400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Қысқы киімдер"

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасайтын психологтарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Қысқы киімдер

Нұралы Лаззат Қонақбайқызы,

Қызылорда облысы, Шиелі кенті,

№ 3 Облыстық балалар оңалту

орталығының психологы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: қыс мезгілімен таныстыра отырып, қыстық киімдердің ерекшелігін түсіндіру.

Түзете-дамытушылық: балалардың сөздік қорын молайтып, ұсақ маторикасын дамыту.

Тәрбиелік: тазалыққа, әсемдікке , әдептілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: сюжетті суреттер, жабысқақ құрастырғыштар, ермексаз.

Сабақ барысы.

Ұйымдастыру кезеңі.

Ынталандыру. Сезімді ояту.
1. Психологиялық сәт:
Балалар сіздердің көңіл - күйлерін қалай?
- Сендер көңілді болғанда не істейсіңдер?
- Ренжігенде ше?
- Қорыққанда?
- Таң қалғанда ше
- Қуанғанда ше?
Сұрақтарға жауап алу.
- Бүгін қандай күн?
- Ауа райы қандай?
- Жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілінде қалай киінеміз?
Біздің сабаққа қонаққа қуыршақ Айгүл келіп отыр. Ол жай келген жоқ. сандығы толы киімдерімен келіпті.
Сендер мұқият қараңдаршы, Айгүл қандай киімдер киіп келіпті?

– Балалар, Айгүл сендерге бірнеше киімдер ала келіпті. Қазір Айгүлдің сандығын ашып, сендерге ішіндегі киімдерді таныстырамын, мұқият тыңдаймыз.

«Қыстық киімдер»

Балалар, қазір қыс мезгілі . Жыл мезгілдерінің ішінде ең суық мезгіл ол қыс. Қыста күн суық болып, көп қар жауады, жер ақ түске оранады. Қыс мезгілінде кун қысқарып , түн ұзарады . Өзен-көлдерге мұз қатады. Адамдар жылы, қалың қыстық киімдерін киеді. Қыстық киімдерге қандай киімдер жататынын білесіңдерме ?

-Мынау –қалпақ. Қалпақты біз басымыз, құлағымыз тоңбас үшін басымызға киеміз .Ал мынау- калың күрте. Оны үстімізге киеміз,ол өте жылы болады. Мынау – етік . Етікті аяғымыз тоңбас үшін аяғымызға киеміз. Ол қалың болғандықтан аяғымызға ызғар өтпейді. Ал мынау – қолғап . Қолғапты біз қолымызға киеміз

Киімдерді ұқыпты киіуіміз қажет, сонда ол әрқашанда жаңа, әрі әдемі болып тұрады.

«Балаларға арналған киім дүкені» деген мазмұнды сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Пима – жүннен басылған қысқы аяқ киім.
Тон – қой терісінен иленген, жылы сырт киім.
Ішік – іш жағы аңның терісінен тігілген.
Сергіту сәті
Тоңса біздің қолымыз
Қолғапты киіп аламыз
Сарт - сарт - сарт
Шапалақты соғамыз
Тоңса біздің аяғымыз
Етікті киіп аламыз
Топ - топ - топ
Топылдатып билейміз
«Кім тапқыр» ойыны.

Мақсаты: Баланың қабылдауын, зейінін дамыту.
Шарты: Берілген киімдер суреті ішінен қысқы киімдерді қоршау.
Сергіту сәті
Шығу үшін шымыр боп,
Шынығамыз шаршамай
Бұлшық еттер шымыр боп,
Аламыз сосын тыныс жай.
Топтастыру. Д/о: «Қуыршаққа қысқы киім кигізу»

Ойын мақсаты: Баланың есте сақтау, қабылдау, ойлау қабілеттерін дамыту, зейінін тұрақтандыру.


Шарты: Қысқы киімдердің бөліктерін құрастыру: тон, қолғап, малақай, етік, мойын орағыш.

Киімдердің суретін бояу

Тапсырманың шарты: Балаларға суреттер беріледі . Бейнеленген кімдердің ішінен қысқы киімдердің суретін бояу .

Тапсырманың мақсаты: балалардың ұсақ қол маторикасын дамыту, түстерді ажырата білуге уйрету, зейінін тұрақтандыру.

«Киім жасайық» пластилинография әдісі бойынша.

Тапсырманың шарты: ермексазбен киімдер жасап, қағаз бетіндегі баланы киіндіру.

Тапсырманың мақсаты: Баланың ойынға қызығушылығын арттыру, ұсақ қол моторикасын дамыту.

«Үндемес киімдер» ойыны

Ойын мақсаты: Баланың қабылдау деңгейін, қарым-қатынасын, эмоциясын арттыру.

Ойын шарты: педагог киім суреті бейнеленген карточканы көрсеткенде, балалар киімнің қай дене мүшесіне киілетінін ым-ишаратпен, сипаттап көрсетіп, білдіру қажет.



























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
1279
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі