400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Қуат"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы



























































Қысқа мерзімді жоспар

Күні: 06.04.17

Пәні:Физика

Сыныбы: 7 «Б»

Сабақтың тақырыбы: Қуат.

Сабақтың жалпы мақсаты:

(Блумның оқу мақсаттары)

Білімділік: Қуаттың анықтамасын түсіндіру, формуласын қорыту және есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.

Дамытушылық: қуат жайлы білімдерін дамыта отырып, алған білімдерін күнделікті өмірмен байланыстырып, практикада қолдана білуін жетілдіру. 

Тәрбиелік: Адамгершілікке, өз ойын ортаға сала алатын батылдыққа, ұжымшылдыққа, ұжым намысын қорғай алуға тәрбиелеу. 

Жетістік критерийлері:


Барлығы: топта бірлесіп жұмыс жасауға дағдыланады, өз пікірін дәлелдей алады.


Басым бөлігі: Оқушылар тақырыпты толық меңгереді.


Кейбірі: Оқушылар жоғары деңгейде ойлай алады, сыни ойлай білуге үйренеді, ақпаратты, тиімді пайдалана алады.


(Оқытудың әдіс-тәсілдері)

«Кім шапшаң?», «Төрт сөйлем» әдісі, топтық жұмыс, есептер шығару.

Сабақта қолданылатын ресурстар:

Үлестірмелі кеспелер, оқулық, дәптер,

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті

Сабақ кезеңдері

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі:

2мин

Сәлемдесу.

Психологиялық атмосфераны қалыптастыру.

Физикалық шамалар арқылы 4 топқа бөлемін.

I топ: «Жұмыс»

II топ: « Жол»

IIIтоп: «Күш»

IVтоп: «Уақыт»

Сәлемдеседі. Оқу- құралдарын дайындайды.


Балалар стикерде жазылған физикалық шамаларды оқып топтарға топтасады

Үй тапсырмасын тексеру:

5мин

1.Механикалық жұмыс дегеніміз не? 

2.ХБЖ жүйесінде жұмыс бірлігі қалай аталады? 

3. Ұзындықтың негізгі өлшем бірлігі (метр) 

4. Жұмысты қандай формуламен есептейді? 

5.1 мкДж - да қанша Джоуль бар?

6. Балалар, тұрмыста «жұмыс» деп нені айтамыз?

Сұраққа шапшаңдық танытып жауап береді.

Қызығушылықты ояту

3мин

Екі ет тартқыш құралдары тұр. Оқушылар үйде ата-аналарың етті өткізуді тапсырды.

1-сі электрлік ет тартқыш 2-сі қол ет тартқышы Сұрақ: Сендер қай ет тартқыш құралын таңдар едіңдер? -Не себепті? – Барлығы да бірдей жұмыс жасағанымен, айырмашылығы неде?

(жұмыстың тез орындалуында)
Бұдан шығатын қорытынды:
 Жұмыстың орындалу жылдамдығын сипаттайтын шама қуат деп аталады.

Жаңа сабақты түсіндіру: 20мин

«Төрт сөйлем» әдісі


  1. Пікір:Мәтін бойынша туындаған өзіндік пікірі (негізгі идеясын) бір сөйлеммен келтіру керек.

  2. Дәлел:Келтірген өзіндік пікірлерді бір сөйлеммен дәлелдеп шығу кереу. Дәлел дегеніміз ұстанған көзқарасты логикалық тұрғыдан дәйектеу, негіздеу.

  3. Мысал: Енді келтірілген өзіндік пікірді тағыда бір негіздеп кету үшін бір сөйлеммен мысал келтіру қажет. Мысалы өмірден мысал келтіру керек.

  4. Қорытынды: Өзіндік пікірді тағы да бір рет пысықтап қорытынды шешімді бір сөйлеммен келтіру керек.

1 топ Жалпы қуат бойынша негізі идеясын білдіреді.


2 топ 1 топтың айтқан негізгі идеяларға дәлел келтіреді.


3 топ тақырыпты өмірмен байланыстырады.


4 топ қорытынды шешім қабылдайды.



Сабақты бекіту:

10мин

  1. Велосипедші 5минутта 4кДж жұмыс істеді. Велосипедшінің қуатын табыңдар.

  2. Қуаты 0, 25 кВт электр двигателі 1000 Дж жұмыс жасау үшін кеткен уақыт.

  3. Тарту күші 3 кН, 6 с ішінде 100 м жол жүретін дененің қуаты (Ж: 50 кВт.)

  4. Қуаты 30Вт желдеткіш 10мин – та қанша жұмыс істейді?

Топтасып есептер шығарады.

Үйге тапсырма

1мин

1.§52 оқу. Қуат

2. Шығармашылық тапсырма:

Джеймс Уатт жайында деректер жинау


Оқушылар күнделікке жазып алады

Бағалау:

4мин

Бағалау парағы

№

Оқушы

ның аты-жөні

«Кім шапшаң»

«Қызығу

шылықты ояту»

«Төрт сөйлем әдісі»

«Есептер

шығару»

1






2







Топтағы бағалаушы оқушыларды бағалайды.



Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: М.С. Алим


Мектеп тренері: Ж.А.Манасова

    1. Велосипедші 5минутта 4кДж жұмыс істеді. Велосипедшінің қуатын табыңдар.







    1. Қуаты 0, 25 кВт электр двигателі 1000 Дж жұмыс жасау үшін кеткен уақыт.





    1. Тарту күші 3 кН, 6 с ішінде 100 м жол жүретін дененің қуаты.







    Қуаты 20Вт желдеткіш 5мин – та қанша жұмыс істейді?





s



s









F



F









A







A















A









A










Бағалау парағы

№

Оқушының

аты-жөні

(Үй тапсырмасы)

«Кім шапшаң»

(Тақырыпты ашу)

«Қызығу

шылықты ояту»

(Жаңа сабақ)

«Төрт сөйлем әдісі»

(Сабақты бекіту)

«Есептер

шығару»

1






2






3






4






5






6








Бағалау парағы

№

Оқушының

аты-жөні

(Үй тапсырмасы)

«Кім шапшаң»

(Тақырыпты ашу)

«Қызығу

шылықты ояту»

(Жаңа сабақ)

«Төрт сөйлем әдісі»

(Сабақты бекіту)

«Есептер

шығару»

1






2






3






4






5






6






























Бағалау парағы

№

Оқушының

аты-жөні

(Үй тапсырмасы)

«Кім шапшаң»

(Тақырыпты ашу)

«Қызығу

шылықты ояту»

(Жаңа сабақ)

«Төрт сөйлем әдісі»

(Сабақты бекіту)

«Есептер

шығару»

1







2







3







4







5







6











Бағалау парағы

№

Оқушының

аты-жөні

(Үй тапсырмасы)

«Кім шапшаң»

(Тақырыпты ашу)

«Қызығу

шылықты ояту»

(Жаңа сабақ)

«Төрт сөйлем әдісі»

(Сабақты бекіту)

«Есептер

шығару»

1







2







3







4







5







6



























































Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: М.С. Алим

ӘБ жетекшісі: У.Х.Мамбеткаримова






7 сынып Физика пәні 
Сабақтың тақырыбы: Қуат 
Сабақтың мақсаты: 
білімділік: жұмыстың орындалу жылдамдығын сипаттайтын «қуат» деген физикалық шамамен таныстыру 
дамытушылық: қуат жайлы білімдерін дамыта отырып, алған білімдерін күнделікті өмірмен байланыстырып, практикада қолдана білуін жетілдіру. 
тәрбиелік: оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып білім алуға, ұжымдылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ 
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, тест, тірек сызбалар мен жұмыс 
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, тест тапсырмалары, гантель, сызғыш лента, секундомер, лампочка, техникалық құралдар, презентация 

Сабақтың барысы: 
I. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері арқылы оқушылардың сабаққа 
қызығушылықтарын арттыру. 
II. Үй тапсырмасын тексеру. 
«Ой қозғау» тестік жұмыс 
Механикалық жұмыс дегеніміз не? 
А) белгілі бір бетке түсетін күш әрекеті 
Ә) заттың көлем бірлігіндегі массасы 
Б) Дене орын ауыстырғанда күштің атқарған жұмысы 
В) денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайды 
Жұмысты қандай формуламен есептейді? 
а) A=F∙s ә) s=ϑ∙t б) m=ρ∙V в) F=m∙g 
ХБЖ жүйесінде жұмыс бірлігі қалай аталады? 
А) м/с Ә) Дж Б) Н В) кг 
Дене 20Н күштің әрекетінен 0,4м орын ауыстырды. Осы кезде жұмыс неге тең болады? 
А) 8 Дж Ә) 800 Дж Б) 80 Дж В) 0,8 Дж 

ә) таблица толтыру (белгісіз шаманы анықтаңдар) 
Жұмыс, А (Дж) Күш, F(Н) Жүрілген жол, S(м) 
Жұмыс, А (Дж) Күш, F(Н) Жүрілген жол, S(м) 
? 5 20 
150 ? 30 
200 50 ? 

Негізгі бөлім 
Жаңа сабақты түсіндіру 
Сабақтың тақырыбын ашу (сөзжұмбақ) 
2 
1 4 
3 






Сағаттың көмегімен өлшенеді (уақыт) 
SI жүйесіндегі жұмыстың өлшем бірлігі (Дж) 
?=ρ∙V (масса) 
Ұзындықтың негізгі өлшем бірлігі (метр) 

Біз бүгінгі сабағымызда «қуат» деп аталатын физикалық шамамен танысамыз. Ол үшін алдымен бізге физикалық шама ретінде қуат туралы не білуіміз керек, соны анықтап алайық. 
Анықтамасы 
Әріптік белгіленуі 
Формуласы 
SI жүйесіндегі өлшем бірлігі 
Өмірге қажеттілігі 
Осы жоспар сабағымыздың негізгі мақсаты болады. 
Мысал келтіреміз. Сендерге бақша суғару үшін бір бөшке су керек. Ал су құдықта. Сендер суды шелекпен немесе насостың көмегімен ала аласыңдар. Естерііңе салайын, екі жағдайда да жасалған жұмыс бірдей болады. Әрине сендер насосты таңдап аласыңдар. 
Сұрақ: шелектеп немесе насоспен жасалған жұмыстың арасында қандай айырмашылық бар? (насос жұмысты жылдамырақ орындайды, яғни аз уақыт жұмсайды). 
Белгілі бір жұмысты орындап шығу үшін әр түрлі қозғалтқыштар әр түрлі уақыт жұмсайды. Сондай-ақ нақты бір жұмысты жұмысшыдан көтергіш кран тезірек орындаса, сол жұмысты трактор аттан жылдамырақ атқарады. Бұдан жұмыстың орындалу жылдамдығын сипаттайтын физикалық шаманы енгізу қажеттілігі туындайды. 
Жұмыстың орындалу жылдамдығын сипаттайтын шама қуат деп аталады. 
Қуат N әрпімен белгіленеді. 
Қуатты табу үшін істелген жұмыстың шамасын сол жұмысты істеуге кеткен уақытқа бөлу керек: 
Қуат=жұмыс/уақыт немесе N=A/t 
Мұндағы, N – қуат; A – атқарылған жұмыс; t - жұмыс істеуге керткен уақыт. 
Қуат деп жұмыстың сол жұмысты істеуге кеткен уақытқа қатынасын айтады. Қуат белгілі болса, белгілі бір уақыт аралығында жасалатын жұмысты да тауып алуға болады: A=N∙t 
Қуатты өлшеудің бірлігіне 1 секундта істелетін 1 джоуль жұмыс алынады. Қуаттың мұндай өлшем бірлігін бу машинасын ойлап тапқан ағылшын ғалымы Джеймс Уаттың құрметіне Ватт деп айтады. 
[N]=1Вт=(1 Дж)/1с 
(оқушыларға Уаттың суреті көрсетіліп, мәлімет беріледі). 
Қуат әртүрлі машиналар мен механизмдердің мінездемесі болып табылады. Оның мәндері де әртүрлі болып келеді. Мысалы, адамның қалыпты жұмыс жасағандағы қуаты 70-80 Вт; ал жүрегінің қуаты 2,2 Вт; ғарыш зымыранының қуаты миллион киловатт болуы мүмкін. 
(оқушыларға әртүрлі техникалық құралдарды көрсетіп, олардың қуаттарын салыстыру). 

Сабақты бекіту 
Баламалы тест 
Қуат жұмыстың сол жұмысты істеуге кеткен уақытқа қатынасына тең бола ма? Иә/жоқ 
МДж қуаттың өлшем бірлігі бола ала ма? Иә/жоқ 
Жұмыс пен уақыт мәлім болса, қуатты есептей аламыз ба? Иә/жоқ 

Тәжірибелілік есеп 
Бір оқушы тақтаға шығып массасы белгілі гирді көтереді. Уақыт секундомердің көмегімен белгіленеді. Биіктік метрлік сызғышпен өлшенеді. Оқушының гирді көтергендегі қуаты қандай екендігін онықтау керек. Осы кеде басқа оқушы берілгендерді тақтаға жазып тұрады және сыныпппен бірге шығарады. 
Мысалы: оқушы массасы 5 кг гирді 1,5 м биіктікке көтереді. Осы кездегі оқушының қуаты неге тең? 

Берілгені: 
m = 5кг 
h = 1,5м 
t = 5с 
N = ? 
Анализ: 
N=A/t 
A = F•s 
F = mg 
Шешуі: 
F = 5кг• 9,8Н/кг =50Н 
А = 50Н • 1,5м = 75 Дж 
N=75Дж/(5 с)=15 Вт 


Жауабы: 15Вт 
Гүл құрастыру ойынын ойнаймыз. Гүдің әрбір жапырақшаларында тақырыптық есептер. (үлестірмелі қағаздар) 
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс. (жеңілдетілген тапсырмалар) 
Дарынды оқушымен жұмыс (реферат «Джеймс Уатт») 
Сабақты қорытындылау, бағалау 
Сәйкестік тест 
№ Сұрақтар Жауабы 
1 Қуат неге тең? N 
2 Қуатты есептеу үшін нені білуіміз керек? N= A/t 
3 Қуат қандай әріппен белгіленеді? Вт 
4 Қуаттың ХБЖ өлшем бірлігі? A, t 

Рефлексия 
Үйге тапсырма 
§64 оқу, 36 жаттығу 
Үйдегі техникалық заттардың қуатын анықтап келу (тоңазытқыш, теледидар, шаңсорғыш, т.с.с.) 
Капалова Назым Беибитовна 
Математика және физика пәні мұғалімі 
«Ескелді ауданы әкімдігінің 
МДШО Мелькомбинат Н











Сабақтың тақырыбы: Қуат. (презентациясымен)
Мақсаты: 
Білімділік: Қуаттың анықтамасын түсіндіру, формуласын қорыту және есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың белсенді жұмыс жасау қаблеттерін дамыту, білім деңгейлерін тереңдету, техникалық құралдарды пайдалану арқылы қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ.
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, баяндау, таблицамен жұмыс, тест т. б.
Сабақтың көрнекіліктері: техникалық құралдар, таблицалар, слайд, ғаламшарлар суреттері
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын сұрау
3. Жаңа сабақ
4. Бекіту тапсырмалары
5. Үйге тапсырма
6. Бағалау

1. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу, оқушыларды тугендеу, кластың сабаққа дайындығы, класс тазалығы т. б.
Психологиялық тренинг.(оқушылар бір - біріне жақсы тілектер сыйлайды)
Біз бүгінгі сабағымызда әуе кеңістігінде физика әлемін шарлаймыз, ғаламшарларға саяхатқа шығамыз. Ғаламшарлардың аттарын атаңдар: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон. Зымыранды Қазақстандағы ғарыш айлағы Байқоңырдан ұшырамыз. Зымыранды іске қосу үшін төрт алау отына жазылған сұрақтарға жауап береміз.
1. Паскаль заңы қалай аталады?
2. Архимед заңы қалай тұжырымдалады?
3. Қалыпты атмосфералық қысым дегеніміз не?
4. Беттік керілу күші деген не?
Олай болса, алаудың сұрақтарына жауап берсек зымыран көтеріліп бірінші ғаламшарға барады.
1 - ғаламшар: Меркурий - Күнге жақын орналасқан, өте баяу айналады. Қазақша аты Болпан немесе кіші Шолпан. Меркурий ғаламшары үй тапсырмасын сұрайды. Үй тапсырмасын тест арқылы тексереміз.
1. Механикалық жұмыстың формуласын тап.
A=V*S
A=F*S
A=V*t
A=F*t
2. Жұмыстың өлшем бірлігі қалай аталады?
Джоуль
Ньютон
Паскаль
Метр
3. 1 мкДж - да қанша джоуль бар?
106 Дж
10 - 5 Дж
10 - 6 Дж
105 Дж
4. Механикалық жұмысты қандай әріппен белгілейді?
F
P
V
A
5. Механикалық жұмыстың қай анықтамасы дұрыс
Дене орын ауыстырғанда күштің атқарған жұмысы
Ауырлық күші әрекет ететін дененің жұмысы
Күштің орын ауыстырғанда атқарған жұмысы
Дененің уақыт бірлігінде өткен жолы
Әрбір ғаламшар бізге әдемі сөздерді сыйға тартып отырады. Меркурий ғаламшары бізге «Тәуелсіз» сөзін сыйға тартты.
2 - ғаламшар: Шолпан - барлық планеталар айналатын жаққа кері бағытта айналады. Ең жарық ғаламшар. Шолпан ғаламшары мынадай сөзжұмбақты шешуді сұрайды. Оқушылар сөзжұмбақты шешеді. Ерекше торкөзден қуат деген сөз шығады. Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қуат деп оқушыларға хабарлаймын.
1. Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шама.
2. F= kx қандай заңның формуласы?
3. Дене пішінінің немесе өлшемінің өзгеруі
4. Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құра
қысы м
гук
деформация
барометр

A=F*S V=S/t N=F*S/t=F*V Nорт=A/t

1Вт=1Дж/1с
1кВт=1000 Вт=103 Вт
1мВт=0, 001 Вт=10 - 3 Вт
1мкВт=0, 000001 Вт=10 - 6 Вт
Шолпан ғаламшары бізге «ел» сөзін сыйға тартты.
3 - ғаламшар: Марс - жерден екі есе кіші. Қазақша аты - Аңырақай немесе Қызыл жұлдыз. Күнді 687 тәулікте айналып өтеді. Оның тапсырмасы оқулықпен жұмыс. 36 - жаттығу. № 2

Бер: N=30 Вт N=A/t A= N× t
t=10мин = 600с
A=? А= 30 Вт × 600 с = 18000 Дж = 18 кДж
Марс ғаламшары бізге «тірегі» сөзін сыйлады.
4 - ғаламшар: Юпитер - алып планета. Қазақша аты - Есекқырған. Шолпаннан кейінгі екінші жарық планета. Оның тапсырмасы деңгейлік тапсырма.
1 - деңгей:
Массалары әр түрлі екі қыз бала баспалдақпен жарыса жүгіріп, үйдің үшінші қабатына бір мезгілде көтеріледі. Бұл жағдайда бірдей қуат өндіре ме?
Жауабы: Екі қыз баланың өндірген қуаты бірдей емес, себебі қуат уақытқа және жасалынған жұмысқа тәуелді.
2 - деңгей:
Әр түрлі қозғалтқыштардың қуаты артқан сайын жасалынған жұмыс көп өндіріле ме?
Жауабы: Қуат шамасы артқан сайын өндірілген жұмыста артады. Себебі қуат жұмысқа тура пропорционал.
Юпитер ғаламшары бізге «білімді» сөзін сыйға тартты.
5 - ғаламшар: Сатурн - жерден 9, 5 есе үлкен. Қазақша аты - Қоңырқай. Оның тапсырмасы кестемен жұмыс.
Рет
саны сұрақтар жауабы Дұрыс жауабы

1Қуаттың қай анықтамасы дұрыс?
Көлем бірлігіндегі бөлшектер саны
Көлем бірлігіндегі зат массасы
Жұмыстың орындалу жылдамдығы
Уақыт бірлігінде дененің өткен жолы

2. Қуатты қай формуламен есептеуге болады?
F= PgV
A= F* S
N= A/t
N= m/m0

3. Қуаттың негізгі өлшем бірлігі қандай?
Н
Па
Дж
Вт

Сатурн ғаламшары бізге «өнегелі» сөзін сыйға тартты.
6 - ғаламшар: Уран - Күнді 84 жылда айналып өтеді. Басқа планеталарға қарсы айналады. Уран ғаламшарының тапсырмасы Венн диаграммасын толтыру.

Уран ғаламшары бізге «дарынды» сөзін сыйға тартты.
7 - ғаламшар: Нептун - 1846 жылы телескоптың көмегімен табылды. Нептун ғаламшарының тапсырмасы үйге тапсырма береді.
Қуат. 36 - жаттығу. №4
Бер:
N= 600 Вт N=A/t A=N*t
S=200 м A=F*S
t=20 с F= A/S
F=? А=600 Вт × 20 с = 12000 Дж
Ғ=(12000 Дж)/(200 м) = 60 Н
8 - ғаламшар: Плутон - ергежейлі планета. Клайд Томбо 1930 жылы 18 - ақпанда ашты. Плутон ғаламшарының тапсырмасы барлық ұпайларды санау. Бұл ғаламшар бізге «ұрпақ» сөзін сыйға тартты. Соңында әр ғаламшардың тарту еткен сөздерін оқимыз. «Тәуелсіз ел тірегі – білімді, өнегелі, дарынды ұрпақ.» деген елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың сөзі шығады.























Сабақтың тақырыбы: Қуат

Сабақтың мақсаты:      Оқушыларға механикалық қуатты түсіндіру. Тәжірибе арқылы                           механикалық қуатты есептеп корсету. Оқушылардың өз бетімен,   ұжыммен жұмыс істеу біліктіліктерін дамыту. Болашаққа, өмірдегі                  өзгерістерге ойлы көзқараспен қарауға, қорытынды шығара білуге машықтандыру
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес
Сабақтың типі: Жаңа ұғымды меңгерту
Сабақтың  өту әдісі: Топтық, жұптық, сұрақ-жауап, тәжірибе
Пәнаралық байланыс: Математика, технология, тарих
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, динамометр, жүк, секундомер, сызғыш, көлбеу тақтай, таратпалар
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды
  «Жұмыс», «Күш», «Қуат» сөздер арқылы топтастыру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Әр топ откен тақырып бойынша сұрақтар дайындап келеді.  Сол дайындап келген сұрақтарын келесі топқа қояды. Оқушылар топтың берген жауабын бағдаршам тәсілімен бағалайды.
ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе
1.     “Ой қозғау”
«Қуат» сөзін естігенде ойымызға не келеді?
Әр топ өз ойларын плакатқа түсіріп, қорғайды
Бір бірімізді тыңдаймыз,
Сын тұрғысынан ойлаймыз.
Күш жігерімізді арттырып,
Қуатымызды сақтаймыз.
2.     “Мағынаны  ашу.”
1-тапсырма
І-топ. Жерді әртүрлі әдіспен қопсытуға болады: трактормен, атқа соқаны жегіп алып және күрекпен аудару.
ІІ-топ. Ауылға әженің үйіне бару үшін велосипедпен, автобуспен  және жаяу баруға болады
ІІІ-топ. Құдық, шелек, бос бошке, насос бар делік. Өздерің жұмыстың шартын құрастырыңдар
–         Сендер қайсысын таңдайсыңдар?
–         Не себепті?
–         Барлығы да бірдей жұмыс жасағанымен, айырмашылығы неде? (жұмыстың тез орындалуында)
Бұдан шығатын қорытынды:
 Жұмыстың орындалу жылдамдығын сипаттайтын шама қуат деп аталады. Қуатты N әріпімен белгілейді.
Қуат скалярлық шама,яғни оның бағыты болмайды.
–         Жылдамдық немен анықталады? (уақытпен)
–         Барлығымыз бірге ойланайық физикалық шама қуатты қалай анықтауға болады?
–        
 Қуатты табу үшін істелген жұмыстың шамасын сол жұмысты істеуге кеткен уақытқа бөлу керек:
 
   (1) 
–         Жұмыстың өлшем бірлігі қандай?(Дж)
–         Уақыттытың СИ жүйесінде өлшем бірлігі (с)
–         Қуаттың өлшем бірлігін табыңдар (Дж/с)
Қуаттың өлшем бірлігі ретінде бу машинасын ойлап тапқан ағылшын ойшылы Джеймс Уаттың құрметіне ‘Ватт’деп берілген Қуатты өлшеудің бірлігіне 1секундта істелетін 1 джоуль жұмыс алынады.

 1Вт=1Дж/с

 1кВт=1000 Вт

1мВт=0,001Вт

1мкВт=0,000001 Вт

 

Физикалық шама

Формуласы

Өлшем бірлігі

              Жұмыс

Қуат =

Уақыт

N=A/t

1Вт=1Дж/с

 

Жұмыс = Қуат*Уақыт

 

A=N*t

1Дж=1Вт*1с

                   Жұмыс

Уақыт =

Қуат

t=A/N

1с=1Дж/1Вт

2тапсырма

Ұшак, автокөлік, кеме және т.б тасымал құралдары кейде бірқалыпты жылдамдықпен қозғалады, мысалы автокөлік біршама уақыт 100км/сағ жылдамдықпен қозғала алады.

– бұл дененің жылдамдығы неге тәуелді? (автокөлік қозғалтқышының қуаттылығына)

– дене жұмыс жасау үшін оған не әрекет етеді? (оған күш әрекет етеді, A=F*S)

– әрекет ету дегеніміз не? (сол уақыт аралығында жол жүреді)

-жолды қалай анықтайды? (Жол=жылдамдық*уақыт,S=v*t)

-жұмыстың формуласын осы шамарды пайдаланып жазуға болады ма?                                         A=F*v*t;             v;

                                    N=F*v (2)

(2) өрнектен егер N=const болса, жылдамдықты өзгерте отырып күшті кемітуге немесе арттыруға болатынын көреміз

Физикалық шама

Формуласы

Өлшем бірлігі

Жұмыс =Күш*Жол

A=F*S

1Дж=1Н*1м

Жол= Жылдамдық* Уақыт

S=v*t

1м=м*м/с*с

Жұмыс =Күш*Уақыт*Жылдамдық

A=F*v*t

1Дж=1Н*с*м/с

Қуат= Күш*Жылдамдық

 

N=F*v

1Вт=1Н*м/с

                   Қуат

Күш =

Жылдамдық

F=N/v

1Н=1Вт/мс

                            Қуат

Жылдамдық =

Күш

v=N/F

1м/с=1Вт/1Н

Кейбір қозғалтқыштардың орташа қуаты:

Адамның қалыпты жұмыс жасағандағы қуаты 70-80 Вт

«Волга» автомовилінің қуаты 70-80 кВт

Атом мұзжарғыш кемесінің қуаты 55  000 кВт

«Восток» ғарыш зымыранының қуаты 15 000 000 кВт

«Энергия» ғарыш зымыранының қуаты 125 000 000 кВт

 

ІІІ-кезең: “Қызығушылықты ояту.”

Тәжірибе: көлбеу тақтайдың бетімен жүкті жоғары қарай көтеру үшін жұмсалған жұмысты және осы кездегі қуатты анықтау керек.

  1. Динамометрмен жүкті өлшейді

  2. Көтерілу уақытын секундомермен өлшейді

  3. Тақтай ұзындығына тең көтерілу биіктігі сызғыштың көмегімен анықталады

 

ІV-кезең: «Ой толғау»

3 топқа бір-бір есептен беріледі

І-топ. Қуаты 30 Вт желдеткіш 10 минутта қанша жұмыс істейді?

ІІ-топ. Моторының тарту күші 5*104 Н ұшақ 800км/сағ жылдамдықпен бірқалыпты ұшты. Оның қуаты қандай?

ІІІ-топ. Велосипедші 5минутта 4кДж жұмыс істеді. Велосипедшінің қуатын табыңдар.

 

 

 

V. Қорытындылау:

1.Тест “Толқын”

 1. Жұмыстың орындалу шапшаңдығын сипаттайиын шама қуат деп аталады./ иә

2. Қуат векторлық шама,яғни оның бағыты бар. /жоқ

3. Қуатты N әріпімен белгілейді.  /иә

4. Қуаттың өлшем бірлігі Дж*с/ жоқ

5. Қуаттың формуласы        /иә

6. Қуаттың өлшем бірлігі Джоульдің құрметіне берілген. /жоқ

7. Қуаттың СИ жүйесіндегі өлшем бірлігі [Вт]. /иә

8. Барлық қозғалқыштардың қуаты бірдей болады. /жоқ

2.

– бүгін қандай тақырыппен таныс болдыңдар?

– қай тапсырма сендерді көбірек қызықтырды, не үшін?

– түсінікті? қажетті? Қызықты?

– не үйрендік

-маған бұл сабақ не берді?

– мені ойландырды?

-мені қызықтыра түсті?

VI. Оқушыларды бағалау

VII. Үй тапсырмасы

§52 оқу, 29 жаттығудың №1 есебі.

§53 дайындалып келу





Сабақтың тақырыбы: «Қуат» 

Сабақтың мақсаты: 

Білімділік: Физикалық шама ұғымымен таныстыру, оның физикалық қасиеттерін аша отырып, мазмұнды есептер шығаруға пайдалана алуы іскерлігін жетілдіру. 

Тәрбиелік: Адамгершілікке, өз ойын ортаға сала алатын батылдыққа, ұжымшылдыққа, ұжым намысын қорғай алуға, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. 

Дамытушылық: Жаңа ұғыммен таныса отырып, оны практикада қолдана алу дағдысын қалыптастыру. 

Сабақ міндеті: механикалық жұмыс туралы білімдерін тексеру және оны жаңа сабақта танысатын жаңа ұғыммен байланыстыру, есептер шығару, жаттығу орындау. 

Оқыту технологиясы: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту. 

Сабақ типі: Жаңа сабақ. 

Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет 
Сабақтың жабдығы, көрнекіліктері: Афтомобильдің, ұшақтың ойыншық макеті, гантел ой-толғаныс сұрақтары, кейбір двигетелдердің қуаты туралы кесте, өлшем бірліктерді түрлендіру кестесі. 

Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі: 
а) оқушылармен сәлемдесу 
ә) топқа бөлу 
б) сабақтың мақсаты, міндеті туралы айту. 

Сабақ кезеңдері: 
Психологиялық дайындық, қызығушылықты ояту кезеңі. 
Үй тапсырмасын тексеру («жұмбақ конверттегі» сұрақтарды ұсыну) 

Жаңа сабақ :Мағынаны тану кезеңі. 
Есептер шығару 
Шығармашылық жұмыс 
Ой-толғаныс кезеңі «Венн диаграммасы» 
«Физика әлеміне саяхат» конверт сұрақтары: 

1.Жұмыс деген ұғымды қалай түсінесіңдер? 
2.Механикалық жұмысқа мысал келтір, оған анықтама беріп, формуласын жазып көрсет. 
3.Дене ненің әсерінен қозғалысқа түседі және қай уақытта көбірек жұмыс істеледі? 
4.Механикалық жұмыс қандай шамаларға тәуелді? 
Жұмыстың өлшем бірліктерін ата және ол кімнің есімімен аталады?Осы айтылған мағлұматтардағы «Күш» деген сөзді қандай сөзбен алмастыруға болады. Немесе жұмыс деген сөзді басқаша қалай атайды? Осы ұғымдарға қатысты қандай мақалдар білеміз? 
«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» 
«Ердің жұмсаған күшін сұрама, бітірген жұмысын сұра». 

Мағынаны тану: 
• Түрліше двигетельдердегі бір жұмыстың өзін істеп шығу үшін әр түрлі уақыт керек. Мысалы көтергіш кран құрлыста бірнеше минут ішінде үйдің жоғары қабаттарына жүздеген кірпіш шығарады. Егер осы кірпіштерді жұмысшы арқалап тасыған болса , онда оған бірнеше сағат кеткен болар еді. 

• Тағы бір мысал. Бір гектар жерді ат 10-12 сағат ішінде жырта алады ал соқа тіркеген трактор бұл жұмысты 40 -50 минут ішінде орындайды. 
(Бір жұмысты көтергіш кран жұмысшыдан гөрі тезірек орындайды, ал трактор аттан гөрі тезірек орындайтыны анық) 

• Техникада жұмыстың тездігі «Қуат» деп аталатын ерекше шамамен сипатталады. Қуат жұмыстың сол жұмысты істеуге кеткен уақытқа қатынасына тең.. 
Қуатты есептеп табу үшін жұмысты сол жұмысты істеуге кеткен уақытқа бөлу керек. 
Қуат= Жұмыс/уақыт немесе 

Мұндағы N-қуат 
A-жұмыс 
t-жұмыс істелген уақыт. 

Әрбір секунд сайын бірдей жұмыс істелетін жағдайда қуат-тұрақты шама, ал басқа жағдайларда А/t қатынасына орташа қуатты анықтайды. 
орташа 

әр түрлі двигательдердің қуаттары киловаттың 
жүздік, және ондық үлестерінен (электр ұстарасының, тігін машинасының двигателі) жүз мыңдаған киловатқа (су және бу турбиналары ) дейін болады. 

Кейбір двигательдердің қуаты, кВт 
Волга -3102 автомобилі 
АН-2 ұшағы 
ТЭ-10Л тепловозының дизелі 
«Восток» ғарыш кемесінің ракета ұшырғыш 70кВт 
740кВт 
2200кВт 
15000000кВт 

Әрбір двигательдердің паспорты болады, онда двигатель жайындағы кейбір деректер, сонымен қатар оның қуаты да көрсетіледі. Секіргенде сатымен жүгіргенде адамның қуаты 730Вт-қа дейін жетеді, кейбір жағдайда оданда артық болады.Двигательдің қуаты мәлім болса, сол двигательдің белгілі бір уақыт аралығында істеген жұмысын есептеп табуға болады. формуласы шығатыны А=N*t мысалы : бөлме желдеткіші двигателінің қуаты 35 Вт болады . Ол 10 минут ішінде қанша жұмыс істейді? 

Берілгені А=N*t 
N=35Bт А=35Вт*600с=21000Дж 
T=600с =21кДж жауабы 21 кДж. 
А-? 

Қуат бірлігі ретінде 1с ішінде 1Дж жұмыс істелетін қуат алынады. Бұл бірлікті бу машинасын ойлап тапқан ағылшын ғалымы Уаттың (1736-1819) құрметіне ватт (Вт деп белгіленеді) деп атайды. 
Сонымен 1.Ватт-секундына Джоль, яғни 
Ватт=1 Джоль/1секунд немесе Вт=1Дж/1с. 

Техникада ірірек қуат бірліктері –киловатт (кВт) мегават (мкВт) жиі қолданылады. 
1МВт=1000000Вт 
1мкВт=0.000001Вт 
1кВт=1000Вт 
1Вт=0.001кВт 
Мысалы биіктігі 25 м плотинадан минутына 120 м3 су ағып өтеді. Осы плотина арқылы ағып өтетін су ағынының қуатын табу керек. 

Берілгені: 
h=25м 
V=120м3 
P=1000кг/м3 
g=9.8Н/кг 
t=60с 

Ағып түскен судың массасы: 
m=p*v m=1000кг/м3*120м3=120000кг 
Суға әсер ететін ауырлық күші 
F=m*g F=9,8Н/кг*120000кг=1200000Н 
Ағынның 1 минутта істейтін жұмысы A=F*h A=1200000Н*25м=30000000Дж Ағынның қуаты 
N=30000000дж/60с=500000Вт=0,5мВт 
Жауабы. 0,5мВт 
N-? 

- Сонымен балалар қалай ойласыңдар, бүгінгі сабағымыз не жайлы, сабақтың тақырыбы қалай деп аталады? Осылай оқушыға түрткі сұрақтар бере отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын ашып аламын. 
Шығармашылық жұмыс: ортаға оқушыны шығарып оған 8кг гантельді белгілі уақыт ішінде белгілі биіктікке көтерген кездегі қандай орташа қуат өндірілетінін есептеу тапсырылады. Барлық керекті деректерді оқушылар өздері көре отырып тағайындайды. 

Берілгені: 
m=8кг 
t=5с 
h=120см=1.8м 

Талдау: A=F*h ; F=m*g 
Шешуі: F=8кг*9,8Н/кг=78,4кг 
A=78.4Н*1.8м=141,12Дж 
Nорт =141,12Дж/5с=28,4Вт 

N-? 


№36- жаттығу 

Берілгені: 
N=30Вт 
t=10мин=600с 
Шешуі. А=N*t 
A=30Вт*600с=18000Дж 
Жауабы: 18 кДж 

А-? 



Венн диаграммасы арқылы сабақ қортылады, ол үшін әр топтың алдына венн диаграммасының схемасы сызылған парақтар беріледі, олар арқылы оқушылар бүгінгі сабақпен өткен сабақтың арасындағы ұқсастық пен өзгешіліктерді жазып шығып, байланысын байқап қорғайды. Диаграмма арқылы білгендер білетіндерін анықтаса , білмейтіндер білетіндерден үйреніп отырады. Венн диаграммасының сызбасы: 





абақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға сұрақтар қоя отырып, қуаттың өрнегін қорытып шығарып, тұжырымдамасымен танысып, есептер шығару арқылы білімдерін бекіту, теориялық білімдерін практикада пайдалануға дағдыландыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрістерін дамытып, белсенділіктерін арттыру, пікір алысып, өз білімдерін өздері бағалай білуге машықтандыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды сабақ процесінде зерек болуға, еңбекке деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, қайталау, СТО.
Сабақтың типі: Білімді жинақтау, жүйелеу, жаңа сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Сабақ жоспарына сәйкес слайдтар, динамометр, сызғыш, дене.
Сабақтың барысы:
I. А) Ұйымдастыру кезеңі (оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру)
Б) Сабақ барысымен таныстыру: Балалар, бүгін сабақта сендер берілген сұрақтарға жауап бере отырып жаңа сабаққа қажетті формулаларды өздерің қорытып шығарасыңдар және алдарыңдағы жауап парағына әрбір сұрақтың жауабын жазып, экранға шыққан жауаппен салыстырып, (+), (-) таңбаларын қойып отырасыңдар, сабақ соңында жинаған баллдарыңа байланысты баға аласыңдар.

ІІ. Қызығушылықты ояту.
Сұрақ: 1) Балалар, тұрмыста «жұмыс» деп -------------
Жауап: жеке адамдардың жасаған еңбегін айтамыз.
Сұрақ: 2) Физикада «жұмыс» деп --------
Жауап: кез - келген дененің әрекетімен түсіндірілетін шама.
Сұрақ: 3) Мысалы ----------
Жауап: әртүрлі...
Сұрақ: 4) Физикада негізінен қандай жұмысты қарастырады?
Жауап: Механикалық
Сұрақ: 5) Механикалық жұмыс дегеніміз ----
Жауап: Денені бір орыннан екінші орынға қозғап апаруда күштің істеген жұмысы.
Сұрақ: 6) Жұмыс =
Жауап. Күш х жол.
Сұрақ: 7) Формуласы:
Жауап: А=ҒхS
Сұрақ: 8) А, Ғ, S
Жауап: Жұмыс, күш, жол.
Сұрақ: 9) Өлшем бірлігі:
Жауап: Дж =1Нх1м
Сұрақ: 10) 1кДж=
Жауап: 1000Дж
Сұрақ: 11) 1мДж=
Жауап: 0, 001Дж
Сұрақ: 12) 1мкДж=
Жауап: 0, 000001Дж.
ІІІ. Эксперименттік есеп:
Динамометрді, сызғышты және денені пайдалана отырып, дененің 0, 5 м аралығында орын ауыстыруы бойынша механикалық жұмысты анықтаңдар.
ІV. Жаңа сабақты түсіндіру:
Балалар, сонымен жұмыс дегеніміз түсірілген күштің әсерінен дененің орын ауыстыруы екен және күш оң да теріс те болатындығын көрдік, күш түсірілгенмен орын ауыстыру болмаса жұмыста істелмейтіндігін білдік. Ал, бір жұмысты әр түрлі механизм атқара ала ма?
Атқарады, бірақ әр қайысысы түрлі уақытта атқарады екен.
Мысалдар келтіру...
Жұмыстың орындалу тездігін сипаттайтын шаманы қуат деп атаймыз.
Қуатты анықтау үшін істелген жұмыстың шамасын сол жұмысты істеуге кеткен уақытқа бөлеміз.

N= A/t
Осы өрнектен жұмысты анықтаңдар.
А=N*t
Физикалық шама болғандықтан оның өлшем бірлігі болады 1 секундта істелетін 1 джоуль жұмыс алынады.
Бұл бірлікті бу машинасын ойлап тапқан ағылшын ғалымы Джеймс Уаттың құрметіне ватт деп атайды. Қысқаша (Вт) белгіленеді.
Техникада қуаты өте жоғары, қуаттылығы өте төмен тетікте пайдаланылады:
милливатт (мВт), микроватт( мкВат), киловатт(кВт), меговатт (МВт)
V. Сабақты қорыту: Қуат және олардың өлшем бірліктері.(слайд арқылы экраннан анықтамаларын көрсету)
VI. Сабақты бекіту: (Тақтада жазылған есептерді шығарту)
1. Двигателінің тарту күші 80 кН электровоздың жылдамдығы 36 км/сағ болса, қуаты (Ж: 800 кВт)
2. Ұшу жылдамдығы 2340 км/сағ, дыбыс жылдамдығынан жоғары ұшатын ұшақтың тарту күші 220 кН болғандағы двигателдерінің қуаты (Ж: 143 МВт)
3. Штангист штанганы көтергенде 2 с - та 5 кДж жұмыс жасайды. Осы кезде қуат.(Ж: 2, 5 кВт)
4. Тарту күші 6 кН трактор жер жыртқанда 1, 5 м/с жылдамдықпен қозғалады. Трактордың қуаты. (Ж: 9000 Вт)
5. Тарту күші 3 кН, 6 с ішінде 100 м жол жүретін дененің қуаты (Ж: 50 кВт.)
6. 2 с ішінде 5 кДж жұмыс жасайтын дененің қуаты (Ж: 2, 5 кВт.)
7. Қуаты 0, 25 кВт электр двигателі 1000 Дж жұмыс жасау үшін кеткен уақыт (Ж: 4 с).
VII. Оқушылардың білімін бағалау
Сабақ бойы қойылған сұрақтарға берген жауаптардың дұрыстығын тексеру, ол үшін мына шкаланы пайдаланамыз: 0 - 6 балл – «3»
7 - 9 балл – «4»
10 - 11 - жоғары - «5»
VIII. Үйге тапсырма:









7 – сынып физика



Сабақтың тақырыбы: Қуат



Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік

Қуат – туралы түсінікті сатылай комплексті талдау арқылы түсіндіру, қуаттың формуласын сатылай талдай білуге дағдыландыру, есептер шығара алуға үйрету.

2. Дамытушылық

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымын, іздемпаздығын қалыптастыру.

3. Тәрбиелік.

Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру сабағы.



Сабақтың әдісі: Сатылай комплексті талдау әдісін, баяндау,

сұрақ – жауап әдістерін қолдану.



Көрнекілігі: Плакаттар, карточкалар, еселік үлестер

жазылған плакаттар, кроссворд.



Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Жаңа сабақ.









































Қуат





1. Анықтамасы





2. Мағынасы



3. Формуласы



4. Орташа қуат

5. Өлшем бірлігі





5.1 Негізгі өлшем бірлігі

5.2 Еселік өлшем бірліктері





6. Қолданылуы





6.1 Тұрмыста

6.2 Техникада









7.Салыстыру















  1. Анықтамасы.

Жұмыстың орындалу тездігін сипаттайтын шаманы қуат деп атайды.



  1. Мағынасы

Белгілі бір жұмысты орындау үшін әр түрлі қозғалтқыштар әр түрлі уақыт жұмсайды. Қуаттың еңбек өнімділігін арттыруда маңызы зор. Сондықтан жұмыстың орындалу тездігін сипаттайтын физикалық ұғым қуат енгізілді. Қуатты табу үшін істелген жұмыстың шамасын сол жұмысты істеуге кеткен уақытқа бөлу керек:



3. Формуласы

Қуат =



A=Nt

N = 







t = 









N – қуат, A – жұмыс, t – уақыт.

Қуаттың формуласын сатылай комплексті талдау:



1

N = 

A = Nt



.





Fs = Nt



A = Fs















t = 









Fs = N



Fs = 













Fs  = Ns

N = 

N = F









Осылайша қуатты табудың тағы бір формуласын өрнектеуге болады:



N = F

2.







N = 

A = Fs

s = h







Fa = mg

g = 9.8







m = 









Сонда N =  =  =  =   =   болады.

N = 











4. Орташа қуат.

Әр түрлі қозғалтқыштар, бір адамның өзі бір жұмысты әр түрлі уақытта аяқтайды. Сондықтан көп жағдайда орташа қуатты анықтайды:



Nорт = 









5. Өлшем бірлігі.

Қуаттың өлшем бірлігіне 1 секундта істелетін 1 джоуль жұмыс алынады.

5.1 Қуат бірлігі бу машинасын ойлап тапқан ағылшын

ғалымы Джеймс Уаттың (1736 –1819) құрметіне ватт деп

атайды.

Белгіленуі:

Оқылуы:

1 Вт = 1 













5

Еселік өлшем бірліктер

.2











үлкен бірліктер



кіші бірліктер











1 кВт = 1000Вт = 103 Вт

1МВт =106Вт



1 мВт = 0.001 Вт =10-3Вт

1мкВт =0.000001Вт =10-6 Вт











6. Қолданылуы.

6. 1 Тұрмыста қуаттылығы электр шамдары

ә р түрлі электр ұстаралары

т ігін машиналары

тоңазытқыштар



қ олданылады

Мысалы: электр шамдарының қуаттары 60Вт, 100Вт т.б. болады.

6.2 Техникада аса қуатты қозғалтқыштармен қатар,

қуаттылығы өте төмен нәзік тетіктер жиі қолданылады.

а втомобильдер

ұ шақтар

Т ехникада кемелер

бу турбиналары

су турбиналары



Мысалы кейбір қозғалтқыштардың орташа қуатын айта кетейік:

«Волга» автомобилінің қуаты 70 – 80 кВт.

Атом мұзжарғыш кемесінің қуаты 55000 кВт.

«Восток» ғарыш зымыранының қуаты 15000000 кВт.



7. Салыстыру

  1. Адамның қалыпты жұмыс жағдайындағы қуаты 70 – 80Вт;

  2. «Волга» автомобилінің қуаты 70 – 80кВт;

  3. Атом мұзжарғыш кемесінің қуаты 55000В;т

  4. «Восток» ғарыш зымыранының қуаты 15000000кВт;

  5. «Энергия» ғарыш зымыранының қуаты 125000000кВт;

Бұдан адамның қалыпты жағдайдағы қуаты «Волга» автомобилінің қуатынан 1000 есе кіші екенін көруге болады.



III.Есептер шығару





























Есепті сатылай комплексті талдау













1. Есептің шарты





2. Берілгені







3. Х.Б.Ж.. [SI]







4. Талдау







5. Шешуі









6. Жауабы









Оқулықпен жұмыс.

36 – жаттығу.

№1. Биіктігі 10м сарқырамадан 2мин – та 50м3 су құлап ағады. Су

ағынының қуаты қандай?

Б е рілгені: SI Шешуi:

h = 10м N =  m = 1000  50м3 = 50000кг

t = 2мин = =120c

A = Fh F = 9,8   50000кг= 490000H

V = 50м3 Fa = mg A =490000H  10м =4900000Дж

= 1000  m =   N =   =  =40833Вт =

= 41кВт

g = 9.8  N = 41кВт

Ж ауабы: 41кВт

N = ?

№2. Қуаты 30Вт желдеткіш 10мин – та қанша жұмыс істейді?



Берілгені: SI Шешуi:

N = 30Вт N =  A = 30Вт  600с = 18000Дж =18кДж

t = 10мин = = 600c

A = Nt A = 18кДж



A = ? Жауабы: 18кДж



№4. Қуаты 600Вт локомотив бірқалыпты қозғалып 200м

аралықты 20 с – та өтеді. Оның тарту күші қандай?

Бе рілгені:  =   Шешуі:

N = 600Вт N = F  F =   = 60H

s =200м F =   F = 60H

t  = 20с F = 

F = ? Жауабы: 60H







IV. Өз бетімен жұмыс

Бөлме желдеткіші қозғалтқышының қуаты 30Вт болады. Ол 10 минутта қанша жұмыс істейді?



Берілгені: SI Шешуі:

N = 35Вт A = Nt A = 35Вт 600с= 21000Вт с=

t = 10мин = = 600с = 21000Дж = 21кДж



A = 21кДж

A = ? Жауабы: 21кДж





V. Сабақты бекіту.

1.

с каляр шама

N  N = 

1Вт = 1







2. Кроссворд шешу.

Қ

1

У



А

Т

2

3



4







  1. Жұмыстың орындалу тездігін сипаттайтын шама.

  2. Қуат бірлігін ойлап тапқан ғалым.

  3. Қуаттың өлшем бірлігі.

  4. Аса қуатты қозғалтқыштардың қолданылу.



VI. Бағалау.

VII. Үйге тапсырма  §64, 36 – жаттығу, №3

Шығармашылық жұмыс:

  1. Джеймс Уатт жайында деректер жинау

  2. Қуатты қозғалтқыштар туралы рефераттар жазу.





Сабақ барысында сатылай комплексті талдау баланың зерттеушілік, ізденушілік қабілеттерін, жеке қасиеттерін ашуға мүмкіндік берді.

Сабақтың тақырыбы: Қуат

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың бойына қуат ұғымын қалыптастыру, оның формуласын, өлшем бірлігін есептер шығаруда пайдалана білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың қуаттың формуласын түрлендіре отырып есептер шығаруда іскерліктері мен білім дағдыларын дамыту, есеп шығару дағдыларын қалыптастыру;

Тәрбиелік: Оқушыларды ойлау қабілеттерін, тыңдау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру және пәнге деген қызығушылығын арттыру, ой – өрісін кеңейту. Ұйымшылдыққа, белсенділікке ынтасын арттыру, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, топшамалар, суреттер, тарату парақтары.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасып, жоқ оқушыларды белгілеу, оқушылардың сабаққа дайындығын, құрал-жабдықтарын тексеру. Сынып тазалығын реттеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Табиғатқа саяхат»

Оқушылар сіздердің үй тапсырмасына қаншалықты дайындалып келгендеріңізді тексеру үшін табиғатқа саяхат жасайық, яғни, қыздар гүл теріп, ұлдарымыз балық ауласын.

Ақ гүлдің сұрағы:

Массасы 400 г қаршығаны ауа тасқыны 70 м биіктікке көтереді. Құсты көтерген күштің жұмысын анықтаңдар (280 Дж).

Көк гүлдің сұрағы:

Автокран массасы 1,5 т жүкті көтеріп, 22,5 кДж жұмыс атқарды. Сонда жүк неше метрге жоғары көтерілді (15 м)?

Сары гүлдің сұрағы:

Салмағы 40 Н денені 120 см биіктікке көтеруге жұмсалған жұмысты табыңдар (48 Дж).

Қызыл гүлдің сұрағы:

200 кДж жұмыс 0,8 км жолда қандай күштің әсерінен орындалды (250 Н)?

Ақ балықтың сұрағы:

Халықаралық бірліктер жүйесінде жұмыс бірлігі қалай аталады (Джоуль)?

Көк балықтың сұрағы:

Жұмыстың джоульден үлкен де, кіші де бірліктері бар ма? Бар болса, қалай аталады (Бар, кДж, мДж, мкДж)?

Сары балықтың сұрағы:

1 Джоуль неге тең (1 Н·1 м)?

Қызыл балықтың сұрағы:

Механикалық жұмыс дегеніміз не (Күш әрекетінен дене орын ауыстырғанда атқарылған жұмыс механикалық жұмыс деп аталады)?

ІII. Жаңа сабақты меңгерту:

Белгілі бір жұмысты орындап шығу үшін әр түрлі қозғалтқыштар әр түрлі уақыт жұмсайды. Мысалы, Қарағанды шахталарында 1940-1950 жылдары көмір комбайындарын дүние жүзінде бірінші болып қолдана бастады. Бұл еңбек өнімділігін ерен арттыруға игі әсерін тигізді. Өйткені, бір жұмысшының бірнеше сағат бойы қол еңбегімен істеген жұмысын көмір комбайны тез арада орындап шығады. Сондай-ақ нақты бір жұмысты жұмысшыдан гөрі көтергіш кран ьезірек орындаса, сол жұмысты трактор атқа қарағанда жылдамырақ атқарады. Бұдан жұмыстың орындалу жылдамдығын сипаттайтын физикалық ұғымды енгізу қажеттігі туындады.

Жұмыстың орындалу жылдамдығын сипаттайтын шама қуат деп аталады.

Қуатты табу үшін істелген жұмыстың шамасын сол жұмысты істеуге кеткен уақытқа бөлу керек:

немесе .

Мұндағы: қуат, жұмыс, жұмыс істеуге кеткен уақыт.

Қуаттың өлшем бірлігіне 1 секундта істелетін 1 джоуль жұмыс алынады.

Қуаттың мұндай бірлігін бу машинасын ойлап тапқан ағылшын ғалымы Джеймс Уаттың (1736-1819) құрметіне ватт деп атайды (қысқаша Вт деп белгіленеді). Сонымен,

немесе .

Техникада аса қуатты қозғалтқыштармен қатар, қуаттылығы өте төмен нәзік тетіктер де жиі қолданылады. Соған сәйкес қуаттың үлкен бірліктері де, мысалы, киловатт (кВт), мегаватт (МВт), сондай-ақ кіші бірліктері де, мысалы, милливатт (мВт), мироватт (мкВт) енгізіледі.

V. Сабақты бекіту:

1. «Тірек сөз» табу арқылы



Р

Э

Р

Е

П

Ә

Ң

Ғ

М

П

М

И

Л

Л

И

В

А

Т

Т

О

Ә

В

З

Ө

H

Ы

Ң

Ц

И

В

Н

А

Ғ

І

Ы

Л

Г

О

І

А

E

С

Ж

Қ

Ү

Д

Қ

У

А

Т

Т

С

М

Е

Г

А

В

А

Т

Т

И

А

Ч

C

Д

М

В

Қ

І

И

К

Г

Р

Ц

Ж

Ұ

М

Ы

С

А

М

И

К

Р

О

В

А

Т

Т

Л

Л

С

Е

К

У

Н

Д

Ө

Ч

Д

Ы

О

К

И

Л

О

В

А

Т

Т

Қ

П

О

Ө

Ь

Е

М

Й

Д

Қ



Тірек сөздің жауаптары:

  1. қуат

  2. ватт

  3. жұмыс

  4. джоуль

  5. уақыт

  6. секунд

  7. киловатт

  8. мегаватт

  9. милливатт

  10. микроватт

2. «Сәйкестендіру» парағы бойынша



«Сәйкестендіру» парағы

Физикалық шама

Белгіленуі

Формуласы

Өлшем бірлігі



Қуат













Джоуль



Жұмыс













Ватт



Уақыт













Секунд



VI. Үйге тапсырма: §52 оқу, 29-жаттығу 2, 3, 4-есептер.

VII. Қорытындылау: Үй тапсырмасына бағыт-бағдар бере отырып, сабақты қорытындылау. Оқушыларды дейгейлеріне сай бағалау.





Тақырыбы : Қуат 
I кезең .Ұйымдастыру кезеңі 


Көпір 
тапсырмалары Сұрақтарға жауап бер. 

1.Қысым анықтамасына сәйкес формуланы толық жаз? 
Жауабы: Р = 
2.Архимед заңының тұжырымдамасын толықтыр? 
Жауабы: Сұйыққа батырылған денеге оның батқан бөлігі көлеміндегі сұйықтың салмағына тең ығыстырушы күш әрекет етеді. 
3.Атмосфералық қысым қандай шамаға байланысты өзгереді?. 
Жауабы: Биіктікке (һ) 
ІІ кезең.(топтық жұмыс) 
Жаңа тақырыпты өз бетіңмен меңгеріп көр (төмендегі жетелеуші тапсырмалар арқылы) 
Теориясы: “Білу” 
(Кім? Не? Қашан? Қайда? Не істеді? ) Бос нүктенің орынына тиісті сөздерді қой. 
1.Тұрмыста жеке адамдардың жасаған еңбегін не деп атайды? 
Жауабы: Жұмыс 
2. Механикалық жұмыс дегеніміз не? 
Жауабы: Дененің бір орынынан екінші орынға қозғап апаруда күштің істеген жұмысы механикалық жұмыс деп аталады.А-жұмыс 
3. Жұмыстың орындалу тездігін сиппаттайтын шаманы қалай атайды? 
Жауабы: Бұл физикалық шама қуат деп аталады? 

Теориясы: 
“Түсіну” 
(Неге? Себебі? Неліктен?) Сұраққа жауап бере отырып, бос нүктені толықтыр. 
1.Механикалық жұмыс кезінде дененің орын ауыстырудың жүрілген жолға тең болу себебі неде? 
Жауабы:Түсірілген күштің бағыты дененің қозғалу бағытына сәйкес болуына байланысты. 
2.Жұмыстың формуласын көрсет 
Жауабы: А = F*S ; жұмыс = 
3.Қуатты табу үшін істелген жұмыстың шамасын сол жұмысты істеуге кеткен уақытқа бөлу керек, оның себебі неде? 
Жауабы: Бір жұмысты орындау үшін әр түрлі қозғалтқыштар әр түрлі уақыт жұмсайды. 
Қуат = N = 

Теориясы: “Талдау” 
(Салыстыр. Айырмашылығы неде?) Сұраққа жауап бер. 
1.Екі бала бірін-бірі шанамен сүйреді. Бұл жағдайда олар механикалық жұмыс істеді ме? 
Жауабы:Олар механикалық жұмыс жасады, өйткені олар күш жұмсап, орын ауыстырады. 
2.Массалары әр түрлі екі қыз бала баспалдақпен жарыса жүгіріп, үйдің үшінші қабатына бір мезгілде көтерілді. Бұл жағдайда олар бірдей қуат өндірді ме? 
Жауабы: Екі қыз баланың өндірген қуаты бірдей емес,себебі қуат уақытқа және жасалынған жұмысқа тәуелді . 

Теориясы: 
“Жинақтау” 
(қорытынды шығар, сызба, сөзжұмбақ) Шамалардың атауын ,өлшем бірлігін жаза отырып, формуланы түрлендір. 

Жұмыстың, қуаттың анықтамасына сәйкес шамаларды жаза отырып формуланы түрлендір. 
Жауабы: А - жұмыс, Дж А = F * S => F = ; N = А = N * t 
F - күш, Н 
S - жол, м 
N - қуат, Вт 
t - уақыт, с 

Практикасы 
“Қолдану” 
(қарапайым тапсырмалар беру) Есептерді шығар. 
Машина 72 км/сағ жылдамдықпен бірқалыпты қозғалып келеді. Егер оның моторының тарту күші 2000 Н болса,онда ол 10 с-та қанша жұмыс атқарады. 

Берілгені: Шешуі: Есептелуі: 
=72 км/сағ= 20м/с А= F*S А=2000Н*20м/с*10с= 400000 Дж=400кДж 
F= 2000 Н 
t =10 c S= * t 
А= F* * t 
Т/к; А=? Жауабы:400 кДж 

2. Қуаты 30 Вт желдеткіш 10 минутта қанша жұмыс істейді? 
Берілгені: шешуі: Есептелуі: 
N = 30Bт N= ; А=N•t А= 30Вт•600с=18000Дж=18кДж 
t=10 мин=600с 
Жауабы:18 кДж 
Т/к: А-? 

Практикасы 
“Баға беру” 
(Сен қалай ойлайсын? Не істер едің?) Сен қалай ойлайсың? 
Өлшемдері мен құрлысы бірдей екі кеме әр түрлі қуат өндіреді. Бұл кемелер бірдей жылдамдықпен қозғала ма? 
Жауабы: Менің ойымша: бірдей жылдамдықпен қозғалмайды, себебі олар әр түрлі қуат өндіріп отыр. 
ІІІ бағалау кезеңі (жеке жұмысы) 
Деңгейлік тапсырмалардыбіртіндеп орындап, балл жинаңдар 
Теориясы: 
“Білу” (Кім? Не? Қашан? Не істеді?) 1 деңгей. Тест жауабын белгілеңдер. 

1. Механикалық жұмыстың формуласын тап. 
А) А = В) А = F • S С) А= Д) А= F•t 
2.Қуаттың анықтамасына сәйкес формуланы көрсет? 
А) N= В) N= С) N= Д) N= 
3.5 мВт-та қанша ватт бар ? 
А) 5•10-3 Вт   5•10-3 Вт C) 10-3 Вт Д) 5•10-6 Вт 

4. 1 мк Дж –да қанша джоуль бар? 
А) 0,000001 Дж В) 0,001 Дж С) 1000000 Дж 

Практикасы 
“Қолдану” 
(жоғарыдағы қарапайым тапсырмалар үлгісінде болу керек) 

1.Массасы 0,5 кг қаршыға ауа ағынымен 60 м биіктікке көтерілген . Ауырлық күшінің жұмысын анықтаңдар? 
Бер: Шешуі: Есептелуі: 
А=F• S А=0,5 кг•10н/кг•60 м=300Дж 
m= 0,5 кг F=mg;S=Һ 
Һ= 60м A=mg•h 
Т/к: А=? Жауабы:300Дж 
2.Салмағы 120 Н бір шелек суды тереңдігі 20 м құдықтан 15 секунд ішінде көтеріп шығару үшін адамның өндіретін орташа қуаты қандай? Бер: Шешуі: Есептелуі: Р=120 Н N= N= = =160 Вт 
һ=20 м А= Р•Һ 
t=15 с N= Жауабы:160 Вт 
Т/к: Nорт -? 
2 – деңгей (5балл+4балл=9 балл) 
Теориясы: “Түсіну” 
(Неге? Себебі. Неліктен?) Сұрақтарға жауап бер. 
1. Денеге түсірілген күш, атқарылған жұмысқа байланысты ма? 
Жауабы: Ия, себебі механикалық жұмыс күшке тура пропорционал. 
2.Әр түрлі қозғалтқыштардың қуаты артқан сайын жасалынған жұмыс көп өндіріле ме? Себебі неде 
Жауабы: Қуат шамасы артқан сайын өндірілген жұмыс та артады.Себебі қуат жұмысқа тура пропорционал. 
Теориясы: “Талдау” 
(Салыстыр. Айырмашылығы неде?) Бос нүктенің орнына тиісті шамаларды қой. 




Практикасы 
“Қолдану” 
(өзгертілген жағдайдағы тапсырмалар) Есептерді шығар. 

1.Салмағы 4 кг жәшікті 2,5 ке биіктікке көтергенде істелген жұмыс неге тең? 
Бер: Шешуі: Есептелуі: 
m=4 кг А=F•S А=4 кг•9,8Н/кг•2,5 м=100Дж 
Һ=2,5 м F= mg; S=Һ 
Т/к: А-? A= mg•Һ 
Жауабы: 100 Дж 
2."Волга"автомобилі 2 сағатта 110 кДж жұмыс атқарса , оның қуаты неге тең? 
Бер: Шешуі: Есептелуі : t=2 сағ=7200 с 
А=110 кДж=110000 Дж N= =15Вт 
Т/к: N=? Жауабы:15 Вт 

3 деңгей (9балл+3балл=12балл) 
Теориясы: 
“Жинақтау” 
(қорытынды шығар, сызба сөзжұмбақ) 
Тірек –сызба нұсқаны толықтыр. 








Қуат қандай шама скаляр Формуласы Өлшем бірлігі Вт Қуаттың белгіленуі N 

Практикасы 
“Баға беру” (Сен қалай ойлайсын? Не істер едің?) 
Есептерді шығар 
1.Биіктігі 10 м сарқырамадан 2 мин-та 50 м3су құлап ағады.Су ағынының қуаты қандай? 
Бер: шешуі: 
һ=10 м N= 
V=50 м3 t=2 мин =120с 
есептелуі: 
Т/к: N-? 
N= немесе 42000 Вт 

Жауабы: 42 кВт









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 желтоқсан
1577
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі