400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Қыс қызығы" ортаңғы топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша мамандарына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: "Қыс қызығы"

Мақсаты: Балаларға қыс мезгілі туралы түсінің беру, білімдерін жетілдіру. Қыс мезгіліндегі қызықты ойындар ойайтыны айтып жеткізу. Балалардан сұрақ жауап арқылы білімдерін нығайту.

Көрнекіліктер: жыл мезгілінің суреті, қыс мезгілдеріндегі ойындардың суреттері, қысқы қар, Аққала

Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, әңгімелеу, көрсету

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің барысы

Тәрбиеші: Балалар орнымыздан тұрып келген қонақтарға бір бірімізге жылы лебіздерімізді білдірейікші

Айда біреу аспанда

Күнде біреу аспанда

Тұрғанымыз елжіреп

Бәрімізде бір жүрек

Тәрбиеші: Балалар бүгін 24 қаңтар сейсенбі, қаңтар айының соңғы аптасы.

Әнұран орындалады.

Тәрбиеші:Балалар бір жылда неше мезгіл бар?

-Төрт мезгіл

Тәрбиеші:Қыс мезгілінде неше ай бар?

-3, желтоқсан, қаңтар, ақпан

Тәрбиеші:Қазір жылдың қай мезгілі?

-қыс мезгілі

Тәрбиеші:Балалар өткен ұйымдастырылған оқу іс - әрекетін еске түсірейікші.

"Аяз атаны біз қалай қарсы алдық?"

Біз қыс мезгілінде қандай меркені тойладық?

-Жаңа жыл шырша мерекесін тойладық

Тәрбиеші:Мерекеге кімдер келді?

-Аяз ата, Ақшақар

Тәрбиеші:Олар сендерге не әкелді?

-Сыйлық алып келді

Тәрбиеші:Сендер Аяз атаға тақпақтар айттыңдар ма?

-Ия

Тәрбиеші:Орманнан қандай аңдар қонаққа келді?

-Түлкі, қасқыр, аю, қоян

Тәрбиеші:Кім тақпақ айтады?

Санура: Құтты болсын жаңа жыл

Құтты болсын жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр

Айгүл: Аю, қасқыр, қоян, түлкі

Ортада би билеп

Балалар жүр мәз болып

Би билейді дөңгелеп

Тәрбиеші:Жарайсыңдар, балалар, сендер өткен оқу іс- әрекетін естен шағармапсыңдар. Олай болса орнымыздан тұрып бір серігіп алайық.

Сергіту сәті

Тоңса біздің аяғымыз

Етік киіп аламыз

Топ - топ - топ

Топылдатып билейміз

Тәрбиеші:Ал, балалар енді бүгінгі жаңа тақырыптағы ұйымдастырылған оқу іс - әрекетін бастаймыз.

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: "Қыс қызығы"

Тәрбиеші:Ақ киімді денелі, ақ сақалды

Соқыр мылқау, танымас тірі жанды

Үсті басы ақа қырау түсі суық

Басқан жері сықырлап келіп қалды

Балалар қараңдаршы, қазір қыс мезгілі.

Даланы қалың ақ қар басқан. Құстар жылы жаққа ұшып - кетті. Қыс мезгілінің ерекшеліктері өте көп, Балалар мына суретке қараңдаршы. Мына бала шанамен ойнап жатыр. Ал, мына бала сырғанақ теуіп жатыр. Аққала соғып жатыр. Балалар қыс мезгілінде ағаштарда жапырақ болмайды.

Қардың түсі қандай?

-Ақ

Тәрбиеші:Аппақ, егер қарды қолымызға ұстап алақанымызға салсақ, ерпіп кетеді. Алақанымз ыстық, ал қар мұздай сол себептен қар еріп су болып кетеді.

Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын шешуін табасыңдар ма?

Балалар:Ия

Тәрбиеші: Қыста ғана болады

Ұстасаң қолың тоңады

Балалар: қар

Тәрбиеші:Тіке, тіке тік пісте

Қысы жазы бір түсте

Балалар: Шырша

Тәрбиеші:Балалар кім қыс туралы тақпақ біледі.

Бигелді: Қыстың күні көңілді

Көп қызықты көреміз

Шығып алып далаға

Сырғанақ тебеміз

Санура: Біздің байтақ далада

Асқар тауда, далада

Биыл ғажап іс болды

Таңғажайып қыс болды

Мұхамед: Шанамызға мінеміз

Мәз мейрам боп күлеміз

Жарысамыз бәріміз

Жарасып тұр сәніміз

Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар. Балалар қысы жазы бір түсте болатын шыршаны енді әдемілеп бояықшы. Мен сендерге қауіпсіздік ережесін түсіндіріп өтемін және бояу жолдарын көрсетемін. ( аяу музыка ойнап тұрады).

Жарайсыңдар балалар, шыршаны өте әдемі етіп бояыпсыңдар.

Сергіту сәті

Тоңса біздің қолымыз

Қолғап киіп аламыз

Тарс - тарс - тарс

Шапалақты соғамыз

Тосын сәт: Есік қағылады, Аққала шанамен кіріп келеді.

Аққала: Сәлеметсіңдерме, балалар, қонақтар

Балалдар: сәлеметсіңбе Аққала

Аққала: Мен алыс жол басып сонау солтүстік өңірлерден келдім. Келе жатып жолдан балалар бастаған аққаланы көріп, сондай жаным ашып кетті, мен оған жүр мен сені өзімнің шанама салып алып, жолда кезіккен балаларға сені соңына дейін бітіріп берсін деп өтініш жасайын деп алып келдім. Маған көмектесесіңдер ме?

Тәрбиеші:Балалар, Аққалаға көмектесеміз бе.

Балалар: ия, көмектесеміз

Аққаланы жерге домалатып құрастырып береді.

Аққала: Қандай тамаша, Менің тағы бір өтінішім бар, орындайсыңдар ма?

Балалар: Ия

Аққала: Олай болса мен мына суреттерді түсінбей жатырмын, соны маған құрастырып беріңдерші?

Тәрбиеші: Аққала, біздің балалар құрастырғанды өте жақсы көреді. Мен сендермен бірге аққала берген суреттерді құрастырамын.

Аққала: қандай тамаша, мен енді жалғыз емеспін, менің енді достарым өте көп болды ғой. рахмет сендерге. мына қорапшада сендерег шағын сыйлығым бар, тәрбиешілеріңе беріп кетемін, ал жолдан қалмайын, әйтпесе мына жер өте ыстық екен мен еріп кетпейін, қош сау болыңдар балалар!

Тәрбиеші: Біз бүгін қандай таққырыпта әңгіме құрастырдық, бізге қонаққа кім келді, қандай тапсырмалар орындадық.нені бояып. әсемдедік?

Балалардың жауабы тыңдалады.

Тәрбиеші: Енді келген қонақтармен қоштасайық.

Қош сау болыңдар!







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
19 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
12946
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі