Білім
беру саласы:
«Әлеумет, экология».
Тақырыбы:
«Құстар».
Мақсаты:
Әңгімелеу, құс туралы мағлұмат беру.
Еліне, жеріне, табиғатын сүюге тәрбиелеу.
Ой өрісін дамыту. Құстарға қамқор болуға
тәрбиелеу, сүйіспеншілік сезімін ояту.
Құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Балалардың ой өрісін, ақылдылыққа,
төзімділікке,құстарға қамқор болуға
тәрбиелеу.
-Балалар,
сәлем сөздің анасы деп, алдымен келген
қонақтармен амандасайық.
Шаттық
шеңбері:
-Кім
үлкенді сыйласа,
-Кім
үлкенді тыңдаса,
-Сыйлы
болмақ өзіде,
-Үлкен
болған кезінде.
-Улыбайся,
Улыбайся, Улыбайся,
-Улыбайся
целый день.
-Улыбайся,
Улыбайся, Улыбайся,
-Улыбнется
друг тебе.
-Good
morning, Good morning.
-Үстел
үсті ойыны: «Шаршыны
сәйкестендіру».
-Балалар,
біз бүгін құс туралы әңгімелейтін
боламыз. Құстардың түрі өте көп. Құстар
табиғатқа сән береді, құстардың әуені
табиғатқа көрік береді. Дана халқымыз
құстарды әсемдікке теңеген, сұлулыққа
теңеген.
Слайд
көрсету.
-Балалар,
ненің дыбысын естіп тұрсындар? Жарайсындар
балалар, бұл құстардың дауысы, біз өз
ауылымызда кездесетін құстарды білеміз.
Торғай, сауысқан, қарға.
-Құстар:
үй құстары және дала құстары деп бөлінеді
(слайд көрсету). Дала құстары екіге
бөлінеді. Үйқұстарына: тауық, қаз,үйрек,
күрке тауық жатады.
Слайд
көрсету.
Дала
құстары: Тоқылдақ, қарлығаш, сауысқан,
шағала, торғай жатады.
Дала
құстары:(слайд көрсету) жүгіретін,
жүзетін, жыртқыш деп бөлінеді. Түйе құс
– жүгіретін, Пингвин, Аққу – жүзетін,
Бүркіт – жыртқыш құсқа жатады. Үкі –
ұлттық наным сенім бойынша, бас киімге
тағылғаны бақыт, ал аспаптарға байланғаны
олжаға кенелтеді, үкінің үлпілдеген
қанаты жас нәрестелерді жын періден
қорғайды деп сенген.
Бұл
құс түрлері орманды алқаптарда, таулы
аймақтар мен далалы жерлерде мекендейді.
Құстар:
(слайд көрсету) қыстайтын және қыстамайтын
құстар деп бөлінеді.
Қыстайтын
құстарға: қарға, сауысқан, торғай, суық
торғай, сарышымшық жатады.
Қыстамайтын
құстарға: аққу, үйрек, шағала, қарлығаш,тырна
жатады.
Слайд
көрсету арқылы балаларға құстарды
орысша айтқызу: тоқылдақ-дятел,
қарлығаш-ласточка, сауысқан-сорока,
торғай-воробей, шағала-чайка.
Су
құстары: -аққу, тырна, үйрек, жабайы қаз,
пингвин, қоқиқаз.
Орман
құстары: -тоқылдақ, бұлбұл, үкі, тотықұс,
тауыс жатады.
Дала
құстары: -көгершін, бүркіт, сұңқар,бәбісек,
қарлығаш, қараторғай жатады.
Жыртқыш
құс: (слайд көрсету) – Бүркіт. Бүркіт
қанатын кең, аспанда, биікте ұша алатын
қырағы құс. Адамдар аң аулағанда
пайдаланған. Аң аулайтын қасиеті бар.
Адамдар қолда асырайды.
Су
құстары суда мекен етеді. Суда өсетін
өсімдікиермен қоректенеді. Аққу –
сұлулықтың символы. Аққу киелі құс.
Аққуды атпа, досыңды сатпа деген нақыл
сөз бар.
Көгершін
– кең жазықтарда мекен етеді. Көгершін
– бейбітшіліктің белгісі. Ол жер бетіне
тыныштық пен бейбітшілік, береке әкелетін
құс деп саналады.
Жапалақ
– аса ірі болмайтын, жақсы дамыған,
құлағы бар құс.
Тоқылдақ
– орман дәрігері деп атайды. Әр күн
сайын зиянды насекомдарды қырады. Орман
шаруашылығында тоқылдақтардын пайдасы
көп.
Қарлығаш
пайдалы құс (слайд). Әсіресе шыбын-шіркейді
көп жеп, ауыл шаруашылығына пайда
келтіреді. Қарлығаштарға арналған
көптеген ырым-жоралғылар бар. Қарлығаш
туралы ертегі, адам аттары да бар.
Үй
құстарының адамзатқа пайдасы мол. Етін
жейміз, тауықтар жұмыртқа береді.
Сергіту
сәті:
Балалар
ағашқа ұя жасаймыз.
Қолымызды
үшбұрыштап жоғары қоямыз,
Құстар
ұяға келіп қонды,
Құс
ұядан басын шығарып қойды,
Жан
– жағына қарады,
Құстың
ұшқысы келді,
Қанатын
жайды,
Ұша
алмады,
Қанатын
жаттықтырды,
Қанатымызды
жаттықтырып аламыз,
1,2,3,
- 3,2,1
Құстар
қанат қағады,
Көкте
самғап ұшады.
Құс
ұясына келіп қонды.
Ойын:
Ғажайып сәт: есік қағылып ертегі әлемінен
сұлу түлкі келеді.
-Балалар,
сәлеметсіздер ме, мен сендерге сиқырлы
үйшік әкелдім. Сиқырлы үйшігімде түрлі
құстар бар, оларды тамақтандыру керек.
Маған көмектесесіндер ме?
Ойын:
«Құстарды тамақтандыр».
Қысқышпен
құстардын азықтарын сәйкестендіреміз,
ұсақ қол маторикасын дамыту.
Келесі
ойын: «Өз мекеніне орналастыр».
Әр
құсты өз мекеніне орналастыру.
Балалар,
біз бүгін құс туралы мағлұмат алдық.
Құстардың біздерге пайдасы мол. Құстар
үйімізді шыбын шіркейден тазартады,
ағаштарымызды зиянкез жәндіктерден
тазартып отырады. Таза ағаштарда таза
жемістер өседі. Жемістерден біз дәрумендер
аламыз.
Келесі
ойын: « Алмаларды түсіне қарай топтастыр».
Жарайсындар
балалар, бүгінгі сабағымыз қызықты
болды деп ойлайсындарма? Әрдайым көмек
қолын созып жүру керек, сабаққа жақсы
қатыстындар. Жарайсындар!