Ашық сабақ: "Қыс"мезгілі

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: "Қыс"мезгілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға қыс мезгілі туралы түсінігін кеңейту.білімдерін жетілдіру.Балалардан сұрақ-жауап арқылы білімдерін нығайту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің құрылымы



Білім беру саласы: Қатынас,Таным,Шығармашылық

Бөлімі:Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы:Қыс

Мақсаты:

Білімділік:Балаларға қыс мезгілі туралы түсінігін кеңейту.білімдерін жетілдіру.Балалардан сұрақ-жауап арқылы білімдерін нығайту.

Дамытушылық:Танымдық шығармашылық қасиеттерін,тілін,сөздік қорын дамыту.Сабаққа қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелілік:Табиғатқа қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру.Шыдамдылыққа,ұқыптылыққа,әсемдікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қысқы орман бейнесі,субояулар,оргстекло,қылқалам,губка.

Шаттық шеңбер

Армысың Алтын күн!

Армысың Көк аспан!

Армысың Жер Ана!

Армысың достарым

Міне менің қолым бос,

Жылуыма жылу қос-деп балалар бір-бірін құшақтайды.

Бүгінгі біздің ашық оқу қызметімізге қонақтар келіпті қонақтар мен сәлемдесейік.

Сәлеметсізбе?

-Балалар бір жылды неше мезгіл бар?

Бір жылда төрт мезгіл бар (балалардың жауабы)

Қыс,көктем,жаз,күз

Дұрыс айтасыңдар балалар

Олай болса қазір қандай жыл мезгілі?

Қазір қыс мезгілі?

Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын

Аяз қысып

Өрнек сызып

Терезені торлайды

Қарға омбығып бет домбығып

Сырғанап жастар ойнайды

Бөбектерім айтыңдаршы бұл қай кезде болады?

Қыс(балалардың жауабы)

Қыс мезгілінің ерекшелігі неде?

Қыс мезгілінде қар жауады,боран болады,жылы киім киеміз (балалардың жауабы)

Қыс мезгілінде қандай ойындар ойнайсыңдар?

Сырғанақ,шаңғы,шанамен аққала жасап ойнаймыз

Балалар білесіңдер ме мен балабақшаға келе жатып бір хат тауып алдым.Қане олай болса сол хатты мен сендерге оқып берейін

Хатты ашып тәрбиеші оқиды

Сәлеметсіңдерме балалар мені мыстан кемпір ұстап қамап қойды.Мені босату үшін мыстан кемпірдің көп тапсырмасын толық орындау керек,әр тапсырмасын дұрыс орындасаңдар мыстан кемпірдің сиқырлап қойған құлыптары ашылады.Маған тез арада көмектесулеріңді сұраймын.Сәлеммен Қар ханшайымы.

Балалар бұл хат бізге қар ханшайымынан келіпті.

Олай болса біз қар ханшайымына достық көмегімізді беремізбе?

Ия(балалардың жауабы)

Ал балалар айтыңдаршы мыстан әже қайда тұрады?

Орманда тұрады.

Орман бізге жақын ба алыс па?

Алыс

Орманға бару үшін немен барамыз?

Көлікпен

Ал олай болса балалар қандай көлік түрлерін білесіңдер?

Әуе көлігі,Су көлігі ,жол көліктері

Дұрыс айтасыңдар балалар

Әуе көліктеріне қандай көлік түрлері жатады (Ұшақ,тік ұшақ,зымыран)

Су көлігіне қандай көліктер жатады?(қайық,кеме)

Жол көлігіне( жеңіл машина және жүк көліктер)

Олай болса біз бүгін орманға жаяу барамыз

Әуенмен балалар муз залға кіреді.

Бармас бұрып бойымызға күш қуат жинап алайық.

1,2,3 бойға жинап күш.

Олай болса кеттік орманға.

Балалар міне бізде орманға мыстан әженің үйшігіне келдік

Кімсіңдер менің орманыма қайдан келдіңдер?

Біз балабақшадан келдік.Қар ханшайымын құтқаруға келдік

Сәлеметсіңдер ме ха-ха-ха

Мына сендер кішкентай бүлдіршіндер қар ханшайымына қалай көмектеспексіңдер.(мыстан кемпір)

Біз сіздің тапсырмаларыңызды орындаймыз.(балалар)

-Олай болса мен сендерге қиын қиын тапсырмалар берейін. (мыстан кемпір)

Көрейін сендердің қалай орындайтындарыңды (мыстан кемпір)

Мыстан әже біз сіздің барлық тапсырмаңызды орындауға дайынбыз.

Олай болса естеріңде болсын менің сендерге көп тапсырмаларым бар егер сол тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар менің сиқырлы құлыптарым ашылады.

1-ші тапсырмам ды тыңдаңдар.

Жұмбақтар шешу керек.

Қалбалақтап ұшады,

Қанаты талып,

Жерді барып құшады Ол не?( Қар)


Қыста шыны болып қатады

Жылыда су боп жатады?(Мұз)


Тікен,тікен тік біткен

Қысы жазы бір түсте ол не?(шырша)


Екінші тапсырмам ребусты шеш.

6 Н (алтын), Т 10 (Тон), К 3 (Күш)


3 тапсырма

Қызыл және көк текше деп аталады.

Қызыл текшеге қандай дыбыстар жатады?(дауысты дыбыстар)

Көк текшеге қандай дыбыстар жатады?(дауыссыз дыбыстар)

Енді менің соңғы тапсырмам бар маған қыс туралы сурет салып берсеңдер.

Балалар біз сурет салмас бұрын бір серігіп алайық

Музыкамен сергіту сәтін жасайды.

Музыка әуенімен балалар оргшынысына қыс бейнесін қылқаламмен, сурет салуға кіріседі.

Мыстан әже біз қыс бейнесінің суретін салдық.

Жарайсыңдар балалар өте білімді қамқор , тапқыр,өнерлі балалар екенсіңдер.мен қар ханшайымын босатайын.

Балалар қуанады.

Тәрбиеші;Балалар бізге қар ханшайымы босап келгенше ьүгініг сабағымызда біз не өттік соны қорытындылайық.

Балалар біз қайда келдік?

Орманға?

Орманға не үшін келдік?

Қарханшайымын кімнен құтқардық?

Қарханшайымын құтқару бізге оңай болдыма?

Әрине бізге қиын болды

Мыстан әже бізге қандай тапсырмалар берді?

Жұмбақтар шештік?

Ребус шештік,

Сауат ашудан дауысты дауыссыз дыбыстардың қандай текшеге жататындығын айттық.Сонымен қатар қыс мезгілінің суретін салдық.

Дұрыс айтасыңдар балалар.

Ортаға қар ханшайымы шығады.

Сәлеметсіңдер ме балалар

Сендердің білімділіктеріңнің,ақылдылықтарыңның арқасында мені мыстан әже босатты.Сендерге көп-көп рахмет.

Балалар менің сендерге орманнан әкелген сыйлығым бар.

Балалар олай болса жолға шығайық балабақшамызға оралайық.

Сау бол қар ханшайымы.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.02.2022
599
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі