400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Қыс" даярлық топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Даярлық топ мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

МАД

Тәрбиеші:

Уақыты:

Кабинет:

Тақырыбы

Қыс

Сабақтың мақсаты

Мақсаты: 
Білімділігі: Балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін кеңейтіп, сөздік қорын байыту. Сұраққа нақты жауап беріп, сурет мазмұнына сай әңгіме құрап айтуға үйрету. Қысқы ойындарды әңгімелеп айтуға баулу. 
Қыс мезгілінде ойналатын ойындарды, сырғанауға арналған заттарды ажырата білуге үйрету 
Дамытушылығы: Табиғат көрінісін сипаттап, қызықтарын әңгімелету арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. 
Тәрбиелілігі: Бір - біріне қамқор болуға, ұйымшылдықпен ойнауға тәрбиелеу. 
Әдісі: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, жұмбақ шешу, тапсырмалар орындау ән айту. 

Көрнекіліктер

Қыс суреттері, аққала, қағаз, қарлар, ойын суреттері. 
Пәнаралық қатынас: Тіл дамыту, музыка.


Іс-әрекет  кезендері

Тәрбиеші  әрекеті

Балалардың   іс — әрекеті


 Психологиялық ахуалды қалыптастыру




Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің барысы: 
- Балалар бүгін бізде ерекше күн. Қане орнымыздан тұрып апайлармен амандасып алайық. 
Шаттық шеңбері:
Арайлап атқан таңға сәлем!

Шуағын шашқан күнге сәлем!

Білім беріп тәрбиелеген,

Апайларым сіздерге сәлем.


Кіріспе бөлім

Тәрбиешінің тапсырмасы:

- Аспанды сұр бұлт қаптап, жерді ақ ұлпа қар басты. Өзендерде мұз қатып, айнала ертегідегідей тыныштыққа бөленді. Күннің суығына қарамастан балалар шана, коньки теуіп, кар атысып ойнап жүр. Қай мезгіл туралы айтылды? (видеоролик)

Педагог қыс мезгілінде болатын құбылыстарға тоқталады. Әр айдың ерекшелігін айта келе, қысқы ойындар туралы түсінік береді.


- Жылдың қай мезгілі?

- Қыс мезгілі неше айдан тұрады?

- Балалар аяз жылдың қай мезгілінде болады?  
- Қыс мезгілі қандай болады? 
- Салқын болады, беті - қолымыз тоңады. Қар жауады, боран болады. 
- Ендеше, боран соққанын қимылмен қалай көрсетеміз? 
- (Қолдарын көтеріп, гуілдейді). 
- Қатты аяз болып тоңғанда не істейміз? 
- (Қолдарын уқалайды.)

- Ал, осындай суыққа қарамастан көңілкүйлерің қалай? ( керемет )

- Жарайсыңдар осындай тамаша көңіл күймен орманға барғыларың келе ме? 
- Иә, барғымыз келеді. 
- Қане, бәріміз көзімізді жұмайық. 
(Балалар көздерін жұмады, ашқан кезде орман көрінісі көрінеді.) (видеоролик)
- Міне, балалар, біз орманға келдік. Орманнан нелерді көріп тұрмыз? 
-Қар басқан шыршалар, ағаштар, аққала, үйілген қарлар. 
-Қар туралы сендер не білесіңдер? 
- Аппақ, аппақ, қар аппақ 
Айналаның бәрі аппақ 
-Шыршаның түсі қандай? Бойлары бірдей ме? 
-Түсі жасыл. Бойлары биік және аласа. 
- Орманда тағы нелер бар екен? 
- Аңдар бар. 
- Аңдар туралы не білесіңдер? 
Кәусар: 
Түлкі қызғылт сары түсті, жыртқыш аң. Ол орманда өмір сүреді. 
Сабина: 
Қасқыр сұрғылт түсті жыртқыш аң. Ол ұсақ жануарлармен қоректенеді. 
- Мынау ақ болып тұрған не? 
- Ақ қарлар 
- Балалар, мына жерде біреу бар сияқты, кім болды екен? 
- Аю ғой. 
- Балалар, аю қыста ұйықтап жатады, шуласақ оянып кетеді. мынау қорапшаны біреу жоғалтып алған сияқты, өзімізбен бірге ала кетейік, сұраса берерміз. Ал, мынау не нәрсе? 
- Бұл аққала. 
- Иә, біздің алдымызда да балалар келіп, аққала жасап кеткен сияқты. Аққала неше бөліктен тұрады? 
- Аққала үш бөліктен тұрады. 
- Пішіндері қандай? 
- Пішіні дөңгелек. 
- Ал түсі қандай? 
- Түсі ақ. 
- Аққаланы неден жасайды? 
- Ақ қардан жасайды. 
- Балалар, біз тоңып қалдық. Қайтатын уақытымыз болды. Қанеки, көзімізді жұмайық. 
- Міне, балалар, сыныбымызға келдік. Қысқы орманнан нені көрдік? 
- Аңдарды, аққаланы, шыршаларды көрдік. 
- Балалар, орманнан тауып алған қорапшаны ашып көрейік. Міне, қызық. Қорапшаның ішінде тапсырмалар бар екен. Тапсырмаларды орындаймыз ба?



Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды.

Ұйымдастыру  іздестіру

 Жаңа сабақ






Балалар  барлық  қимылдарды  тәрбиешіге  қарап, қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды.

Сергіту сәті

Уақытты мол бөлеміз

Қыс қызығын көреміз

Сары аязда шың алып,

Шымыр болар денеміз

Оқушылар ойын ойнайды

 Рефлексивті — түзетушілік

1- тапсырма: Қыс мезгілі туралы тақпақтар білесіңдер ме?

Балалардың тақпақтары.

2- тапсырма: Дидактикалық ойын: " Киімдерді  топтау"

Қимылды ойын: «Қандай қимыл екенін тап». Ойын шарты: Балалар орнынан тұрады, әр бала кезекпен ортаға шығып, қоржыннан қысқы ойындардың суретін көріп, қимылды қозғалыс жасайды, қалған балалар шешуін табуы керек. Бірнеше (шаңғы, коньки тебу, шанамен сырғанау, т.б.) қимылдар көрсетіледі. Суреттерді тақтаға жапсырады. Сонан соң сурет бойынша қысқы ойын түрлері туралы әңгімелейді.

3- тапсырма: Жұмбақ шешу: 
1.Көзіңе көрінбейді, 
Тоңдырып қызартады. 
Күні - түні ерінбейді, 
Өзенге мұз артады. (Аяз)

2.Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады. ( Қар)


3.Суға салсаң батпайды,

Отқа салсаң жанбайды. ( Мұз)


4- тапсырма: Шығармашылық жұмыс "Шыршаны безендіру"

- Қыста қандай мерекені атап өтеміз?

- Жаңа жылда нені безендіреміз?

- Шыршаны безендіру сендерге ұнай ма? Ендеше, шыршаны безендіреміз.


5-тапсырма: Санақ айта білеміз бе?

- Ой, қандай керемет! Енді бәріміз "Көңілді қыс" әнін орындайық. 

Тапсырмаларды әр  бала  өз алдына ерекше орындады.

Күтілетін   нәтиже:

Білу

Күтілетін нәтиже: 
Қыс мезгілінің ерекшеліктерін ажыратып, атай біледі 


Өзіне үйренгені

Сурет бойынша әңгіме құрастырып айтуды, сұраққа толық жауап беруді үйренеді.

Үйрену

Бейнелі суреттерді құрастырып, қардың бейнесін саусақпен салады. 










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
484
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі