400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Қуаныш – жан шуағы" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныпта өзін-өзі тану сабағынан сабақ беретін мұғалімдерге керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: «Балқаш қаласы ЖББ №16 лингвистикалық бағыттағы орта мектебі» КММ

Күні:

№12. Тақырыбы : Қуаныш – жан шуағы

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: бәрін жақсы көру, ақкөңілділік, бауырмалдық, мейірімділік

Мұғалім: Абильдинова Саягуль Култаевна

Сынып: 4 «Е»

Оқушылар саны: 18

Ресурстар:слайд, оқулық, дәптер, мультфильм, музыка, үлестірмелі материалдар

Сабақтың мақсаты: оқушыларға адам өміріндегі сүйіспеншіліктің рөлі туралы түсініктерін тереңдету және құндылық ретінде мәнін ашу.

Сабақтың міндеті: өмірдің бар жақсылығының негізі «бәрін жақсы көруде» екенін түсіндіріп, оларға осы ұғым туралы мағлұматтар беріп, оны меңгерту.

Бауырмалдыққа баули отырып, өзара жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
Ақкөңілділікке, мейірімділікке тәрбиелеу


Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі . Оқушылармен амандасып, сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтағы жағымды күй. Баяу сазды әуен үнімен оқушылар тыныштық сәтіне дайындалады. «Орманға саяхат»

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Балалар сендер үйде В. А. Сухомлинскийдің «Балалардың көз қуанышы» атты әңгімесін оқып келдіңдер.

- Мәтінде қай мезгілі бейнеленген?

- Көктем мезгілі бейнеленгенін қандай сөйлемдерден аңғардың?

- Мәтінде кім туралы айтылған?

- Ол не істеп отыр? Оның көңіл-күйі қандай?

- Кішкентай баланы кім байқады? Ол не істеді?

- Кішкентай баланың көңіл – күйі қалай өзгерді?

- Кішкентай бала табиғаттың сұлулығын неліктен байқамады?
- Сенің ойыңша қарт балаға не айтуы мүмкін?
- Айналадағы әсемдікке көңіл аударуына не әсер етті?

- Көңіл-күйінің өзгеруі мен айналадағы әсемдіктің арасында қандай байланыс бар?

- Сол жылап отырған баланың қасынан сен өтіп бара жатсаң сен не істер едің?

Оқушылардың жауаптары тыңдалады.
- Балалар дұрыс айтасыңдар! Бала жылап тұрғандықтан, айналасындағы табиғат сұлулығына да көңіл аударған жоқ. Қуаныш сезімі жүрегіне ұялаған сәтте оған жан-жағы, айналасының бәрі әсем де әдемі боп көрінді. Барлық адамдар, табиғат, айнала бәрі-бәрі онымен бірге қуанып тұрған секілді. Баланы қуанта білген қарт та қандай бақытты!
Бізде көңілді, қуанышты, күлімдеп жүру үшін өзгелерге, айналамызға қуаныш сыйлай білуге тиіспіз

ІІІ. Жағымды ой пікір Дәйексөзді дәптерге жазып алып, жатқа айтамыз.
«Қуаныш-өмір шаттығы»

  • Қуаныш деген сөзді қалай түсінесіңдер?

  • Сен қуанышқа бөленгенде қандай көңіл- күйде боласың?

  • Қандай адамның көңіл-күйі жоғары болады? Неге?

  • Көңіл - күйі жоғары адамның өмірі қандай болады деп ойлайсың?

  • Қуанышты көңіл күй адамның оқуына, еңбегіне, істеген ісіне қалай әсер етеді деп ойлайсыңдар? Неге?

Оқушылардың жауаптары тыңдалады. Балалардың жауаптары дәйексөздің түсіндірілумен толықтырылады.
- Күлімдеп, ақжарқын жүретін адамның көңіл-күйі үнемі жоғары болады. Ал ондай көңіл-күй жаныңды сау етеді. Жаның сау болса, денің сау болады. Денің сау болса жақсы еңбек ете аласың. Жақсы еңбектің нәтижесінде адамдар бақытты, молшылықта өмір сүреді. Сол себепті де халық даналығында «Қуаныш-өмір шаттығы» деп айтқан болатын.

Сергіту сәті.(Өлең жолдарында берілген сөздерге байланысты қимыл-қозғалыспен айтылады.)
Шаршадым «Уһ!»дедім,
Ренжідім «Туһ!» дедім,
Қорықтым «Ой!» дедім,
Өкіндім «Аһ!»дедім,
Шарасыз «Еһ!» дедім,
Таңырқап «О!» дедім,
Кейідім «И!» дедім,
Біліп ап «Е!» дедім,
Қуанып «Ха-ха-ха!» дедім

ІҮ. Мұғалімнің сыйы.
Мультфильм көрсету. Режиссері Стелла Аристакесова, балаларға арналған «Союзмультфильм» («Просто так») «Жай әншейін»

Сұрақтар: (мультфильмді көргеннен соң қоямын )

  • Мультфильмдегі кейіпкерлерді атаңдар. Басты кейіпкері кім? Оның көңіл - күйі қандай?

  • Мультфильмдегі басқа кейіпкерлердің көңіл - күйлері қандай болды?

  • Олардың көңіл-күйлерінің өзгеруіне кім және қалай әсер етті?

  • Қуанышқа кенелген жан –жануарлар басқаның мұңына қалай қарады?

  • Олар өз қуанышымен бөлісе алды ма? Қалай?

  • Ұл баланың орнында болсаңдар сеңдер не істер едіңдер?

Сұрақ:

  • Адамды, айналаңдағыларды қай уақытта, қандай жағдайда болмасын қуантуға бола ма?

  • Сендер өз бойларыңнан сондай әрекеттерді байқадыңдар ма? Естеріңе түсіріп айтып беріңдер.

Ү. Шығармашылық жұмыс

1.Тапсырма Ойын-жаттығу «Көршіңе қуаныш сыйла»
Оқушыларға әдемі етіп жасалған түрлі гүлдің, жүрекшенің, көбелектің кескіндері таратылып беріледі.
Олар оның екінші бетіне қатар отырған сыныптасын қуантатын сөздер жазып, жария етеді және сыйға тартады.
Ойын-жаттығу соңында оқушылар өз әсерлерімен және сезімдерімен бөліседі.
Бір-бірін бес рет шапалақ соғумен мадақтайды.

2. Тапсырма . Дәптермен жұмыс
Дәптерде берілген күннің шуақтарына естеріңде ұзақ сақталған қуанышты күндерің туралы жазыңдар.

ҮІ. Топпен ән айту

ҮІІ. Үй тапсырмасы ? беттегі «Мақтаншақ жолбарыс» ертегісін оқып, өз ойыңды айтуға дайындалып келіңдер.

ҮІІІ. Сабақтың қорытындысы

Тыныштық, тыныштық, тыныштық,

Тыныштық бар жерде

Тыныштық, тыныштық, тыныштық,

Бүкіл әлемде.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 қараша
604
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі