400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: "Қысқы ойындар" Ш дыбысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жаңа әдіс-тәсілдер мен ойындар қолданылып өткізілді. Оқушыларға өте қызықты болды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Қысқы ойындар. Кезекші дыбыс: Ш дыбысы

Мақсаты: Сөйлеу ережесін есте сақтап сөйлеуге даңдыландыру. Артикуляциялық жаттығуларды дұрыс орындауын қадағалау, талап ету. Қысқы ойындар туралы ой өрісін кеңейту. Ойын арқылы жаңа сөздерді қайталату. Тілдің грамматикалық құрылымын дамыту. Сөздік қорларын молайту. Танымдық қабілеттерін арттыру. Вестибулярлық аппаратты дамыту. Заттың түсін, жыл мезгілдерін ажыратуға дағдыландыру. Фонетико фонематикалық есту қабілеттерін арттыру. Дбыстарды дұрыс анық айтуға машықтандыру. Оқушыларды жеке тұлға ретінде қалыптастыруға және өзіне деген сенімділікті арттыруға тәрбиелеу. Т.Б.


Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері

Біздің топта ұл қыздар,

Тату тәтті ойнаймыз.

Айналада бар адамға

Тек мейірім сыйлаймыз.

Шеңберде тұрып, қолдарына айна беріп өздерінің қандай оқушы екенін баяндау.

  • Мен әдемімін

  • Мен сымбаттымын

  • Мен батырмын

  • Мен шашы ұзын қызбын

  • Мен нәзікпін

  • Мен мейірімдімін.



Сөйлеу ережесі.

-Сөйлеу ережесін еске түсірейікші.

Біз ақылды баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Терең-терең тыныстап,

Асықпай, анық сөйлей аламыз.


-Жарайсыңдар балалар. Осы ережені үнемі есте сақтап жүруді ұмытпаңдар.

Үй тапсырмасын пысықтау. «Алақан мен табан» ойыны

Бейнероликтен үйге берілген тапсырманы көру.




Сұрақ-жауап. Сабақты жұмбақ шешуден бастаймын.

Ш анамен зырлап желетін,

Шаңғы,коньки тебетін,

Аққала   жасап ойнайтын,

Қай  мезгіл деп ойлайсың   (қыс) (қыстың суретін ілу)

-Балалар, қандай қысқы ойындарды білесіңдер?

-Аққала жасау ойыны

-Шанамен сырғанау

-Қар атыспақ ойыны

-Шаңғы тебу

-Коньки тебу

-Шырша безендіру ойыны

-Осы ойындардың барлығын бір сөзбен не деп атаймыз? (Қысқы ойындар)

-Балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: «Қысқы ойындар»

-Бүгінгі сабақта осы қысқы ойындарды ойнаймыз.

-Ойын ойнағыларың келе ме балалар?


1 ойын.

«Аққала» ойыны : Артикуляциялық жаттығу

- Экранға қарап, аққаламен бірге артикуляциялық жаттығу жасау. (гигиеналық талаптарды сақтау, салфетка тарату. )

- Әткеншек.

- Піл тұмсығы

- Шарбақ

- Құрт сору


2 ойын.

«Шаңғы тебу» ойыны: Тыныс алу жаттығуы

-Шаңғы тепкендей кейіп танытамыз.

-1 дегенде мұрынмен тыныс аламыз, 2 дегенде тынысты ауыздан шығарамыз.


3 ойын.

«Ұлпалар» биі: Сергіту сәті.

Атрибут киіп билеу.


4 ойын.

«Шанамен сырғанау» ойыны. Жеке жұмыс.

Нүктелерді бір біріне қос және жолдағы кедергілерді санап жаз.

- Кедергілердің атын атау.

-Түсін ажырату.

-Санап жазу.

5 ойын.

« Шырша безендіру» ойыны: Саусақ қимыл жаттығуы.

-Балалар, алда қандай мереке келе жатыр?

-Ендеше балалар, жаңа жыл мерекесіне шыршамызды безендірейік.

-Оқушылар өз суреттерін алып шыршаға іледі.


Суретпен жұмыс. Тіл ширату.

-Балалар, қандай ойындар ойнадық?

-Қане, буын тізбектетіп айтайықшы.


Пақ-пақ-пақ-қар атыспақ.

Ша-ша-ша-безендірдік шырша.

На-на-на-зуылдайды шана.

Ла-ла-ла-аппақ аққала.


Қорытындылау.

- Сабақ сендерге ұнады ма?

«Тик ток» әдісі арқылы кері байланыс жасайық.

Оқушылар өз суреттерін алып ұяшыққа салады.



Бағалау.

-Балалар, бүгінгі сабаққа жақсы қатысқандарың үшін сендерге аяқ ата сыйлық беріп жіберіпті.

-Қорапшадағы сыйлықты беру.


Үйге тапсырма: Нейрогимнастикалық жаттығуларды орындау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15.01.2023
330
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі