400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Құстар айтысы" 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал жас мамандарға тәжірибе алмасу мақсатында қажет. Өйткені қысқа мерзімді жоспар құру қолға енді алынып жатыр.Оны деңгейлік бағдарлама курсын оқымаған жас мамандар үшін қиын деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әдебиеттік оқу

Уақыты: 16.11

Кабинет: №4

Мұғалім: Ахметова А

Сабақтың атауы

Құстар айтысы (Үнді ертегісі)

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Оқушыларға мәтіннің мазмұнын игерту.
Жаңа технология стратегияларын пайдалана отырып,ой өрісін шығармашылыққа баулу. Белсенділігін арттыра отырып, ұйымшыл, тату болуға, құстарды қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ - жауап, топтастыру, салыстыру, сахналау .
 
Сабақтың көрнекілігі: мақал - мәтелдер, венн диаграммасы, құстардың суреті, слайдтар, карта

Психологиялық ахуал

Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Табыс тілеп көзбенен
Өзара көз тастаймыз.
Жаңа білім алуға
Құстай қанат қағамыз

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

II. Үй тапсырмасына шолу жасау.
1. Өлеңнің авторы кім?

2. Өз анаңнан басқа төрт ананы ата.

3.Ақынның туған жер туралы пікірі.

4.Ақынның туған тіл туралы пікірі

5.Жан байлығым,тірегім деп үшінші анаға нені жатқызған?

6.Төртінші ананы ата.

7.Өлеңді жатқа айт.

Құстардың аттарымен топқа бөлу.

«Кім жылдам?» ойыны (құстар жайлы жұмбақ жасырылады.)
Бейбіт құсы аталады,

Бар әлемге жар салады.

Танисың ба ол құсты

Аты қалай аталады? ( Көгершін)

Ұшқаны қызық жалпылдап,

Өзі сондай қарқылдақ ( Қарға )

Итпен бірге таласып,

Табаққа қонып қоймайды

Білесің бе айта ғой,

Танисың ба? (Торғай)

Тақтаға - қарға, торғай, кептер суреттері ілінеді.
Оқушылар осы құстарға сипаттама береді.
Құстар суреті
- Өзіміз болжап көрейікші, бүгінгі сабағымыз не туралы болады деп ойлайсыңдар?
- Құстар туралы.

Халқымыз ер жүрек батырларын қыранға, сұлуларын аққуға

Әншілерін бұлбұлға теңеген.

Біздің елде құстардың 489 түрі мекендейді, олар далалы , шөлді, орманды,таулы,сулы жерлерде болады. 80%-ы ағашты зиянкестерден қорғайды .

III.ЖАҢА САБАҚ: Құстар айтысы (Үнді ертегісі)

Олай болса, бүгін құстар айтысы атты үнді ертегісімен танысамыз.

1.Картамен жұмыс . Үнді мемлекетін көрсету.

Үндістанның астанасы - Дели қаласы. (картадан көрсету)

2.Үнді сөзімен байланысты өмірде не бар ?

Үнді шайы, үнді биі, үнді киносы.

4. Құстар айтысы (Үнді ертегісі)

Ертегі деген не?

Ертегі – адамның қиялынан туған, ой жүйріктігінен пайда болған шығарма. Ертегілер қиял- ғажайып, хайуанаттар туралы, шыншыл ертегілер болып бөлінеді.


5.Оқулықпен жұмыс.(мұғалім оқиды)

6.Сөздік жұмыс.

Жанжал - ұрыс, керіс.
Құсбегі – құс өсіруші, баптаушы.

- Сонымен бұл ертегідегі негізгі ой ынтымақ пен алауыздық екен.
9.
Топтық жұмыс.

I топ.
Мәтінге жоспар құрыңдар.

II топ.

Мәтінді сахналау. (Құстардың ақылдасқан жерін, жанжалдасқан жерін көрсету.)

ІІІ топ

«Ынтымақ» сөзінің мағынасына келетін жерді тауып айту.

ІҮ топ

«Алауыздық» болған жердің бөлігін тауып оқы.

10. Құстарға көмек ( Ойын ) Тапсырмаларды орындау.

1.Келеді көп құс ұшып

Кептер , аққу , қос шымшық

Сауысқан , қарға , торғайда

Ұшып жур осы тоғайда

Қанша құс бар қосып шық ( 7 )

2.Төменде үш қаз ұшады

Үшеуі бұлтты құшады

Өзеннен көрдік екеуін

Айтшы қаз нешеу екенін. ( 8 )

3. «Құстар» қай сөз табы, сұрақ қой , дыбыстық талдау жаса.

4. « Құстар»сөзінің орысша,ағылшынша аудармасы.(птицы,бөртс)

1 1.Қызықты мағлұматтар.

Ең кішкентай құс- колибри

Ең үлкен құс- түйеқұс

Ең алып құс-самұрық

Ең жүзгіш құс- пингвин

Ең қырағы құс- сұңқар

VI. Жаңа сабақты бекітуге арналған тапсырмалар:
(ойтолғаныс)
- Балалар, осы ертегі неліктен «Құстар айтысы»деп аталған?
Бұл ертегіні басқаша тағы қалай атауға болады?
Неліктен?
А) Таласқан құстар.
Ә) Құстар мен құсбегі.
Б) Тордағы құстар.
- Әрі қарай болжам жасап көрейікші, құсбегі тордағы құстарды не істеуі мүмкін деп ойлайсыңдар?
- Бүркітке жемтік ретінде беруі мүмкін...
- Базарға сатып, ақша алуы мүмкін....
- Асырауы мүмкін......
- Балалар, осы ертегі ертегінің қай түріне жатады?
(жан - жануарлар)
VII. Жаңа сабақты қорытындылау.
Құстар
Торға түсті
тордағы құстар әр түрлі болды
Ақылдасты
Қанаттарын бірге қақты
Тормен бірге ұшты
Айтысты
Жанжалдасты
Осы ертегінің негізгі ойын қандай мақалмен қорытындылауға болады?
«Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді».
«Бірлік болмай, тірлік болмас». Ынтымақты ел озар.

Сергіту сәті

Ой толғаныс

Үйге тапсырма

Ертегіні түсініп, ролге бөліп оқу.
Ынтымақ, бірлік туралы эссе жазу.

Күнделіктеріне жаздыртамын.

Бағалау

Бірін-бірі, бағалау, мақтау.


Өз ойларын ортаға салады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

№15 орта мектеп











Тақырыбы: Құстар айтысы

Өткізген: Ахметова А.М



















2016-2017 оқу жылы







№15 орта мектеп







2016-2017 оқу жылындағы «Жаңа әдіс – тәсіл негізінде оқушылырды әлеуметтендіру» тақырыбында өткізілген бастауыш пән бірлестігінің онкүндігі















2016-2017 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 мамыр
611
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі