400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Құстар қайтып келеді" мектепалды даярлық сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
материал мектепалды даярлық сыныпқа аранлған сабақ жоспары. Тәрбиешілерге ойындар мен әдіс тәсілдерді өз тәжірибесінде пайдаланса болады
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ: Жаратылыстану

Мектеп: «Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектебі»

Күні: 19.03.2018

Мұғалімнің аты-жөні: Қожахметова Перизат

Сынып: 0 «л»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:Құстар қайтып келеді



Осы сабақты меңгеруге көмектесетін оқу мақсаттары

Жыл құстары көкек, қарлығаш тіршілік әрекетімен таныстыру.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: Құстың не екенін біледі

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: құс атауларын біледі

Кейбір оқушылар орындай алады: құстар тіршілігін біледі

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады. өз ойларын еркін жеткізе біледі, суретке сөйлем құрай алады, тапсырмаларды орындайды


Алдыңғы оқу

Өсімдіктердің өсіп, өну кезеңдері

Жоспар

Сабақ кезендері

Сабақ жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

Ресурстар

Басы

7 мин






Шаттық шеңбері

Алақанды ашайық

Күннің нұрын салайық

Таза ауадан салайық

Жүрекке жылу салайық

Топқа бөлу. «мозайка» әдісі

Жыл мезгілдерінің суретін құрастыру арқылы үш топқа бөлінеді

Үй тапсырмасын пысықтау. «Сұрақ-жауап» әдісі











Жыл мезгілдерінің бөліктері

Ортасы

30мин














Жаңа сабақ. Ой қозғау.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-көктем айларын атаңдаршы

-Бұл ненің дауысы?

-олай болса бүгінгі іс әрекетімізде құстармен танысамыз.

«атауын тап» ойыны.

Шарты: балалардың алдына құстардың суреті беріледі. Балалар сол құстардың атауын атайды.

«Ажырат» ойыны.

Шарты: балалар алдарындағы құстардың суретінен үй құсы мен дала құсын ажыратады.

Енді мен сендерді құстардың бірнешеуімен таныстырамын.

Бүркіт-биікке ұшады,денесі үлкен. Бүркіт ұшып келе жатып, өз азығын табады, етті жақсы көреді.

Бүркітті құс бегілер қолда үйретеді.

Мынау-тоқылдақ. Ол ағаш қабығындағы құрттарды тауып қоректенді. Ол құс орман емшісі.

Қарлығаш құсы құрт-құмырсқамен қоректенеді. Қарлығаш көктемде келіп көбінесе үйге ұя салады. Қарлығаш жайлы ертегі білесіңдерме?

Сергіту сәті

Бүркіт болып самғайық

Қарлығаш боп ұшайық

Сауысқан болып саңқылдап

Торғай болып қонайық

Тапсырма

І-топ қима сретпен жұмыс

ІІ-топ жасырынған тоқылдақтың суретін тауып боя

ІІІ-топ ағаштың суретін сал

«өз орындарына орналастыр» ойыны

Үйдің суретіне үй құстарын, тоғай суретіне дала құстарын жапсырамыз.













Құстар суреті









Бүркіт суреті



Тоқылдақ суреті



Қарлығаш суреті







Қима суреттер

Тоқылдақ бейнесі



Үй,тоғай,құстардың суреті

Соңы

3мин

-балалар бүгін біз не туралы әңгімелестік?құстар неше топқа бөлінеді?

-қандай көңіл-күйдесіңдер?

-көңіл күйлеріңді осы жымиғыштар арқылы мына тақтаға жапсырайық.







Смайликтер





Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыстар.

Денсаулық пен қауіпсіздік


Оқушыларды қолдау мақсатында «Жарайсың!», «Өте жақсы!» деген сөздерді қолданамын.

Смайликтер, бас бармақ


Ертегілер елінде, сурет салу.


Рефлексия

Оқытудың/сабақтың мақсаттарына қол жеткізілетіндей болды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?



Уақыттық кестені ұстандым ба?

Жоспардан қандай ауытқушылықтар жасадым және неліктен?



Ия сабақ мақсаты мен міндеттері орындалды.

Оқушылар оқу мақсатында жоспарланған жаттығуларды жасай білді. Сабақ түсіну, білу қолдану мақсаты бойынша берілген деңгейлі тапсырмаларды орындады.

Уақыт тиімді пайдаланды.

Сабақта жоспарған жоспарда еш қандай өзгерістер енгізілмеді.

Қорытынды бағалау


Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

  1. Оқушылар өте белсенді қатысты

  2. Оқушылардың құстарға деген қызығушылығы артты


Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпал тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

  1. Жекелей жұмыс тапсырмаларын пайдалансам

  2. Әдіс-тәсілдерді одан көп пайдалансам


Келесі сабақта өз жоспарыңызға қандай өзгерістер енгізген болар едіңіз?

1. Келесі сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыратын әдіс-тәсілдерді қолдану

2. Жаратылыстану пәніне деген қызығушылығын арттыру.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
1204
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі