жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Құстар-біздің досымыз
Ашық сабақ үлгісі
Білім беру саласы:«Таным», «Қатынас», «Әлеуметтік орта», «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру,қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру,сурет.
Тақырыбы:Құстар - біздің досымыз!
Мақсаты:
Білімділігі:Құстар туралы, олардың тіршілігі мен пайдасы туралы түсінік беру.Үш тілді меңгеруге, бүтін және бөліктерді салыстырып, есептер құрастыруға, мүсіндей білуге үйрету.
Дамытушылығы:Балаларға сурет арқылы көрсетіп, әңгімелеу. Сенсорлық ойлау, есте сақтау қабілеттерін, белсенділігін, қызығушылығын, сөздік қорын,ой - өрісін, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі:Құстарға қамқор бола білуге, қорғауға, табиғатты сүюге, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс:Өзін - өзі тану, ағылшын тілі, орыс тілі, бейнелеу өнері.
Қажетті заттар:Қарындаш, қағаз, слайд, құстың суреттері,ұясы, жұмыртқасы, бейнетаспалар, атрибуттар, дидактикалық ойынға арналған үлестірмелі материалдар.т.б
Билингвизм: Құстар – птицы – birds
Жұмыртқа – яйцо - egg
Технология: «Тәй - тәй» жаңа инновациялық технологиясы бойынша.
Жұмыс жасайтын орталықтар:«Ғылым», «Математика», «Көркем әдебиет», «Өнер», орталықтары.
Мотивациялық қозғаушы
Балалар мен сендерді ертеңгілік шеңберге шақырамын.
Қайырлы таң алтын күн!
Қайырлы таң көк аспан!
Қайырлы таң жер ана!
Қайырлы таң балабақша!
Қайырлы таң достарым!
Балалар, «Табиғат» дегеніміз не?
Табиғатты екі топқа бөлеміз.Өлі табиғат (жер, су, топырақ,ауа, күн,жұлдыз) және тірі табиғат (адамдар, өсімдіктер, жануарлар).
Тірі табиғаттың ең көп маңызды тобы құстар болып есептелетіндіктен біздер бүгін құстар туралы айтпақпыз. Бүгінгі оқу іс- әрекетіміздің тақырыбы «Құстар біздің досымыз!» деп аталады. Сендер құстар туралы, олардың пайдасы туралы білетін боласыңдар. Балалар, тыңдайықшы бір дыбыс естілетін сияқты. (есік қағылады)
Таңғажайып сәт:(Топқа музыка әуенімен қолында балапаны бар Дымбілмес келеді)
Дымбілмес:Сәлеметсіздер ме, балалар!Мен Дымбілмеспін! Келе жатып, жолдан мына балапанды тауып алдым. Енді не істерімді білмеймін.Не істесем екен а?
Бұл балапан ұясынан түсіп қалған ғой!
Дымбілмес:Аааа, ұя деген анандай шөптен жасалған нәрсе ме, мен ондайды теректің үстінен көрдім ғой, мына балапан соның ішінде тұрады ма?
Дымбілмес: Олай болса, мен мына балапанды сол ұя дедіңдер ме? Сол ұяға барып салайын. Сендерге көп рахмет! Сау болыңдар! (Дымбілмес кетіп қалады)
Ситуациялық сұрақтар:
Балалар, балапандар ұясынан құлап түссе не істеуіміз керек?
Бұзақы балалар құстың ұясын бұзып жатса, не істейсіңдер?
Балалар, сендер құстар туралы тақпақ білесіңдер ме?
Балалар, мен сендерге, жұмбақ жасырайын.
Жұмбақ: Тұмсығы қашау,
Кәсібі үй жасау.
Өз атын ғана біледі,
Соны айтумен жүреді.
Осы ай қалай алалады?
Дұрыс айтасыңдар, сәуір айын көкек ай деп те атайды.
Бүгін біз әр орталықтан құстардың адамға қаншалықты дос екенін білетін боламыз. Қазір біздер орталықтарға бөлініп, жұмысымызды жалғастырамыз. (Балалар өз қалаулары бойынша әр орталықтарға бөлінеді)
Іздену ұйымдастырушы
«Ғылым» орталығы
Қазақ халқы ежелден құстарға әуес болған, оларға деген шексіз сүйіспеншілігін дәріптеп, жақсы көретін адамды құстарға теңеу арқылы ықыласын білдірген. Мысалы: халық ішінен шыққан саңлақ ұлдарын - сұңқарға теңеген, әдемі ән айтқан әншілерін - бұлбұлға, сұлу қыздарын – аққуға теңеген.
Балалар, құстарды екі топқа бөлеміз.
Олар:
Үй құстарына – тауық, әтеш, үйрек, күрке тауық, қаз жатады.
Дала құстарына – сауысқан, бұлбұл, аққу, тырна, қарлығаш, торғай, бүркіт т.б жатады.
Жабайы құстар табиғатта өз алдында тіршілік етеді.Құстардың пайдасы өте көп.Олар табиғаттың байлығы саналатын ағаштарды, өсімдіктерді зиянды жәндіктерден тазартады.
(сурет арқылы құстың бейнесімен ашу) Құстар бір орында тұрмайды. Олар бір жерден екінші жерге ұшып –қонып жүреді. Олар балапандарын жауларынан қорғайды. Барлық құстарға ортақ қасиет – олар ұшады, қанаттары, мамықтары, бәрінің тұмсықтары бар.Олар жұмыртқалайды, балапан басады. Айырмашылығына келсек, құстардың дене көлемі, пішіні, тұмсығы, түсі, дыбыстары, тіршілік етуі бір – біріне ұқсамайды. Құстар өте пайдалы. Олардың етін, жүнін, мамығын, жұмыртқасын адамдар керегіне пайдаланады. Біздер үш тілді меңгеріп жатқандықтан, үш тілде айтайықшы.
Құстар – птицы – birds (Бёдс)
Жұмыртқа – яйца – egg (игг)
Слайд арқылы көрсету.
Құстар біздің досымыз.Біз оларға қамқор болуымыз керек. Құстар бізге не береді?
Олай болса, сол жұмырқа арқылы біз бүгін кішкентай ғана әтештің бейнесін жасап үйренеміз. Табиғи материалдар мен қажетсіз нәрселерді қолданамыз. Балаларға тәрбиеші әтештің жасалу жолдарын үйретіп, жасатады.
Балалар, барлығымыз бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті ( «Шөжелерім» әні әуенмен)
Бақтың ішін аралаңдар,
Сендерге ашып алақандар.
Сары ауыз шөжелерім,
Аппақ - аппақ балапандар.
Ай менің балапаным,
Ой, менің дарақаным.
Ай,менің балапаным,
Аралашы далақаным.
Бал, бал балапаным,
Кел,кел балапаным,
Кел, кел, балапаным,
Би билеші балапаным.
Жарайсыңдар!
Бойымыз сергіп қалды ма?
Олай болса,
жұмысымызды әрі қарай жалғастырайық.
Балалардың жұмыстарын бағалау.
Дидактикалық ойын: «Балапандар»
Мақсаты: Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, зейінділікке тәрбиелеу.
Ойынның шарты: Қай құстың балапандары екенін табуып, сол қорапшаға салу керек.
Үй құстарына – тауық, әтеш, үйрек, күрке тауық, қаз жатады.
Дала құстарына – сауысқан, бұлбұл, аққу, тырна, қарлығаш, торғай, бүркіт т.б жатады.
Балалар ойын шарты бойынша балапандардың анасын тауып орналастырады
Рефлекс
ті коррекциялау
шы
Викториналық сұрақтар:
- Тал басында бір үй бар?
- Хат тасушы құс?
- Қай құста мүлде ұя болмайды?
- Аң аулайтын құс?
- Торғайдың жүрегі минутына неше рет соғады?
- Балабақша ауласына қанша ұя жасадық?
Қорытындылау.
Балалар, жұмысымызды аяқтап болсақ, барлығыңызды «жүректен жүрекке» шеңберіне шақырамын.
Шеңбер құрып, «жүректен жүрекке» шеңберін жасайды.
Балалар бір - біріне балапанды ұсыну арқылы құстарға деген сүйіспеншіліктерін білдіреді.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Құстар туралы, олардың тіршілігі мен пайдасы туралы біледі, бүтін және бөліктерді салыстырып, мүсіндей біледі.
Игереді: құстар туралы жалпы түсініктері болады.
Меңгереді: құстарға қамқор болуды.
Топ: 2 кіші топ.
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта. Көркем әдебиет.
Тақырыбы: А.Бақтыгерееваның «Құстар – біздің досымыз» өлеңі.
Мақсаты: құстардың тіршілігіне қолайлы жағдай туғызу негізінде мейірімді, қайырымды және басқа да игі қасиеттерді бойларын сіңіру. Құстарға қамқоршы болуға тәрбиелеу. Құстар туралы нақты білімдерін арттыру.
Көрнекіліктер: дидактикалық ойындарға қажетті суреттер.
Қостілділік компонент: қорғау-защищать, жем-корм, балапан-цепленок.
Іс әрекет кезеңдері |
Педагогтың іс әрекеті |
Балалардың іс әрекеті |
Мотивациялық –қозғаушылық |
«Ой қозғау» шаттық шеңбері. Шеңберге тұрғызып айтқанын жалғастыруды ұсынады. Мен құстарға...... Құстарға жем.... Егер де балапан құлар қалса,........ |
Шеңберге тұрып ойды балғастырады.
Тиіспеймін Шашамын Мен оны ұясына саламын. |
Ұйымдастырушылық -ізденушілік |
А.Бақтыгерееваның «Құстар – біздің досымыз» өлеңін оқып береді. Сұрақтар қойып талдатады. Құстарға не істеуге болмайды? Неге торғай мекендеп қалды? Сергіту сәті Орнымыздан тұрайық Құстай қанат қағайық Бір отырып, ьір тұрып, Орнымызды табайық Шығармашылық сәт Дайын қима қағаздардан құстарға ұя құрастырады. |
Мұқият тыңдайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Өлеңді бірге айтып сәйкес қимылдар жасайды.
Қағаздан ұя құрастырады. |
Рефлексия лық –түзетуші лік |
«Келіңдер көріңдер» көрмесі арқылы қорытындылайды. Жақсы жасаған балаларды мадақтап, сабақты аяқтайды. |
Көрмеге жұмыстарын қойып тамашалайды. |
Күтіліетін нәтиже:
Білуі керек: құстар жайлы тыйым сөздерді.
Игереді: құстардың маусымдық тіршілігін, оларды күтуді.
Біледі: қағаздан ұя жасауды.
Тақырыбы:«Құстар — біздің досымыз»
Мақсаты:
1) Білімділік: құстарды туралы түсінік беру, олар туралы білімдерін тереңдету.
2) Дамытушылық:құстардың атын атай отырып,олардың пайдасы жайлы,бейне таспадан ертегіні көре отырып сөздік қорын,ой-өрісін,ойлау,есте сақтау қабілетін дамыту.
3) Тәрбиелік: құстарға деген сүйіспеншілік сезімге , қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.
Алдын ала жұмыс: Құстар жайлы тақпақтар, сабаққа сай сергіту жаттау.
Керекті құралдар: Суретті үлгілер,проектор,компютер, магнит тақтасы.
Әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру,анимациялық бейнетаспа көрсету. сурақ-жауап,Венн диограммасыТірек сызбасы.Үй және дала құстарының суреттері. Мадақтау, қортындылау.
Керекті құралдар: Суретті үлгілер,проектор,компютер.
Оқу қызметінің барысы:
Тәрбиеші: Балалар, қане, барлығымыз шаттық шеңберін құрайық.
Сәлем беру салтымыз,
Оқып біліп жатырмыз.
Келген қонақ сіздерге ,
Сәлем беріп жатырмыз.
Сәлематсыздарма қонақтар,
Сәлематсыздарма апайлар.
Шеңбер болып тұрайық, алақанды ашайық.
Күннің нұрын салайық, таза ауаны жұтайық.
Жүрекке жылу салайық,жиналған жылы шуақты
Қонақтарға шашайық.
Тәрбиеші: Көктем туралы білімдерін пысықтау(Слайдпен көрсету,трек сызбасы арқылы)
Тәрбиеші: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын .Сол жұмбақты шешсеңдер алдымызда тұрған сандықтың ішінде не бар екенін білеміз- деп балаларды үстел үстіндегі сандықтағы затқа назар аудартамызЖұмбақ.
Көзім бар көремін,
Тұмсығым бар шоқимын.
Аяғым бар жүремін,
Қанатым бар ұшамын.
(Құс)
Терезеге қонған құс,асықпашы,ұшпашы.
Отыра
тұршы азғана-ай! Ұшып кетті-ау,ай-ай-ай!
Бүгінгі
сендерге тоқталып өтетін іс-қызметіміздің
тақырыбы:
«Құстар біздің досымыз!» жайлы болмақ .
Құстар бізге қалай дос?Олар бізге қалай көмектеседі? – ойлап отырған боларсыңдар.Олай болса балалар,мұқият отырып тыңдаймыз. Құстар жайлы мен сендерге көбірек тоқталып өтемін.
Тәрбиеші: құстар жайлы біз не білеміз. Біздің елімізде өздерің білетін қандай құстар бар?
Балалардың: жауаптары
Тәрбиеші: құстар табиғаттың бір бөлшегі. Олар екіге бөлінеді.Олар үй құстары және дала құстары
.Дала құстарына мыналар жатады. Көгершін, қарға, қарлығаш, сауысқан , аққу, торғай т.б.
Ал үй құстарына тауық,күркетауық,үйрек және қаз.
Олардың ерекшеліктері мен айырмашылығын және ұқсастығын,адамға берер пайдасы туралы сендерге алдымыздағы сурет арқылы әңгімелеймін .(Слайдқа назар аударту)
Құстардың ұқсастығы көзі, қауырсыны,тұмсығы,екі аяғы, құйрығы,мойыны,құлағы ,басы,қанаты және жұмыртқасы.(Венн диограммасы арқылы)
Айырмашылығы дала және үй құстарында.
Дала құстары өз бетінше тіршілік етеді.Олар ағаш қуыстарына немесе басына,бұтақтарының арасына ұя салып өмір сүреді.Құстар дәнді дақылдармен,түрлі өсімдіктермен,жәндіктермен қоректенеді.
Үй құстары адамдардың қамқорлығында болады.
Дала құстарының пайдасы ағаштардағы зиянды құрт-құмырсқадан тазаласа,үй құстарынан біз жұмырқасын,етін ас ретінде пайдаланамыз.
Венн диограмма арқылы құстардың айырмашылығымен ұқсастығына тоқталып өту.
Ғажайып сәт. Залға екі құс ұшып кіреді.Құстар шүйкілдесіп,таласып айтысқан сыңай танытады.Ізінше Табиғат ана келіп балалармен амандасады.
Тәрбиеші: Табиғат ана таласып жатқан құстардың тілін түсінбей жатырмын, маған сіздің көмегіңіз қажет, сіздің келгеніңіз қандай жақсы болды деп, Табиғат анадан көмек сұрайды.
Табиғат ана: Қазір мен бұл құстарды сиқырлайын, тілін түсініп көрейік.
Бұлбұл:Мен бұлбұлмын, сайраймын
Даусым қандай керемет.
Ән саламын шырқаймын
Құстар маған тең келмес.
Қарлығаш:Адамзаттың жақыны
Қарлығашпын ақылды.
Көгершінмен екеуі,
Жайлайды бір шатырды.
Бұлбұл: Мен әдемі құспын, дауысым сондай керемет, ал сенің құйрығың айыр –деп мақтанады.
Қарлығаш:Менің құйрығым айыр болғанмен адамзаттың жақын құсымын-деп қарлығаш мұңаяды.
Табиғат ана: Құстарым менің сендер таласпаңдар.Әр құстың өз орны бар. Қарлығаштың құйрығы неге айыр болғанын осы ертегі арқылы көріп түсінесіңдер.
«Қарлығаштың құйрығы неге айыр» –ертегісін (бейне таспадан көрсету)
Сол бейне таспадан кейін,Табиғат анамен тәрбиешінің балаларға сұрақтары.
— Жарайсыңдар. Ендеше орнымыздан тұрып сергіп алайық.
Сергіту сәті.
Қане,қанат жазайық,қарлығаш боп ұшайық.
Ұшып-ұшып алайық,орнымызға қонайық
Қарлығаш боп ұшайық,торғай болып қонайық.
Сауысқан болып секіріп,тоқылдақ боп шоқиық.
Тәрбиеші: Енді балалар мына бізге келген Табиғат анамен ,құстарға арналған, тақпақтарымызға кезек берейік.
Гүлназ: Жібек:
Адамзаттың жақыны, Құс сұлуы аққумын,
Қарлығашта ақылды. Табиғат қөркін сыйлаған.
Көгершінмен екеуі, Мылтығын кезеп еш мерген,
Жайлайды бір шатырды. Атуға көзін қимаған.
Нұрилла: Бахытжан:
Қазым,қазым,қаңқылда Ақ тауық-ай,ақ тауық,
Көлде жүзіп саңқылда. Ақ тауық неткен қақсауық.
Жем шашайын жейсің бе? Ертемен қыт-қыттайды,
Кәмпит берші дейсің бе? Ауламыздан шықпайды.
Жоқ!Жоқ!Жоқ!
Кәмпит тәтті болмайды ас,
Арпа, бидай,сұлы шаш!
«Дауысынан ажырат» д\ойыны.
Табиғат ана: балалар мен құстарымды алып орманға кетейін деп қоштасады.
Тәрбиеші: жарайсыңдар, балалар! бүгінгі оқу іс-қызметі сендерге ұнадыма.
Балалардың : жауабы
Құстарды қорғаймыз, оларды атуға болмайды.Олар бізге дос. Оларды аялау керек.
Сабақ соңында барлығы:
Құстар біздің досымыз,бау-бақшаны қорғайды.
Ұя жасап қарсы алсақ, олар бізді қолдайды.
Осымен балалар сабағымыз аяқталды. Енді бәріміз топқа барамыз.Келген қонақтармен қоштасамыз.
Көріскенше күн жақсы! Сау болыңыз!
МКҚК №1 «Арман» балабақшасы
Алтын күз
Тәрбиешілер: Калиева Г.Д.
Айтбатырова Г.Н.
2019ж
МКҚК №1 «Арман» балабақшасы
Жасыл шырша тойы
Тәрбиешілер: Калиева Г.Д.
Айтбатырова Г.Н.
2019ж
Хаттама №1
№ 1 «Арман» бала бақшасының ата-аналар жиналысы
24.09.2019ж.
№1 «Қуыршақ» ортаңғы тобы
Жаңа оқу жылымен танысу
Бала саны: 12
Қатысқандар: 10
Күн тәртібінде:
1.2019-2020 жаңа оқу жылының мақсаты мен міндеті
Ата-аналар комитетінің төрайымын сайлау.
Мониторинг
Баланың төлқұжаты.
Жиналыс барысы:
1.Жаңа оқу жылында өтетін жұмыстармен таныстыру. Бұл сұрақта ата-аналарды жаңа оқу жылының мақсат міндетімен таныстырып өттік.Күн тәртібі және сабақ кестесімен танысады. Балабақша өмірімен, күн тәртібі және ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті мен сабақ кестесімен таныстыру.
стандарт бойынша жас ерекшеліктерінің қасиеттері және даму іскерліктерімен танысады.
2. Ата-аналар комитетінің төрайымын сайлау. Ата-аналар комитетін сайлау бойынша пікірталас жүргізеді.
Ата-аналар комитетінің төрайымын сайлау. Ата-аналар комитетінің төрайымы: Искакова Айым Кабдешовна
Ата-аналар комитетінің мүшелері: Сулейменова Айгуль Болатовна Жусанова Сауле Мухажановна сайланды.
Мониторинг бойынша айтылды. Әр бала бойынша жеке жұмыстар жүргізіледі.
Баланың төлқұжаты бойынша айтылды.
Шешімі:
. 1. Ата-аналар комитетінің төрайымы: Искакова Айым Кабдешовна
Ата-аналар комитетінің мүшелері: Сулейменова Айгуль Болатовна Жусанова Сауле Мухажановна сайланды.
2.Жиналыста қарастырылған барлық мәселелер ата-аналар мен тәрбиешілер бірге шешуге келісті.
Хаттама №2
№ 1 «Арман» бала бақшасының ата-аналар жиналысы
20.12.2019ж.
№1 «Қуыршақ» ортаңғы тобы
Бала саны: 12
Қатысқандар: 9
Күн тәртібінде:
1.
Тәрбиеші Калиева «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт
болашағы» атты баяндама оқылды.
2.
Жаңа жылға дайындық
3.
Оқу
мәселесі жөнінде. Педагогтар , логопед
маманының кеңестері
4.Әр түрлі мәселелер.
Тыңдалды:
1.
Балалабақша тәрбиеші Калиева «Ұрпақ
тәрбиесі – ұлт болашағы» атты баяндама
оқылды. Болашағымыз балалар олардың
жауапкершілігі біздің қолымызда. Сол
үшін болашағымыз туралы ойланатын
мәселе бойынша тақырып қозғады.
Шешімі:
Баяндама бір ауыздан мақұлдансын.
Жауаптылар:
ата - аналар мен тәрбиешілері. Мерзімі:
келесі ата - аналар жиналысына дейін.
2.
Жаңа жылға дайындық
жөнінде айтылды.
3.
Оқу
мәселесі жөнінде. Педагогтар , логопед
маманының кеңестері.
Оқу құралдарын толық әкелуін талап етті
Балалардың тазалығын, балабақшадан
себепсіз қалдырмай, кешікпей келуін
айтып өтті.
4.
Әр түрлі мәселелер.
Шешімі:
Жаңа жылға дайындалу.
Балалардың оқуына, тәртібіне көңіл бөлу. Балабақша тәртібін сақтау.
Ата-аналар жиналысының хаттамасы
№1 «Қуыршақ» тобы
Шаймұрат Дилияр
|
|
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген