жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Қуаныш мерекесі"
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеттің технологиялық картасы
Білім беру саласы:
Ұйымдастылырған оқу-іс әрекет түрі:
Тақырыбы: Қуаныш мерекесі.
Мақсаты: Балаларды айналасындағы адамдарға қуаныш пен бақыт сыйлай алуға үйрету. Әдептілік дағдыларын дамыту; сиқырлы, әдепті сөздер қорын байыту. Сыйластыққа құрметтей білуге тәрбиелеу.
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы
|
Шаттық шеңбері. Балалар мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Өзіммен бірге мына әсем күнбағыс гүлін ала келдім. Қазір осы гүлді бір-бірімізге бере отырып, әдемі сөздер айтайық. (Тәрбиеші бастайды, ал балалар рахмет айтып әрі қарай жалғастырады).
|
Азамат, сен маған өте ұнайсың. Әйгерім, сен сондай әдемісің. Мәдениет, сен өте ұқыптысың.т.с.с.
|
Іздену-ұйымдастырушы
|
Әңгімелесу. Жарайсыңдар, балалар. Ал сендер әдемі, жақсы сөздер естігенде не сезіндіңдер? Балалар мына суретке назар аударыңдаршы. Бұл суреттегі бала қандай және неге деп ойлайсыңдар?
Ал сендер бұл баланың көңілін аулап, көтеру үшін не істер едіңдер? Ол үшін мына үстел үстінде жатқан заттардың, осы балаға қажетті дегенін алып берейік.
Ал енді қараңдаршы бұл бала қандай? Сергіту сәті. -Ал адамның көңілін әсем ән айтып та көтеруге болады. Олай болса бізде әсем ән айтып, мына отырған қонақтардың көңілін көтерейік. Балалар бұл әнді орындаған кезде сендер қандай сиқырлы сөздер айттыңдар? Ал Мади бізге сиқырлы сөздер бар тақпақ оқып бермекші. Ал енді өзіміздің көңілімізді көтеріп ойын ойнайық. Дидактикалық ойын «Қуанышты күн». Сахналау. Ал енді, балалар мен сендерге жағдаятты сахналап, жалғастыруды сұраймын. Автор: Жексенбі күні еді. Анасы: Тоғжан, Мәлике маған дастархан әзірлеуге көмектесіңдерші? Автор: Тоғжан мен Мәлике ыдыстарды қойып көмектесе бастады. Әкесі: Әсет үйге су әкелші, азайып барады. Автор: Әсет шелектерді алып суға кетті. Ал кішкене Дидар қонақтарға арналған тортты алып, жерге түсіріп алды. -Ары қарай не болды деп ойлайсыңдар? -Дидардың істегені дұрыс па? Шығармашылық жұмыс. Ал енді бізде балалар келген қонақтарды құр қол жібермей, оларға арнап дәмді бәліш дайындап берейік. |
Маған әдемі сөз айтқанда мен қуандым. Ал мен жылы сөз естігенде көңілім көтерілді. Ал мен өзімді бақытты сезіндім.
Мен ойлаймын бұл суреттегі бала ренжіп тұр деп, себебі онымен ешкім ойнамайды. Ал менің ойымша бұл бала көңілсіз, өйткені ол өзінің ойыншығын сындырып алды. Бұл бала мұңайып тұр, себебі ол анасына барғысы келеді. (Балалар үстел үстінде жатқан заттарды бір-бірлеп алып, айта отырып береді). Балалардың жауаптары. -Мен оған мұңаймасын деп кәмпит беремін. -Ал мен оған көңілденсін деп ойыншық машина сыйлаймын. -Менде енді ол ренжімесін деп оған кітап сыйлаймын. (Үстел үстінде пышақ, үтік, қайшы қалады). -Балалар, ал мына заттарды неге бермедіңдер? -Себебі ол заттар балаға қажет емес. -Себебі бұл заттар баланың көңілін көтермейді. Көңілді, қуанышты, жайдарлы.
Үн таспа жүргізіліп, «Не деу керек?» әні орындалады. Рахмет, кешіріңіз, сәлеметсіз бе?
Алдымыздан кезіккен, Көп танысты көреміз. Бәріміз де ізетпен, -Сәлеметсіз бе, ағай?- деп, -Сәлеметсіз бе, апай?-деп, -Есенсіз бе, әжей?-деп, -Амансыз ба, атай?-деп Ұл-қыз сәлем береміз, Өнегелі өренбіз. Ойнайық мейлі, ойнайық, Ойынға ешбір тоймайық. Алаңсыз болып ай, күнің, Жақсылық бүгін тойлансын.
Балалар қолдарын ылғалды майлықпен сүртіп жайылған нан үстіне қамырдан әр түрлі өю-өрнектер жасайды. Әсем әуен ойналады.
|
Рефлексивті коррекциялаушы
|
Сонымен балалар біздің бәлішіміз дайын, ал енді бәлішті келген қонақтарға жылы сөздер айта отыра берейік. (Балалар жылы,сыпайы сөздер айта отыра береді). Жүректен-жүрекке. Тәрбиеші балалармен бірге жүректен-жүрекке шеңберіне тұрып мына өлең жолдарын айтады.
|
Баршаға сыйла махаббат, Қуансын бар адамзат. Сан есеге көбейіп махаббатың, Тиеді саған да шапағат. |
Нәтижесі:
Біледі: Балаларды айналасындағы адамдарға қуаныш пен бақыт сыйлай біледі.
Білді: Әдептілік дағдыларын дамыта білді; сиқырлы, әдепті сөздер қорын байыды.
Білу керек: Бірін –бірі сыйлай құрметтей білу керек.
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеттің технологиялық картасы
Білім беру саласы:
Ұйымдастылырған оқу-іс әрекет түрі:
Тақырыбы:
Мақсаты:
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы
|
|
|
Іздену-ұйымдастырушы
|
|
|
Рефлексивті коррекциялаушы
|
|
|
Нәтижесі:
Біледі:
Білді:
Білу керек:

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген