Ашық сабақ «Қыс қызығы»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ «Қыс қызығы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға, Керек материалдарын алып қолдануға болады, көмегін тисін деп.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұйымдастырылған оқу қызметі Тобы: «Балдырған»тобы


Тәрбиеші :Ахамбаева Гулмира Зиятаевна

Бөлімі:Сөйлеуді дамыту
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Тақырыбы: «Қыс қызығы»
Мақсаты: Қыс мезгілі және сол кезде болатын табиғат өзгерістері туралы түсініктерін қалыптастуру.

Міндеті:

Тәрбиелік: Табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп, көре білуге тәрбиелеу.

Білімдік: Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту. Өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуге, өз ойын толық жеткізе білуге үйрету.

Дамытушылық. Қысқы ойындарға қажетті құралдарды атауды дамыту

Әдіс - тәсілдері:Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ – жауап, көрсету, ғажайып сәт, ойын, сергіту сәті. кубизм әдісі, триз әдіс
Көрнекілігі:Мазмұнды суреттер,аққала, ойынға қажетті заттар,музыка.

Шаттық шеңбері:

Аспан ашық, көгілдір,

Күн шуағын төгіп тұр.

Қол ұстасқан біздерді,

Тереземнен көріп тұр.

Тәрбиеші:Балалар, мен сендерге жұмбақ:оқып бергім келіп тұр.

Шанамен зырлап желетін,

Шаңғы,коньки тебетін.

Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?

Бұл қай кезде болады?

Балалар: Қыс

Тәрбиеші: Қыс мезгілі ұнай ма?Қыс өте әдемі, сонымен бірге ауа райы суық, аяз болады


Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, қыс мезгілінің белгілерін білеміз

Т:Олай болса балалар орманға саяхатқа шығайық.Кәне бір сәт көзімізді жұмайықшы «музыкамен»

«Қысқы орманға саяхатқа шығу» Айналаға көңілдерін бөлу

Т:Балалар қараңдаршы,біз орманға келдік.Орман қандай әдемі айналаның бәрі аппақ қар.Орман іші тыныш екен.

Дыбыстық жаттығу:

- Боран қалай ұйытқиды у-у-у-у-у,

Боран соқты зу-зу,

Күртік қар қалай сықырлайды қырт-қырт- қырт- қырт

Балалар қол тоңғандаай- ай- ай- ай

Қар-қандайақ,суық,тез ериді,

Аяз-сурет алады ,шымшиды,сықырлайды,күшті,ашулы

Қыс-суық,аязды,қарлы,боранды,көңілді

Қар не істейді жауады,ериді,ұлпа,жеңіл,жұмсақ,таза

Т:Балалар шаршы қараңдаршы.Жай шаршы емес екен,суретімен екен.

Кубизм әдісі арқылы сұрақ-жауап алу.

1. Бір жылда неше мезгіл бар? Қазір жылдың қай мезгілі?

2. Қыста ауа-райы қандай болады?

3. Қыс мезгілінде адамдар қандай киім киеді?

4. Қыста қандай ойындар ойнайды?

5. Қыс мезгілінде қандай аңдар ұйқыға кетеді

6. Қыс мезгілінде қандай аңдар орманда жүреді

Балалар ойын ұнады ма?Жақсы балалар, көп біледі екенсіңдер.Ендеше мына суретке назар аударайықшы.Алдымен балалар отырып алыңдар.


1.Балалар мына суреттерде қандай мезгіл бейнеленген?

Ал енді мына суретке назар аударайық

.Қандай ойындар ойнайсыңдар

шаңғы,шана,коньки,қар атысу,аққала соғу «суретпен жұмыс»

-Шанамен сырғанап жүр

-Мұз айдынында коньки теуіп жүр

-Балалар шаңғы теуіп жүр

-қар лақтырып ойнауда

-Аққала жасайды

-Қыста балалар жылы киінеміз

-Шаңғы,коньки тепкенде біз спорттық киім киеміз

Сұрақ:-кімдерді көріп тұрмыз

-қай кезде осы ойын түрлерін ойнайды

-қалай киінген «әңгіме құрастыру»

Мнемо таблица арқылы жұмбақ шешу

Тәрбиеші: Шелек қалпақ басында,

Сәбіз екен танауы.

Қыста қардан туатын,

Тауып көрші сен оны. (аққала)

Тәрбиеші: Аққала неден жасалады?

Қардың түсі қандай?

Қар мұздай ма, жылы ма?

Аққала неше бөліктен тұрады?

Ғажайып сәт./Осы кезде аққала келеді/

Аққала: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен сендермен ойнауға, сендердің өнерлеріңді тамашалауға келдім.

Тәрбиеші: Кел төрлет, сен туралы айтып отыр едік. Балалар, қонаққа не келді?

Балалар: Аққала

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, бәрекелді!

Аққала: Балалар сендерге қыс мезгілі ұнай ма?

Қыс мезгілінің ұнайтын және ұнамайтын жақтарын атаңдаршы?

Балалар: ұнайтын жағы: Жаңа жыл келеді, шаңғы, коньки тебеміз, шанамен сырғанаймыз, қар жауады, қар лақтырып ойнаймыз, аққала жасаймыз.

Ұнамайтын жағы: қатты аяз болады, суық жел тұрады, боран соғады.

Аққала Балалар тоңдыңдар ма ендеше бойымызды сергітіп жылынып алайық

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Енді барлығымыз бірге сергіту сәтін орындап, бір серігіп қалайық:

Қар жауғанда топ бала,

Соқтық келіп аққала.

Мұрны сәбіз,үп-үшкір,

Көзі көмір қап-қара.

Көне шелек басында,

Сыпырғышы қолында.

Мұзайдынды аршуға,

Келгендей-ақ ол мұнда

Тәрбиеші: Жарайсыңдар,енді аққаламен ойын ойнайық.Аққала сен балалардың өнерін тамашала

«Суретті жалғастыр»

Шарты:Берілген суретті толықтыру.

Аққала: Жарайсыңдар балалар, менің тапсырмаларымды орындадыңдар! Рахмет! Балалар, сендер өте ақылды, өнерлі, тапқыр екенсіңдер! Топтарың ыстық екен, мен жылы жерде көп тұра алмаймын, еріп бара жатырған сияқтымын. Еріп кетпей тұрғанда, қайтайын. Жақсы балалар мен сендермен қоштасамын, келесі жылы кездескенше сау болыңдар!

Тәрбиеші: Балалар салған суретімізді аққалаға сыйлайық,аққаламен қоштасайық!(Аққала шығып кетеді)

Тәрбиеші:Балалар енді топқа оралайық
Қорытынды: Балалар, бүгін біз жылдың қай мезгілі туралы әңгімелестік?
Бізге бүгін қонаққа не келді?

Барлығымызға ұнады ма?

--Қыста қалай киініп жүру керек?

-Қыста қандай қызықтар болады екен?

-Қандай мерекелерді білесіңдер

-Қандай ойындар ойналады?


Жарайсыңдар, балалар, енді келген қонақтарымызбен қоштасайық.

Қол ұстасақ бәріміз,
Жарасады сәніміз.
Көріскенше күн жақсы,
Сау болыңыз бәріңіз!

Күтілетін нәтиже:
Қабылдау:қыс мезгілінің ерекшеліктерін ажырата алады

Түсінеді: Қыс мезгілінде қандай ойындар ойналады

Қолданады: Қысқы ойындарды атап, сурет бойынша әңгімелей біледі.



Shape1

Shape2









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.01.2019
476
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі