Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Қыс мезгіліндегі құстар тіршілігі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Дефектологтарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Қыстап қалатын  құстар 

Сабақтың мақсаты: қыстап қалатын құстар және олардың   қысқы тіршілігі жайында білімдерін қалыптастыру

Сабақтың міндеті:

1. білімділік: Оқушыларға  қыстап қалатын құстар және олардың   қысқы тіршілігі жайында мағлұмат беру, қыс мезгілі туралы қалыптасқан білімдерін бекіту;

2. түзете-дамытушылық: сұраққа толық жауап беру арқылы сөздік қорларын дамыту, жұмбақ шешу арқылы логикалық ойлауын дамыту; суреттерді бояу арқылы қолдың ұсақ моторикасын дамыту;

3. тәрбиелік: Табиғатты қорғай білуге,  құстарға  қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын, жұмбақ шешу

Сабақтың көрнектілігі: құстардың суреттері, құстың азығын салатын науа, құстарға беретін азық, құстардың дауысы бар үнтаспа,


Сабақтың барысы:

  1. Дайындық кезеңі: (2 мин)

Сабаққа психологиялық-педагогикалық дайындық жасау:

  • Сәлеметсіңдерме, балалар!

  • Көңіл-күйлерін қалай? Балалар кім сұраққа жақсы, толық жауап береді, мен сендерге құсты берем, сендер өздеріннің алдарында жатқан тоғайға қоңдырасындар. Сабақ аяқталғанда, қоңған құстарды санаймыз.

  • Айтындаршы, қазір жылдың қай мезгілі?

  • Қыс мезгілінің қай айы?

  • Ал, балалар бізде қыс мезгілі біткеннен кейін, қандай жыл мезгілі келеді?

  • Бүгін аптаның қай күні?

  • Қазір бізде қандай сабақ?


  1. Жаңа сабаққа кіріспе (5 мин)

  • Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырам. Ал, сендер жауабын табындар.

  • Орманда жоғары,

Ағашқа қонадды,

Тұмсығын балға етіп,

Тоқ-тоқ соғады. (Тоқылдақ)

  • Мәпелейміз, баптаймыз,

Биіктерге самғаймыз.

«Бейбітшілік құсы» деп,

Қай құсты айтып мақтаймыз. (көгершін)

  • Енді, бәріміз маған қараймыз. Мұқият тыңдап отырамыз. (құстардың дауысы бар үнтаспаны қосу)

  • Балалар, айтындаршы сендер ненің дауысын естідіңдер?

  • Өте жақсы, құстардың! Сонымен балалар сендер қалай ойлайсындар, біздің бүгінгі сабағымыз не туралы?

  • Қандай ақылды балаларсындар! Өте жақсы. Құстар туралы.

  • Қандай құстар туралы деп ойлайсыңдар?


  1. Жаңа сабақ: (10 мин)

Балалар біз бүгін сендермен қыстап қалатын құстар әңгімелейміз. Қыстап қалатын құстар дегеніміз өз туған жерінде қалатын, шыдамды, суыққа төзімді, тоңбайтын отырықшы құстар. Ондай құстарға қарға, торғай, бүркіт, көгершін, сауысқан жатады. Бүркіт орманда, тауда өмір сүреді. Адамдар бүркітті қолға да ұстайды. Аң аулауға баптайды. Ондай адамды құсбегі деп атайды. Бүркіт - қасқыр, түлкі, қоян аулайды. Сауысқан, қарға, торғайды күнде кездестіреміз.


  1. Сергіту сәті: (2 мин)

Орнымыздан тұрайық,

Қолымызды созайық.

Қарға құсап жорғалап,

Қане, қанат қағайық.



  • Құстардың ортақ қасиеті: қанаты бар, ұшады, тұмсығы бар, шоқиды.

  • Құстардың айырмашылығы: әртүрлі дауыстайды. Қарға мен торғайдың дауыстағаның салу.

  • Құстардың пайдасы: олар ағаштарды зиянды жәндіктерден тазалайды.

  • Балалар айтындаршы, қыстап қалатын құстар неліктен өз жерлерінде қалады?

  • Шыдамды құстар. Қысқа төзімді құстар. Тоңбайтын құстар. Елін, жерін сүйетін құстар.

  • Мына суреттегі құстардың қайсысы сендерге таныс. (аттарын атау, сөйлей алмайтын балалар суреттерін көрсетеді)

Азықтарды құстардың қасына апарып ілу, сөйлей алмайтын балаларға.

Етті-бүркітке, күнбағысты-көгершінге, тарыны-торғайға апарып ілу.


  1. Практикалық жұмыс (8 мин)

Құстардың азығын салатын науа жасау

- Балалар сендер қалай ойлайсындар, құстар қыста не туралы сөйлеседі? Қане, тыныш отырып, дауыстарын тыңдайық.

- Қалай ойлайсындар, неліктен олардың дауыстарында қызықты ән, қуаныш, қорқыныш, уайым, көмекке шақыру сезіледі.

- Өйткені оларға қысты күні суық және жейтін азықтары жоқ.

- Әрине қыстайтын құстар азықты өздері таба алады, сонда да қане біз оларға көмек ретінде азық салатын науа жасап берейік.

- Өте жақсы, балалар! Біз ертеңгі сабақта осы істеген науамызды далаға шығып, талға іліп қояйық.


  1. Бекіту (3 мин)

  • Бірақ, науаны жай ғана іліп қою аз болады. Оның ішіне біз азық салу керекпіз. Ол үшін біз бір ойын ойнап жіберейік. Егер ойынды жақсы ойнасақ, құстар жейтін азықтыда табамыз.

Ойын: «Құстардың атын атау»

Шарты: Мен төртбұрышты лақтырам, ал сендер бет жағына қарап түскен құстың атын атайсыңдар. (Бірнеше рет қайталау)

- Сонымен, біз бүгін қандай құстар туралы айттық?

- Қыстайтын құстарға нелер жатады?


  1. Бағалау (2 мин)

  • Жақсы балалар, біз құстардың азығын таптық. Науаға салып қоямыз. Бірақ менің қолымда екі түрлі азық. Қане, көрейікші! Біріншісінде - тары, ал екіншісінде не екен?

  • Балалар, қарандаршы бұл не? (кәмпит). Ал , балалар құстар кәмпит жей ме?

  • Жооқ, жемейді. Сондықтан балалар сендер сабаққа жақсы қатысқандарын үшін құстар кәмпитті сендерге сыйлыққа әкеліпті.


  1. Үй тапсырмасын беру (1 мин)

Өздеріне ұнаған қыстайтын құстың суретін салу


  1. Рефлекция (2 мин)

  • Сендерге сабақ ұнады ма?

  • Сабақта сендерге не істеген ұнады?

  • Қане, санайықшы кімнің тоғайына көп құс қонды екен? Құстарды санау

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
10.11.2018
755
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12