Материалдар / Ашық сабақ "Қыс"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Қыс"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға арналған сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Ақпан 2021
367
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тіл дамыту сабағының жоспары

Сабақтың тақырыбы: Қыс

Сабақтың мақсаты:

«Қыс» тақырыбы бойынша сөздік қорын кеңейту және белсендіру;

Қыс туралы идеяны және оның белгілерін бекіту;

Сабақтас сөздер жасау арқылы тілдік шеберлікті дамыту;

Мейірімді сөздерді қолдану арқылы зат есім мен сын есімнің жасалуын дамыту;

Байланыстырып сөйлеуді дамыту,сөздік қорды байыту.


Есту және көру қабілеттерін, логикалық ойлауды дамыту;

Ұсақ және жалпы моториканы дамыту, сөйлеуді қимылмен үйлестіру;

Сөйлеуде дұрыс тыныс алуын және диалог арқылы сөйлеуді дамыту.


Білімге деген тұрақты қызығушылықты арттыру, белсенді болуға ұмтылдыру;

Ұжымдық, шығармашылық іс-әрекеттің өзара түсіністік, қайырымдылық дағдыларын қалыптастыру;

Есте сақтау қабілеттерін дамыту.


Құрал-жабдықтар:

Лақтыруға арналған қар бүршіктері, әр түрлі көлемдегі қар бүршіктері, қысқы және жазғы көңіл күйді білдіретін суреттер, үлкен және кіші көлемдегі қар адамының суреті, жұмбақ сурет, тыныс алуға арналған қар қиыршықтары



Іс-әрекет кезеңдері

Логопедтің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері

Біз қандаймыз,қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

Ренжуді білмейміз.

Қуанамын менде,

Қуанасың сенде,

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге!

Бірге қайталап айтады

Ұйымдастыру-іздестіру

- Балалар, бөлме ішінен қандай ерекшелікті байқадыңдар?

(қысқы фотосуреттер, фотокөрме түрінде безендірілген)

- Бүгін біздің бөлме ішінде фотокөрме ашылған екен. Қане, бәріміз тамашалап көрелік.

- Балалар, мен сіздерге жұмбақ жасырамын. Сендер мұқият тыңдаңдар.

Фотокөрмені тамашалайды

Жұмбақ шешу

Жолдар ақ ұнтаққа оранды,терезелерді безендірді.

Балаларға қуаныш сыйлады,

Шанамен сырғанаттырды.

Бұл жұмбақ жылдың қай мезгілі туралы?

Қыс мезгілі

Артикуляциялық жаттығулар

1.«Күлкі», «Қоршау»

Біздің еріндеріміз күлімдеді,

Езуіміз созылды.

Сен айтып көр и-и-и

Өзіңнің қоршауыңды көрсет.


2.«Түтікше»

Қонаққа піл келді,

Таңғаларлық бала.

Пілге қара,

Еріндеріңді піл тұмсығындай соз

3.«Күлкі», «Түтікше»

Егер еріндеріміз күлсе

Қара,қоршау пайда болады.

Егер еріндеріміз түтікше болса,

Онда құбыр ойнын ойнаймыз.

4.«Сағаттар»

Сағатта маятниктер жүреді

Солға тик, оңға так.

5.«Әткеншек»

Көңілді әткеншектерге

Балалар отырды.

Әткеншек төменге түсті,

Жоғарға ұшты.

6.«Құймақ»

Таңертең ерте тұрамыз,

Тәтті құймақ пісіреміз.

Қуыруға арналған табада,

Қамыр жайылуда

Қандай әдемі құймақ шығады.

7.«Тісімізді тазалаймыз»

Жұмсақ щеткамен таңертең,

Тісімізді тазалаймыз.

Тісіміз мықты,

Әдемі, аппақ болады.


Артикуляциялық жаттығуларды орындайды

Саусақ гимнастикасы: «Қыс»


Ия-ия-ия- саусақтарымызды қысып, босатамыз,

Қыстың суығында алақандарымызды бір-біріне ысқылаймыз.

Ия-ия-ия- саусақтарымызды қысып, босатамыз,

Су мұзға айналды, саусақтарымыз ырғақты байланысты.


Ди-ди-ди- саусақтарымызды қысып, босатамыз,

Боран соқты, екі қолдың бас бармақтарын айналдырамыз.

Ди-ди-ди- саусақтарымызды қысып, босатамыз,

Боран соқты, көрсеткіш саусақтарымызды айналдырамыз.

Ди-ди-ди-тсаусақтарымызды қысып, босатамыз,

Боран соқты, қолымыздың шынтағын бүгіп айналдырамыз.


Балалар қимыл арқылы орындайды

Қыс туралы әңгімелесу

«Қыстағы қоршаған әлем», (слайд)

Жылдың қандай мезгілдерін білесіңдер?

Күзден кейін жылдың қай мезгілі келеді?

Қыста қандай қызықтар болады?

Қыста ауа райы қандай болады?

Қыста жерге не түседі?

Егер қыста қар көп болса, онда бұл қандай қыс? (қарлы)

Егер қыста аяз болса, онда бұл қандай қыс? (аязды)

Егер қыста боран қатты болса, бұл қандай қыс? (боранды)

Қыстан кейін жылдың қай мезгілі келеді?

Қыстың қандай белгілерін білесің?


Балалар сұрақтарға жауап береді.

Ойындар

«Сиқырлы доп» ойыны







«Сөзді айтыңыз» ойыны


1,2,3,4,5- ойынды бастаймыз. Шеңбер болып тұрамыз.

(балалар шеңбер болып бір біріне әрбірі бір бір белгіден айту арқылы сиқырлы таяқшаны береді. Қар, салқын, аяз, қысқы, дауыл, суық, ұнтақ)




(Өлең оқылады, ал балалар қар сөзімен байланыстырып сөзден қосып отырады.)

Тып тыныш,

Жерге құлайды (қар)

Қыл қыбырлап аспаннан сырғыйды,

Күмістей ақ (қар).

Жолдарда, шабындықтарда,

Тегістей ақ (қар).

Ақ түсті, күрте тәрізді

Әсемденіп алған (қар адам).

Басында қар қиыршығы,

Ол қыз (ақшақар).

Ертегідегідей

Барлық жерді безендірді (аппақ қар).

«Қар» сөзіне қаншама туыс сөздер бар екен?


Балалар қызыға орындайды

Тыныс алу жаттығулары

Қыста көбіне салқын жел соғады, ал аспанда көңілді қар бүршіктері ұшады.

«Қысқы жел соқты, қар бүршіктері ұшты. Қар, қар, аппақ қар, жердің бетін басады».

Балалар, сендерді салқын желге айналдырамын, ал сіздер маған қар бүршіктерін үрлеуге көмектесіңіздер (қар бүршіктері таратылады).

Ал, сендер дұрыс үрлеуді білесіңдер ме? Мұны қалай жасаймыз?

Терең тыныс аламыз, иығымызды көтермейміз. Дем шығарамыз (балалар қар бүршіктерін үрлейді).

Ал енді қолымызды жылытамыз. Жылы жел үрлейміз (балалар қолдарын жылытады).


Балалар жаттығуларды орындайды

Тірек сөздер, суреттер арқылы сөйлем құрастыру.

Қазір біздер, қыс туралы сөйлемдер құрастырамыз. Олар бір біріне ұқсамайтындай әртүрлі болуы керек. Міне менің құрастырған сөйлеміме қараңдар (тақтаға қар басқан үйдің, ағаштардың суреттері ілінеді.)

Мыс: Қаhарлы қыс келді.


Тапсырмаларды орындайды

Сергіту сәті


Қыс келді (балалар қолдарын екі жаққа жаяды)

Үйлер аппақ болды (балалар қолдарын бастарына қояды)

Сыртта қар жауып тұр (қолдарын жоғарыдан төмен қарай түсіреді)

Біз шанамен сырғанаймыз (қолдарын жоғары көтеріп отырып трады)

Мұз айдынында сырғанаймыз (қолдарын артқа ұстап, жәймен айналады)

Шаңғы тебеміз (қимылмен көрсетеді)

Барлығымыз қармен ойнаймыз (қағаздан жасалған қарларды бір біріне лақтырады)


Балалар өлең мазмұнына байланысты іс-қимылдар жасайды

Жұмбақ шешу


Қыс мезгілі өте салқын уақыт, бірақ өте көп ойындар ойналады. Адамдарға көптеген қызық уақыттар сыйлайды. Қазір мен сендерге қысқа қатысты жұмбақтар жасырамын, сендер табыңдар


Аяздан қорықпайды,

Ал мұзда өзіммен бірге

Жанымда болады

Ол не? (Коньки)


Екі метрлік екі табан,

Аяғыңды қоясыңда қарда жүгіресің (шаңғы)


Қар басты айналаны,

Досымды тау басына шығарамын.

Тізгінінен ұстап алып жүгіремін,

Таудан төмен сырғимын

Ол не? (Шана)


Мені қардан жасады,

Мұрным сәбізден.

Көзім көмірден

Үлкен әрі салқынмын,

Мен кіммін? (Қар адамы)

(Балалар жұмбақты шешеді, суреттері тақтаға ілінеді)


Балалар жұмбақтың шешуін табады

Қорытынды

Қане, есімізге түсірейік. Бүгінгі сабақта не жасадық, не айттық? Кімге не ұнады?

Мадақтау.








Л.М.Нурекешова

БҚО, Қаратөбе ауданының «Психологиялық педагогикалық

түзеу кабинетінің» логопед маманы































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!