ережесін қайталау.

1.Тыныштық сәтi.Нұрға бөлену

2.Үй тапсырмасын тексеру№15 Құрметтей білейік Төле би 78 бет

Мәтін бойынша сұрақ

  1. Данагүлдің қандай жақсы қасиетерін байқадық?

  2. Данагүл үлкен адамдарға қандай құрмет көрсетті?

  3. Өздерің құрметтейтін адамдардың қандай қасиеттерін үлгі тұтасыңдар?

  4. Адам бойындағы қандай қасиеттер дұрыс әрекетке жетелейді?


Сабақ барысын талқылау:

Дәйексөз.

Жақсы ойла және ойлар жақсы әрекеттерде пісіп жетіледі

Л.Н.Толстой

1.Жақсы ойлау арқылы қандай әрекет жасаймыз?


Лев Николаевич Толстой 1828 жылы 9 қыркүйекте Ресейдің Тула облысындағы Крапивенск уезінде дүниеге келген.

Мұғалімнің сыйы

Қамқорлық

Мәдіхат Төрежанов

Назымбек асыға басып,мектебіне бара жатыр.Жер тайғақ.Бірер рет аяғы тайып кетіп,құлап та тұрды.Өзімен бірге оқитын Нақысбекті жолда кездестірді.Ол бір кішкентай баланы қолтықтап алған.Бала еңіреп жылап келеді.

-Мыны бала сенің інің бе?-деп сұрады Назымбек.

-Жоқ.

-Енді кімің?

-Құлап аяғын ауыртып алған екен,

-Оны қайда апарасың?

-Дәрігерге көрсетіп,жарасын таңғызып берейін.

-Екеулеп апарып салсақ қайтеді?-деп өтінгендей болды Нақысбек.

-Сабақтан кешігеміз ғой.

-Мен кешіксем,Күлпәш Күлкеноваға айтарсың,мертіккен баланы дәрігерге әкетті деп.

-Айтайын,көп жүріп қалма,-деп жүгіре жөнелді Назымбек.

Нақысбек арқалап алған бала зар қағуда.Ауырсынып,шырылдауына қарғанда аяғы сынған болуы керек.

-Жылама,қазір дәрігерге жетеміз,таяу қалды.Сенің атың кім?-деп сұрады Нақысбек.

-Төлеген...

-Ал,Төлеген батыр,мойынымнан мықтылап ұста,тез жеткізе қояйын.

Нақысбек Төлегенді оташыға алып келді.Бұлар айнаға түсіріп,сынық бар деп тапты.Емханаға жататын болды.Оташы Нақысбекке:

-Кішіге көрсеткен қамқорлығың үшін саған рақмет!-деп,басынан сипап,арқасынын қақты.Нақысбек енді мектепке қарай жүгірді.


-Назымбектің әрекеті туралы не айтуға болады?

-Әрдайым қамқорлық жасайтын адамның бойында қандай қасиеттерболады?

-Басқалар туралы жаман ойламау үшін ойыңды қалай өзгерте аласың?



Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.Сахналау.

Оқушыларды әр түрлі тастар арқылы топқа бөлу.

1-топ: Берілген жағдаятты сахналап көрсетіп беріңдер:

Анаң жұмыстан кейін азық-түлік дүкеніне соғып, үйге азық-түлік алып, үлкен, әрі ауыр сөмкесімен үйге қарай бет алды.

Сен қандай әрекет жасайсың? Әрекетіңнің дұрыстығын дәлелде.

2-топ:Берілген жағдаятты сахналап көрсетіп беріңдер:

Үйге әкең екеулерің теледидар көріп отыр едіңдер. Бір кезде әкеңнің қызуы көтеріліп, ауырып қалғанын сездің. Бірақ, әкең сенен ешбір әрекет жасауға өтінген емес. Мұндай жағдайда не істер едің? Әрекетіңнің дұрыстығын дәлелде.

3-топ: Берілген жағдаятты сахналап көрсетіп беріңдер:

Бүгін анаңның туған күні. Бірақ, анаң көңілсіз. Өйткені, анаң үй шаруасын тындыруға үлгермей жатыр. Кешке анаңды құттықтауға туған-туысқандарың келгелі жатыр. Сен өз тарапыңнан қандай әрекет жасайсың? Әрекетіңнің дұрыстығын дәлелде.

4-топ:Сабақтан қайтқанда автобуста отырып алып,ұялы телефонда ойын ойнау әдетің.Бірде дәл қасыңа бір үлкен кісі келіп тұрды.Сен өз тарапыңнан қандай әрекет жасар едің?


Топпен ән айту

Топпен ән айту.


Жақсылықпен жаным дос!

Мұғалім шығармашылығымен. Ақ көгершін әнінің сазымен.



1.Жақсылықпен жаным дос,


Бауырмалмыз бәріміз.

Үлкенге де, кішіге,

Жақсылықты жасауда..

Дұрыс жолды таңдаймыз,

Самғап ұшып талмаймыз.

Жанашырлық білдіріп,

Көмек беруге дайынбыз.

Қайырмасы:

Жақсылықтың жолында,

Мейірімді жүрекпен.

Жақсы-жақсы сөздермен,

Нұр төгейік баршаға.

2.Жақсылықпен жаным дос,

Арамдықты білмейміз.

Адамдарды алалап,

Кемсітуді білмейміз.

Кішіпейіл танытып,

Қол созамыз баршаға.

Риясыз ақ көңілмен,

Жақсылықты жасаймыз.



Үй тапсырмасы.

16- сабақ 83-беттегі « Жақсылық пен жамандық» ертегісін оқу


Соңғы тыныштық сәтi.

Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды достарымызға,отбасымызға және де айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік.Әрдайым жақсы ой ойлайық,жақсы сөз сөйлейік және дұрыс әрекет жасайық .Осыларды жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет!




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!