400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Қыс .6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге көмекші құрал ретінде жариялап отырмын
Материалдың қысқаша нұсқасы

6 сынып. Қазақ тілі. Күні: 22.02.2013 жыл

Сабақтың тақырыбы: Лексикалық тақырып: «Менің сүйікті кітабым».

Грамматикалық тақырып: «Етістіктің шақтары».

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілі дамиды.Сүйікті кітаптары туралы әңгімелеседі. Сөйлем құрау, сауатты сөйлеу дағдылары қалыптасады.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, оқу, әңгімелеу, стартер әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, слайдтар, аквариум, балықтар, сөздер жазылған кестелер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Сынып дөңгеленіп шеңбер құрып тұрады. Оқушылармен сәлемдесу, көңіл- күйлерін сұрау. Бір- бірлеріне тілек айтады. Әр түрлі балықтарды таратып беру,сол балықтар арқылы оқушылар төрт топқа бөлініп отырады.

Әр топ спикер сайлап алады.Топтарға бағалау парағын таратып беру.

Үй тапсырмасын тексеру. Стартер әдісі. Оқушылар партада жатқан сөздерді алып етістіктің шақтары бойынша қалташаларға салады.

Спикер дұрыс, бұрыстығын тексеріп, бағалау парағына бағаларын қояды.

Жаңа сабақ. Интерактивті тақтадан кітаппен байланысты суреттер көрсетіледі, суреттерді көрсету арқылы сабақтың тақырыбын ашу. Жұмбақ жасыру, жауабын шешу арқылы сабақтың тақырыбын ашу. Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті кітабым.

Осы тақырып бойынша алдымызға қандай мақсат қоямыз, деп сабақтың мақсатын оқушылардың өздеріне құрғызу. Тақтадағы мұғалім мақсатымен салыстыру.Ендеше осы мақсатқа бірлесе отырып жетейік деп, оқушылардың ынтасын сабаққа аудару. Кітап туралы даналардың айтып кеткен сөздері туралы оқушылар айтып өтеді.

Тақтада бір шумақ өлең беріледі.

1.Бір бала мәнерлеп оқиды.

2.Хормен оқыту.

3.Жатқа айту, есте сақтағандарын дәптерлеріне жазғызу.

Өлеңді тексеру критерийлері бойынша бір-бірлерін бағалайды.

Өлеңді тексеру критерийлері:

«5»- орфографиялық , пунктуациялық қателері жоқ, мазмұны толық.

«4»- 1орфографиялық ,1пунктуациялық қателері бар, мазмұны толық.

«3»- 2-3 орфографиялық , пунктуациялық қателері бар, ой толық емес.

«2»- 3-5 орфографиялық , пунктуациялық қателері бар, ой толық емес.

Сергіту сәті.

Келесі сабақтың тақырыбына байланысты диалог құрастырады, бір-бірлерімен өзара сөйлеседі.Ал сыныптағы дарынды оқушылар тақырып бойынша шағын шығарма жазады.

Спикер тексеріп бағалау парағына бағаларын қояды.

ҚShape1

  1. Б

  2. Б

  3. А

  4. В

  5. Б

  6. В

орытынды ретінде оқушыларга тест таратып беру. (6сұрақ) Тест орындап болганнан кейін жауап үлгісі бойынша өз-өздерін тексереді, бағалау парағына бағаларын қояды.

Тест.

1.Етістіктің неше шағы бар?

а) екі

б) үш

в) төрт

2. Өткен шақ етістік қалай жасалады?

а)–п, -ып,-іп жұрнақтары арқылы

б)–ды,-ді,-ты,-ті жұрнақтары арқылы

в)–а, -е, -й жұрнақтары арқылы

3.Осы шақта тұрған сөйлемді тап.

а) Мен кітап оқып отырмын.

б) Ол мектепке бара жатыр.

в) Асан кеше театрға барды.

4.Кітап туралы мақал мәтелді тап.

а)Білекті- бірді жығар, білімді- мыңды жығар.

б) Еңбек түбі-береке.

в) Кітап -білім бұлағы, білім- өмір шырағы.



5.Осы шақтың түрлерін тап.

а)Мақсат, ауыспалы, ежелгі.

б)Нақ осы шақ, ауыспалы осы шақ.

в)Дағдылы осы шақ, ауыспалы осы шақ.

6.Келер шақта тұрған сөйлемді тап.

а)Мен теледидар көріп отырмын.

б) Әлия сабақтан бес алды.

в)Асан ертең тетрға барады.



Бағалау парағын жинап алу. Үйге тапсырма : Кітап, білім туралы мақал-мәтел жинастырып келу.

Рефлексия. Алдарында жатқан балықтарға өз ойларын жазады. Не сәтті өтті, не сәтсіз өтті? Сонымен қатар келесі тақырып бойынша не білгілері келетіндерін жазып тақтадағы аквариумге орналастырады.

Мұғалімнің қорытынды сөзі. Біз осы аквариумдегі балықтардай бірге жүзіп, бірлесіп жұмыс істесек, біз жеңбейтін қиындық болмайды деп ойлаймын. Сендерге үлкен рахмет.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
705
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі