400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Құстар біздің досымыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
әрбір тәрбиешіге қажетті сабақтар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық сабақ «Құстар біздің досымыз

Сабақтың түрі: Ашық сабақ.

Білім саласы: Әлеуметтік орта

Оқу іс-әрекеті:Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы:«Құстар біздің досымыз»

Мақсаты Балалардың құстар туралы түсініктерін кеңейту. Құстарға қамқорлық жасауға, оларға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту. Баланың ой-өрісін дамытып, сөздік қорын молайту.

Көрнекілік:  Атрибуттар, Құстардың суреті, Тақта, кеспе әріптер, үнтаспа. Әдіс-тәсілдері:    Психологиялық сәт,сұрақ-жауап, түсіндіру, жазу, сергіту сәті.

Психологиялық сәт: Біздер жақсы баламыз, Өсті ақыл санамыз. Қонақтармен ең алғаш, Амандасып аламыз.   Жарқырасын күніміз, Жайнап тұрсын гүліміз. Жақсы ниет тілекпен, Бастайық сабақ бүгін біз. Ұйымдастыру кезеңі:   Ал қане балалар орнымызға отырып, оқу іс-әрекетімізді бастайық.

–       Балалар бір жылда неше мезгіл бар?

–  Бір жылда 4 мезгіл бар.

–  Қазір жылдың қай мезгілі?

–  Қазір жылдың көктем мезгілі.

–  Ендеше кім көктем туралы тақпақ айтып береді?

– Осы көктем айларын тақтаға кім жазып береді?

–  Бір жылда неше ай бар? Кәне кім атап бере алады?

– Бір жылда 12 ай бар.

–  Аптада неше күн бар?Апта туралы санамағымызды айтып көрейікші.

–  Бүгін аптаның қай күні?

–  Қазір бізде қай сабақ?

–  Қоршаған ортамен таныстыру.

– Ал енді балалар менің сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. 

«Тал басында тамаша үй». Ұя

–   Жарайсыңдар, осы ұяны нелер мекендейді?

–  Ұяны құстар мекендейді.

–  Құстар туралы сендер не білесіңдер?

–   Құстар адамға дос. Олар ағаштарды құрт-құмырысқалардан қорғайды. Осы кезде, ертегі ханшайымы келеді.

– Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен сендерге құстар әлемінен бір тамаша ертегі алып келдім. Қане құлақ салып тыңңдаңыздар. Автор: Ертеде бір бұлбұлдың балапаны болыпты. Балапан өсе келе мінез шығарады. Бірде ол:

—  Неге ұяны жерге емес, басқа құстардай биікке салмайсыңдар? Неліктен алып құстадай ірі болмайсыңдар?– деп ата-анасының мазасын алады. Оны естіген ата бұлбұл:

–   Саңқылдап сұңқар, қарқылдап қапға, тыраулап тырна бола алмайсың, шырағым. Ақылың болса өз сәніңмен, өз әніңмен ата жолын жалға, – деп өсиет айтады. Ерке бұлбұл ата сөзіне құлақ аспайды. Өзінің қандай құс екенін білмейтін ол әсем дауысымен баурап алар серік іздеп, ұясын тастап ұшып кетеді. Ерке бұлбұл құстар әлемін ұзақ аралайды. Сөйтіп ерке бұлбұл келе жатып қарғаға кездеседі. –Қарға :     мен қарғамын, қарғамын, Көп қой менің арманым. Қарқ-қарқ, келе ғой бұлбұлжан.

–Бұлбұл:    Өзі қап-қара , даусы қандай жаман еді. Ұнамайды маған.

–Сауысқан: Кел бұлбұлым, Сауысқанмын саңқылдаған,Қонақжаймын аңқыылдаған.

–Бұлбұл:  Қалай дауыстайды? Даусы нашар екен.

–Торғай: Бұлбұлжан келе ғой.  Мен торғаймын, торғаймын, Ағаштарды қорғаймын.

– Бұлбұл: Қызық қой мынау өзі, шамаңа қарашы.

–  Бүркіт:  Мен бүркітпін, бүркітпін, Құстың бәрін үркіииім,ха-ха-ха. –Бұлбұл: қорқыныштысын-ай, үлкенін-ай.

–Қарлығаш: Келе ғой бұлбұл. Қарлығашпын қалықтаған,Ұшудан ешбір жалықпаған.

–Бұлбұл: Қандай ідемі құс еді, бірақ неге құйрығы айыр? Ұнамайды маған. Деп ұша жөнеледі.Қанша құстардың сан алуан түрлері мен тіршіліктерін көреді. Бірақ жүрегіне жақын үн , жанына жайлы ұя таба алмайды. Шаршап-шалдығып өз ұясына оралады. Балапанын көріп қуанған ана бұлбұл құбылтып ән салады. Сазды әуеніне табиғат тамсанады. Ән тербеген ерке бұлбұлдың бойы балқып, ұйқыға кетеді. Ертеңіне таңмен бірге оянып: Туған жерім – қымбат мекен,  Өскен ұям ыстық екен. Бұлбұл үні – өз тіліме, Ешбір әуен жетпейді екен, – деп сан алуан ырғаққа салып сайрайды. Ерке бұлбұлдың сазды әуенін  барлық құстар қызыға тыңдайды.Осы күннен бастап әнші бұлбұлдың даңқы бүкіл әлемге жайылады. Сергіту сәті: Балалар сендер  ертегі тыңдап шаршаған боларсыңдар, шаршағанымызды басу үшін сергіту жаттығуын жасап алайық. Мынау менің жүрегім. Бәрі осыдан басталған. Мынау басым ақылды. Барлық істі атқарған.Мынау менің оң қолым,Мынау менің сол қолым, Барлық істі атқарған. Жарайсыңдар балалар енді орнымызға дұрыстап отырайық. –Ертегі ханшайымы: Балалар менің әкелген ертегім сендерге ұнады ма?

–       Иә. –      

Ертегі не деп аталады?

–  Ерке бұлбұл.

– Ертегіде қандай құстар кездесті?

–  Қарға, қарлығаш, сауысқан, бүпкіт, торғай.

–  Жарайсыңдар.Аленді сендер маған жақсы бір ойын көрсетіп беріңдерші.

Дидактикалық ойын: «Жақсы мен жаман» ойынын ойнату. –       Жарайсыңдар балалар біз осы оқу іс-әрекетінен қандай жақсы нәрселерді үйрендік? –       Құстарға қамқор болуды, оларды күту керектігін т.б. Ендеше бізоқу іс-әрекетімізді Құстарымыз аман болсын Бейбіт тыныш заман болсын, деп бір тамаша «Қарлығаш» әнмен аяқтайық.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
344
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі