жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ. Қысқы ойындар.1-ден 10-ға дейінгі сандар
Қысқы ойындар.1-ден 10-ға дейінгі сандар
Мақсаты:Балаларды қыс мезгілінің ерекшелігі,қыста ойналатын ойындар
мен таныстыра отырып,1-10дейінгі тура және кері санау дағды-
ларын дамыту,қарапайым мысалдарға қосу,азайту амалдарын
пайдаланып есеп шығаруға дағдыландыру.
Міндеттері: Еңбексүйгіштікке,батылдыққа тәрбиелеу
Көрнекі құралдар: слайд,мазмұнды суреттер,тапсырмалар т.б.
Әдіс-тәсілдер:түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,әңгімелеу
Сөздік жұмыс:коньки,шаңғы,хоккей т.б.
-Сәлеметсіңдер ме,балалар! Көңіл-күйлерің қалай?Әңгімемізді бастамас бұрын бір-бірімізге қайырлы таң тілеп алайық.
(әдемі музыка әуенімен амандасу шеңберін жасайды)
Балалар,мен сендерге бір сұрақ қояйыншы.Суреттен жылдың қай мезгілін көріп тұрсыңдар?
-Иә,әрине,қыс мезгілі.
-Қыс мезгілі туралы не білесіңдер?
Қыс мезгілінде айналаның бәрін аппақ қар басады.Аяз болады.Терезенің бәрін өрнек басады.Қыс мезгілінің басқа жыл мезгілінен ерекшелігі неде деп ойлайсыңдар?
-Дұрыс айтасыңдар.Аяз Ата келеді.Қыс мезгілі өте ерекше.Қыс мезгілі несімен ұнайды?
-Иә,әртүрлі ойындар ойнаймыз.Оның қандай ойындар екенін бейнебаяннан тамашалайық.(бейнебаяннан көрсету)
Міне,балалар,бұлар қандай ойындар екен?
Шанамен сырғанау,коньки тебі,хоккей,қар атысу,т.б қысқы спортыққ ойын- дар.
Қыс мезгілі сендерге ұнай ма?
-Тамаша.Олай болса,Аия мен Әлидің қыс мезгілін қаншалықты жақсы көретіндерін бақылап,бірге көңіл көтерейік.
(Аия мен Әли мультфильмінен үзінді көрсету)
-Ой,қараңдаршы балалар!Бізге қонақ келіпті.Бұл кім?Таныйсыңдар ма?
-Әрине,Аяз Ата.Аяз Ата бүгін сендердің қаншалықты білімпаз екендеріңді бақылауға келіпті.
АязАта:Сәлеметсіңдер ме,балалар.Мен сендердің қаншалықты білімді, ақылды екендеріңді білгім келеді.Бірақ,бос келгенім жоқ.Сендерге үлкен сыйлығым бар.Бұл қорапта көп сыйлықтар бар.Тапсырмалардың бәрін орындасаңдар балалар,мен осы сыйлықтарды сендерге тарту етемін.
Ал,балалар бұл сыйлыққа ие болуымыз үшін берілген тапсырмаларды орындауымыз керек.Олай болса бірінші тапсырмаға назар аударайық.
1.Суретте хоккей ойыншылары ойында бастайын десе санауды ұмытып қалыпты.Олар сендерден көмек сұрайды.Қане,ойыншыларымызға 1-ден 10-ға дейін тура және кері санап естеріне түсірейікші.(бейнебаяннан санау әнімен қосылып айту)
2.Келесі ойынымыз-«шанамен сырғанау»Мына берілген қосу,азайту амалдарын пайдаланып есептерді шығаратын болсақ,шанамен сырғанап ойнаймыз.
5+7 14-5
6+8 13-4
Қане,ойланайық.Есептеп болсаңдар,дұрыс бұрыстығын тексеру үшін экрандағы жауапқа қарайық.Өз жауаптарыңды салыстырыңдар.
-Жарайсыңдар.Бұл тапсырманы да өте жақсы орындадыңдар.
Тәні саудың-жаны сау.Келесі ойынымыз «қар кесегі»Суреттегі қардың орнына тиісті сандарды қойып шығыңдар.
Олай болса дұрыс жауабын білу үшін экранға назар аударайық.
Тамаша балалар,жарайсыңдар.Енді кішкене бойымызды сергітіп алайық
Сергіту сәті: (бейнебаяндағы көрсетіліммен бірге әдемі әуенмен қосылып жасайды)
Енді әңгімемізді ары қарай жалғкастырайық.
Шынықсаң шымыр боласың.
Келесі ойынымыз шаңғымен жарыс.Қай бала бірінші болып келеді екен.
Ол үшін суретте көрсетілген екі баланың жолын анықтап,қайсысы бұрын келетін анықтап,тапсырманы орындайық.
-Жарайсыңдар,балалар.Енді логикалық есепке кезек берейік.Мұқият тыңдаңдар.
1.Аулада балалар шанамен ойнап жүр
Екеуі төбешік басында
Төртеуі үйшік қасында
Барлығы неше бала ойнап жүр?
Қане ойланайық?
-Дұрыс айтасыңдар,барлығы 6 бала ойнап жүр.
2.Тау бөктерінде төрт шырша өсіп тұр
Оның бірі қардың ауырлығын көтере алмай сынып қалыпты.
Сонда неше шырша қалды?
-Иә,дұрыс айтасыңдар үш шырша қалды.
Білімді мыңды жығар. «Сырғанақ ойыны»
Бұл ойынның тапсырмасы «санамақ»айтып жарысу.
-Жарайсыңдар балалар.Өте тамаша.Аяз Атамыз сендерге риза болды. Қане,атамыздың сыйлығын алу үшін мына тақпақты «мнемокесте»арқылы айтып берейікші.
Біз тебеміз сырғанақ,
Таудан төмен сырғанап
Бір шанада екеуміз
Құламайды екенбіз
Аяз Ата:жарайсыңдар.Өте білімді,ақылды екенсіңдер.Ала қойыңдар, мына сыйлық сендердікі.Сау болыңдар.
-Балалар,Аяз Атамен қоштасады.
Қортындылау:
Балалар,біз бүгін 1ден 10-ға дейінгі сандарды тура және кері санау,қосу, азайту амалдарымен есептер шығару дағдыларын дамыттық.Бәрі сендерге түсінікті болды деген ойдамын.Демалыс күндері ата-аналарыңмен сырғанаққа барып ойнауды ұмытпаңдар.Бүгінгі әңгімемізді «Аққала» әнімен аяқтайық.(Аия мен Әлидің «аққала»әні бейнебаяннан көрсету.)
Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс:қысқы ойындардың көмегімен 1-ден 10-ға дейін тура және кері санауды,қосу,азайту аиалдары арқылы есеп шығаруды
Түсінігі:Қысқы спорттық ойын түрлерінің ерекшелігін
Көрсете білуі:Еркін жұмыс жасап,тапсырмаларды орындады
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген