Сабақтың тақырыбы: «Қыс» Міржақып Дулатов
Сабақтың мақсаты:
білімділігі:
Оқушыларға қысқы табиғат
құбылысы туралытүсінік бере
отырып,мәтін мазмұнын ашуға,адамдар мен жануарлар жайлы түсінік
беру.
дамытушылығы:
оқушылардың шығармашылық қиялын,өй-өрісін арттыру,сөздік қорын
молайту.
тәрбиелігі: табиғатты
қорғап,оған қамқор болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа
сабақ
Сабақтың әдіс -
тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, топтастыру,
іздену.
Сабақтың
көрнекіліктері: қыс келбеті суреттері, ақын суреті, тірек-сызбалар,
интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс:
Қазақ тілі
Сабақ
барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі
Психологиялық дайындық
Қол ұстасып бәріміз, Жылылықты сезейік. Шуақ шашқан күндей боп,
Күлімсіреп жүрейік
Өткенді
пысықтау
- Біз қазір қай тарауды
өтіп жатырмыз? -Тарауда не туралы айтылған? -Одан қандай ой
түйіндедіңдер? - Балалар өз туған жерлерің туралы айтыңдаршы? -
Қазақстан қандай мемлекет? - Біз тәуелсіздік мерекесін қай күні
тойлаймыз? - Қазір бізде қай жыл мезгіл? -Қыс айларын
ата?
Ендеше бүгінгі сабақта
біз осы үш ай бойынша топқа бөлінеміз.
1 - топ.
Желтоқсан.
2 - топ.
Қаңтар
3 - топ. Ақпан (тобымыз
үшін ат салысып отырамыз) Балалар осы қыс мезгілінде қандай
өзгерістар болады?
Сөзжұмбақ
шешу (Сөзжұмбақты шешуүшін
жұмбақтардың жауабын дұрыс табу керек.)
1) Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады. (қар)
2) Есіктен кіреді
еңкейіп, Төрге шығады қампайып. (аяз)
3)Отқа жанбайды, Суға
батпайды. (мұз) –Қай мезгілде аяз болады? Қа-ар, мұ-ұз сөздерін
оқу,талдау. - Өйткені тіршілік иелері қыс келеді деп оған
дайындалады. Азық жинайды, отын - шөп дайындайды, құстар да
дайындалады. Қыс келеді дегенде адамда қорқыныш сезімі пайда
болады. Себебі қыс өзінің қатал мінезімен келеді. Ал бір жағынан
қуаныш сезімі пайда болады. Балалар асыр салып
ойнайды.
Жаңа
сабақ
Ендеше, бүгінгі біздің
сабағымыздың тақырыбы «Қыс» туралы әңгімесі. Ақын Міржақып
Дулатовтікі. Міржақып Дулатұлы (1885 — 1935) — қазақтың аса
көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды
көсемсөз шебері. Туған жері - Қостанай облысының Жанкелдин ауданына
дүниеге келген. Әкесі — Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі
болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі — Дәмеш әнші
кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Міржақып
анасынан екі жасында, әкесінен он екі жасында айырылып, ағасы
Асқардың қолында тәрбиеленеді. Асқар әкесі Дулаттың Міржақыптың
оқып, білімді азамат болып, өсуін армандаған тілегіне сай, інісінің
оқуын әрі жалғап, білім алуына ерекше көңіл бөледі. «Оян қазақ»
кітабын жазған.
Мәтінмен
жұмыс - Мәтінді түсіндіріп
беремін. -Тізбектей оқыту - Әр топ мәтінді оқып
түсіндіреді.
1 - топ. Қыс мезгілі
жөнінде не делінген?
2 - топ. Қыс мезгілі
жануарларға қалай әсер етті?
3 - топ. Мәтінге
сүйеніп жылқышы еңбегін әңгімеле.
Дәптермен
жұмыс Сөздік
жұмыс
Бапсыз-жайсыз Бек қиын
– өте қиын Жалтаң аяз-үскірік,суық аяз
Қарыған-үсіген
Сергіту
сәті
Адасқан әріптер
ойыны:(сөйлем
құрау)
І
топ:Шана
ІІ
топ:Боран
ІІІ
топ:Мұз
Суретпен
жұмыс
-Суретте қай жыл
мезгілі бейнеленген? -Оны неден байқадың? -Адамдар суықтан қалай
қорғанады? -Сен суықта қалай киінесің?
Жаңа сабақты бекіту
(шығармашылық тапсырма)
Берілген керекті
сөздермен тақырыпқа байланысты әңгіме құрастыру.
1 –
топ:Қыс
Керекті сөздер: Аппақ,
жауды,
құстар,кетті,ұшып,,қыс,қар,мезгіл,үш,болады,ай.
2 –
топ:Жануарлар
Керекті сөздер:
Қыс,кілем,жер,аңдарға,қиын,жамылғандай,жануарлар,мезгілінде.
3 – топ:Адамдардың
қысқа дайындығы
Керекті сөздер:
Жемістерден, адамдар,тосап, қыс, мезгіліне, малдарына, жинайды,
шөп,дайындайды.
«Аққала»
ойыны
Сабақты
қорытындылау
Ойын мақсаты:(бұзылған
аққала берілген. Аққаланы құрастыру үшін әр бөлшегінде сұрақтар
бар. Сол сұрақтарға жауап беріп аққала
құрастырамыз)
1. Қыс мезгіліндегі
өзгерістерді ата. - Аяғы
2. Бірінші бөлімде
жазушы қай мезгілді суреттеген? - Денесі
3. М. Дулатов кім? –
Денесі
4. Қандай қысқы
ойындарды білесің?- Басы
5. Қардың қандай
түрлерін білесің?- Қалпағы
Бағалау ,мадақтау Үй
тапсырмасы: Міржақып Дулатов туралы мәлімет жинау. Қыс мәтінін
мазмұндап келу.