400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Құстар біздің досымыз" 2- кіші топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға дала құстары туралы түсінік беріп, оның ішінде торғаймен жақын таныстыру. Суреттер бойынша тілдік қорын жетілдіру, есте сақтау қабілетін дамыту. Құстарға қамқорлықпен қарауға ,көмек бере білуге үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Таным» «Шығармашылық»

Білім көздері: Экология, сенсорика ,жапсыру.

Тақырыбы: Құстар - біздің досымыз . Торғай

Мақсаты:а ) Балаларға дала құстары туралы түсінік беріп, оның ішінде торғаймен жақын таныстыру.

ә ) Суреттер бойынша тілдік қорын жетілдіру, есте сақтау қабілетін дамыту.

б ) Құстарға қамқорлықпен қарауға ,көмек бере білуге үйрету.

Әдіс тәсілдері: көрсету ,түсіндіру,сұрақ-жауап , әңгімелесу, бақылау.

Қолданылатын көрнекіліктер:үн таспа ,құстардың суреті ,торғай,қарлығаш,қарға.

Сөздік жұмыс:ұя-гнездо, торғай- воробей.

1Шаттық шеңбері.

Кел, балалар ,күлейік,

Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл ашады ,

Күліп өмір сүрейік!

2Ғажаиіп сәт,үн таспа тыңдату.

Үнтаспадан құстардың даусын тыңдатамын.

-Балалар сендер ненің даусын естіп тұрсыңдар?

Балалар үнтаспадан шыққан дауысты тыңдайды, қандай құстардың даусы екенін айтады.

-Бұл құстардың даусы екен.

3Кіріспе әнгімелеу

Құстардың жылы жаққа ұшуы, көктемде қайтып келуі , ұя салуы, балапан басуы туралы айтып келіп, құстардың бірі торғайға тоқталамын

. -Торғай -кең далада тіршілік ететін әнші құс . Денесі сопақша , басы дөңгелек, тұмсығы ұшбұрышты , қанаты ұзын, сұрғылт, боз түсті болып келеді

Біз құстарды екі топқа бөлеміз.

-Суретте қандай құстар бейнеленген?

-Торғай, қарға,қарлығаш-осылардың бәрін бір сөзбен құстар деп атаймыз. Кәне , бәріміз атайық. Иә, балалар ,құстар -біздің досымыз.Құстардың адамдарға ,табиғатқа пайдасы өте зор.Ал балалар сендер құстар туралы білетің тақпақтарыңды айтыңдаршы.

Үйге кірші торғайым

Мен аяздан қорғайын.

Жем шашамын, жегейсің

Үйшік жасап берейін.


Нан қоқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар,

Теріп алып, қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.


,

4.Сергіту сәті.

Торғай,торғай торғайсың,

Таяу келіп қонғайсың

Жем шашайын тойып ал,

Шашылған нан қоқымын,

Шоқып-шоқып жинайсың!

5Үлестірмелі материалмен жұмыс.

Торғайдың ұясын көрсету

6Слаид

7 Енді торғайларға ұя жасап берейік

8 "Ұшты-ұшты" ойыны Балалар қызыға ойнайды

Балалар бүгін біз қандай құспен таныстық?

Балалардын жауабы ; Торғаймен

Біз торғайға не жасадық? Ұя

Бүгінгі оқу іс-әрекеті осымен аяқталды , барлықтарың оқу іс-әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар

Рахмет.!

Күтілетін нәтиже; Торғайды басқа құстардан ажырата біледі;

Құстардың пайдасы туралы мағлұматтарды игереді;

Құстарға қамқорлық жасау , пайдалы еңбек іс-әрекеті дағдыларын меңгереді

025.jpg



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
13 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
13021
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі