жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Қысқы бақ" "Күншуақ" ересек тобы
Білім беру саласы: Әлеумет
Оқу қызметі: Экология
Тақырыбы: «Қысқы бақ» (жылыжай)
Мақсаты: Балаларға жылыжай туралы түсінік қалыптастыру, гүлдер жайлы алған білімін толықтыру. Гүлге дұрыс күтім жасай білуге үйрету. Табиғатқа деген қамқорлыққа тірбиелеу.
Көрнекіліктер: бөлмеде өсетін гүлдер, гүлдің суреттері, су құйғыш, шелек.
Билингвальді компонент: гүл – цветок – flower .
|
Оқу қызметінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс - әрекеті |
Балалардың іс - әрекеті |
|
Мотивациялық- қозғаушылық |
Шаттық шеңбері: Күнім күліп арайлы, Тереземнен қарайды. Достарыммен шеңберге, Тұрғанымды қалайды. Қане балалар шаттық шеңберін құрайық. Аспан ашық , көгілдір, Күн шуағын төгіп тұр Қол ұстасқан біздерді Тереземнен көріп тұр. |
Балалар қимылмен қайталайды. |
|
Ұйымдастырушылық- ізденістік |
-Балалар қазір қай жыл мезгілі? -Иә, дұрыс айтасыңдар. -Ауа райы қандай? Дұрыс айтасыңдар, күн шығып тұрғанымен, дала суық. Балалар айтындаршы жазды сағындыңдар ма? Ендеше біз қазір саяхаттап жазға барамыз. Бірақ ол үшін бізге автобус керек. (Балаларға Тайо автобусының суретін көрсету) -Балалар суретте нені көріп тұрсыңдар? Ендеше баріміз Тайо деп шақырайық. Автобус Тайо келеді. Сәлеметсіңдер ме балалар! Шақырдыңдар ма? Иә. Қысқы баққа саяхаттап барайық дегенбіз, сенің көмегің керек. -Жарайды, келіңдер отырыңдар. Балалар бәрі автобусқа отырып өлең айтып, жолға шығады. (көңілді әуен қосылады). Балалар жолға аттанады. Балалар міне қысқы баққа да келдік. Бұл жылыжай деп аталады. Жылыжай (орыс. теплица, ағылш. greenhouse) - жылу сүйетін жидектер мен көкөністерді, гүлдерді және басқа да өсімдіктерді жыл бойы өсіруге мүмкіндік беретін, қорғалған, жылытылатын, кендігі әр алуан құрылыс. Ал ендеше ішіне кірейік. Міне жазға тап болған сияқтымыз иа балалар. Балалар мына жаққа қарасаңдар, гүлдер тобын көруге болады. Бұл гүлдің аты – алоэ. Жапырақтары тікенекті, шырынды өсімдік болып келеді. Оның шырынын көптеген ауруларға дәрі ретінде қолданады. Мына кішкентай домалақ пішінді, тікенекті өсімдіктер – кактусс деп аталады. Ол өте сыулы өсімдік. Шөлге ыстыққа төзімді. Кактус гүлі компьютер бөлмеде тұрғаны өте пайдалы. Ол көздің бұзылмауына үлкен үлесін тигізеді. Бірақ жатар бөлмеге қоюға тыйым салынады. Одан көптеген дәрі-дәрмектер жасайды. Фиалка( шегіргүл)- өз қожайынын жақсы көреді,өйткені алыс сапарға кетсе сағынады екен.Шегіргүлді балалар бөлмесіне қойсаңыз, олардың өсіп жетілуіне бейімдейді.Ұрыс- керістен сақтайды. 500 жуық түрлері бар.Халық медицинасында өсімдікті қайнатып,тұнбасын ішіп, сары ауру,ұшықты,қышыма, қотыр,тері ауруларын емдеуге,несіп жүргізетін, тер шығаратын, қан тазарту үшін қолданады . Сергіту сәті музыка қосылып, әуен ырғағы бойынша қимылдар жасайды. Балалар сендерге гүлдерге қалай дұрыс күтім жасауға болатынын айтып берейін. Айтындаршы, гүлдің өсуі үшін не қажет? Дұрыс, гүлдерде адам сияқты, оларға ең бірінші гүлге жарық жер, су,жылы жер және ауа қажет. Сол сияқты дәрумендер керек. Гүлді балалар кей кездері кәдімгі кір сабынды алып, шүперекті сабындап жапырақтарын сүртуге болады. Ол гүлдің жап-жасыл түске енуіне және бізге бөлетін ауасының тазаруына көмектеседі. Сол сияқты қарапайым нанға қосатын ашытқыны қолданса болады. Егер гүліміз солып қалған жағдайды 1 л суға 1 шәй қасық ашытқыны араластырып, суымыз көтерілгенше 1 сағ.қойып. азғана мөлшерін алып гүлге құйса, гүліміз тіріліп, жайқалып өседі екен. Мен сендерге гүл отырғызудың қарапайым тәсілін көрсетейін. Гаршокты алып, түбіне тас саламыз, содан соң біраз топырақ салып гүлімізді отырғызамыз. Д/ойын: «Түс таңда» Шарты: Балалар қорапша ішінен бір-бірден гүл таңдап алады, сол гүлдердің түстері бойынша топқа бөлінеді. Әр топ өздерінің гүлдерінің түсіне сәйкес шариктерді жинайды. |
-Қыс. Күн суық. Иә. Автобус Тайо. -Тайо, Тайо, Тайо Иә. Балалар мұқият тыңдайды. Қимылмен орындайды. -Су, жылу. Балалар ойын ойнайды. |
|
Рефлексиялық- түзетушілік |
Балалар біз бүгін қайда бардық? Жылыжайда не өседі? Қандай гүлдердің аттарын білесіңдер? Бүгінгі оқу қызметі ұнады ма? Осымен оқу қызметіміз аяқталды, қонақтарымызбен қоштасайық. |
Сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: гүлдер туралы.
Меңгереді: жылыжай туралы.
Игереді: гүлді отырғызуды, гүлге дұрыс күтім жасауды.
Алматы облысы Көксу ауданы Балпық би ауылы
«Алпамыс» бөбек-жай балабақшасы
«Қысқы бақ»
Ашық оқу
қызметі
Орындаған: Ерғажы А.
2017-2018 оқу жылы
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген