400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Қысқы ағаштар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілерге арналған әдістемелік нұсқау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы:» Шығармашылық»,»Әлеуметтік орта», «Қатынас».

Тақырыбы: «Қысқы ағаштар».

Бөлім: Мүсіндеу , қоршаған орта, тіл дамыту.

Мақсаты:

Білімділік:Балаларға туған табиғатымыздағы ағаштар және олардың пайдасы туралы жан жақты мәлімет беру, білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: Жыл мезгілдерін ажырата білуге үйрету. Эстетикалық талғамдарын дамыту.

Тәрбиелік: Табиғатқа деген сүйіспеншілікке, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: ағаштардың, құстардың суреттері, желім, картон,қылқалам, сүлгі, ермексаз, үнтаспа.

Сөздік жұмыс: қысқы ағаштар, бұталар, қамқор, табиғат.

Шаттық шеңбер.

Балдырған баламыз,

Досты көп табамыз.

Қашан да, қайда да,

Достар бір біріне,

Сенімді боламыз.

Екі деген екі құс,

Бірін-бірі қимайтын.

Артық кемді етпей сөз,

Бірін-бірі сыйлайтын.


Балалар шеңбер құрып, бір біріне жарқын көңіл күй, достық сезім сыйлайды.

Балалар, бүгінгі сабағымыз мүсіндеу, тақырыбы «Қысқы ағаштар». Ауламыздағы ағаштардың қалай өсіп өнетінін байқап, жақынырақ танысамыз. Кәне балалар, апайға бір сәт қарайық, жұмбаққа құлақ салайық.

Жұмбақты зейін қойып тыңдап, шешімін табады.

Аяз қысып,

Өрнек сызып,

Терезені торлайды

Қарға омбығып

Бет домбығып

Сырғанап балалар ойнайды.

Кейде ұлып

Кейде ысқырып

Ұйытқып боран соғады

Бұл қай кезде болады?

-Қыста

-Олай болса қазыр жылдың қай мезгілі?

-Қыс.

-Қыстың қандай белгілерін білесіңдер?

-Қар жауады, күн суытады, аяз болады.

-Қыс мезгілінде қандай айлар бар?

-Желтоқсан, қантар, ақпан.

-Сендер өте ақылды, білімді балалар екенсіндер.

Қыс туралы көп білесіндер. Балалар кәне барлығымыз ауладағы ағаштарды бақылап серуендеп келейік.

/құстардың әуені естіледі/

Балалар тыңдайды.

-Балалар біздің туған табиғатымыз неше түрлі ағаштарға бай, қарандаршы, бақшамыздың ауласында неше түрлі ағаштар өсіп тұр. Кәне сендер қандай ағаштардың түрлерін білесіңдер?

-Емен, қайын, үйеңгі, шырша, көктерек қарағаш,қарағай,самырсын.

-Енді балалар, осы өздерің атап шыққан ағаштар туралы қандай өлең жолдарын білесіңдер?

Балалар өлең жолдарын айтады.


Қысында да шырайлы,

Жасыл шырша ұнайды.


Тау баурайы төменде,

Өседі жас емендер.


Қызыл күрең тобылғы,

Қамшы сапқа қонымды.


Ауыл сәні-терек,

Терек-егу керек.


Сырғалы қайың ақ қайың,

Баптайын, күтіп сақтайын.


-Жарайсындар балалар, ағаштар туралы біраз мәліметтер алдық, енді сендерге, ағаштар қандай бөліктерден тұратынын айтып түсіндіремін. Міне мына суретке қарандаршы, бірінші жер астындағы ағашқа өмір, нәр беріп тұрған тамыры орналасқан, ал мынау діңі, діңнен жан-жаққа бұтақтары таратылған.

-Балалар, ағаштардың бізге қаңдай пайдасы бар екен?

-Ауаны тазартады, көлеңке болады, жиһаздар жасайды.

-Ал ағаштардың досы кім?

-Адамдар, біз.

-Қандай тийым сөздер білесіңдер?

Ағаштың жапырағын жұлма, бұтақтарды сындырма.


Дидактикалық ойын «Жапырағына қарай ажырат»

Балалар ұқсас белгісіне қарай жапырақтарды табады

-Көрдіңдер ме балалар, ағаштар біздің өмірімізге ауадай қажет екен.

Сондықтан да ағаштарды аялап, оларға қамқорлық жасап көбейту керек.

Ағаштардың тағы қандай достары бар? Ол қандай құстар?

- Құстар.

-Тоқылдақ, торғай.

Сергіту сәті:

Биік болып өсеміз,

Жапырақтай шайқалып.

Табиғатты сүйеміз,

Шетімізден шеберміз.

Денемізді тік ұстап,

Билеп билеп аламыз.

Балалар өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.


Мақал-мәтел айтқызу.

Ағаш көркі- жапырақ,


Адам көркі-шүберек.

Әке бәйтерек, бала жапырақ.

-Өте жақсы балалар, бүгін біз осындай әдемі ағаштарды ермексаздан илеп жасаймыз.

Тәрбиеші балаларды үстел басына отырғызады, ағаштардың суреттерін көрсетіп, аттарын айтқызады.

Жұмыстың орындалу жолдарын көрсетіп, түсіндіреді.

Ағашты жасау үшін қоңыр түсті ермексазды бірнеше бөлікке бөледі.

Ең үлкен бөлікті алақанымызға салып, домалақтаймыз. Содан соң ширатамыз,бұл діні болады, енді осылайша жіңішке, қысқа қылып ширатып бұтақтарын жасаймыз. Дайын болған шұжық тәрізді пішіндерді қатты қағазға біртіндеп орналастырамыз.


Балалар ермексаздан қысқы ағашты жасау тәсілдерін көріп, жұмысқа кіріседі.

Балалардың өз бетінше орындаған жұмыстарын тәрбиеші аралап жүріп көріп, талдау жасайды.

Балалар жұмыстарына өз пікірлерін айтады. Осылайша балалар жұмысының нәтижесі қорытындылады.

-Өте жақсы балалар, енді орнымыздан тұрып ортаға келейік, қол ұстасып бүгінгі сабағымызды аяқтап, қонақтармен қоштасайық.

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық,

Көріскенше күн жақсы,

Сау-саламат болайық.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: ағаштардың түрлерін ажырата білу қыс мезгілінің басқа мезгілдерден ерекшелігін.

Игеру: саусақ моторикасының толық қимылдарын.

Айта орындай білу: ермексазбен жұмыс жасау іскерліктерін қалыптастыру.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29.03.2019
1751
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі