«Құстар біздің
досымыз»
Мақсаты: Балаларға құстар, соның ішінде
жыл құстары туралы түсінік беру, құстардың тіршілігі туралы
баяндау. Құстар туралы жұмбақтар шешу, құстар бағына саяхатқа шығу,
экология бағытында тәрбие беру, құстарды қорғауға қамқоршы болуға
тәрбиелеп білімдерін кеңейту. Құстар біздің досымыз –атты слайд
жанып тұрады. Тәрбиеші балалармен музыка залына кіреді. Балалар
жарты шеңбер болып отырады. Шаттық шеңберді
орындайды
«Қуан шаттан
алақай,
Қуанатынкүн
келді.
Күліп шықты күн
бүгін,
Қайырлы тан, қайырлы
күн!»
Тәрбиеші: Балалар сендер қалай
ойлайсыңдар, қазыр бізде қай жыл мезгілі? -Осы көктемде, бізге
нелер алыс жақтан, ұшып келеді? - Құстарға біз не жасау керекпіз?
-Құстар неше топқа бөлінеді? -Иә, дала, үй, құстары болып,
бөлінеді. Осы сөзді түсіну үшін, біз слайдтан көре аламыз. Ендеше,
назарымызды слайдқа аударайық. Мында біз не көріп отырмыз?
-Жұмыртқа, дұрыс құстар ең алдымен жұмыртқадан пайда болады екен.
Әріқарай, ендеше осы үй құстардын атауларын атап өтейік. -Әтеш,
тауық, күркетауық, үйрек, қаз. Осы құстардың бәрі үй құстары.
Өйткені үй құстары ауылда, фермаларда адамның көмегімен
өседі.
Келесі слайдта біз дала
құстарын көріптұрмыз. Ал, дала құстары олар орманда, далада өз
күндерін өздері көреді, және аспанда ұшады, алыс жақтардан ұшып
келеді. Яғни көктемде біздің қаламызға, ыстық жақтан үшып келетін
құстар.Оларды да атап өтейік. Олар: Қараторғай, Тырна, Далаүйрегі,
Аққу, Шағала, Тотықұс, Қарлығаш, Тоқылдақ, Көкек, Бұлбұл,
Бозторғай. Ал біз балалар, құстарға қамқорлық жасап қараторғай
құсына, жылда үйшік жасап береміз. Өйткені қараторғай тек үйшікте,
немесе ағаштын бір тесік ұңгірлерінеде паналайды Мінекей осы тағы
басқа құстар ыстық жақтан ұшып келеді.
Ал енді келесі суреттерде біз
көріп тұрмыз қандай құстарды? -Иә, біздің ауарайына төзімді суықта
тонбайтын, қыстан қорықпайтын, қыстап қалатын суық құстары деп
атаймыз. Кәнекей маған осы құстардың атауларын атап беріндерші.
–Суық
торғай, онын түсі қандай?
-Көгершін немесе кептер деп атауға
болады. Олар адамға жақып жүреді. -Келесі ол
сауысқан, ол қара-ала . Хабаршы деп те
атайды өйткені ол әрдайым не болып жатқаның, не көріп тұрғаның
шықылыптап хабарлап ағаш басында шықылықтап отырады.
Және қарғаны көріп отырмыз. Оның түсі қара
әрдайым ағашта, немесе аспанда ұшып жүреді. Ағаш басына ұя салады.
Осы дала құстары өздеріне ұяны, ағаш бұталарынан жасап алады екен.
Қыс мезгілінде біздер, балалар құстар тонып, өліп қалмау үшін,
жемсалғыш жасап, сол жемсалғышқа жем, нан қоқымдарын торғайларға
салып қоямыз. Біз оларға қамқорлық көрсетеміз. Кәнекей сергіту
сәтін жасап жіберейік. Сергіту
сәті
Қараторғай,
қараторғай,
Мейырбандай анадай
.
Көкке бойын
созады,
Көкке колын
жаяды.
Кең құшағын
ашады,
Көлеңкесін
тосады.
-Балалар, біз жаңа құстар
туралы көп түсініктер алып, білдік. –Ал сендер, балалар сендер
орманға саяхатқа барғыларын келеме? Ендеше ең алдымен бәріміз
көзімізді жұмып, музыка әуенің тыңдап елестеп көрейікші. Балалар
бәрі көздерін жұмады, біраздан соң көздерін ашады. -Балалар сендер
музыка әуені естіп тыңдадыңдар, сонда көз алдарыңа не нәрсені,
нені, қай жыл мезгілін елестедіңдер? Балалардың жауаптары: Дала,
орман, құстар дауысы -Ал енді олай болса орманға саяхатқа барайық.
Тәрбиеші балаларды орманға ертіп әкеледі. Саяхатқа бара жатқанда
құстардың дауыстарын музыка арқылы шығартып қояды. Мінекей
біз бәріміз орманға келдік. Бір кезде алдарынан қарға шығады.
(қарғаның карқылдаған дауысы) –естілу керек. Ұнтаспаны қосады
тәрбиеші. Қарға болып қыз бала шығады.
Қарға -Сәлеметсіндер ме балалар,
сендер орманда нестеп жүрсіңдер? -Тәрбиеші: біз саяхатқа келдік. -Мен
қарғамын, осы орман мекендеушісімін. Менім мынадай шартым бар. Мен
әрдайым орманға келген балаларға тапсырма беремін. Егерде осы
тапсырмаларды орындасаңдар сендерді үйлеріңе
жіберемін. Тапсырма: «Тез тап»
жылдамдыққа, шапшандыққа тәрбиелейді.
1.
Тапсырма
-
Қай құс көктемде ең алғашқы,
бірінші болып ұшып келеді?- қарторғай
-
Қай құстың құйрығы айыр? -
Қарлығаш
-
Қай құс ең әдемі, және сұлу? -
Аққу
-
Орман дәрігері деп қай құсты
атаймыз? - Тоқылдақ
-
Адам қандай құстпен аң
аулайды? - Бұркүтпен
-
Құстың негізгі мекені қалай
аталады? - Ұя Жақсы балалар жауаптарын қанағаттандырды, дұрыс жауап
бердіңдер. 2.Тапсырма «Құстар біздің
досымыз» Бұл тапсырмада балалар сурет
бойынша әңгіме құрастырып беру керек. Тәрбиеші суреттерді алып
тақтаға іледі, балаларды шақырып әңгіме
құрастырғызады.
3.Тапсырма «Кімнің
дауысы» Д/О Дауыстарды анықтау.
Шағала, Қарға, Қаздың, Тауық, Әтештің, Тоқылдақ, Күркетауықтың
дауыстары. 4. Тапсырма Жұмбақтар.
Күндіз тіпті ұшпайды,
Түнде тышқан ұстайды.
Көзі шамға ұқсайды. (Жапалақ)
Қонып алып жарға,
Қарқылдайды (Қарға)
Өзі сақ, өзі ұзын,
Шықылықтап тұрмайды.
Құйрығы ұзын, өзі бұтақтан бұтаққа ауысқан,
Бұл қандай құс (Сауысқан)
5.
Тапсырма. Мағам құстар туралы
тақпақтарды айтып беріңдер. Тақпақтар Торғай (маскалар)
Мен торғаймын, торғаймын
Құрт – құмырсқа, шіркейден
Бау – бақшаны қорғаймын Қарға (маскалар)
Қарға, қарға қарғалар
Қар үстінде жорғалар
Боран соқса қор болар
Бұтаға келіп қорғалар Тоқылдақ (маскалар)
Құртты іздеп інінен
Қарағайды үңгіген
Тоқылдақ құс дәрігер
Қашан ол әбігер. Қарылғаш (маскалар)
Әсем әнді біртүрлі
Айтып келді қарылғаш
Ұясына былтырғы
Қайтып келді қарылғаш.
Ойын не
артық?

Балалар ойынды ойнайды, артық
суретті ақ қағазбен жауып қояды. Жарайсыңдар балалар! сендер
менім тапсырмамды орындадыңдар. Енді мен сендерге мына нақыл сөздер
мен жорамалдарды оқып берейін. Нақыл
сөздер Құр, шіл қардың астына
тығылса, ұзамай боран басталады, - деп болжам жасалады.
Қырғауыл мазасызданып, қатты айқайласа, жер сілкінетін
көрінеді...
Қыста қаздар қаңқылдаса, күн жылиды, ал аяқтарын бауырына тығып
жатса, күн суытады немесе боран ұйытқиды - дей
беріңіз.
Құстар ертемен жем іздеуге асықса, күн жауын-шашынды болады деп
күткен жөн.
Қарлығаштар аспанда самғап, биік ұшса – күн ашық болады, төмендеп
ұшса – жаңбыр жауып, жел
тұрады.
Қараторғайлар топтана ұшып, аспанда неше түрлі қимылдар жасаса, күз
ұзаққа созылады. Тәрбиеші: «Қарға»- бізге осы саяхат
өте ұнады. Сол себептен біздің балалар орман торғайларға «Үйшік»
салып, бояп бергілері келіп отыр.
Шығармашылық
жұмыс: Балалар шығармашылық жұмысын
орындап береді. Салған суреттерін тақтаға жапсырады. Қарғамен
қоштасады. Тәрбиеші балалармен құстар туралы
қортынды жасап, жақсы атысқан балаларды мадақтайды, алғысын
айтады,
№5 «Қуаныш»
балабақшасы
Тақырыбы: «Құстар -біздің
досымыз»
тақырыптық
сабақ
Өткізген : Омирсерикова
З.М.
Көкшетау 2015.
ж.