400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық Сабақ "Қыс"Абай 3Сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өткізген ашық сабағым Қыс суретін бейнелеу. Басқа артиптестерім осы сабақтың ұнаған жерлерін өз пайдасына жаратар деген ойдамын. Бастауыш оқушыларына қысқаша қыс туралы түсінік берілді бұл сабақта
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектебі: Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қаракөл ауылы

Қаракөл орта мектебі

Мұғалімнің аты : Тулеуова Анаргүл жоғары санатты

бастауыш сынып мұғалімі


Сыныбы: 3 сынып

Пәні: әдебиеттік оқу

ІІІ бөлім. Туған жерге қыс келді

Сабақтың тақырыбы: Қыс. Абай

Мақсаты: Оқушылардың Абай туралы жалпы білетіндерін еске түсіру. Қыс мезгілі жайлы түсінік бере отырып, сабақтың тақырыбын ашу, талдау жұмыстарын жүргізу, мазмұнын игеру, біліктілігін арттыра түсуге көмек беру, жағдай жасау; ойын толық жеткізіп сөйлеу дағдылары мен жазбаша тілдерін жетілдіруге ықпал жасау; табиғат әсемдігін бақылай білуге, зер салып, бақылампаздыққа баулу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ, зерттей отырып, талдау.

Әдісі: іздену, сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, топтық жұмыс, ойын, суреттермен жұмыс, шығармашылық тапсырмалар, оқулықпен жұмыс, салыстыру.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, дүниетану, музыка, еңбек, бейнелеу.

Көрнекілігі: оқулық, сюжетті суреттер. Интерактивті тақта, СТО стратегиялары, слайд, «Аққала құрастыру» ойыны, Венн диаграммасы, семантикалық карта.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық.

Ана тілің – арың бұл

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

ІІ. Өткенді еске түсіру: Біз қандай бөлімді аяқтап едік ?

«Ата – бабам тарихы – менің тарихым.»

Осы бөлімнен оқыған мәтіндер арқылы халқымыздың басынан қандай кезеңдерді өткізгенін білдің?

Жоңғар шапқыншылығы қазақ халқының тағдырын ойсыратып кетті,

1916 жыл. Ұлт –азаттық көтеріліс. Көтерілісшілер жасағын құрған сардарбасы Амангелді Иманов.

1930- 1932 жылдары аштықтан екі миллионнан астам адам қырылды.

1937-1938 жылдары қазақ зиялылары қуғын – сүргінге ұшырады.

1941 – 1945 жылдары Ұлы Отан соғысы болды. Қазақ халқы соғысты жеңіспен аяқтау үшін барлық күш жігерін жұмсады, асқан ерліктер көрсетті.

1986 жылы Желтоқсан оқиғасы болды.

1991 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік жариялап тас бұғаудан босап, қайта түлегенін төрткүл дүниеге танытты. Қазақ халқы тәуелсіз, егемен ел болуды ерте кезден аңсаған. Қазақ хандары мен батырлары бостандық, тәуелсіздік үшін күресті. Ақ білектің күшімен , ақ найзаның ұшымен кең байтақ қазақ жерін қорғады. Қазір қазақ елін бүкіл әлем таныды. Биыл тәуелсіздігімізге 26 жыл болып жатыр.

ІІІ. Ой толғаныс. Семантикалық карта.

Тақырыптар

Абығай батыр.

Махамбет

Амангелді батыр.

Бөгенбай батыр

Тұрар Рысқұлов.

Қаракерей Қабанбай.

Сәкен Сейфуллин

Қайрат Рысқұлбеков

Шұбырынды болған жұрттың басын қосып, алғашқы қазақ жасағын құрған батыр.









Қазақтың қалың қолына 30 жасында қолбасшы болған кім?









Аты ұранға айналған батыр.









Астындағы көпшігін жұлып алды да, жүнін бұрқыратып шашып кеп жіберген кім ?









Езілген қазақ елі үшін

Қасық қанын қиған ер.









Қазақстанда болып жатқан аштық туралы Сталинге хат жазған алғашқы адам.









«Мәңгі жасар өмір» кімге қатысты айтылған?









Желтоқсанда жас өмірін жалау еткен қазақтың қайсар ұлы.











ІV. Қызығушылықты ояту

Әдебиеттік оқу

Математика

Қазақ тілі

Дүниетану



Төрт түрлі пәннен сұрақтар беріледі . Сол сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа бөлімді ашып алу.

  1. Қазақ даласының жарық жұлдызы кім?

  2. Бір отырғыштың 4 аяғы бар. 5 отырғыштың неше аяғы бар?

  3. Жай сөйлем нешеге бөлінеді? Түрлерін ата.

  4. Сезім мүшелерін ата.

V. Туған жерге қыс келді. Мағынаны тану.

Кіріспе: Кітапта берілген жұмбақтарды шешу.

  1. Қыста бар да, жазда жоқ.

(қар)

  1. Құлағы мен көзі жоқ,

Жоқ тіпті қол мен аяғы.

Бірақ ғажап өнерпаз,

Мәнерлеп ою ояды.

(аяз)

  1. Көлге жапқан қақпақ

Сіресіп тұр-

Қатты - ақ ( мұз)

  1. Қанаты - жоқ ұшады.

Аяғы жоқ – желеді.

Аузы жоқ – ұлиды. (боран)

Шешуі болған сөздерге назар аударып, қай мезгілге қатысты айтылған сөздер?

.Мақсат қою кезеңі: сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

VІІ. Жаңа сабақ: Абай Құнанбаев «Қыс»

  • Абай туралы не білеміз?

VІІІ. Топтастыру. 1845 – 1904 ж

Shape1

Shape2 Shape3 Ұлы ақын данышпан

Shape4

Абай







Shape7 Shape6 Shape5

Сазгер аудармашы

Табиғат суретшісі

Абай басқа ақындарға ұқсамаған қазақта Абай - біреу. Абай 4 жыл мезіліне арнап өлең жазған. Абай - табиғат суретшісі: Табиғат әсемдігі тек қана тіршілікпен жарасымды. Тіршілікті аялағанда ғана табиғаттың болатындығы айқын білінеді. Табиғат тіршілік үшін қажет болса, тіршілікке табиғат қажет .Абай атамыз табиғатты тамаша суреттеумен қатар тіршіліктің онымен байланыстылығын дәл тауып, әдемі де, тартымды жырлай білген.

Сондықтан Абайды табиғат суретшісі деп атауға болады.

Күз , жазғытұрым өлеңдерін оқушыларға оқыту.

ІХ. Осы қыс мезгілін тағы қалай сипаттауға болады?

Қыс туралы

Shape8 Shape9

Қыс

Shape10 Күн қысқарады түн ұзарады

Shape11

Shape13 Shape12

Аппақ қарымен қаһарлы мінезімен ерекшеленеді.

Сықырлаған аязымен

Х. Суретпен жұмыс. (Сұрақ - жауап.)

1. Қар жауғаннан соң айнала қалай өзгереді ?

2. Ағаштардың басы қандай болады?

3. Жатқан қарды неге ұқсатар едің?

4. Жаңа жауған қар қандай болады?

5. Қыста орман қандай болады?

ХІІ. Оқулықпен жұмыс:

1.Өлеңді мәнерлеп,түсініп оқу. Түсіндіру.

ХІІІ. Дәптермен жұмыс

Адам кейпіндегі қыстың суретін бейнелеп тұрған сөздерді дәптерімізге жазып аламыз.

ХІV. Сөздік жұмысы

Соқыр мылқау – түк көрмейді.

Бұрқ – сарқ – қатты дауыл

Боран долданғанда – аяз, жел тым күшейген.

Шидем – қой жүнінен тоқылған сырт киім.

ХV. Мәнерлеп оқыту минуты.

Топтан бір- бірлеп, тізбектеп оқыту.

- Қыс мезілінде қандай ойындар ойналады?

ХVІ. «Аққала құрастыру» ойыны арқылы өлеңді талдау.

  1. Ақын қысты кімге теңейді?

  2. Ақсақалдың киімдері қандай?

  3. Ақсақалдың мінезі қандай?

  4. Соқыр мылқау дейтін себебі не?

  5. Түрі , түсі қандай ?

  6. Балалар жөнінде не айтылған ?

  7. Малшы жөнінде не айтылған ?

ХVІІ. Шығармашылық жұмыс. Жаңа сабақты бекіту.

1. Суретке қарап әңгіме құрау.

2. Өлең құрастыру.

3. Қағаздан қар түрлерін қию.

4. Қыс туралы сурет салу.

ХVІІІ. Сабақты қорыту.

Жаз бен қыс мезгілдеріндегі табиғат құбылыстарын салыстыру.



Жаз Қыс

Shape14 Shape15

Shape16





ХІХ. Үйге тапсырма: жаттау.

ХХ. Бағалау.

Мектебі: Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қаракөл ауылы

Қаракөл орта мектебі

Мұғалімнің аты : Тулеуова Анаргүл жоғары санатты

бастауыш сынып мұғалімі


Пәні : Қызықты математика

Сыныбы: 1 сынып

Сабақтың тақырыбы: Ауызша қосу және азайту. (Ертегі желісімен откен сабақ)

Сабақтың мақсаты: оқушыларға сәйкес шамаларды (ұзындықтарды)

Қосу және азайту тәсілдерімен оқушыларды таныстыра отырып математикалық тапсырма түрін ажырата білу.

Дамытушылығы : ойлау қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелігі: ұқыптылыққа , жинақылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Мақта қыз бен мысық суреттері. Математикалық диктант есептер.1-10, 10-90 дейінгі сандар.

Әдісі: сұрақ –жауап, талдау, ойын .

Түрі: Ертегі сабақ.

Сабақтың жүру барысы:

І . Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық дайындық.

ІІ.Өткенді еске түсіру.

  1. « +», « -» , « < », «<» қандай таңбалар?

  2. 2+3 4+1 қандай теңдіктер ?

  3. 4=3 6 =8 қандай теңдіктер ?

  4. а+ 9 а + 3 қандай өрнектер ?

  5. натурал сандарды атаңдар.

ІІІ . «Көршісін тап»ойыны

*20* * 50 * * 70 * *90*

ІV. Мақта қыз бен мысық ертегісін еске түсіру ,ертегінің желісі бойынша сабақты өткізу.

Сиырдың тапсырмасы:

4+2 6-2 40 +20 60 -40

5+3 8-5 50 +30 80-30

Ағаштың тапсырмасы:

Ондықтарды қосу азайту.

20 +30 40 +30

3Shape17 Shape18 0 +20 + = 70

5Shape19 0 -20 70 - = 30

5Shape20 0 -30 70 - = 40

Дүкеншінің тапсырмасы :

Ондықтарды өсу және кему ретімен сана, жазыңдар.

10 ****** ** 90

90 * * * * * * * 10

Сергіту сәті .


Тауықтың тапсырмасы:

V . Нешінші сан жоқ ? ойыны

1Shape21 Shape22 Shape23 Shape24 Shape25 Shape26 0 40 70

1Shape27 Shape28 Shape29 Shape30 Shape31 Shape32 Shape33 00 60 30


VІ. Кім жылдам ? Тышқанның тапсырмасы:

Ретін тап.

60

40

80


90

10

100

30

70

50

20

VІІ. Бекіту. Шығармашылық тапсырма:

40 және 50 сандарын пайдаланып қосу амалымен шығарылатын бір есеп ойлап тап. Шешуін салыстыр не байқадың ? Неліктен ?

VІІІ. Сабақты аяқтау.






























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
526
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі