400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Құстар елі 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
әдіс-тәсілдерді алмасу мұғалімдер мен
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақтың тақырыбы: Құстар елі.

Сабақ түрі: саяхат сабақ.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік – оқушылардың құстар класы бойынша алған білімдерін тексеріп, білімдерін одан әрі жетілдіру және тереңдету, олардың ізденімпаздығын арттыру, ой өрістерін кеңейту.

б) дамытушылық – оқыту кезінде оқушылардың танымдық қабілеттерін, қызығушылығын, ынтасын, жігерін дамыту.

в) тәрбиелік – оқушылардың ғылыми дүниетанымын, тұлғаның адамгершілік қасиетін қалыптастыру.

Пән аралық байланысы: әдебиет.

Сабақтың көрнекілігі: "құстар елі" плакаты, құстар суреті, кестелер, кеспе қағаздар, Венн диаграммасы, сызбанұсқа, бағалау парағы.

Сабақтың жоспары:

1) Ой маржан

2) Ортақ белгілерін табу

3) Мақал сөздің көркі

4) Санды диктант

5) Халық ауыз әдебиеті-биологияда

6) Талдау

7) Биологиялық эстафета

8) Деңгейлік кеспе қағаздармен жұмыс

9) Жасырын суретті табу

10) Құстардың суреттеріне сипаттама беру


Сабақ бастамас бұрын оқушыларды екі ұжымдық топқа бөлемін. Бір оқушы сол ұжымның ұпайын есептеп отыратын топ басшысы болып тағайындалады. Арнайы дайындалған кестеге, оқушының біліміне қойылатын ұпайларды белгілеп отырады. Бұл сабақта Қараевтың дамыта және деңгейлетіп оқыту әдістерін қолданып отырмын. Бұл әдістің жетістігі оқушы өзін-өзі әділ бағалайды.

I. Ой маржан

I топқа ұйымдастыру сұрақтары

1. Құстар қандай типке жатады?

2. Құс қауырсынының құрылысы?

3. Құстарда тіс бола ма?

4. Құйымшақ безі қандай құстарда болады?

5. Құстарда өте жақсы жетілген сезім мүшелері?

6. Жыл құстарын ата.

7. Көнеқұс бұдан неше жыл бұрын тіршілік еткен?

8. Балапан шығару үшін жұмыртқа басатын аналық қалай аталады?

9. Құстардың ми бөліктерін ата.

10. Қосарынан тынысалуға қандай мүшелер қатысады?


II топқа ұйымдастыру сұрақтары.

1. Құстар қандай класқа жатады?

2. Құс қауырсынының түрлері.

3. Екі саусақты құстарды ата.

4. Ұша алмайтын су құсы.

5. Отырықшы құстарды ата.

6. Ілкі құс бұдан неше жыл бұрын тіршілік еткен?

7. Жер бетіндегі ең кішкентай құс?

8. Көктемде ерте ұшып келетін құс?

9. Құстарға неліктен сақиналау әдісі қолданылады?

10. Аналық құс қалай аталады?


II. Ортақ белгілерін тап.

Венн жүйесі бойынша

1 топ – Түйеқұс пен дуадақты салыстырады

2 топ – Қарға мен қарлығашты салыстырады

DrawObject1 DrawObject3 DrawObject2






III. Мақал – сөздің көркі

1 – топқа

1. Құс патшасы – бүркіт,

Аң патшасы – арыстан.

2. Аққу көлін аңсайды,

Адам туған жерін аңсайды.

3. Тауықты тойындыра алмайсың,

Қызды кейіндіре алмайсың.


2 – топқа

1. Қаз келсе – жаз келер,

Қарға келсе – қатқақ келер.

2. Сасқан үйрек артымен сүңгиді .

3. Аспандағы тырнадан,

Қолдағы бозторғай артық.


"Қане, ойланайық" жұмбақ сайысы

1 – топқа

1) Күн бата қонақтап қалғыған

Таң ата жерден жем аңдыған (тауық)


2) Ақ сарайын талқандап

Шықты біреу талтаңдап. (балапан)


3) Қос қанатын иіп ап

Жарға келіп қонады

Қара киім киіп ап

Балшықтан үй салады. (қарлығаш)


4) Қайталап атымды

Ән салып аламын

Кез келген ұяға

Жұмыртқа саламын (көкек)

2 – топқа

1) Ұшқаны қызық жалпылдап, өзі сондай қарқылдақ. (қарға)


2) Бұл не деген шебер еді

Тұмсығымен шегеледі (тоқылдақ)


3) Тіріден өлі туады,

Өліден тірі туады. (жұмыртқа)


4) Бір нәрсе екі аяқты сегіз бармақ,

Іліксе дүниенің бәрін алмақ,

Өзінің тілі бар да, тістері жоқ

Жұтады көрінгенді алмап-жалмап. (бүркіт)

IV. Санды диктант


Мекен – жайды төңіректейтін

құстар

Дала құстары

Су құстары

Орман құстары

Жыртқыш құстар

5.10

2.3

4.9.11

7.6

1.8.12


1) үкі 7) құр 2) безгелдек 8) құмай 3) тырна 9) сұңқар 4) пингвин 10) шауқарға 5) бәбісек 11) гагара 6) дүпілдек 12) сұңқар





V. Халық ауыз әдебиеті – биологияда.

Құмырсқаға "шомылған" торғай

Мені тандандырған оқиғаны айтып берейін. Дәл орманның даламен шектескен тұсында бір құмырсқа илеуіне тап болдым. Қаптап жүрген құмырсқалардың арасынан домаланған зат байқалды. Әлгі домаланған зат – кәдімгі тірі торғай. Құмырсқалар торғай қауырсындарының арасына бірі кіріп-бірі шығып өріп жүр. Мен торғайды аяп кеттім. Оны сол сәтте ақ құмырсқалардан құтқарып жібергім келді. Бір уақытта торғай илеудің етегіне қарай домалап түсті. Ол аяғы жерге тие салысымен денесін дүр сілкіндіріп, ұшып кету қамын жасады. Бірақ ол бостан – бос ұшып кетпеді, тұмсығына бір тірі құмырсқаны тістей жөнелді.

Проблемалық сұрақтар

1) Торғай тіршілігіндегі бұл құбылысты қалай түсіндіресіңдер?

2) Тірі құмырсқаны тістей ұшып кету себебі неде?


VI. Талдау

тапсырмасы: тақтада сызбанұсқа түрінде талдап, көрсетіп беру.

қDrawObject9 DrawObject8 DrawObject7 DrawObject6 DrawObject5 DrawObject4 ауырсынның түрлері қауырсынның құрылысы



VII. Ал қалған оқушылармен 2 топ арасында "биологиялық эстафета" ойыны жүргізіледі.


Құс → сұрқарлығаш → шауқарға → аққу → т.б.


VIII. Деңгейлік кеспе қағаздар

1) Құстардың сыртқы құрылысы жағынан бауырымен жорғалаушылардан несімен ажыратылады? Олардың құрылысында қандай ұқсастық белгілері бар?

2) Құстың ас қорыту жүйесі қандай бөліктерге бөлінген? Ас қорыту жүйесіндегі қандай ерекшеліктер құстың ұшуға беиімділігімен байланысты?

3) Ағашта тіршілік етуге икемделген тоқылдақ пен су жағалауында тіршілік етуге икемделген үйрек құрылысында қандай ерекшеліктер бар?

4) Жыртқыш құстарға қандай ерекшеліктер тән? Қандай жыртқыш құстарды білесіз?


IX. Жасырын суретті ашып, атау

1) Ұябасар деген кім?

2) Құстардың табиғаттағы, адам өміріндегі пайдасы?

3) Құстардың табиғаттағы, адам өміріндегі зияны ?

4) Құстардың ұшуға байланысты ерекшеліктері?


Жасырын суретте: ұя (су құсы сұқсырдың ұясы)

X. Құстардың суреттері берілген

Әрбір құстың атын атап қай экологиялық топқа жататындарын атау. Берілген құстар: алақарға, түйеқұс, жапалақ, үйрек, жабайы банкив тауығы. Әр құсты өз экологиялық тобына жабыстырады. Сонымен "құстар елі" саяхат сабағы аяқталады. Әр топты жиналған ұпай санына қарай бағалап, қай топ жеңіске жеткені аталады. Деңгей кестесіндегі ұпай сандарына қарай әр оқушы жеке бағаланады. "5" – ұпай алғандары – 3, "10" ұпай – 4, "15" ұпай 5 – пен бағаланады.


Үйге тапсырма: Құстар класын қайталау. §58 – §60






















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 желтоқсан
959
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі