Материалдар / Ашық сабақ "Қыс қызығы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Қыс қызығы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың қыс туралы түсініктерін кеңейтіп, қысқы ойындар мазмұнын меңгерту. Бала денесін ойын арқылы қозғалысқа келтіріп, таза ауада шынықтыру. Іс-әрекетке деген қызығушылығын ойын арқылы қалыптастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Ақпан 2023
274
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру саласы: «Денсаулық». Тақырыбы: «Қыс қызығы тамаша». Мақсаты: Балалардың қыс туралы түсініктерін кеңейтіп, қысқы ойындар мазмұнын меңгерту. Бала денесін ойын арқылы қозғалысқа келтіріп, таза ауада шынықтыру. Іс-әрекетке деген қызығушылығын ойын арқылы қалыптастыру. Методикалық әдіс: Ойын әдісі, ойын мазмұны, түсіндіру, үйрету. Көрнекіліктер: Шана, аққала, қар, күрек, қар үйінділері, шайбалы хоккей. Ойынның жүру барысы: -Сәлеметсіңдер ме, балалар, әріптестер! Бүгінгі біздің "Қыс қызығы- тамаша" атты спорттық мерекелік сайысымызға қош келдіңіздер! Тілек шеңбері: Балалар алаңда дөңгеленіп шеңбер жасап тұрып, бір-бірінің алақандарын беттестіріп тілектер айтады. 1. Ауамыз таза болсын! 2. Денсаулығымыз мықты болсын ! 3. Ойын қызықты болсын! 4. Жарыс көңілді болсын! 5. Жеңімпаздар көп болсын! Балалар музыка ырғағымен айналып жай жүріп, сонан соң жүгіріп келіп, аяқ-қол бұлшықеттеріне арналған сергіту жаттығуларын жасайды. Қозғап барлық денеңді Қолды қатты соқ енді. Тақылдатпай таяқты Ақырын бас аяқты. Иықты артқа ысырып, Басты төмен саламыз. Жаттығу жасап осылай, Біз шынығып аламыз! Нұсқаушы: Міне балалар, аппақ қыста келді. Бірақ қыстың өзі көрінбейді
ғой. Кәне, орманға барып қысты іздеп келейік. (Осы кезде алдарынан қоян мен түлкі шығады).
Бірақ, алдыменен сұраққа жауап берейік.
Қыста қандай өзгерістер болады? Қандай ойын түрлерін білесіңдер?
(балалардың жауаптары).
Осы кезде қонаққа Мыстан кемпір келеді.
Мыстан: Бұл кімдер менің орман патшалығыма келді? Мен ешкімді шақырған жоқпын, кетіңдер. Нұсқаушы: Ашуланбаңыз, әжетай. Біз орманға қысты іздеп келдік.
Сіз қысты көрдіңіз бе?
Мыстан: Кімді? Қысты? Ол мен ғой қыс. Не ұқсамаймын ба? Әдемімін бе? Нұсқаушы: Сіз өтірік айтасыз, сіз мыстан кемпірсіз ғой. Сіз бізге көмектесесіз бе, қысты табуға?
Мыстан: Жарайды, Алдымен тақпақтар айтып беріңдер. Білесіңдер ме?
Балалардың тақпақтары: 1- бала: Жапалақтап аппақ қар,
Жауды күнде қайталап.
Қырға шықты балалар,
Шаңғыларың арқалап. 2-бала: Жұлдыз болып ағамыз,
Ақ мамықтың үстімен.
Біз спортшы боламыз,
Үлгі аламыз күштіден.
3-бала: Қуаныштың бүгінгі
Басылмайды ыстығы.
Жылдамырақ жүруді
Үйретеді қыс күні! Мыстан: Енді менімен бірге ойындар ойнайсыңдар ма? Нұсқаушы: Әрине.
1 - ші ойын: «Мұздатам». Ойынның шарты: Боран борайды - 1,
Боран борайды - 2,
Боран борайды - 3,
Түрлі фигура боп қат.

2 - ші ойын: «Мұрынды аққалаға тос». Ойынның шарты: Балалар қолдарын артқа тығып, мұрындарын тосады.

Жүргізуші: Енді бізге жолды көрсетесіз бе?
Мыстан: Жарайсыңдар, балалар! Міне мына жолмен барасыңдар да
Қысты кездестіресіңдер. Сау болыңдар, адасып қалмаңдар. Осы кезде алдымыздан Қыс шығады. Қыс: Сәлеметсіздерме балалар, аяздан корқасындар ма?

Балалар: Бірақ біз қыстан қорықпаймыз денемізді шыңдаймыз, жылы киінеміз. (Қыс балаларға жұмбақ жасырады)
Жалт - жұлт етеді,
Ұстасаң еріп, кетеді. (Мұз)
Зулап түсті төменге.
Шықпас менен төбеге. (Коньки)
Тікен - тікен тік пісте,
Қысы, жазы бір түсте. (Шырша)
Күміс тұяқ тұлпарды,
Ерттеп міндім тай қылып. (Шана)
Қыста айна,
Көктемде су. (Мұз) Қыс: Жарайсыңдар, балалар! Сендер ойнауға дайынсыңдар ма? (Ойын жарыс түрінде өтетін болған соң, балаларды екі топқа бөлеміз).

1-топ: Ұлпақарлар. 2-топ: Аққала.


Ойын «Кім жылдам»

Шарты: екі топка бөліну, шеңбермен тұрамыз. Музыкамен бірге жан – жаққа жүгіреміз. 1,2,3 – дегенде, шеңбермен тұрады. Қыстық эстафета:

1. «Себетке қар лақтыру» Шарты:қарды дәлдеп, себет ішіне лақтыру керек.

2. «Хоккейшінің допты дұрыс алып жүру тәсілі» Шарты: Допты қақпа таяқпен кеглейларды құлатпай, арасынан өту керек. 3 «Қарды ұстап жүгіру» Шарты: Қарды алақанға салып, межеге дейін жеткізу.

4 «Бір шаңғымен жүріп көр» Шарты: Екі команданың балалары бір-бір шаңғы киіп, мәреге дейін құламай жүруі керек.

5 «Шанамен жарысу». Мазмұны: Екі топтың үлкен балалары бір баланы шанаға отырғызып сүйреп мәре сызығына дейін жарысады. Ойынға балалар түгел қатысады. Қай топ бұрын жетеді, сол топ жеңеді.
6 «Кім епті» Шарты: Бір ыдыстағы қарды күрекпен кедергілер арасымен жүгіріп, шелекке тасу. Қай топ шелекке көп қар алып келсе, сол топ жеңіске жетеді.

Қыс: Жарайсындар балалар! Сендер жүгіргенді де, секіргенді де, ойнағанды жақсы көреді екенсіңдер гой!

Ойын «Қыс»


Шарты: Қыс сиқырлы таяқшасы мен балаларды қатырмақшы болады ,ал балалар қашады жан жаққа жүгіріп.(3-4рет қайталану)

Дем алу гимнастика

«Қарды үрлейміз»

Шарты: Әр бала қолдарына қар ұстап үрлейді.

Қыс: Балалар сендер мен қоштасатын уақыт келді.Барлықтарын жақсы қатыстандар .Мен сендерге құр қол келген жоқпым сыйлығымды ала келдім.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!