400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. "Қыс қызықтары" (2 сынып)

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып ұстаздарына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы: Қызығы мол қыс мезгілі

Мақсаты: Балалардың қыс туралы түсінігін кеңейтіп, жыл мезгілінің ерекшелігін айтуға, байланыстырып сөйлеуге түсіндіріп, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Көрнекілік: Тақырыптың аты жазылған плакат,қыс мезгілінің суреті.

Әдіс – тәсілі: сұрақ – жауап, пікір айту,көрсету.

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Амандасу

  • Балаларды түгендеу

  • Сабақ бастамас бұрын

Бір топ бала сырғанап,

Барады әне, жарысып.

Қалды артында қыр алып,

Іздерінен қар ұшып.

ІІ. Сұрақ – жауап.

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Балалар, алғаш сабаққа келген күндеріңді естеріңе түсіріңдер. Сонда сендер қалай киініп келдіңдер?

  • Ал қазір қалай киініп жүрсіңдер?

  • Қыс несімен қызық?

  • Қыста біз не жасаймыз?

Қане бәріміз жұмбақ шешеміз бе?


1.Жұмбақтарды шешейік:
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)

2.Отқа жанбас, суға батпас (Мұз)

3.Есіктен кіреді еңкейіп,
Төрге шығады қампайып. (Аяз)

4. Тікен-тікен тік пісте,

Қысы жазы бір түсте. (Шырша)

5. Қыста шыны болып қатады,

Жылыда су болып жатады.(қар)

6. Әуеде ақ мамық,

Қалбалақтап ұшады,

Қанаты талып.

  • Қане балалар бұл ненің суреті?

ІІІ. «Дұрыс /бұрыс» ойыны

Қыста ғана болады

 1.Ауа-райы аязды болады

2.Шанамен сырғанау

3.Суға шомылу

4.Гүл теру

5.Коньки тебу

6.Жаңа жыл

7.Наурыз мейрамы

8.Күн ыстық болады

ІV. Қорытынды.

Сабақ соңында оқушылар қыс туралы өлең шумақтарын оқиды. Сабаққа белсене қатысқан оқушылар бағаланады.












Қыс мезгілі.
Қысқы табиғат құбылыстары туралы әңгімелеу.
- Жылдың төрт мезгілін бірі - қыс. Қыс – суық, қарлы, аязды болады. Қыста қар жауып, аяз болып, ағаштарға қырау тұрады. Ол табиғаттың өзі жасаған шеберлігі.
Қыс мезгілінің айларын ата. Осы қыс айлары бойынша топқа бөлінейік. Ол үшін тақта алдындағы қардың суретін таңдап алуымыз керек. Онда қыс айлары үш тілде жазылған.
Желтоқсан Декабрь December
Қаңтар Январь January
Ақпан Февраль February
Желтоқсан, қаңтар мен ақпан айларында ауа райы суық болады. Қаңтар – қыс шатыры. Қыстың үш айы қандай суық болған
күнде де адамдар мұз айдында конькимен сырғанайды, шаңғы, шана тебеді. Қар кесектерін домалатып, аққала жасайды.
Қыс мезгілінің ерекшеліктерін атап бер?
Қыс мезгілін не үшін жақсы көресіңдер? Пікірлеріңді білдіріңдер.

1. Жұмбақтарды шешейік:
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)
Отқа жанбас, суға батпас (Мұз)
Есіктен кіреді еңкейіп,
Төрге шығады қампайып. (Аяз)

2. Суретпен жұмыс.
«Қыс қызығы» тақырыбы бойынша әңгімелеу.
«Қысқы ойындар» дидактикалық ойыны. Шарты: балалар бір - бірден қоржын ішінен суреттерді алады.
Суреттердің ішінен қысқы ойын түрлері бейнеленген суретті тауып, оны тақтаға жапсырады. Сонан соң сурет бойынша қысқы ойын түрлері туралы әңгімелейді.
Табаныма байладым,
Қос таяқпен айдадым. (Шаңғы)

Табаныма тақтым,
Жалпаң қақтым,
Зырлап бақтым. (Коньки)

Таудан түссем, тоқтауды білмейді,
Тауға қарай тартсам да жүрмейді.

Зулап түсіп төменге,
Шықпас менсіз төбеге. (Шана)

3. Сергіту сәті.
Жас ұланмын шыныққан,
Жасқанбайтын суықтан.
Қардан жасап аққала.
Сырғанаймын шаттана.

4. Оқулықпен жұмыс.
Г. Әзімбаеваның «Шана» атты шағын әңгімесін оқып беремін де, ары қарай бала қалай жауап беруі мүмкін? (Балалар ойланып, өз ойларын айтады)

5. Суретті бояу
Қысқы табиғат туралы суреттерді боятып, әңгімелету.

6. Ребусты шеш.
«Шана»
Қорытынды:
- Қыста қандай ойын түрлерін ойнаймыз?
- Кімнің шана, шаңғы, конькиі бар?
- Қазір техниканың жедел дамыған заманында бізге не керектің бәрі де дүкен сөрелерінде немесе ашық базарларда самсап толып тұр. Алайда, олардың кез келгенін әпере беруге біздің ата - аналарымыздың шамалары жете бермеулері де мүмкін. Сондықтан кейбір ата - аналар шананы қолдан құйдырып та жасатады. Сондай шана кімде бар?
- Сен оларды тиімді пайдаланып жүрсің бе?
Балаларды мадақтап, бес жұлдызшалар таратып, сабақты аяқтаймын.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
1393
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі