400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Құстарға жем салғыш жасаймыз" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш пән мұғалімдеріне керек материал. Материал өте құнды. 2-сынып оқу бағдарламасынан алынған.Жаңартылған бағдарлама бойынша жазылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1 – бөлім: Қоршаған орта


Мектеп: №24 жалпы орта мектеп

Күні: 08.11.

Оқытушының аты-жөні: Іңкәрбекова А

СЫНЫП: 2 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:



Құстарға жемсалғыш жасаймыз.

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)



2.2.1.1 Қоршаған ортадағы белгілі бір визуальды элементтерді әртүрлі тәсілдер және құралдармен бейнелеу.


Сабақтың мақсаттары





  • Барлық оқушылар: тақырып бойынша берілген тапсырмаларды орындай алады.

  • Оқушылардың басым бөлігі: құстардың түрлерін ажыратып, өз ойларын анық жеткізеді.

  • Кейбір оқушылар: оқулықтан тыс тапсырмаларды орындай біледі.

Бағалау критерийлері:




  • Берілген тапсырмаларды орындай алу.

  • Өз ойларын анық жеткізу.

  • Оқулықтан тыс тапсырмаларды орындай білу.

Тілдік мақсаттар:









Пішін – форма - The form

Жем – подача - under

Көбік полистиролы –пенопласть - foam

Желім – клей - glue

Пластмасса – пластмасса - plastic



  • Тақырып бойынша берілген сөздіктердің орыс, ағылшын тіліндегі аудармасын меңгерту.

Құндылықтарға

баулу

  • Табиғатты қорғауды, тазалықты сақтауды меңгерту.

  • Құстарға қамқорлық танытудың жолдарын білдіру.

  • Жемсалғыш жасау арқылы құстарға деген сүйіспеншіліктерін ұлғайту.


Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, жаратылыстану, орыс тілі, ағылшын тілі.

Алдыңғы білім



Монотапия жасаймыз.

Сабақтың барысы

Жоспар

ланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер (төмендегі жазбаларды өзіңіздің жоспарлаған әрекеттеріңізбен алмастырыңыз)

Ресурстар

Басы

5 минут


  • Құстар бейнеленген карточкалар ұсыну.Оқушылар таңдаған құстарға сай топтарға бөлінеді.

1 – топ: аққулар

2-топ: қырандар

3-топ: қарлығаштар.

  • Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Көрші»

Мақсаты: оқушылар өз сыныптастарының жағымды қасиеттерін айта білуге үйрету. Оқушылар шеңберге тұрып көрші (жанындағы) сыныптасының ең жақсы үш қасиетін атауы қажет. Көршілер бір-біріне қарап жағымды қасиеттерін айтып, бір-біріне жағымды көңіл-күй сыйлайды.

Құстардың суреттері








Баяу музыка қосылады.






Ортасы

20 минут


































2 минут



Білу және түсіну. Жемсалғышты әртүрлі материалдар мен заттардан жасауға болады. Пластмассадан жасалған бөтелке, стақан, ыдыстарды пайдалануға болады. Жемсалғыш арқылы құстарға жем беріп тамақтандыра аласыңдар. Оны жасау үшін мына шарттарды есте сақтаған жөн:

  1. Үлкендерден пластмассадан жасалған бөтелкенің жанын кесіп беруді және екі жағын тесіп беруді сұра.

  2. Оған жіп өткізіп дән шаш.

Осы шарттарды дұрыс орындаса жемсалғыш дайын болады.

Жемсалғыш жасауда ескерілетін қауіпсіздік ережелері:

  1. Пластмассадан жасалған бөтелкені үлкендерсіз қиюға болмайды.

  2. Жұмыс жасау барысында құрал – жабдықтарды мұғалімнің айтуынсыз қолдануға болмайды.

  3. Құрал-жабдықтарды пайдалану барысында қатты сөйлеп өзге оқушылардың назарын аударуға болмайды.

(ТЖ) 1-Аққулар тобы: Ұша алмайтын құстарды ата және суреттерін көрсетілген сандар ретімен салып боя.


2- Қырандар тобы: Үй құстарын ата және суреттерін көрсетілген сандар ретімен салып боя.


3- Қарлығаштар тобы: Қыстайтын құстарды ата және суреттерін көрсетілген сандар ретімен боя.


Сергіту сәті

«Ақ көгершін» әнін хормен айтады.



Бағалау критерийі

Дескриптор

Ұша алмайтын құстарды ажырату


Үй құстарын ату.

Қыстайтын құстарды топтау.

Ұша алмайтын құстарды атап ажыратады.

Үй құстарын атайды.

Қыстайтын құстарды топтайды.






Оқулық











Пластмассадан жасалған бөтелке, қайшы, дән.









Сандар ретімен берілген суреттер.











Аудио запись

Соңы

10 минут





«Синтез» әдісі:

Құстар туралы тағы қандай қызықты мәліметтер білесің?

Өзіңе ұнайтын құстарды ата?

Ол құстар сені несімен қызықтырады?






Бағалау

3 минут

«Білім ағашы» кері байланыс

Оқушылар тақырыпты түсінсе ағашқа жасыл түсті жапырақты жабыстырады. Түсінбесе сары түсті жапырақты жабыстырады.

Жасыл және сары тустен жапырақ қиындылары.


Жұмысты аяқтау.


Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік ережелері

АКТ

Құндылықтар мен байланыс


Қабілеті жоғары оқушыларға күрделенген оқулықтан тыс тапсырмаларды дайындап беремін.




Тапсырмаларды қандай деңгейде орындағанына назар аударамын. Жаңа сабақты қалай меңгергенін сұрақтар қою арқылы тексеремін.

Дүниетану, жаратылыстану, орыс тілі, ағылшын тілі.

Жемсалғыш жасауда ескерілетін қауіпсіздік ережелері:

  1. Пластмассадан жасалған бөтелкені үлкендерсіз қиюға болмайды.

  2. Жұмыс жасау барысында құрал – жабдықтарды мұғалімнің айтуынсыз қолдануға болмайды.

  3. Құрал-жабдықтарды пайдалану барысында қатты сөйлеп өзге оқушылардың назарын аударуға болмайды.


Рефлексия

Сабақтың мақсаттары өз мақсатына жетті. Оқушылар жемсалғыш жасауды үйренді. Құстардың түрлерін ажырата білді.

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:


2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:


2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

1:


2:


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
67 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
5973
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі