Материалдар / Ашық сабақ Құстар мен жәндіктер 4 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ Құстар мен жәндіктер 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сөйлесу әрекетіне жетелейтін қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану негізінде құстар мен жәндіктер туралы толық ақпарат бере білуге машықтандыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Маусым 2020
1629
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Авторы: Картабаева Жадыра Чынарбековна

Ақмола облысы Нұр-Сұлтан қаласы №14 жалпы орта мектебі ҚММ қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

4-сынып. Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Құстар мен жәндіктер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сөйлесу әрекетіне жетелейтін қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану негізінде құстар мен жәндіктер туралы толық ақпарат бере білуге машықтандыру.

Дамытушылық: Сипаттау мәтіндері негізінде оқушылардыңқұстар мен жәндіктер туралы ой-өрістерін кеңейту.

Тәрбиелік: Қысқа мәтіндер арқылы табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, топтық жұмыс

Пәнаралақ байланыс:дүниетану

Көрнекілік: интерактивті тақта, құстар мен жәндіктердің суреттері

Ұйымдастыру кезеңі

«Шаттық шеңбері» тренингі

Балалар ортаға шығып, шеңбер құрып, бір- бірінің қолдарын ұстап тұрады.

Бір- бірімізбен амандасамыз.

-         Сәлеметсіз бе, ашық аспан!

-         Сәлеметсіз бе, күннің көзі!

-         Сәлеметсіздер ме, құстар мен жәндіктер!

-         Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар және оқушылар!

Осы көңіл күймен сабағымызды бастайық.

Түрлі-түсті қағаздар арқылы 2 топқа бөлу.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Жаңа сабақ

Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Құстар мен жәндіктер».

  • Қандай құстарды білесіңдер? (тоқылдақ,бозторғай,аққу,бұлбұл,қарлығаш,үкі,жапалақ,сауыс-қан,үйрек,қаз)

  • Қандай жәндіктерді білесіңдер? (инеліктер, маса, шыбын, тарақандар, көбелектер, шегіртке, ара, қоңыз)

Суретте берілген құстар мен жәндіктерді ата.

Жаңа сөздер:

бозторғай- жаворонок

немқұрайды – безразлично,халатно

шөлден – из пустыни

тарғыл – рябой,пестрый

арамшөп - сорняк

Мәтінмен жұмыс. Берілген мәтінді оқып « Қабырғадағы рөл» әдісі арқылы топпен жұмыс жасайды, қорғайды.

Құстар тобы.

Құстар табиғаттың керемет тіршілік иелері. Құс – біздің досымыз. Құстар табиғатқа сән береді. Олар өте әдемі. Кейбір құстар далаға салқын түскенде жылы жаққа ұшып кетеді. Күн жылығанда қайта ұшып келеді. Құстардың кейбірі адамға дос. Соның бірі қарлығаш. Ол адамдарға жақсылық ойлайды. Ол ұясын ауланың жанына салады. Қараторғай да өте сүйкімді, кішкентай құс. Ал аққу маған ерекше ұнайды, ол - өте әдемі құс. Оны киелі құс деп айтады. Аққуды атуға болмайды. Балалар, құстарға жем шашып, қамқорлық жасауымыз керек. Құстардың ұясын бұзып, жұмыртқасын жарудан аулақ болуымыз керек. Құстарға ерекше қарап, қорғап жүрейік, достар! Өйткені құстар- біздің досымыз

Жәндіктер тобы.

Біздің планетамызда көп кездесетін тіршілік иесі-жәндіктер.Олар кішкентай және әр түрлі болады. Жәндіктердің өмірі өсімдіктермен тығыз байланысты. Олар өсімдіктердің жапырағымен, тамырымен, жемісімен,бұтағымен қоректенеді. Қоңыздар мен көбелектер, аралар мен инелер,тарақандар мен өрмекшілер, құмырсқалар мен шегіртке-лер – осылардың бәрі кішкентай тіршілік иелері.Кейбір жәндіктердің адам денсаулығына тигізетін пайдасы зор. Мысалы: өрмекшінің өрмегі қаны тоқтамаған жараға ем. Араның балын жаңғаққа араластырып қан айналымын жақсарту үшін пайдаланады.

Сергіту сәті

Сергіту жаттығуын жасаймыз.

Кітапта берілген 3-тапсырманы орындаймыз.

«Тыңдайық және оқиық» айдарында оқушыларға жұппен жұмысұсынылады. Екі көрші жұп болып А және Ә оқушыларына бөлініп,мәтіндерін біріне-бірі оқиды.А оқушы өз мәтінін оқыған сәтте Ә оқушы өзінебөлінген мәтінін толықтырады. Ал Ә оқушы оқыған сәтте, А оқушы өз мәтінін толықтырады. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар өзінің мәтінінен өзге мәтінді ақ парақпен жауып отырады. Тек өзіне ғана тиесілі мәтінмен ғана жұмыс істейді. Осы тапсырма бойынша ұсынылған А оқушысының мәтінінде бар мәлімет Ә оқушысының мәтінінде болмайды, керісінше Ә оқушысының мәтініндегі ақпарат А оқушысында әдейі берілмейді.

«Оқиық және жауап берейік» айдарында оқушылар сұрақтарға жауап береді.

1. Бозторғайды біз кейде қалай атаймыз?

2. Қазақстанда бозторғайдың неше түрі бар?

3. Бозторғай ұясын қайда салады?

4. Бозторғай қандай жерлерде мекен етеді?

5. Бозторғай немен қоректенеді?

Мұғалім ауызша комментарий береді. «Жақсы! Тамаша! Керемет!

«Адасқан сөздер» ойыны. Шарты: берілген сөздерден сөйлем құраймыз.

1. Қараторғай, кішкентай, да ,өте ,сүйкімді, құс

2. Күн, ұшып, қайта, келед,і жылығанда

3. ұясын, Ол, жанына, ауланың ,салады.

4. адамдарға, ойлайды, жақсылық, Ол

5. өсімдіктермен, өмірі, байланысты, тығыз, Жәндіктердің

6. Кейбір, тигізетін, денсаулығына, жәндіктердің, пайдасы, зор ,адам

7. әр түрлі, кішкентай, және ,болады, Олар

8. Мысалы: өрмегі, қаны ,өрмекшінің ,жараға, тоқтамаған, ем

Есте сақтайық! айдарында топтау сан есімнің жазылуы мен

айтылуына және қолданысына ерекше мән беру көзделеді.

Топтау сан есім заттың санын топтап көрсетеді.Қаншадан? Нешеден?

деген сұрақтарға жауап береді. Топтау сан есімі есептік сан есімге

және жинақтық сан есімге шығыс септік жалғауының жалғануы

арқылы жасалады. Қосарланып айтылған сан есімдер дефис

арқылы жазылады.

Мысалы: Бозторғайлар екеуден немесе алтаудан жұмыртқа салады.

Бозторғайлар екі-екіден немесе алты-алтыдан жұмыртқа салады.

Жеке жұмыс.

Суретке қара. Құстар мен жәндіктер нешеуден топтасқан?



1. Қоқиқаздар екі-екіден тұр.

2. Аққулар үнемі екеуден жүреді.

3. Тауықтар ... жайылып жүр.

4. Құмырсқалар ... бірігіп, жауынқұрт тасып жүр.

5. Тырналар ... бөлініпті.

6. Бозторғайлар ... ағашқа қонып отыр.

Қорытындылау: Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақты қорытындылау.Бүгін біз сендермен құстар мен жәндіктер туралы не білдік?

Бағалау: «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау.

Үйге тапсырма: жұмыс дәптері 37-бет, 1,2-тапсырма

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!