400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Қыс,аяз,боран

Материал туралы қысқаша түсінік
Жіберген материалым мұғалімдерге қажет .
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

КҮНІ: 31.01.2018ж

МҰҒАЛІМНІҢ АТЫ-ЖӨНІ: Алшынбай П.Б

Пәні:

Айналадағы әлем

СЫНЫП:

3 сынып

Сабақтың тақырыбы

Қыс.Аяз,боран

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты

Оқушыларға қыз мезгілі жөнінде түсініктерін кеңейту.

Түзете-дамыту

Есте сақтау қабілеттерін дамыту

Сабақта қолданылатын материалдар

Оқулық,суреттер,интерактивтітақта,тапсырмалар,

Оқыту әдістері

Түсіндіру, сұрақ-жауап


Сабақтың кезеңдері

Сабақтың барысы


Ұйымдастыру кезеңі

-Сәлемдесу

Оқушыны психиологиялық –педагогикалық даярлау.

Бүгін қандай сабақ балалар?

Сабаққа дайынсыңдар ма?

Оқу құралдарын түгендеу.

Өткен сабақты тексеру

Үйге қандай тапсырма берді балалар? Қане, балалар үй жануарларын атандаршы?

Жаңа сабақ

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын сол жұмбақты шешімін табу керексіңдер. Жұмбақтың шешімі біздің бүгінгі өтетін тақырыбымызға байланысты.

Аяз қысып, өрнек сызып, 
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғанап жастар ойнайды.
Суда мұз бар,
Жерде қар бар.
Боран борап соғады,
Бұл қай мезгіл болады? (Қыс)

Қолы жоқ, сурет салады,

Тісі жоқ тістеп алады.

(аяз)

Қанаты жоқ ұшады,

Аяғы жоқ желеді

Аузы жоқ ұлиды. (боран)

Оқушыларға тақырыпты хабарлау.

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс мезгілінде неше ай бар?

Қыс мезгіліндегі айларын атаңдаршы?

Балалар: Желтоқсан, қаңтар, ақпан
*Желтоқсан - жылдың аяғы, қыстың басы ол, суық, ызғарлы.
* Қаңтар - жыл басы, қыстың ортасы, ол ең қарлы ай, бұл айда қатты суық, үскірік аяз болады.
*Ақпан - жел мен боранның айы. Бұл ай әрі суық, дүлей боранды.

Қыс мезгіліндегі табиғи құбылыстарды атаңдаршы?

Аязды,боранды,қарлы,суық болады.

Қыс мезгілінің белгілерін білеміз бе?
Балалар: Қар жауады, аяз болып, боран соғады. Ендеше, боран соққаның қимылмен қалай көрсетеміз?
( Балалар қолдарын жоғары көтеріп, гуілдейді)

 Қатты аяз болып, тоңғанда не істейміз?
(Қолдарын қусырап, аяқтарын топырлатады)


Ал, күн шыққанда не істейсіңдер?


(Алақай, деп қолдарын көтереді)

Балалар енді қысқы киімдерді атаңдаршы?

"Қайсысы артық"

Тақтаға әр мезгілдің киімдері ілінеді, осы киімдердің ішінен артық киімдерді табу керек. Табылған артық киімдерді қай мезгілде киетінін сұрау.


Қысқы ойындар; сырғанақ тебу,қар атысы, аққала соғу,шаңғы тебу, шана тебу, коньки тебу.

Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері.

КӨК ТАЙҒАҚ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК.

Көкмұз – бұл қалың мұздың беті, көкмұз жерде, тротуарларда болады. Көкмұз – ауа температурасы 0С-ден - 3 Спайдаболады, мұздыңқалыңдығыбірнеше см. жетеді.

• Мұздақ – жер үстінде пайда болатын мұздың жұқа қабаты, күн суығаннан кейін, не жаңбырдан кейін пайда болады.

• Мұздақ үстінде жүргенде табандынық басып, асықпай, тізені бос қолды ұстап жүру керек.

• Асығу – көкмұз үстінде құлауға әкеліп соқтырады.

Қарлы боран (дауыл)

Егер сіз боранда қалсаңыз:

Қар үстінен паналайтын орындайында;

Ағаштардың арасынан қуыс жер табыңыз;

паналайтын орныңызды үлкейтіңіз;

ұйықтамауға тырысыңыз, егер бар болса балауыз жағыңыз.



Дәптермен жұмыс

Сергіту сәті

« Көңілді күн» видеоролик


Сабақты бекіту

Қыстың сәні не балалар?

Аққаланы қандай ауа-райы болғанда жасаймыз?

Аққаланың қандай бөліктерін білесіңдер?

«Аққала ойыны»

Шарты: тақтаға жартылай қиылып жасалған аққала бөліктері ілінеді. Үстел үстінде қалған бөліктері: басына киетін шелегі, аузы, қолы, сыпырғышы, ілгегі сияқты суреттері жатады. Балалар осы бөліктердіалып, толықілукерек.

Үй тапсырмасы

Қыс суретін салу

Бағалау

Оқушыларға тиісті бағаларын қою

Тексерілді:________
































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
1293
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі