400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Құстар

Материал туралы қысқаша түсінік
Әр түрлі кемістіктері бар балаларға арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Құстар»

Мақсаты:

1.Балалардың құстар және олардың тіршілігі туралы білімдерін кеңейту;

2.Ойлау,есте сақтау қабілеттерін және ұсақ қол моторикасын дамыту. Құстың ұясын және оның жеке бөліктерін атап, жапсыру тәсілдерін жетілдіру, шығармашылыққа қабілеттерін арттыру. 

3.Құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.


Көрнекі құралдар: құстардың суреттері, аудио жазба, слайд, қатты қағаз, түрлі-түсті қағаздар, желім,тақтайша, сүлгі, д/о: «Бұл ненің дауысы», қ/ о: «Мысық пен торғайлар»

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Балаларды топқа кіргізу, қонақтармен амандасу.

-Балалар бүгін бізге көп қонақтар келіпті, алдыменен қонақтармен амандасайық.

-Сәлеметсіздер ме!

-Балалар, енді жан-жағымыздағы табиғатпен амандасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй сыйлайық.

1. Шаттық шеңбері.

Күнім күліп арайлы,

Тереземнен қарайды.

Достарыммен шеңберге,

Тұрғанымды қалайды.

2.Әңгімелесу.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Казір жылдың көктем мезгілі. Көктем мезгілінде күн жылынады, күн шуағын шашады, ағаштар бүршік жарады, құстар жылы жақтан ұшып келеді.



ІІ. Негізгі бөлім:

3.Табиғатқа саяхат.

Ал, бүгін балалар, жапсыру сабағында көктемгі ұшып келген құстарды көру үшін, олардың тіршілігімен танысу үшін біздер саяхатқа орманға барамыз.
Енді балалар орманға бару үшін жалғыз аяқ жолмен жүріп, шалшық судан секіріп орманға кіреміз.
Орман іші қандай әдемі. Шиқылдаған құстардың әсем дауысы.

Д/о:«Бұл ненің дауысы?»

Торғайдың басы дөңгелек болып келеді,денесі сопақша болып келеді,тұмсығы бар,қанаты бар,ол аспанда ұшады.

Орман дәрігері деп қай құсты айтамыз?
-Тоқылдақты.

Тырна- бұл құстың аяғы ұзын болып келеді. Тырналар үшбұрыштанып ұшады. Тырна келген соң жер жыртуға болады-дейді ауылдың кісілері.

-Балалар, осы құстар не жейді?
-Құрт, құмырсқа, қоңыз.

Құстардың пайдасы өте көп. Олар табиғаттың байлығы саналатын ағаштарды, өсімдіктерді зиянкес жәндіктерден тазартады. Құстар бір орнында тұрмайды. Олар бір жерден екінші бір жерге ұшып қонып жүреді. Барлық құстарға ортақ қасиет олар ұшады. Қанаттары, мамықтары бәрінің тұмсықтары бар. Олар жұмыртқалайды, балапан басады. Айырмашылығы: құстардың дене көлемі, пішіні, тұмсығы, түсі, дыбыстары, тіршілік етуі бір - біріне ұқсамайды. 
-Жарайсыңдар, бүгін сендермен бірге осы құстарға ұя жасап жапсырып береміз.

4.Ұя туралы слайд қарау.

Жылы жақтан ұшып келген құстардың бірі былтырдан қалған ұясын дұрыстаса, ал енді бірі ағаш бұталарының арасына ұсақ ағаштардан өріп өздері ұя жасайды. Олар осы ұяларына жұмыртқаларын салып басады. Кейін балапандары шыққан соң, осы ұяда өскенше тұрады. Балапандары өсіп, қанаттары қатайғаннан кейін олар ұшып кетеді. Міне осылай жылда қайталанып отырады.

ІІІ. Саусақ жаттығуы:

Торғай, торғай, торғайсың,

Қолға неге қонбайсың.

Жем шашайын теріп ал,

Сонда сенде тоңбайсың.

Қауіпсіздік шараларын айта кету. Балалар, ең алдымен жеңімізді түріп алайық, желімді қолға жағып, аузымызға салуға болмайды, оны жеуге болмайды.Үстімізді ластамай, киімізді таза ұстауымыз керек. Қағазды тақтайшаның үстіне қойып жапсыруымыз керек.

Ұяны мынадай ретпен жасаймыз:

Үлестірмелі материалдың сюжетті суретке мұқият қоңыр түсті ұя бөліктерін жапсырамыз.

5.Балалардың іс әрекеті.
Жұмыс жасау барысында көмек қажет болған балаларға көмектеседі. 

Ұяны мындай ретпен жапсырамыз:

- Ұяны жапсыру;

Шаршының артқы бөлігіне желім жағамыз.

Оны ақ қағаздың ортасына жапсырамыз.

Енді балалар бізде қабырғасын жапсырдық.

-Шартырын жапсыру;

Келесіде шатырын жапсырамыз.

Шатыр қандай пішінге ұқсайды?

Шатырын шаршының жоғарғы жағына жапсырамыз.

-Есігін жапсыру;

Ол үшін үшбұрыштың артқы бөлігіне желім жағып аламыз.

Шатырын шаршының жоғарғы жағына жапсырамыз.

Ал мынау қандай пішін?

Дөңгелек ұямыздың құстар кіретін есігі болады.

Енді біз есігін жапсырумыз керек.

Ол үшін дөңгелектің артына желім жағып аламыз.

Желім жағылған дөңгелекті шаршының ортасына жапсырамыз.


6. Қимыл-қозғалыс ойыны: «Мысық пен торғайлар»

III. Қорытынды бөлім.

Балалар бүгін біз құстарға не жасадық?

Ұяны қандай құстарға жасадық?

Ұяны қандай пішіндерден жасадық?

Ұяның қабырғасы қандай түсті?

Ұяның шатыры кандай түсті?

Ұяның есігі қандай түсті?

Ұя құстарға не үшін қажет?

Жасаған ұямызды көрмеге қояйық.

Балалардың жұмысын мадақтайды.

Балалар бүгінгі сабаққа барлықтарың белсене қатыстыңдар,рахмет сендерге.

Қонақтармен қоштасайық.

-Сау болыңыздар.






















































Picture 1






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
19 қаңтар
1153
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі