жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Қысқы жануарлар өмірі"
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Мекен - жайы: ОҚО, Сарыағаш ауданы, Абай ауылы
Жұмыс орны: №5 "Айгүл" балабақшасы МКҚК
Тәрбиеші: Отарина Гүлдана Бекмырзақызы
Санаты: ІІ
Білім беру саласы: "Қатынас", "Таным"
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: "Тіл дамыту", "Құрастыру"
Тақырыбы: Қысқы жануарлар өмірі, жануарлар туралы мағлұмат беру
Мақсаты:
Білімділік мақсаты: Қыс мезгілінің құбылыстары туралы білімдерін нығайту, қысқы жануарлар өмірі туралы білімдерін қалыптастыру
Дамытушылық мақсаты: Қойылған сұрақтарға толық жауап беруін, байланыстырып сөйлеуін жетілдіру. Дыбыстық жаттығулар арқылы тілін дамыту
Тәрбиелік мақсаты: Қоршаған әлемге, тіршіліктің бәріне мейіріммен қарауға тәрбиелеу
Қолданылатын көрнекіліктер: жануарлардың муляжі, суреттері, кубик, үнтаспа, интерактивті тақта
Билингвальды компоненттер: аю - медведь, қасқыр - волк, қой - баран, сиыр - корова, жылқы - лошадь, арыстан - лев
Әдіс - тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелеу, көрсету, сұрақ жауап
|
Оқу іс - әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиеші іс - әрекеті |
Балалар іс - әрекеті |
|
Мотивациялық - қозғаушы |
Шаттық шеңберімен бастау
Қол алысып, қане біз Достасайық бәріміз Армысың Алтын күнім Армысың балабақшам Армысың достарым Сіздерді көргеніме қуаныштымын Үлкенге де сіз, кішіге де сіз Бәріңізге амандасып, Басымызды иеміз біз |
Балалар шаттық шеңберіңн құрады Қол алысады, Бәрі құшақтасады Екі қолын жоғары көтереді Жан - жағына қарайды Достарына қарайды Қолдарын шапалақтайды Сәлемдеседі келген қонақтармен |
|
Ұйымдастырушылық- ізденістік |
Сұрақ - жауап: -Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс айларын атаңдаршы? -Қыс мезгілінде қандай ерекшеліктері бар? Дұрыс айтасыңдар, айналаның бәрі аппақ болады, ауада, жерде таза болады. Интерактивті тақтамен жұмыс Интерактивті тақтадан аңдар мен жануарлра суретін көрсету: (аттарын атайды, тіршілігін әңгімелейді)
Қоян - жабайы аң. Оның құлағы ұзын, төрт аяғы бар.Ол сәбіз жейді,түсі ақ, сұр болады, баласын көжек дейді. Қоян нені жақсы көреді? Қоянның түсі қандай? Қоянның баласын не дейді?
Аю - жабайы аң. Ол орманда тірішілік етеді. Оның басы, денесі, төрт аяғы бар.Аюдың баласын қонжық дейді, ол балық, бал жақсы көреді, ол қыста апанда ұйықтап, көктемде оянады. Аюдың баласын не дейді? Аюдың сүйікті асы не? Аю қыс мезгілінде қайда болады? Аюдың түсі қандай?
Қасқыр - ол жыртқыш аң. Оның түсі көбіне сұр болады, сүйікті асы ет, ол орманда тіршілік етеді. Қасқырдың түсі қандай? Қасқырдың сүйікті асы қандай? Қасқыр қайда мекендейді? Қасқырдың баласын не дейді?
Түлкінің түсі қандай? Түлкінің жүні әрі жұмсақ, тығыз болады. Жыл маусымына қарай өзгеріп отырады.Түлкінің баласын түлкішек дейді, ол тышқандармен, ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Түлкінің баласын не дейді? Түлкі немен қоректенеді?
Тілімізді жаттықтыруға арналған тіл дамыту жаттығуларын айтайық Ян - ян - секендеген ақ қоян, Ю-ю-ю-қорбаңдаған аю Кі-кі-кі- бұл айлакер түлкі Қыр - қыр-қыр - бұл көкжал қасқыр
"Кубизм" ойыны О:шарты: қай аңның суреті шықса, сол туралы тақпақ, жаңылтпаш айтады
"Ойлан тап" ойыны. Жұмбақ жасырсам, шешешіңдерме? 1.кішкене ғана бойы бар Айналдырып киген тоны бар Қай жануар?
2.Кезікті бір жануар Үстінде екі тауы бар Бұл қай жануар?
Дидактикалық ойын "Даусынан таны" О:шарты Балаларға үнтаспадан жануарлар даусын естіртеді, балалар ажырату керек Билингвальды компонент: аю - медведь, қасқыр - волк, қой - баран, сиыр - корова, жылқы - лошадь, арыстан - лев, сиыр - корова, қой - баран, жылқы - лощадь Сергіту сәті "Көңілді күн" әні
Дидактикалық ойын: "Құрастырайық, құрастырғыш" Балаларға бір жануардың суретін 4 бөлікке бөліп беріп, олар құрастырады.
"Төлдерін тап" ойыны Жануарлардың төлдерін табу
Пайдасы туралы айтып өтеді Малдардың етін жейміз, сүтін ішеміз, жүнінен киім тоқимыз, терісінен киім тігеміз. Аңдардың терісінен бағалы тондар тігіледі. Еттердің емдік қасиеті бар |
Қыс Желтоқсан, қаңтар, ақпан Қыста аяз болады, су қатады, қар жауады, адамдар жылы киінеді, балалар шаңғы тебеді. Интерактивті тақтадан аңдар мен жануарлар суретін көріп айтады, тіршілігімен танысады.
Қоянның түсі қыста ақ, жазда сұр болады Көжек Қонжық
Ақ, қоңыр болады Қасқырдың түсі сұр және ақ, құйрығы ұзын, тісі өткір болады
Орманда, таулы жерлерде Бөлтірік Қызғылт - сары Түлкішек Тышқандармен, ұсақ жәндіктермен Тіл жаттығуларын қайталайды Ян - ян - секендеген ақ қоян, Ю-ю-ю-қорбаңдаған аю Кі-кі-кі- бұл айлакер түлкі Қыр - қыр-қыр - бұл көкжал қасқыр Тиін: Мен тиінмін, тиінмін Қысқа жылы киіндім Қоймам толы жаңғаққа Іші толы үйімнің Қоян Ақ қоян ау, ақ қоян Ұзынқұлақ сұр қоян Қаша берсең орманға "Қорқағым" деп ат қоям Қасқыр Қасқыр орманда жортады, Аяздан ол қорқады Аспанға қарап ұлиды Малды ауылды қориды Түлкі Түлкі, түлкі қутыңдайсың Айналаңнан тың тыңдайсың Қанша қулығыңды асырсаң да Қасқырдан сен құтылмайсың Қой Түйе Жануарлар дабыстауынан танып айтады Билингвальды компонентті тәрбиешімен бірге қайталайды Сергіту сәтін өлең мазмұнына сәйкес қимыл жасайды Балалар көңілдене, қызыға жануарлар бейнесін құрастырады Қоян - көжек, қасқыр - бөлтірік, аю - қонжық, сиыр - корова, түйе - бота, қой - қозы
|
|
Рефлексиялық - түзетуші |
Бүгінгі оқу іс - әрекетіне қорытынды жасау. Біз бүгін оқу іс - әрекетінде не жайлы айттық? Кімге не ұнады? Қоштасу Қол ұстасып тұрайық Шеңберді біз құрайық Көріскенше күн жақсы Са саламат болыңыздар Сау болыңыздар!
|
Балалардың жауаптары Қоштасады
|
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: қыс мезгілі туралы толық мағлұматты
Нені игереді: көру, есту, түсіну арқылы әрекет жасауды
Нені меңгереді: өмірде жануарларды, аңдарды қорғауға, оларға қамқор болуды




















Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген